Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 29-бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде қатысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе жеңілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы қарастырылған. Осы бапқа сәйкес: Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалы ескеріледі.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция шеңберінде қатысудың нысаны мен түріне қарамастан тағайындалады.
Сот қатысушыларға жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын (52-бап) және 57-баптың шарттарын басшылыққа алуға міндетті. Қылмыстық кодекстің 57-бабында жаза тағайындау кезінде оны жасауға қатысқан адамның 1) қатысу сипатын және дәрежесін; 2) қылмыс мақсатына жетудің мәнін; 3) келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін ескеруді талап етеді. Қатысу сипаты қатысушының атқарған ролімен сипатталады [46, 2 б.]. Бұл жерде қатысушы кім болып роль атқарады — ұйымдастырушы ма, айдап салушы ма, орындаушы ма әлде көмектесуші ме? Әдетте, ұйымдастырушыларға, айдап салушыларға, орындаушыларға қылмысқа көмектесушілерге қарағанда жаза қаталырақ тағайындалады. Қатысу дәрежесі қылмысты мақсатқа жетудегі қатысушылардың сіңірген еңбегінің көрінісі арқылы белгіленеді. Ал қылмыс мақсатына жетудің мәні — алға қойған мақсаты толық орындалды ма, жоқ па осыған байланысты. Келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін анықтағанда оларды туғызуға істелген қатысушының әрекет белсенділігі, атқарған функциясы есепке алынады. Қылмыстық кодекстің 57-бабының 2-бөлігінде "Қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ескеріледі" — делінген. Яғни, мұндай ретте ересектерге қарағанда жасы толмағандарға жазаның жеңілдететін түрі қолданылуы айтпаса да түсінікті.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. Сот тәжірибесінде бір адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде-біреуі үшін сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын құрайды. Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді. Бір адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істегенге кінәлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда оның әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп саналады. Бұл жерде заңда белгіленген негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамның бұрынғы істеген қылмысы есепке алынбайды. Қылмыстардың жиынтығында сот негізгі жазаны, ал керекті реттерде және қосымша жазаны әрбір қылмысқа бөлек тағайындап алып, түпкілікті жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды түгелдей я болмаса, ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай жазаны жиынтықтап, бірақ тағайындайды (58-бап, 1-бөлігі).
Осы заңның талабына сәйкес сот әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек-бөлек тағайындайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл кассациялық немесе бақылау сатыларында істеген қылмыстардың біреуі үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының біріне рақымшылық актісі қолданылуы, ал екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін немесе бір қылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екіншісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен қысқартылуы мүмкін.
Қылмыстардың
жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда
жаза тағайындаудың жалпы
«Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттар заңда көрсетілген жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру немесе тағайындаған жазаларды түгелдей я болмаса ішінара қосу принциптерін үкімде дәлелдеуі керек.
Үш немесе одан да көп қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттың жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру принципін онша ауыр емес қылмыстар үшін қолданып, одан кейін сол жазаға орташа ауырлықтағы, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жиынтығы үшін тағайындалған жазаларды түгелдей, болмаса ішінара қосып, екі принципті қоса қолдануға қакысы бар.
Жеңілірек
жазаны ауырырақ жазаға сіңіру принципін
қолданған кезде, соттар жаза түрлерінің
қатаңдық дәрежесі ҚК-тің 39-бабында
қандай ретпен көрсетілсе, сондай рет
бойынша анықталатынын ескеру керек.
Жиынтыққа кіретін қылмыстардың
әр қайсысына жазаның бір түрі
тағайындалған кезде, олардың ішіндегі
мерзімі мен көлемі көп жаза —
неғұрлым қатаң жаза болып саналады.
Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар
үшін түрі және мөлшері жағынан бірдей
жаза тағайындалса, онда бір жазаны
басқа бір жазаға сіңіру жолымен
қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті
баптарының ең жоғары жазалау шаралары
шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі»
— деп арнайы көрсетілген. Жаза тағайындаудың
осы принциптерін басшылыққа алу
қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны
жеке қылмыс істегендерге қарағанда
ауырырақ етіп тағайындауға мүмкіндік
береді. Жазаны әрбір қылмысқа бөлек-бөлек
тағайындап алып, сот жазаны барлық
қылмыстары үшін жиынтықтап бірақ тағайындайды.
Бұл жерде қылмыстық заң
Тағайындалған жазаларды түгелдей қосып жаза белгілеу дегеніміз әрбір қылмысқа бөлек-бөлек жаза тағайындап алып, сол жазаларды бір-біріне түгелдей қосып, ақырғы жазаны анықтау болып табылады. Жазаларды түгелдей қосу принципі сот тәжірибесінде көп жағдайларда істелген қылмыстардың мәні мен зияндылық дәрежесі өзара ұқсас болған жағдайларда қолданылады. Тағайындаған жазаларды ішінара қосып, жаза белгілеу дегеніміз сот ауырырақ жазаға басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаны ішінара қосып, ақырғы жазаны анықтайды. Қылмыстың жиынтығы бірнеше қылмыс үшін жазаны толық немесе ішінара қосу жолымен тағайындалғанда ақырғы жаза мөлшері ауырырақ жаза белгілеген баптың шегінен асырылмай белгіленуі мүмкін. Мысалы, ұрлық үшін 3 жылға, ауырлататын жағдайдағы бұзақылығы үшін 4 жылға тағайындалған жазаны, сот ішінара қосу жолымен ақырғы жазаны 5 жылдан бас бостандығынан айыруға деп белгілейді. Өйткені, ауырлататын бұзақылығы үшін (257-бап, 2-бөлік) жазаның ең жоғарғы шегі заңда 5 жыл деп көрсетілген. Бұл шектен асуға болмайды.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда соттың қайсы принципті басшылыққа алатыны (сіңіру жолымен немесе түгелдей, ішінара қосу жолымен) нақты жағдайларға байланысты, істің жағдайына, қылмыскердің тұлғасына, әр қылмыс үшін тағайындалған жазаның түрі мен ауырлығына сәйкес шешіледі. Адам кінәлі деп танылған қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазаны сот негізгі жазаға қоса алады.
