Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат

Описание работы

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................

Работа содержит 1 файл

шагын жане орта бизнес.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

Сауданы қаржыландыру

Есеп-айырысулардың  құжаттамалық нысаны арқылы Сауда мәмілелері бойынша төлемдер жүргізу

  • — Импорттық  аккредитивтер 
  • — Экспорттық аккредитивтер
  • — Импорттық кепілдіктер
  • — Экспорттық кепілдіктер
  • — Импорттық және экспорттық инкассо
  • — Форфейтинг
  • — Қаржы аясындағы факторинг

Сауда мәмілелерін құрылымдау, шетелдік банктердің қаржыландыруын іздестіру

  • — «Сақадай сай» операциясын қаржыландыру құрылымы ;
  • — Импорт алды қаржыландыру ;
  • — Кейінгі импортты қаржыландыру;
  • — Экспорт алды қаржыландыру;
  • — Қайта құрылымдауды қажет ететін ағымдық операциялар ;
  • — Мерзімі ұзартылған төлемді дисконттау;
  • — Қызмет пен тауарларды жеткізу
  • — Қызмет көрсетудің немесе тауарды жеткізудің келісім-шарттарын, ақы төлеу шарттарын, монтажды басқару (шефмонтаж) жұмыстарын және жабдықтарды немесе өндірілетін қызметтерді тестілеуді, пайдалануға беруді, операцияның қаржы есебінің шарттарын құрылымдау;
  • — Қажет болған жағдайда өткізу нарығын іздестіру немесе сатып алу ;
  • — Ұсынылған өзара шарттар жөнінде келісімге келу үшін бизнес бойынша серіктестермен және/немесе банктермен келіссөздер жүргізу;
  • — Жобаларды бірінші класты банктердің, сондай-ақ Ресей мен ТМД банктерінің кепілдігімен қаржыландыру;
  • — Қаржы құралын әзірлеу және оны мәміле бойынша барлық серіктестермен келісу;
  • — Жедел атқару – өтініш берген сәттен бастап шарт әзір болғанша – 1 күннен 14 күнге дейін (транзакцияның күрделілігіне байланысты)

Консалтинг

  • — Кездесулер ұйымдастыру және алдын ала келіссөздер  жүргізу: жалпы және/немесе нақты  транзакция бойынша кеңес беру
  • — Шартты және шарт алды шарттарды сараптау;
  • — Транзакциялар жүргізу бойынша кепілдемелер;
  • — Сауда және қаржы құралдарын анықтау, құралдарды құрамдастыру;
  • — Қаржыландырудың анағұрлым тартымды сызбаларын анықтау;
  • — Салықты оңтайландыру;
  • — Валютаны бақылау бойынша кепілдемелер.

Вексель операциялары

Вексель – бұл онда көрсетілген соманың белгілі бір тұлғаның (бенефициардың) пайдасына төленетініне кепілдік беретін төлем құжаты.

Операциялық Овердрафт

Операциялық Овердрафт – төлем құжаттарын шоттағы қалдық ақшадан бөлек, ағымдағы шоттан белгіленген лимит аясында төлеу арқылы клиенттің айналым қаражатының уақытша жеткіліксіздігінің орнын толтыруға ұсынылады.

Тағайындау

Операциялық овердрафт мақсатты тағайындау бойынша  –қаржы-шаруашылық қызмет барысында  төмендегілерге байланысты шығатын  ағымдағы төлем алшақтықтарын қаржыландыру үшін Қарызгердің айналым қаражатын толықтыруға пайдаланылуы тиіс:

  • сатып алынған тауар-материалдық құндылықтары мен қызметтердің ақысын төлеуге ;
  • — қарызгердің ағымдағы салық және басқа да міндетті төлемдерін аударуға;
  • — төлемдерді Қарызгердің операциялық және басқа шығыстары бойынша жүргізуге;
  • — қарызгер ұсынатын аккредитивтер төлеміне;
  • — Қарызгер қызметкерлерінің зейнетақы аударымдарын және жәрдемақысын төлеуге

Оны берудің шарттары:

  • — Овердрафт  бойынша лимит 12 ай мерзімге дейін белгіленеді;
  • — Овердрафт траншының мерзімі 30 күн;
  • — Овердрафт лимиті таза орташа айлық несие айналымы сомасының 40%-ына дейін
  • — Несие валютасы -теңге

Операциялық овердрафтың артықшылықтары

  • — Овердрафты шотты тікелей дебеттеу жолымен (минустық қалдық) ұсыну. 
    Клиенттің қосымша құжаттарға қол қоймай, Банкке төлем тапсырмасын ұсынуы арқылы Овердрафты пайдалану мүмкіндігі.
  • — Овердрафт лимитін белгілегенде қолма-қол есеп берілуі мүмкін, бұл сауда кәсіпорындарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

Факторинг

Факторинг – бұл қаржы  агентінің клиенттен  борышқорға ақшалай  талабын сатып  алуы.

Банк  факторингтің мынадай  түрлерін ұсынады:

  • — Шегінуге (регресс) құқығы жоқ ашық факторинг  – тауарды жеткізушіден (қызмет, жұмыс) дебиторлық берешекті дисконтымен  сатып алу.
  • — Шегінуге (регресс) құқылы ашық факторинг – тауарды жеткізушілерді дебиторлық берешек шегінімімен қаржыландыру (қызмет, жұмыс), бұл жағдайда дебитор борышын факторинг келісім-шартында көрсетілген мерзімінде төлемеген жағдайда банк ақша қаражатын жеткізушіден кері қарай талап етуге құқылы.
  • — Сатып алушы үшін артықшылықтар:
  • — Жеткізушінің ресурстарын тауар несиесін алу ретінде пайдалану
  • — Сатып алу бойынша өте тиімді шарттарды алу (бағасына, сапасына, төлем уақытына, ілеспе қызметіне)
  • — Оң бизнес мәртебесін нығайту
  • — Cеріктестік қарым-қатынастарды нығайту

Жеткізуші үшін артықшылықтар:

  • — Дебитордың жеткізілім төлемдерін уақытынан кеш  немесе толық төлемеуіне қатысты  ысыраптан сақтау
  • — Клиентті жоғалтқан жағдайда алынбай қалған пайданы сақтау. Факторинг жеткізушінің бәсекелік төлем мерзімін ұсынуы бойынша шектеулерін алып тастайтын айналым қаражатының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді,
  • — Дебиторлық берешек өтімділігін көтеру
  • — Кассалық алшақтықтарды жою

Қалай алуға болады

Сонымен сіздің компанияңыз қаржыландыруға мұқтаж делік. Инвестициялық идея нақты есептермен, цифрлармен, көрсеткіштермен, аналитикалық материалдармен және бақылаулармен толыға келе соңында бизнес-жоспарға айналады. Өз бизнесіңізді, оның оның проблемалары мен перспективаларын зерттей келе сіз банк несиесін алу жөнінде нақты шешім қабылдадыңыз.  
 
Егер сіз бұрын несиелендіру бойынша банкке келмеген болсаңыз, шешім қабылдаған соң:

Неден бастау керек

деген сұрақ туындайды.

Ең алдымен  телефон арқылы «БТА Банкі» АҚ несие  қызметкерлерімен байланысыңыз. Сізге кәсіби қарым-қызмет көрсетілетініне және Сізді түсіністікпен қабылдайтынына сенімді болыңыз. Несие қызметкерімен ауызша әңгіме барысында жобаңыздың мазмұнын айтып беріңіз, қаржыландыруда қажетті соманы айтыңыз және жеке кездесу жөнінде келіңіз.

Құжаттар

Несиені алу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:

Есеп  айырысу шоты бар  қарызгер үшін

  1. Құрылтайшылық құжаттардың көшірмелері:
    • — Жарғы
    • — Құрылтайшылық шарт
    • — Салық төлеушінің куәлігі
    • — Статистикалық карточка
    • — Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі
    • — Қолтаңба үлгілері мен мөртаңба бедерлемесі бар карточка
  2. Қаржы құжаттарының түпнұсқалары:
    • — Есеп-қисап берілген үш күнге арналған аудиттелген баланс
    • — Бюджетке берешегінің жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы
    • — Несие берешегінің болуы немесе болмауы туралы қызмет көрсететін банктің анықтамасы
    • — Шот бойынша айналым туралы қызмет көрсететін банктің анықтамасы
  3. Қарызгердің анкетасы
  4. Бизнес-жоспар (ТЭН)
  5. Шарттың түпнұсқасы (несиенің мақсаты)
  6. Құрылтайшының шешімінің түпнұсқасы немесе құрылтайшылардың жалпы жиналысының несие алу туралы хаттамасы және кепілзатпен қамтамасыз ету
  7. Несие алу туралы Басқарма Төрағасының атына жазылған өтініштің түпнұсқасы
  8. Кепілге салынатын затқа құқық беретін белгіленген құжаттардың түпнұсқасы
  9. Кепілге салынатын затқа құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасы

Есеп  айырысу шоты жоқ  қарызгерлер үшін:

  1. Құрылтайшылық құжаттардың түпнұсқасы:
    • — Жарғы
    • — Құрылтайшылық шарт
    • — Салық төлеушінің куәлігі
    • — Статистикалық карточка
    • — Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі
    • — Қолтаңба үлгілері мен мөртаңба бедерлемесі бар карточка
  2. Шот ашу жөніндегі өтініш.
  3. Қаржы құжаттарының түпнұсқасы:
    • — Есеп-қисап берілген үш күнге арналған аудиттелген баланс
    • — Бюджетке берешегінің жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы
    • — Несие берешегінің болуы немесе болмауы туралы қызмет көрсететін банктің анықтамасы
    • — Шот бойынша айналым туралы қызмет көрсететін банктің анықтамасы
  4. Қарызгер сауалдамасы
  5. Бизнес-жоспар (ТЭН)
  6. Шарттың түпнұсқасы (несиенің мақсаты)
  7. Құрылтайшы шешімінің түпнұсқасы немесе құрылтайшылардың жалпы жиналысының несие алу және кепілзатпен қамтамасыз ету туралы хаттамасы
  8. Несие алу туралы Басқарма Төрағасының атына жазылған өтініштің түпнұсқасы
  9. Кепілзатқа құқықтық  иелігін анықтайтын құжаттар түпнұсқасы

Қарызгерді банктің клиенттік базасына енгізу үшін құрылтайшылар, бас жетекші, бас бухгалтер туралы төмендегі мәліметтер қажет:

  1. Тегі, аты, әкесінің аты
  2. Туған күні
  3. Тіркелген мекен-жайы
  4. Тұрғылықты жері
  5. Жеке куәлігінің нөмірі, берілген күні, құжатты берген мекеме
  6. СТН

ХҚИ-ның  қаржысы есебінен қаржыландыру

 

«БТА  Банкі» АҚ инвестиция саясатын жүргізуде. Оны жүзеге асыру мақсатында банк қаржы операторы ретінде әрекет етеді және шағын және орта бизнес кәсіпорындарын халықаралық қаржы  институттарының желісі аясында жеңілдікті шарттармен қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.

Asian Development Bank – Азия Даму Банкі 
Азия Даму Банкінің Бағдарлама Қарызының II траншындағы қаржы есебінен

Overseas Private Investment Corporation (OPIC) 
ШОБ субъектілерін OPIC бағдарламасы бойынша несиелендіру

Шағын және орта кәсіпті Еуропа жаңғыру және даму банкінің (ЕЖДБ) бағдарламасы бойынша несиелендіру

Islamic Development Bank – Ислам Даму Банкі 
Ислам Даму Банкінің қаржысы есебінен

KfW (Kreditanstalt fur Wiederaufbau) 
KfW несие желісі аясында(Kreditanstalt fur Wiederaufbau)

DEG (Deutsche Investitions und Entwicklungsgesselschaft MBH)  
ШОБ субъектілерін бірлескен желі аясында несиелендіру

Қаржыландырудың шарттары:

  • — Несие  валютасы – мемлекеттің валютасы, АҚШ доллары немесе Еуропа елдеріндегі еуро.
  • — Несие мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін.
  • — Орнын толтыру 85%-ға дейін
  • — Сақтандыру төлемі несие сомасының 0-ден бастап 12%-на дейін, мұндай жағдайда сақтандыру мекемесі мемлекет тәуекелдігі мен несие мерзімін ескереді.
  • — Менеджмент үшін комиссия несиенің жалпы сомасынан 0.25 - 0.65% .
  • — Міндеттеме үшін комиссия несиенің таңдалмаған сомасынан 0.25 - 0.75%.
 

Электронды  төлемдер жүйесі

  • БТА Online

Банк-Клиент "БТА Коннект"  
БТА Коннект немесе «Клиенттің жұмыс орны» АЖО банк клиенттерінің кәсіпорындарындағы кеңселерге қондыруға арналған және ол банктен тез арада ақпарат алуға, соның ішінде шоттардың ағымдағы жай-күйі туралы, банк орындаған шоттар бойынша бухгалтерлік жазбалар негізінде құжаттар және басқалар туралы қаржы ақпаратын алуға, банкке авторландырылған ақпарат – хабарламалар мен құжаттар (төлем тапсырмасы және т.б.) әзірлеуге және беруге, АЖО-да әзірленген құжаттардың шаблондарына сәйкес басып шығаруға және т.б. мүмкіндік береді.

"БТА  Online" жүйесі 
" БТА Online" – бұл клиенттердің – заңды тұлғалардың есеп айырысу шотын Интернет ғалами желісі арқылы қашықтықтан басқару жүйесі.

Алматы: BiPrint  
BiPrint жүйесі Сіздің банктегі төлемдеріңізді өңдеуді айтарлықтай жеделдетуге арналған. Арнайы штрих-код басылған төлем тапсырмалары Сіздің төлемдеріңізді өңдеуді және қабылдау жылдамдығын бірнеше есеге арттырады.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары