Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат

Описание работы

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................

Работа содержит 1 файл

шагын жане орта бизнес.doc

— 1.17 Мб (Скачать)
  • айналым қаражаттарын толықтыру – 63,5 %;
  • құрал-жабдықтарды ауыстыру және жөндеу – 42,9 %;
  • ғимараттарды салу және жөндеу – 25,4 %;
  • жалақыны өтеу – 3,2 %;
  • жал және коммуналдық қызметтердi өтеу – 2,1 %.

    Банктер алдында тұрған бiрден-бiр мәселе несиелiк саясатын түзету ғана емес, сонымен қатар несиелеу процесiн  ұйымдастыру мәселесiн де шешуi керек  сияқты. Көбiнесе отандық коммерциялық банктердiң шағын бизнестi несиелеуде – мынадай тәжiрибесiн, яғни жобалық қаржыландыру мен активтермен несиелеуiн айта кеткен жөн. Нәтижесiнде қамтамасыз етiлген несие-табысты бизнеске, жақсы қаржылық көрсеткiштерi бар белгiлi бiр қарыз алушы типiне несие берiледi. Бұл шын мәнiнде өте қатаң талап, көптеген қарыз алушылардың мұндай талапты несие түрiне қол жеткiзуi мүмкiн емес. Осыған қарамастан банк несиелерiнiң 70% стандартты деп алынса, ал қалған 30% күмәндi және үмiтсiз несиелер қатарына жатқызылады.

    Осы ретте шағын және орта  бизнес үшiн қаржы көзi болып екінші деңгейдегi коммерциялық банктер мен қорлар табылса, шағын және орта  бизнестi жандандыру үшiн берiлетiн несие әдiстерiн жетiлдiрiп қана қоймай, сол шағын бизнес субъектiлерiне қарыз қаражаттарды алу мен табу көздерiн iздестiрудi де ойлау қажет. Бүгiнгi күнi Қазақстан шағын және орта  бизнестi несиелеу бағытындағы өзiнiң азғана жиған тәжiрибесi бойынша шағын бизнес субъектiлерiмен банктерден алынған қаржы-қаражаттарын тиiмдi пайдалана алмай отырғаны белгiлi. Ал, халықтан әр түрлi қаражат тарту (жергiлiктi деңгейде) өзiнiң корпоративтi бағалы қағаздарын шығару, басқа да iрi компаниялар субъектiлерiмен бiрiккен консорциумдар құру, мүмкiн шағын бизнестi басқарудың жетiлуiне, акционерлiк ұжымдық шешiм түрiнде орта бизнес кәсiпорындарына айналуына жол ашылатын едi. Бiрақ, бұл жағдайда кәсiпорынның өзіндік  тәжiрибесi мен меншiктi бағалы қағаздары жоқ болғандықтан тағы да қиындыққа кездеседі.

    Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке  қаржылық көмек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%).  Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан – 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр, яғни несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.

    Сонымен қатар, банктік нормативтер де шағын  бизнесті қаржыландыруға олардың ынтасы төмен. Қазіргі кезде аймақтарда: ұсақ сауда орнын, тамақтандыру саласы сияқты өте қарапайым жобалар ғана ұсынылады.

    Елде  отандық шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі инновацияны  енгізумен, өнім экспортымен байланысты, ШОБ субъектілері жеңілдетілген  несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды.

    Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті несиелеудің  және қаржыландырудың мынадай жүйесін  құруды ұсынуға болады:

  1. Ең басты міндет – ол шағын және орта кәсіпорындарын несиелеу мен қаржыландыру көлемін ұлғайту;
  2. Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша нақты шараларды қолға алу;
  3. Шағын  бизнес субьектілерінің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары шағын және орта бизнес кәсіпорындары алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру;
  4. Банк қызметін қайта құру керек. Мемлекеттің шағын және орта бизнесті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін қалыптастыру;
  5. Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет.

    Аталған мақсаттарды орындау үшін шағын  кәсіпорындарға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде   бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен қатар, соманың қайтарымдылығына кепіл беретін сақтандыру қорының жүйесі болуы шарт.

       Шағын және орта бизнесті несиелеуді  қолдауда кешендік көзқарастың  қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың  кепілі бола алады. 

    Мемлекеттік қолдау мен реттеуді бір ізді әлеуметтік әділеттік принципі орнығуы тиіс. Шағын және орта бизнесті несиелеуді өзінің дамуына байланысты  алғышарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж.

    Олар:

  • тұтынушылық тауарлар мен қызметтер ассортиментін көбейту және өндіріс көлемін ұлғайту;
  • халыққа қажет тауарлар мен қызметтердің өндірісін шұғыл ұйымдастыру;
  • экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін (аз сериялы, бөлшек) қолға алып, өнім шығару және осының есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру;
  • қосымша әрі көмекші өндірісті жандандыру;
  • нарық сұранысына ыңғайлы және шұғыл жұмыс істейтін өнім түрлерін шығару арқылы қоғамдық өндірістің көлемін ұлғайтып, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ету;
  • жаппай жұмыссыздықты ауыздықтауға көмектесу;
  • экономикадағы бәсекелестікті дамыту тағы басқалар жатады.

    Қазақстанның  танымал экономист-ғалымдары шағын  кәсіпкерліктің мәселелерін терең  қарастырғанда, оның өтпелі экономикадағы  маңызын белгілеп берді.