Егер
іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін
сотталған адамның алғашқы іс
бойынша үкім шығарғанға дейін басқа
бір қылмыс істегендігі анықталса,
бұл жағдайда да жаза осы ережелер
бойынша тағайындалады. Бұл ретте
жазаның мерзіміне бірінші үкім
бойынша өтеген жаза есептелінеді.
Мысалы, кінәлі адам әйел зорлағаны
үшін 5 жылға бас бостандығынан
айырылуға сотталған. Ол осы жазаның
екі жылын өтеген соң, оның осы
қылмыс үшін сотталғанға дейін бұзақылық
істегені анықталады. Сот қылмыскерді
бұзақылығы үшін кінәлі деп тауып, сол
үшін оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан
айыру жазасына кескен. Тағайындалған
жазаларды түгелдей қосу арқылы, оның
ақырғы өтейтін жазасы 8 жыл бас
бостандығынан айыруға деп
Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы Кодекстің Жалпы бөлімінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы керек (58-бап, 5-бөлігі). Мысалы, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметте болу құқығынан айыру Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес қосымша жаза ретінде үш жылға дейінгі мерзімге қосылуы мүмкін.
Соттар мынаны ескеруге міндетті: ҚК-тің 58-бабының 6-бөлігін қолданған жағдайда, қылмыс жиынтығы бойынша тағайындалған қорытынды жаза алғашқы үкім бойынша тағайындалған жазадан төмен болмауы керек, өйткені мұндай жағдайда жазаларды сіңірткен немесе қосқан кезде сот алғашқы үкімнің өтелінбей қалған жағын емес, сол үкім бойынша тағайындалған барлық жазалардың мөлшерін басшылыққа алуы керек. Егер іс бойынша үкім шығарып қойғаннан кейін сотталған адамның тағы басқа да қылмыстар үшін айыпты екені, оның біреуі үкімді шығарғанға дейін, ал басқалары үкім шығарғаннан кейін жасалғаны анықталса, екінші үкім бойынша жаза ҚК-тің 58 және 60-баптарын қолдана отырып тағайындалады: алдымен алғашқы үкім шығарылғанға дейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша, одан кейін ҚК-тің 58-бап 6-бөлімінің ережелері қолданылады, сосын алғашқы үкім шығарылғаннан кейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша жазалар анықталып, түпкілікті жаза үкімдер жиынтығы бойынша тағайындалады.
Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау.
Қылмыстардың қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында белгіленген. Қылмыстық кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайлар қылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау мәселесін шешуде маңызды роль атқарады. Қылмыстың қайталануы қылмыс істеген адамның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін және қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын белгі болып табылады.
Қылмыстық
кодекстің 59-бабының екінші бөлігінде
қайталанып жасалған қылмыс үшін жаза
тағайындаудың ерекшелігі көрсетілген.
Баптың осы бөлігіне сәйкес: 1) қайталап
жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі
мен мөлшері жасалған қылмыс үшін
көзделген ең қатаң жаза түрінің
ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің
жартысынан төмен; 2) қылмыстардың қауіпті
қайталанғаны үшін — үштен екісінен
төмен; 3) қылмыстардың аса қауіпті
қайталанғаны үшін — төрттен үшінен
төмен болмауға тиіс. Мысалы, Қылмыстық
кодекстің 169-бабындағы қарулы бүлік
жасағаны үшін ең жоғарғы жаза 15 жылға
дейінгі бас бостандығынан
Егер
бұрынғы үкім бойынша ҚК-тің 63-бабын
қолдану арқылы сотталған адам сынақ
мерзім ішінде жаңа қылмыс жасаған
болса, онда сот қылмыстың қайталануы
туралы мәселені шешкен кезде ҚК-тің
64-бабының 4-бөлігіндегі талаптарды
міндетті түрде ескеруі тиіс. Бұл
орайда қылмыстың қайталануын
Соттар тиісінше қылмыстардың қайталануы кезінде, аяқталмаған қылмыс, сондай-ақ қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде осы адамдарға белгіленген жаза мерзімдерінің шеңберін қатаң сақтауы тиіс. Бұл орайда ҚК-тің 5-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігіндегі ережелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі күшіне енгенге дейін жасалған (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін) қайталау, қауіпті қайталау немесе аса қауіпті қайталауды құрайтын қылмыс үшін қолданылмайтынын ескеру керек. Егер қайталауды құрайтын соттылықтар ҚР ҚК-нің күшіне енгенге дейінгі және одан кейін жасалған қылмыстар құрайтын болса, онда ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігіндегі тәртіп тек 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған қылмысы үшін соттылығын ескере отырып қолданылады. Аяқталмаған қылмыс үшін тиісті қайталау орын алған жағдайда жазаның ең жоғары мөлшері ҚК-тің 56-бабында көрсетілген мерзімдер мен көлемдерден аспауға тиіс [47, 21 б.].
Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы