Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация

Описание работы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................

2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................

4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................

Работа содержит 1 файл

диссер Баха.docx

— 201.26 Кб (Скачать)

Осы айтылған заң нормаларының мазмұны төмендегідей:

Қылмыс  жасап үкім бойынша жаза алған  адамның тағы да қылмыс істеуінің  қоғамға қауіптілігі орасан, сондықтан  жаңа Қылмыстық кодекс мұндай қылмыскерлерге қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауға қарағанда қатаңырақ  жаза тағайындау тәртібін белгілеген. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың ауырлығына қарамастан заң талабына сәйкес бұрынғы  үкім бойынша тағайындалған, жазаның  өтелмей қалған бөлігін түгелдей я болмаса ішінара қосып белгілейді. Қылмыстық кодекстің 58-бабында көрсетілген  сіңіру ережесі бұл бапқа қолданылмайды.

Үкімді  жинақтап тағайындаған ақырғы жаза жаңа істелген қылмысқа тағайындалған жазадан  да, сондай-ақ алдыңғы үкім бойынша  өтелмей қалған жазаның бөлігінен  де артық болуы керек.

Бірнеше үкім бойынша жаза өтеу мерзімі соңғы  қылмысы үшін үкім шығарылған уақыттан бастап есептеледі. Үкімдерді жиынтықтап қосқанда жазаның жалпы мерзімі  егер ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса жазаның сол  түріне белгіленген ең ұзақ мерзімінен аспауы тиіс. Бас бостандығынан айыру  түріндегі жазаларды қосқанда жазаның  жалпы мерзімі 25 жылдан аспауы тиіс, ал заң бойынша бас бостандығынан  айыру жазасы 20 жылдан артық мерзімге тағайындалған қылмыстар бойынша  — немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қолдануға  болатын қылмыстар істегені үшін жазаның жалпы мерзімі 30 жылдан аспауы тиіс (58-бап, 4-бөлігі). Үкімдерді жиынтықтап жаза тағайындағанда негізгі жазаға жауаптылықты белгілейтін бапта  көрсетілген қосымша жазаларды  да қосуға құқылы. Әр түрлі түрдегі  қосымша жазалар жеке-жеке орындалады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 қаулысының 20-24-тармақтарында үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайыңдауда басшылыққа алатын мынадай қағидаларды көрсетіп берген.

 Үкімдердің  жиынтығы бойынша жаза тағайындалғанда,  соттар бұрынғы үкім бойынша  тағайындалған жазаның өтелмеген  бөлігінің мөлшері мен түрін  белгілеуге және көрсетуге тиіс, жазаның өтелмеген бөлігі ҚК-тің  60-бабының негізінде жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға түгелдей немесе ішінара қосылуы керек. Бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі болып мыналар саналады:

шартты  жазаға сотталған кездегі, сондай-ақ ҚК-тің 72-бабында немесе 74-бабының 3-бөлігінде  көрсетілген негіздер бойынша жазаны өтеуді орындауды кейінге қалдырылған  кезде немесе ҚІЖК-нің 452-бабында  көрсетілген тәртіпте, 73-бабының 3-бөлігін  қолданған кезде — ұсталуына  немесе бұлтартпау шарасы ретінде тұтқындалуына  байланысты қамауда немесе медициналық  сипаттағы мәжбүрлеу шараларын  қолдануға байланысты емдеу мекемесінде  болған уақытты есептемегенде —  жазаның бүкіл мерзімі;

ҚК-тің 70-бабында  көрсетілген негіздер бойынша мерзімнен  бұрын шартты түрде босатылған кезде  — сотталушы оны өтеуден мерзімнен  бұрын шартты түрде босатылған жазаның  бөлігі;

бас бостандығын  шектеуге, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды атқаруға сотталған кезде — міндетті жұмыс мерзімінің бөлігі және сотталушы  жұмыстан жалтарған кездегі уақыт.

Бұрынғы үкім бойынша тағайындалған жазаның  өтелмеген бөлігін ішінара қосып  үкімдердің жиынтығын колданғанда, егер қорытынды жаза жазаның осы  түріне белгіленген ең жоғарғы шегінде  тағайындалмаса, сот үкімде осындай  шешімнің қабылданғанын дәлелдеу керек. Бұрынғы үкімдегі жазаның өтелмеген  бөлігін ішінара қосқанда қорытынды  жаза қалайда мөлшері жағынан  жаңадан жасалған қылмыс үшін тағайындалған  жазадан да, бұрынғы үкім бойынша  өтелмеген жазадан да жоғары болуы  керек [48, 102 б.].

 Егер  сотталушы сынақ мерзім ішінде  жаңадан қылмыс жасаса, сот жазаны  үкімдердің жиынтығы бойынша  тағайындау мәселесін талқылаған  кезде ҚК-тің 64-бап төртінші  бөлігінің талаптарын ескеруге  міндетгі. Бұл орайда ҚК-тің 60-бабының  ережелері сот жаңа қылмыс  үшін жаза тағайындаған кезде  бұрынғы үкімдегі шартты соттылықты  жою туралы шешім қабылдаған  жағдайда ғана қолданылады. Егерде  сот абайсыз немесе онша ауыр  емес қасақана қылмыс туралы  істі қараған кезде бұрынғы  үкімдегі шартты соттылықты қалдыру  туралы тұжырымға келсе, онда  жаза тек жаңа қылмыс үшін  тағайындалады [49, 152 б.]. Жазаларды қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша толық не ішінара қосқан кезде соттар ҚК-тің 61-бабында бекітілген мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібін ескеруі жөн. Бұл баптың мәніне сай бұрынғы үкім бойынша тағайындалған өтелмеген қосымша жаза түгелдей немесе ішінара жаңа үкім бойынша тағайындалған дәл сондай қосымша жазамен бірігеді, бұл қосымша жаза қосымша жазаның дәл осы түрі үшін белгіленген мерзім шегінде тағайындалады. ҚК-тің 61-бап 2-бөлігінде көрсетілген қосымша жазалар бөлек орындалады. Егер алғашқы үкім бойынша адам бас бостандығынан айыру, түзету жұмыстарына немесе орындалуға жататын басқа да жазалар бойынша сотталса, ал екінші үкім бойынша жаза ҚК-тің 63-бабын қолдана отырып тағайындалса, онда сот жазаларды қосқан кезде олардың бөлек орындалатынын үкімде көрсетуі тиіс. Бұл орайда шартты соттау қолданылған үкімдегі сынақ мерзімі алғашқы үкімдегі жаза қай мекемеде орындалатынына карамастан, үкім күшіне енген кезден бастап есептеледі.

Егер  сотталған адам бұрынғы үкімді орындауды  кейінге қалдырған кезде басқа  қылмыс жасап қойса, сот жаңа қылмыс жасағаны үшін тағайындаған жазаға ҚК-тің 60-бабына сай бұрынғы үкім бойынша  өтелмеген жазасын қосуға тиіс. Ондайда  бұрынғы үкімді орындауды кейінге  қалдыруды бұзу туралы қаулы қабылдаудың  керегі жоқ. Егер жаңа қылмыс үкімді орындауды  кейінге қалдыру мерзімі өтіп кеткеннен кейін және сотталушыны  ҚК-тің 72-бап үшінші бөлігіне сай  жазасын өтеу үшін тиісті мекемеге жібергендігі туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін жасалса, сот жаңа қылмыстың жазасын белгілеп алып, ҚК-тің 60-бабында көрсетілген  жазаны үкімдердің жиынтығы бойынша  тағайындаудың ережелерін қолдануға  міндетті. Егер жаңа іс жөніндегі үкім қабылданған кезге дейін, сот  сотталушыны жазасын өтеуден  босату немесе оны жазасын өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу туралы мәселесін  заңға сай шешпеген болса, онда сот  тек жаңа қылмыс үшін жаза тағайындайды. Бұндай жағдайда орындалмаған үкімдер  бола тұра үкімді орындау туралы мәселе КЖК-нің 453-455-баптарында көзделген тәртіпте шешілуі мүмкін.

Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі  және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу [43, 159 б.].

1. Қылмыстардың  жиынтығы және үкімдердің жиынтығы  бойынша жазаларды ішінара немесе  толық қосу кезінде бас бостандығынан  айырудың бір күніне:

а) қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде  ұстаудың бір күні;

б) бас  бостандығын шектеудің екі күні;

в) түзеу  жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша  шектеудің үш күні;

г) қоғамдық жұмыстарға тартудың төрт сағаты сәйкес келеді.

Айыппұл салу белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен  айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу оларды бас бостандығын шектеу мен түзеу  жұмыстарымен, қамаумен, тәртіптік  әскери бөлімде ұстаумен, бас бостандығынан  айырумен қосқан кезде дербес орындалады (Қылмыстық кодекстің 61-бабы).

Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі  бір қызметпен айналысу құқығынан  айырудың, түзеу жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеудің, бас бостандығын  шектеудің, қамаудың, тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың, бас бостандығынан  айырудың мерзімі айлармен және жылдармен, ал қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі  сағатпен есептеледі [51, 15-16 б.].

Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген  жазаларды ауыстыру немесе қосу кезінде, сондай-ақ жазаны есепке алу кезінде  мерзім күндермен есептелуі мүмкін.

Үкім  заңды күшіне енгенге дейін қамауда  ұстау бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде  ұстау түріндегі жаза мерзімінің бір күніне бір күн есебімен, бас  бостандығын шектеу түрінде ұстауға  — екі күнге бір күн, түзеу  жұмыстарымен әскери қызмет бойынша  шектеуге — үш күнге бір күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі  жазалау мерзіміне қоғамдық жұмыстардың 4 сағаты қамауға ұсталған бір күн  есебімен есептеледі [42, 85 б.].

Сот үкімі  заңды күшіне енгенге дейін адамды қамауда ұстау уақыты мен Қазақстан  Республикасы шегінен тыс жерлерге жасалған қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан  айыру жазасын өтеу уақыты адам осы  Кодекстің 8-бабының негізінде ұстап  берілген жағдайда бір күнге бір  күн есебімен есептеледі.

Сот қарағанға  дейін қамауда ұсталған, сотталушы  адамға айыппұл, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен  айналысу құқығынан айыру түріндегі  жазаны тағайындау кезінде сот қамауда  ұсталған мерзімді ескере отырып, тағайындалған  жазаны жеңілдетеді немесе оны осы  жазаны өтеуден толық босатады [48, 162 б.].

Қылмыс  жасағаннан кейін психикалық аурумен  науқастанған адамға медициналық сипаттағы  мәжбүрлеу шаралары қолданылған  уақыт жаза мерзіміне есептеледі (Қылмыстық кодекстің 62-бабы).

Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан  гөрі жеңілірек жаза тағайындау [52, 34-36 б.].

Сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың  негізгі бастамаларын басшылыққа ала  отырып, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бабы бойынша сараланған нақты қылмыс көлемінде көрсетілген  жазаның түрі мен шегінен шықпай жаза белгілейді. Заңда белгіленген  жазаның түрі мен шегінен шығушылық  тек қылмыстық заңда арнайы көрсетілген  жағдайда ғана орын алады. Яғни, қылмыстық  заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек  жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

Сот іс-әрекеттің  ауырлығын елеулі төмендететін, істің  ерекше жағдайларын, кінәлінің жеке басының кім екендігін коса есептей  отырып және сол қылмыс үшін заңда  көрсетілген жазаның ең төмендегі  шегінен де төменірек етіп тағайындайды. Немесе жазаның басқа бір жеңілірек  түрін қолдануды қажет деп  тапса, жеңілдетудің дәлелдерін міндетті түрде көрсетіп, жазаны солай жеңілдете  алады. Осындай негіздер мен сот  істелген қылмыс үшін заң бойынша  міндетті ретінде көрсетілген қосымша  жазаны тағайындамауына болады (55-бап, 1 бөлігі). Істелген қылмыс үшін заңда  көрсетілген жазаның төменгі  мөлшерінен төмен немесе сол қылмыс үшін көрсетілген жазаның түрінен  басқа бір жеңілірек түрін  қолдану бірнеше жағдайды қоса есептей  отырып жүзеге асырылады. Ол жағдайлар  қылмыстық заңда: "Әрекеттің мақсаттары мен себептеріне, айыпкердің роліне, оның қылмыс жасау кезіндегі немесе одан кейінгі мінез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және әрекеттің қоғамдық қауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын  басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған  қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген  ең төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін, не сот жазаның осы бапта  көзделгенінен неғұрлым жеңіл түрін  тағайындауы не міндетті жаза ретінде  көзделген қосымша жаза түрін  қолданбауы мүмкін" — делінген.

Істің ерекше мән-жайлары және әрекеттің қоғамдық кауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын  басқа да мән-жайлар дегенге қылмыстық  заң жалпы түсінік берген. Оларды сот әрбір істің ерекшелігіне, қылмыскердің жеке басының кім екендігіне байланысты шешеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 6,7-тармақтарында:

Егер  адамды кінәлі деп таныған заң  санкциясында жазаның әр түрі (баламалары) көрсетілген болса, онда соттар ҚК-тің 52-бабының екінші бөлігіне сәйкес жасалған қылмыс үшін көрсетілген жазаның  неғұрлым ауыр түрі тек, егер оның жеңіл  түрі жазалау мақсатын қамтамасыз ете  алмаса немесе жазаның ең ауыр түрін  тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана тағайындалатынын ескере отырып, соттар олардың арасындағы неғұрлым жеңілірек  жазаны тағайындау туралы мәселені талқынауы  және үкімде қабылданған шешімді  дәлелдеуі тиіс.

ҚК-тің 55-бабына сәйкес жазаны осы қылмыс үшін тиісті бапта (бап бөлігінде) белгіленген  төменгі шектен төмен немесе қылмыс сараланған ҚК бабының (бап бөлігінің) санкциясында көрсетілмеген жазаның  неғұрлым жеңіл түрін тағайындау немесе міндетті түрде көзделген  косымша жазаны қолданбау тек  әрекеттің қоғамдық қауіптілігі  дәрежесін едәуір азайтатын ерекше мән-жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған  қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен жағдайда ғана мүмкін болады. Жазаны жеңілдететін жекелеген мән-жайларда, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы  мүмкін. Сот ҚК-тің 55-бабын қолданғанда, іс бойынша анықталған қандай жағдайларды  ерекше деп танығанын және оларды айыпталушының жеке басы туралы қандай мәліметтермен бірге негізге  алғанын үкімде көрсетуге міндетті.

Бірнеше қылмыс жасаған кінәлі адамға жазаның  заңда көзделген неғұрлым жеңіл  түрін тағайындаған кезде, әуелі  бір немесе бірнеше қылмыстың  әрқайсысына ҚК-тің 55-бабын қолдану  арқылы жаза тағайындалады, сонан кейін  ҚК-тің 58-бабының ережелері бойынша  түпкілікті жаза белгіленеді [47, 156 б.].

Ауыр  немесе аса ауыр қылмыстың жасалуы  өздігінен ерекше мән-жайлар болған жағдайда кінәлі адамға төменгі шектен төмен жаза тағайындауға кедергі  болып табыла алмайды. ҚК-тің 55-бабын  қолданып жаза тағайындалған кезде  қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе аса қауіпті қайталануы болған жағдайда ҚК-тің 59-бабы 2-бөлігінің ережелері  қолданылмайды.

Соттың  ҚК 55-бабын қолданып белгіленген  жазасының мөлшері қандай жағдайда да заңмен белгіленген осы жаза түрінің  ең төменгі мөлшерінен төмен бола алмайды, — деп түсіндірілген. Осы  қаулыға сәйкес белгілі бір қылмыс үшін заңда көрсетілген жазаның  төменгі шегінен де төмен жаза немесе заңда көрсетілгендей жеңіліректеу жаза тағайындау ерекше іс жағдайында және кінәлі адамның жеке басын сипаттайтын  деректер анықталғанда ғана қолданылуы мүмкін. Бұл жерде ерекше жағдайлар деп жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін кемітетін жағдайлар да, оның ішінде заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар да, әрекеттің мақсаттары мен себептері, айыпкердің қылмыс жасаудағы және одан кейінгі ролі, қылмыскердің топ болып жасаған қылмысты ашуға белсене араласуы, т. б. танылуы мүмкін. Қандай жағдайларда ерекше деп танитынын және мұндай жеңіл жазаны айыпкердің жеке басының қандай мәліметтерімен байланыстыруға болатынын сот үкімінің баяндайтын бөлімінде көрсетуге міндетті. Мұндай жағдайларда ауыр қылмыс жасағандығы айыпкерге жазаны ең төменгі шегінен де төмен жаза тағайындауға кедергі бола алмайды [48, 30 б.]. Заңда көрсетілген жазадан гөрі әлдеқайда жеңілірек жазаны бірнеше қылмыс істеген қылмыскерге қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, я болмаса әрқайсысына жеке-жеке тағайындай алады, содан кейін оны қылмыстың жиынтығы туралы баптың ережелері бойынша түпкілікті түрде белгілейді. Сот тәжірибесі ерекше жағдайларға заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлармен бірге, заңда көрсетілмеген, мысалы; қылмысты бірінші рет істеуі, қылмысты басқа біреудің корқытып, зорлауы нәтижесінде істеуі, тұрмыста және жұмыстағы мінсіз мінез-құлқы, карауында жас балалары мен кәрі ата-анасының болуы сияқты мән-жайлар да жатады.

Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы