Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат

Описание работы

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................

Работа содержит 1 файл

шагын жане орта бизнес.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

     Әлемдік дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті  дамытуды мемлекеттік қолдау саясатының басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің  экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интеллектуалды меншікті қорғаудың тиімді жүйесі; жеңілдетілген әкімшілік шаралар, салық каникулдары тағы басқалары басты нысанаға алынады.

    Салалық министрліктер мен комитеттердің  өз қызметтерін шағын кәсіпкерлікке  қатысты тиімді ұйымдастыруы арқасында  ведомстволық қолдау көрсетуге әбден  болады. Бұл шараға ірі отандық кәсіпорындар мен трансұлттық компаниялар да қатыса алады.

    Шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін несиелеудің жаңа схемаларына көшіп, инвестициялық климатты дамыту керек. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен  дамытудың қажетті инфрақұрылымдарын құру-мағынасы терең мәселе. Айталық, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының тікелей міндеттерінің бірі-осындай құрылымдар қалыптастыру болатын. Өкінішке орай, бұл Дамыту қоры халықаралық ұйымдардың қаржыларын тартумен ғана айналысуда. Бұл Дамыту қоры кәсіпкерлердің қолы жетпейтін «Қытай қорғанына» ұқсас құрылымға айналды.

    Егер  мемлекет тікелей қаржы-қаражат  бөліп, шағын кәсіпкерлікке көмектесе  алмаса, мемлекеттік тапсырысты қатыстырып, әсіресе, өндірістік саланы дамытуға сөзсіз ықпал ете алады.

    Біздің  ойымызша, Дамыту қоры өзінің тікелей  міндеттерімен бірге мынадай  мәселелерді шұғыл шешу керек:

  • жергілікті билік органдарымен қарым-қатынас орнату арқылы жылжымайтын мүліктер мен ғимараттар алу. Сол аймақтардан бизнес-орталықтарын ашып, кәсіпкерлерге нақты ақылы-кеңестер көрсету, бизнес-жоспарлар әзірлеуге жәрдемдесу және несиелер бөлу;
  • шағын кәсіпкерлер басқа қаржы институттарынан несиелер алғанда, оларға кепілдік беруді тәжірибеге енгізу және Дамыту қорынан несие алуға қажетті құжаттардың тізімін барынша ықшамдау қажет.
 

 

Сурет 4 – Шағын кәсіпкерлікті дамытудың  мемлекеттік жүйесі 

    Шетелдік  нарықтық экономиканың тәжірибелері шағын  кәсіпкерлікті дамытуды қолдауда лизингтік  және франчейзингтік қарым-қатынастардың қолайлылығын да дәлелдеді. Біздіңше, шағын кәсіпорынның ірі орталық және шетелдік компаниялардың құрал-жабдықтарын, қаржы-қаражаттарын, технологияларын пайдалану арқылы дамуы да тығырықтан шығудың бір жолы іспетті.

    Шағын кәсіпкерлікті дамытуда лизингтік несиелендіру көмегімен өндірісті қалыпқа келтіруге болатыны шетел тәжірибелерінен белгілі. Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды. Лизинг 100% несиелеуді ұсынады, кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады. Мұның барлығы шағын кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосады.

     Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуы елдегі қолайлы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси еркі қалыптасқанда  ғана мүмкін болады. Өз кезегінде ерікті қолдау мен нығайту шағын кәсіпкерліктің кең ауқымды дамуына жол ашады.

       Кәзіргі уақытта нарықтық қатынастар  жүйесінде кәсіпорындар келесідей  айрықша ерекшеліктермен сипатталады,  мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі  және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

       Сонымен кәсіпорындардың  3 түрін  бөліп көрсетуге болады: ірі, орта  және шағын, олардың кешені  бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың  тұтас ағзасын құрайды.

     Ірі кәсіпорындар-нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы.

     Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып  тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шғын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек.

     Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің  тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Кпөтеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлеме 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады.Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

     Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

     Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі  кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиалармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын жәнеорта бизнес қызметі.

     Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке  ұмтылуы, жұмыс орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады.Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.              

     Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар  әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қраыздан 10%-тен за болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті өқлдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

     Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың бала жолы бола алады, өйткені ол екі макразкономикалық проблемалармен байланыстырады-жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорынды ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы 10 жылдықты дамыған елдердегі эконмиканың дамуы тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану жіне инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу салсына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға беріледі. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әртүлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және мешікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

     АҚШ тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері ісерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шығындарының өзгруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарлайды. Бір шағын кәсіпорын жабылса,екіші біреулері ашылады.

     Кәзіргі уқытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжрибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

     Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын адвокаттық кеңес құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңес енгізгі міндеттері: 

    • мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.
    • Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б. 

     Қазақстандық  тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолдаған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету  мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар,федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті-шағын, әсіресе инновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубатролар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжрибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткенненсоң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес- -инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

     Ұлыбритания тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін  кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды  роль ойанйды. Шағын бизнес адамдарға  өзінің творчествалық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты-қаржылық жеңілдіктер, кңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардыңболуы ықпал етті.

     Кәсіпорындарды  шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бір-ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, 10 адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар- шағын, 50-499-орташа, 500- ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемелекеттің мақсаттарының бірі-шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кенінен тарады.шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықттық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Фрацуз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға аусуына, инвестицияның өсуіне шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бір қатар ұйымдар құрды. Оның ішінде- аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық еңгізуді қаржыландыратын кампаниялар және т.б.фрацияда несиелерді кепілдендіретін 50-ге жуық ұйымдар бар.80-ші жылдың басында несиелерді кепілдеудің ұлттық қоры құрылды. Қор шағын жіне орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын кампанияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әртүрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65%-зы кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұтап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.

     60 ж. бастап Израилде экономикаға  үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар  түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс  берді, бірақ 80 ж. аяғындағы  Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі  экономикалық және саяси жағдайдың  тұрақсыздануірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаға азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағынжіне орта бизнестідамытуды жолдамдатты.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары