Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат

Описание работы

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................

Работа содержит 1 файл

шагын жане орта бизнес.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

       Бұл сұрақта Қазақстандық кіші  және орта кәсіпкерліктің кәзіргі  кезегімен соңғы жылдардағы жағдайы қарастырылады.

     Дамыған индустриялды мемлекеттерде шағын  бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ-гі сыбағалы үлнесі 30%-дан  аспайды. Мәселен, 2008жылдың нәтижелері бойынша еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің ЖІӨ-гі үлесі 17% болды,ал2009 жылы бұл пайыздық қатыныс 20% шамасында болды.Бұл статистикалық мәліметтер осы сектордың ұлттық экномикадағы елеулі еместігін көрсетеді.

     Бірақ шағын бизнес субъектілерінің  елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады.Осы  саладағы олардың үлесі 90%-ға жетеді.

     Мұдай жағдайдың қалыптасуы ең алдымен  осы сектордың бәсекелестік еместік  қабілетімен байланысты.

     Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенің көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.

     Қазақстандық  экономиканың соңғы 5 жылдағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының (мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысады.

       «Сұлтан» ЖШС ауыл шаруашылық  саладағы кәсіпкерлік субъект  болып табылады.бұл жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің негізгі  (операциялық) қызметіне егін  шаруашылығы, мал шаруашылығы,  өсімдік шаруашылығы жатқызылады. Мәселен, өткен 2008жылдың қортындылары бойынша жоғарыдағы шаруашылық- экономикалық қызметтердің бағыттарындағы егін шаруашылығы 56%-ды, мал шаруашылығы 20%-ды, өсімдік шаруашылығы 17%-ды және басқа қызметтер 7%-ды алады. Шруашылық қызметтің осы бағыттары бойынша үлестеумен ең басымдысынан батап ранжирлеу өткізу көлемі бойынша жүзеге асырған. Бұл мәліметтерден көріп отырғанымыздай шаруашылық-экономикалық қызметтің бағыттарынан ең басымдысы егін шаруашылығы болып тұр. Мұндай жағдайдың қалыптасуы ең бастысы осы бағытты жүзеге асырудың басқа қызмет бағыттарын асыруға қарағадағы жоғары ретабельділік. Егін шаруашылығы қызметінің жоғары рентабельділігіне өткен жылғы бидай нарығындағы қолайлы конъектура, яғни бидай ауыл шаруашылық өніміне жоғары Қазақстан нарығындағы бағалар себепші болады.

     Көріп отырғанымыздай бұл серіктестіктің операциялық қызметі әртараптанғандығымен және нарықтың конъюктурасына тез бейімделу  қабілетімен сипатталады.Сонымен  жоғарыдағы қаржылық-экономикалық талдау «Сұлтан» серіктестігінің несиелік тартымдылығын және қаржылық жағдайы талдауға бағытталған. Әдетте бұндай талдауларды несиелік талдау немесе сараптау деп атайды. 

     «Сұлтан»  ЖШС-нің бітіру жұмысының осы  сұрағындағы қаржылық талдауды несие  алу кезінде тәжрибеде қолдануға  болады. Дағдарыстармен күйзелістерді спонданды түрде пайда болған жағдаймен статикалық процесс ретінде қарастыруға болмайды, оның өсуіндегі қателіктерге алып келуі мүмкін де, кәсіпорынның өмір сүруі екі талай болуы мүмкін. Егер қателікті даму уақытысында анықталса, онда нормалды даму курсына бағғытталған коррекциялау жасауңа болады. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің даму сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдермен дағдыларға ие болу керек.

     Дағдарыстың процесі байланыстар-қатынастар бар құрылымын бұзатын немесе оны қайтадан қалыптастыратын жалпы дамуды білдіреді.

     Кәсіпорынның  дағдарысы әдетте уақыты жағынан  шектелген болады. Ол басқарылатын немесе белгілі бір шектерде асқынуын жіберуге болмайтын немесе фирманың ішкі мен сыртқы факторларына байланысты болуы мүмкін. Күйзелістік процесстер кәсіпорынға, оның құрылымына , инновациялық әлеуметіне және т.б. байланысты түрлі созылмалығымен , интенсивтілігімен және ауырлығы түрлі дәрежедегі салдармен сипатталады.  
 

                                      ҚОРЫТЫНДЫ 

         Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін  несиелеуді дамыту мен жетілдіру мәселелеріне байланысты теориялық және зерттеулер негізінде келесідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға болады:

   1. Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін  несиелеу тәжірибесін зерттей келе бұл тәжірибелердің озық шетел тәжірибелерінен алынғандығы анықталып отыр. Қазақстан Республикасының ішкі қүрылымдық және географиялық орналасу ерекшеліктері ескеріліп, экономика салаларын несиелеу барысында әрбір салаға тиімді келетін несие түрлері коммерциялық банктермен, несиелік серіктестіктермен және баса да несиелік мекемелермен өздерінің шарттары бойынша ерекшеленіп бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субектілерін несиелеуде қолданылуда.  Осы несиелерді алу мен қайтару барысындағы жағымды және кедергі болатын факторлар анықталып ұсынылып отыр.

    2. Жалпы Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық саясатқа бағдар алуына байланысты, күнделiктi өмiрiмiзде орын алған шағын және орта бизнес секторының ел экономикасын көтерудегi басты қағидаларына тоқталып өттiм. Шағын бизнес экономикалық өсудiң басты факторы екендiгi анық, олай болса  оны неге әлемдiк  деңгейге көтермеске. Сондай ақ шағын және орта бизнес өзiнен өзi дамитын механизм емес, оған әрине мемлекет, қоғам,  әрбiр тұлға жағдай жасауға талпынулары қажет. Өйткені еліміздің жерінің өте үлкен аймақтарды алып жатуына байланысты шағын бизнесті дамыту мүмкіндігі мен қажеттігі ешкімнің қарсылығын туғызбауы керек. Еліміз аграрлық мемлекет болғандықтан шағын және орта бизнесті ұйымдастыруды және несиелеуді ауылдардан бастау және қолдау керек екендігі зерттеу барысында атап айтылды.

    3. Шағын бизнестiң дамуының бiрден бiр көзi болып банктiк несие табылса, сол несиеге қалайша қол жеткiзуге болатындығы, оны тиiмдi пайдаланып, дер уақытында банкке қайтару мәселелерi жұмыста зерттеліп қарастырылды. Тәжiрибе жүзiнде шағын бизнес субъектiлерiнiң банктiк ресурстарға мұқтаж болуы бүгiнгi күннiң көкейтестi мәселелерiнiң бiрi екендiгi аталып, шағын бизнестi несиелеуге құштарлық танытпай отырған банктердi қалайша ынталандыруға болатыны жайында пікірлер айтылды. Сонымен бірге, нақты жоба бойынша, банктiк несиеге арыз берген заңды тұлға жобасының үлгiсi бойынша несие мақсаты, несие мерзiмi, несие қайтарымдылығы, несиенi қамтамасыз ететiн кепiл мүлкiн  бағалау негiздерiмен қатар, бұл құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес рәсiмделуi, қарызды беру, қайтару механизмдерi зерттелді.

     4. Қазақстанда кеңiнен орын алып келе жатқан шағын бизнестi шетелдiк банктердiң көмегiмен банктер және әртүрлі шағын және орта бизнесті дамыту қорлары арқылы, мысалы Еуропалық Даму және Қайта Құру банкiнiң бастамасымен,  Қазақстан Республикасында шетел инвесторларының шағын бизнестi көтеру бағдарламасына, оның тәртiбiне  тоқталып олардың қызметіндегі тәжірибелік материалдар талданылды.

     5. Банктердiң шағын кәсіпкерлік субъектілерге несие ұсынуының тиiмдiлiгiн арттыру негiзiнде ынталылығын көтермелеу үшiн,  несиелердiң қайтарылмау ықтималдығын, олардың жоғары тәуекелге баруын төмендету шараларын үнемі жасап отырған жөн. Ол Қаржыгерлер Ассоциациясы, коммерциялық банктер, қаржылық қолдау қорлары және мемлекет тарапынан іске асырылуы тиіс. Қарыз алушының – шағын бизнестiң тұрақты жұмыс жасауымен қатар өз бизнесiн жандандыру мақсатында несие алуы, және оны уақытында қайтару процестерi ғылыми-тәжірибелік дәрежеде зерттелiнуі қажет. Осы секторды көтермелеу арқылы өндiрiстi жандандыру, оның iшiнде Қазақстан экономикасының сыртқы тәуекелдiлiгiн қысқарту мен отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мәселелері осы зерттеу жұмысының басымды бағыты болып табылды.

      6. Алдағы жоспарланған Қазақстан экономикасының модернизациясы кәсіпкерлік саласында өзара байланысты мәселелерді шешуді көздейді. Сонымен, мемлекет салық режимін «тек өнеркәсіптік саясаттың көп аспаптарының бірі ретінде қолдануы» қажет. Бәсекелестікті дамыту мәселесі кәсіпкерлікті дамытуда басты мақсат болуы қажет. Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен ынтымақтастығына ықпал ететін әкімшілік және нормативті алғышарттарды құру қажет. Ол келешекте ірі кәсіпорындардың кіші бизнестің «тапсырушысы және локомотиві» қызметін атқаруға мүмкіндік тудырады. Мемлекеттің қатысуымен жеке копорацияларды құру және соның негізінде ірі аймақтық холдингтерді құру аймақты даму мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігін тудырады. Олардың әрекетіндегі негізгі бағыттар «аймақтағы тауарға және шағын және орта кәсіпорындардың қызметтеріне қатысты сұранысты, кірісті және ұзақ мерзімді негізде құру» болып саналады. Ұтымсыз кәсіпорындарды қайта құру және қалпына келтіру әлеуметтік – кәсіпорындық корпорацияларды құруға бағытталуы қажет. Бұл корпорациялар өз кезегінде «нарыққа қажетті өнеркәсіп пен жаңа технологияларды» дамытуға ықпалын тигізуі қажет. Мемлекет экономиканың түрлі саласына кәсіпкерліктер мен капиталдардың қатысуларының бәсекелестік негіздерін  құруға бағытталған кәсіпкерлік мәдениеттің дамуына ықпалын тигізуі қажет. Осы аталған мәселелер зерттеу барысында нақтыланды.

     7. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуына салық заңнамасының жетілдірілмеуімен, түрлі заңдық актілерде құқықтық нормалардың шашыраңқы орналасуымен, инфрақұрлымның, бизнеске қолдау көрсетудің жетілдірілмеуінен, бизнес ақпаратқа қол жетудің әлсіз болуымен, кәсіпорынды қолдау жөнінде мемлекеттік шараларды жүйелік түрде жүзеге асырумен және т.б. байланысты бірқатар проблемалар кедергі тудырады. Аталған проблемаларды тиімді шешу мақсатында бірқатар кұрлымдық шараларды қолдану қажет. Біріншіден, заңнаманың анықтығын қамтамасыз ету қажет. Қазіргі кезде қолданыстағы жүрген түрлі заңдық актілер басқа салалық заңда берілген қандай да болмасын прогрессивті идеяны жойып жіберуі мүмкін. Екіншіден, жеке кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу көлемдері ұлғайтылуы қажет. Үшіншіден, шағын бизнес кәсіпорындарына салынатын салық мөлшерін, экономикадағы көлеңкелі бизнес көлемін және әкімшілік тарапынан болтын тексерістерді азайту керек. Аталған мәселелер зерттеуде орын тапты.

      8. Қазіргі кездегі әлемдік қаржы дағдарыстарына байланысты несиелік ресурсқа деген сұраныс артып отыр. Бұл шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан болып отырған қаржылық сұранысты банктердің қанағаттандыруы мүмкін емес. Өйткені, Қазақстан банктерін несие қаражаттарымен қамтамасыз етіп отырған ірі шет ел АҚШ, Ағылшын, Германия және тағы басқа мелекеттер банктері  бүгінгі күні қаржылық тоқырауға ұшырап отыр. Сондықтан, үкімет тарапынан коммерциялық банктерге қаржылық көмектер көрсетілмесе көптеген шағын және орта бизнес субъектілері өз қызметтерін тоқтатуы мүмкін. Ол қаржылық көмек көлемі бірнеше жүздеген миллиард тегеге тең келеді. Әлемдік қаржылық дағдарыстың несиелеу барысындағы ең басты кедергіге айналғандығы зерттеуде негізгі фактор ретінде бірінші орынға шыққандығы аталынды. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстардың отандық екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде несиелік саясатты жүзеге асыру барысында ескерілуі өз кезегінде шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
 

  1. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері // ҚазЭУ хабаршысы № 2 /2007 ж. 165-169 бет, 0,4 б.т.
  2. Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару //Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана  № 1/2008 ж. 16-21 бет, 0,7 б.т.
  3.   Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік несие желісі есебінен қаржыландыру //ҚазЭУ хабаршысы № 2/  2008 ж. 146-150 бет, 0,4 б.т.
  4. А. Н. Токсанова. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход. Алматы, 2005 г.
  5. Феномен предпринимательсва в преходных общестах:состояния, проблемы, перспективы. \\ сборник научных работ. Алматы, 2007 г.
  6. Николас К. Сирополис управление малым бизнесом. Москва,  2005 г.
  7. Аль – пари. Август – октябрь, 2009 г.
  8. Статистический сборник Казахстана за 2008 и 2009 г.\\  оперативная информация.
  9. Аль – пари № 2, 2007 г.
  10. Малый бизнес: правовые и экономические аспекты. г. Астана
  11. Винс Р. Математика управления капиталом. Методы анализа риска для трейдеров и портфельных менеджеров. Пер. с англ. – М.: Альпина, 2000. стр 146-155;
  12. Лян Е. Е., «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества» // Analytic 3/2003. Материалы конференции.

    13.Молчанов И.Н., Герасимова И.А. Компьютерный практикум по начальному курсу эконометрики (реализация на Eviews): Практикум / Ростовский государственный экономический университет. – Ростов-н/Д.,-2001.

    14. Кремер Н.Ш., Путков Б.А. Эконометрика: Учебник для вузов / Под.ред.проф. Н.Ш.Кремера.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – с.284.

    15. http://www.google.kz

    16. http://www.yandex.сom 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                                                Қосымша 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары