Ипотекалық несиенің экономикалық мәні мен қажеттілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 18:53, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты тұрғын үй нарығындағы субъектілер мен объектілердің қызмет етуіндегі қиыншылықтар, кемшіліктердің анықталуы негізінде тұрғын үй нарығын әрі қарай жетілдіре отырып, дамытудың экономикалық механизмін әзірлеу. Қойылған мақсаттарға байланысты мына міндеттерді зерттеу қарастырылған:
– ипотекалық несиелеудің екі деңгейлі жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;
– ипотекалық несиелеудің шетелдік тәжірибесін зерттеу;
– Қазақстан Респібликасындағы ипотекалық нарық қызметіне талдау;
– ЕДБ-р мен ҚИК-ң ипотекалық несиелеу жағдайын бағалау;
– екі деңгейлі ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіру жолдары мен өзекті мәселелерін анықтау.

Работа содержит 1 файл

Дипломный.docx

— 418.50 Кб (Скачать)

 

 

2.2 «Қазақстан тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ипотекалық нарықтағы қызмет ерекшеліктерін бағалау.

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақша жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайларын жақсарту шараларына несие бөлудің сапалы жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ТМД  аумағында  орта және ортадан төмен  кірісті тұрғындарға арналған осы  жүйенің қағидалары мен талаптарын  іске асыруды бастаған алғашқы мемлекет.

Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс  жинақ ақша жүйесі Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс  жинақ ақша туралы» Заңының енгізілуімен басталды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ  жүйесі – тұрғын үй құрылыс жинағына салымшылар ақшасын тарту мен  оларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үй заемдарын беруге негізделген  тұйық қаржыландыру жүйесі.

( 11- сурет)

 

 

10 сурет - Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі

Ескерту: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мәліметтері негізінде құрастырылған

Тұрғын үй заемдары тұрғын үй жағдайын жақсартуға қажет соманың 50%-ын жинаған, бағалау көрсеткішінің  ең төменгі мәніне қол жетізген кезде  беріледі.

 

Кесте 12 - Тұрғын үй заемдары

 

Тұрғын үй заемдары -

             Шарты

Тұрғын үй заемдары сипаттамасы

Тұрғын үй заемының

                Көлемі

Шарттық сома мен жинақталған  тұрғын үй құрылыс жинағының арасындағы айырмашылық көлемінде. Ең төменгі  сома – шектеусіз. Ең жоғарғы жиынтық  сома – 1 заемшыға 100 млн. теңге.

Тұрғын үй заемының мерзімі

Таңдалған тарифтік бағдарламаға қарай 25 жылға дейін.

Тұрғын үй заемы бойынша  сыйақы мөлшерлемесі

Таңдалған тарифтік бағдарламаға қарай жылына 3,5-5%, жылдық тиімді мөлшерлеме – 3,6%-дан 5,3%-ға дейін.

Шарттың бүкіл қолданылу  мерзіміне тіркелген.

Заем бойынша қамтамасыз

Ету

Сатып алынатын жылжымайтын  мүлік.

Заемшы немесе заттай кепілгер меншігіндегі жылжымайтын мүлік.

Өзінің және 3-ші тұлғаның жиналған тұрғын үй құрылыс жинағы.

Заем валютасы

Теңге.

Заемды өтеу

Ай сайын – аннуитет немесе негізгі борышты тең үлестермен және азаятын қалдықтың сыйақысын  төлеу.

Ескерту: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мәліметтері негізінде құрастырылған


 

Тұрғын үй құрылыс жинақ  жүйесінің төмендегідей ерекшеліктері бар

- салымшы мен заемшы – бір тұлға;

- қызмет ету негізі – «өзара көмек кассасы» ұстанымы;

- жүйенің тұйық болуына орай нарықтық тұрақсыздыққа тәуелді болмауы;

-төмен, өзгермейтін пайыздық мөлшерлемелер (тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің көлемі тұрғын үй құрылыс жинағына салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылына 3%-дан аспайды);

- жинақты мемлекет сыйлықақысымен ынталандыру.

Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландырудың тиімділігін  жетілдіру, көтеру және ипотекалық кредиттеу  жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы № 364 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» қаулысы негізінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды. Банк Құрылтайшысы және Акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс  жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылыс  жинақ ақша жүйесінің германдық  үлгісін және әлемнің көптеген елдерінің  жинаған тәжірибесін пайдаланды. Чехия, Словакия, Венгрия, Франция, Люксембург секілді елдер осы жүйені табысты  жетілдірді және бұл өнім тұрғын үй жағдайларын жақсарту шараларын  қаржыландырудың үлкен әлеуетті мүмкіндік екенін дәлелдеді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақша жүйесі тұрғын үй жағдайларын  жақсарту, тұрғын үйді сатып алу  және ауыстыру үшін, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысын, жөндеу және жаңартуларды қоса алғанда, заем алу мақсатында жеке жинақ ақшасын жинақтауға негізделген, тұрғын үйді қаржыландырудың қолайлы  механизмін ұсынады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақша жүйесін қалыптастыру Қазақстан  Республикасы үшін тұрғын үй саясатын жүргізудің бірден бір құралы болып  табылады. Ол нарықтағы тұрғын үйлерді  сатып алу, меншігіндегі тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй жағдайларын жақсарту сияқты халықтың неғұрлым экономикалық белсенді бөлігіне бағытталған шараларды  жүзеге асырады.

 

Кесте 13 - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на  «Бастау» тарифтік бағдарламасы

 

№ р/с

Тарифтік бағдарламалардың сипаттамасы

«Бастау»

1

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасын жинақтаудың болжанған  мерзімі

3-3,6 жыл

2

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасындағы салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 2%

3

Тұрғын үй заемын алудан салымшы бас тартқан жағдайдағы қосымша сыйақы

Жылдық 0,7% - 1,0%

4

Бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні

16

5

Тұрғын үй заемы бойынша  сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 5%

6

Тұрғын үй заемын беру мерзімі

6 жылға дейін

7

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасын жинақтау бойынша ұсынылған  ай сайынғы жарна

Шарттық сомадан 1,25%

8

Тұрғын үй заемын өтеу бойынша  болжанған ай сайынғы жарна**

Шарттық сомадан 0,80%

9

Шарттық соманың ең төменгі  мөлшері

500 АЕК

Ескерту: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мәліметтері  негізінде құрастырылған.


 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс  жинақ банкі» АҚ –ын құрудағы мақсат  – Қазақстан азаматтары үшін жеке меншік баспанаға арнайы ақша жинау  мүмкіндіктерін беру. Қазақстан Республикасы Үкіметі банктің тұрақты қызмет етуі үшін қажетті мөлшерге дейін  банктің тиісті қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс  жинақ банкі» АҚ заемдарының негізгі  тартымдылығы – бұл барлық мерзім ішінде берілетін заем сыйақысының  төменгі мөлшерлемемен кепілдендірілуі. Банк  қызметі  несиелік капитал  нарығы ауқымынан тыс және банктің  пайыздық саясаты қаржы нарығының  қаржылық сыйақы мөлшерлемесі  тұрғысында  біршама тәуелсіз. Бұл банкке жинақтаушы салымдар бойынша төленетін төменгі  пайыздық мөлшерлемелермен, сондай-ақ, төменгі пайыздар бойынша кредиттер  беруге мүмкіндіктер туғызады. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі  іс-шараларды осындай мақсатты түрде  қаржыландыру жүйесі Қазақстан Республикасының  тұрғын үй секторының жүйелі дамуына  өз әсерін тигізері хақ.

Қазіргі таңда қарқынды дамып  келе жатқан Банк Қазақстанның барлық ірі және жекелеген шағын өндірістік қалаларында ресми  түрде қызмет атқаруда.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс  жинақ банкі» АҚ Биржа тізіміне кіретін  мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен, сондай-ақ, Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен шетел валюта саудасына қатысу құқығымен "В", "К" және "Р" санаттары бойынша «Қазақстанның қор биржасы» АҚ мүшесі болып табылады. 

 

Кесте 14 - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на  «Өркен» тарифтік бағдарламасы

 

№ р/с

Тарифтік бағдарламалардың сипаттамасы

«Өркен»

1

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасын жинақтаудың болжанған  мерзімі

5,6 жыл

2

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасындағы салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 2%

3

Тұрғын үй заемын алудан салымшы бас тартқан жағдайдағы қосымша сыйақы

Жылдық 0,7% - 1,0%

4

Бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні

28

5

Тұрғын үй заемы бойынша  сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 4,5%

6

Тұрғын үй заемын беру мерзімі

10 жылға дейін

7

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасын жинақтау бойынша ұсынылған  ай сайынғы жарна

Шарттық сомадан 0,75%

8

Тұрғын үй заемын өтеу бойынша  болжанған ай сайынғы жарна**

Шарттық сомадан 0,50%

9

Шарттық соманың ең төменгі  мөлшері

500 АЕК

Ескерту: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мәліметтері  негізінде құрастырылған.


 

2007 жылғы мамыр айында  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс  жинақ банкі» АҚ Қазақстан   банктері арасында бірінші болып  ИСО 9001:2000 менеджмент сапа жүйесіне  сәйкес сертификат алды.

Уәкілетті сертификаттық  компанияның өткізген сертификаттық  аудит қорытындысы бойынша «Қазақстанның  тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ менеджмент сапа жүйесі ИСО 9001:2000 халықаралық  стандарт талаптарына сәйкес расталды. Банк IQ-Net халықаралық сертификаттық  органның сертификатын алды, сертификат әлемнің 30-дан  астам елінде қолданыста.

 

Кесте 15 - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на  «Болашак» тарифтік бағдарламасы

 

№ р/с

Тарифтік бағдарламалардың сипаттамасы

«Болашак»

1

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасын жинақтаудың болжанған  мерзімі

15 жыл

2

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасындағы салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 2%

3

Тұрғын үй заемын алудан салымшы бас тартқан жағдайдағы қосымша сыйақы

Жылдық 0,7% - 1,0%

4

Бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні

74

5

Тұрғын үй заемы бойынша  сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 3,5%

6

Тұрғын үй заемын беру мерзімі

25 жылға дейін

7

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасын жинақтау бойынша ұсынылған  ай сайынғы жарна

Шарттық сомадан 0,25%

8

Тұрғын үй заемын өтеу бойынша  болжанған ай сайынғы жарна

Шарттық сомадан 0,50%

9

Шарттық соманың ең төменгі  мөлшері

500 АЕК

Ескерту: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мәліметтері  негізінде құрастырылған.


 

2007 жылғы қарашада Moody’s  халықаралық рейтингтік агенттігі  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс  жинақ банкі» АҚ-на  «Ваа2» - ұлттық валютадағы депозит бойынша  ұзақ мерзімді рейтинг, «Prime-2»  - ұлттық валютадағы депозит бойынша  қысқа мерзімді рейтинг, сондай-ақ, «Е+»(BFSR) банктің қаржылық тұрақты  рейтингілерін берді. Барлық рейтинг  бойынша болжам – «тұрақты».

 

Кесте 16 - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на  «Кемел» тарифтік бағдарламасы

 

№ р/с

Тарифтік бағдарламалардың сипаттамасы

«Болашак»

1

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасын жинақтаудың болжанған  мерзімі

8,6 жыл

2

Тұрғын үй құрылыс жинақ  ақшасындағы салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 2%

3

Тұрғын үй заемын алудан салымшы бас тартқан жағдайдағы қосымша сыйақы

Жылдық 0,7% - 1,0%

4

Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

6,1% дейін

5

Тұрғын үй заемы бойынша  сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 4%

6

Тұрғын үй заемын беру мерзімі

15 жылға дейін

7

Тұрғын үй заемы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

4,2% дейін

8

Шарттық соманың ең төменгі  мөлшері

500 АЕК

Ескерту: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мәліметтері  негізінде құрастырылған.


 

Тұрғын үй жағдайларын  жақсартуға қажетті соманың 50%-ы  қолында бар немесе көрсетілген  соманы мерзімінен бұрын жинақтаған клиенттер «Жеңіл» бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемын пайдалана  алады.

«Жеңіл» бағдарламасы бойынша  аралық тұрғын үй заемдары «Бастау» және «Өркен» тарифтік бағдарламалары аясында, негізгі қарыз бойынша төлемді  кейінге қалдыра отырып (3 жылдан артық емес мерзімге) беріледі.

Аралық тұрғын үй заемын пайдалану уақытына енгізілген/жинақталған  қаражаттар заем бойынша қамтамасыз ету болып табылады. Қаражаттарға жылына 2% (жылдық тиімді мөлшерлеме 4,6%-дан 12,7% дейін) Банк сыйақысы және ынталандырылатын салым сомасының 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы (ынталандырылатын салым  сомасы 200 АЕК артық емес) есептеледі.

Аралық тұрғын үй заемдары «Бастау» және «Өркен» тарифтік бағдарламалары аясында тұрғын үй құрылыс жинақ  шартында көзделген тұрғын үй заемы  мерзімінің шектерінде беріледі. Жинақтау мерзімі аяқталған соң аралық тұрғын үй заемын өтеуге жұмсалатын жинақталған  қаражаттар және тұрғын үй заемы төленеді.

Информация о работе Ипотекалық несиенің экономикалық мәні мен қажеттілігі