    Сонымен қатар, біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлікті Қазақстанда дамытудың бірден-бір жолы – бұл сала аралық шағын кәсіпорындар құру, аймақтық салалық құрылымды жетілдіруде шағын кәсіпкерліктің рөлін көтеру арқылы олардың арасындағы сапалы біркелкі үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерін қалыптастыру, нарықтық экономикасы тұсында көп деңгейлі шағын кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету шараларын дайындау жатады.

    Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, фермерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.

    Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда  экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.

    Импорт  алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған алаңдарында шағын бизнес кәсіпорындарын орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөнінде  ұсыныстар кәсіпорын бағдарламаларына енгізілуі тиіс.

  1. Шағын кәсіпкерліктің сыртқы ортасының факторларын басқару дегеніміз – шағын кәсіпорынның қызметіне аса қажетті  сыртқы ортаның жаңа элементтерін (мысалы, ірі және кіші бизнес арасындағы кооперациялық байланыстар жүйесі) құрып, бүгінгі күнге дейін қалыптасқан факторларының озығын жетілдіру және келеңсіздеріне тосқауыл қою.
  2. Жекелеген шағын кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсету – арнайы инфрақұрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
    • қаржылық институттар (шағын кәсіпкерлікті қолдау қорлары, арнайы банктер, қаржы сақтандыру қорлары);
    • лизинг компаниялары;
    • бизнес-инкубаторлар, технопарктер, кластерлер, өнеркәсіп компаниялары және тағы басқалары;
    • шағын кәсіпкерлікті дамытудың агенттіктері мен орталықтары;
    • технологияларды тарату орталықтары;
    • ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері;
    • оқу орталықтары;
    • бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, маркетингтік, көлік және басқа да қызметтер көрсету жөніндегі арнайы фирмалар, мамандар таңдауға жәрдемдесетін агенттіктер.

    3.  Қолдау жүйесінің ұйымдастырылуы  мен жетілдірілуі-қолдау көрсетудің  нақты стратегиялық бағыттарын  анықтаумен тығыз байланысты. Қолдау жүйесін ұйымдастыруда мемлекеттік бақылау құрылымдары мен олардың қызметіне бақылау жасаудың тәртібін белгілеп алудың маңызы ерекше. Жүйенің басым бағыттарын ырғақты дамыту арқылы кең қанатты интеграциялық өркендеуге қол жеткізуге әбден болады.

    Шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің  жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында да тығыз байланыс бар. Республикалық  деңгейдегі шағын кәсіпкерлікті  қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік  және әдістемелік көмек көрсетіп қоймай, аймақтық, және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.

    Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту шараларын  жетілдіру үшін:

  • салықтық есеп қағидалары мен төлеу процедуралары, салық салу базасын, салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістерді жылына бір реттен жиі емес мемлекеттік бюджетті қабылдауға байланысты енгізуді шектеу және оны күнтізбелік жыл басына енгізу;
  • қаржы операцияларын қолма-қолсыз есеп айырысу жөніндегі барлық қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;
  • несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;
  • шағын кәсіпкерлікті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.

     Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі  мақсаты- олардың әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету. Біздің пікірімізше, мемлекеттік қолдаудың бағыттары бойынша бірнеше нақты шараларды іске асыру қажет.

    Бірінші шара – шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғайтын салық реформасын жасау  керек, атап айтқанда, біріншіден, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан  таза фискальдық көзқарасты өзгерту; екіншіден, тиімді инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін енгізу.

    Кәсіпкерлерді мемлекет қылмыстық құрылымдардан  қорғауы тиіс. Сонымен қатар, кәсіпкерлер  өздерінің қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік, аймақтық, жергілікті деңгейлерде құрып, өз-өздерін кәсіби жүйе арқылы қорғай алса құба-құп. Құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты жан-жақты қолдап-қорғаған жөн.

    Шағын кәсіпкерлікті құқықтық қолдауда қолданыстағы заң құжаттары талаптарының сөзсіз орындалуын және олардың мазмұнының ведомстволық ережелермен бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет.

     Кәсіпкерлердің  тауар өткізу нарығын кеңейту  үшін мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға оларды тікелей қатыстыру керек. Мемлекет мұқтаж өнімдерді  шығаруға шағын кәсіпкерлік нысандары үшін міндетті түрдегі кіші квота енгізу – тауар өткізу нарығындағы шағын кәсіпорындардың тұрақтылығын нығайта түседі. Сондай-ақ ойға қонымды протекционизм мен импортқа квота енгізу де шағын фирмалардың «тынысын кеңейте түспек».

     Екінші  шара-шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін арнайы қаржылық қорларды құру. Бұл қорлардың шағын кәсіпорындардың қаржылық қауқары мен «ірге тасына» қарай, тіпті, несие алуға кепілдік бере алатындығы мақұл.

     Үшінші  шара-монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекелестік орнату, тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін жасау.

     Расында, шағын кәсіпкерлікті экономиканың мықты буынына айналдыру үшін оның қуатты инфрақұрылымдары ауадай қажет.

    Шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың ең соңғы – үшінші Мемлекеттік бағдарламасына байланысты пікірімізді мейлінше жұмсақтап жеткізе отырып, еліміздің белгілі ғалымдарының ой-пікірлері негізінде әзірленген шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін ұсынып көрейік .

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары