Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
Қылмысқа қатысушылықты нысандарға бөлуде Пионтковскийдің көзқарасын Ковалев та қолдады. Қылмысқа қатысушылықтың «сыртқы және ішкі жақтарының ескере отырып, ол қылмысқа қатысушылықты топтауды «қылмысқа қатысушылықтың негізін құрайтын осы жақтың негізінден, жүргізуді қажет деп табады. Осы айтылғандарды қорыта отырып Ковалев қылмысқа қатысушылықтың екі нысанын ажыратады: алдын-ала келісіммен қатысу және алдын-ала келісімсіз қатысу. Қылмысқа қатысушылықтың соңғы нысанын Ковалев тағы екі түрге бөлу керек дейді: алдын-ала келісіммен жай қатысушылық және қылмыстық ұйым сипатындағы алдын-ала келісіммен қатысушылық .
Қылмыстық құқықтық әдебиетте қылмысқа қатысушылықты нысандарға бөлудің басқа да критерилері көрсетіледі. Мысалы, Смирнов «қылмыс жасаған адамдар арасындағы субьективті байланыстың сипатына байланыстың қылмысқа қатысушылықтың 3 нысанын көрсетеді: жай қатысушылық (немесе ортақ кінә); біржақты субьективті байланыс бойынша қылмысқа қатысушылық және орындаушы мен қатысушылар арасында екіжақты келісім болган жағдайда қатысушылық.
Шаргородский бірге орындаушылықты қылмысқа қатысушылық институтының шегінен шығара отырып, қылмысқа қатысушылық нысандары ретінде ортақ кінә, жай қатысушылық және қылмыстық ұйымды ұсынады.
Шнейдер
қылмысқа қатысушылықты жай қатысушылық
(ортақ кінә немесе бірге орындаушылық),
күрделі қатысушылық және қылмыстық
сыбайластық деп бөледі. Бірақ, «қылмысқа
қатысушылықты нысандарға топтау олардың
қатысушыларының өзара
Егер қылмысқа қатысушылықты нысандарға бөлу қылмыскердің ұйымдасу дәрежесін және бірлесіп жасаған қылмыс қауіптілігін көрсетуді көздесе, ал түрлерге бөлу қатысушылардың әрекеттерінің қылмыстық сипатын көрсетуді мақсат етіп қояды. Қылмысқа қатысушылықтың барлық жағдайларын екі түрге бөлуге болады: жай қатысушылық; бұл жерде барлық қатысушылардың әрекеттері біртектес және қылмыс құрамын жүзеге асыруға тікелей қатысады(бірге орындаушылық); күрделі қатысушылық, бұл жерде орындайтын рөлдерді бөлу жүргізіледі, нәтижесінде қатысушылар әртүрлі әрекеттерді жүзеге асырады. Осыған сәйкес қылмысқа қатысушылықты әртүрлі топтастырудың тек өзіне тән мақсаттары бар, әртүрлі негіздерде құралады.
Жоғарыдағы көрсетілген анықтамадан көріп отырғанымыздай, қылмысқа қатысушылықты нысандарға бөлуде көптеген ғалымдар ұйымдасқан топты атамай кетеді немесе алдын-ала келісіммен қатысушылыққа жатқызады. Мысалы, ұйымдасқан топты қылмысқа қатысушылықтың жеке нысаны ретінде қарау мәселесі жөнінде Бородин; «Ұйымдасқан топ -қылмысқа қатысушылықтың жеке нысаны деген тұжырым дұрыс емес және теория мен тәжірибеде шатастыруға әкеліп соғуы мүмкін. Ұйымдасқан топ дегеніміз - кінәні ауырлататын қылмысқа қатысушылықтың бір түрі -деп жазады [53, 25 б.].
Ұйымдасқан топты қылмысқа қатысушылықтың жеке нысаны ретінде қарастырудың қажеттілігін Гришаев пен Кригер қолдады: «Ұйымдасқан топ қылмысқа қатысушылықтың ерекше нысаны бола отырып,қылмысқа қатысушылық нысандары жүйесінде алдын ала келісіммен қатысушылықпен ерекше түрдегі қатысушылық арасында жеке орын алуы тиіс.
Дәл осындай пікірді Трайнин де ұстанады: 1947 жылғы КСРО Жоғары Кеңесінің Президумының жарлығына сәйкес, кейбір авторлар ұйымдасқан топтың алдын-ала келісіммен қатысуға немесе қылмысқа қатысушылықтың ерекше түрі- бандыға жатқызады.Ал, шын мәнінде ұйымдасқан топ қылмысқа қатысушылықтың жаңа жеке нысаны болып табыладын.
Қылмысқа қатысушылықтың теорияда ұсынылған түрлерін салыстыра отырып, олардың бәрі ұқсас деген тұжырымға келуге болады.
Трайнин
Жәй қатысушылықңдеп алдын-ала
келісімсіз қатысушылықты түсінеді.
Алдын-ала келісімсіз қылмысқа қатысуда, алдын ала келісіммен қатысу сияқты рөлдерді бөлісіп қатысумен қатар, бірге орындаушылықта орын ала береді.
Пионтковскийдін,
осы пікірімен Тельновта
Осыған байланысты жай қатысушылық, яғни, алдын ала келісімсіз қатысу бірге орындаушылық түрінде көрінуімен қатар, рөлдерді бөлісу арқылы қатысушылықты да көріне береді.
Жоғары да көрсетілген қылмысқа қатысушылық нысандарын қорыта келіп, қылмысқа қатысушылық нысандарының жүйесін келесі түрде құрған дүрыс:
Қылмысқа алдын ала келісімсіз қатысу. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-бабының 1-бөліміне сәйкес, қылмыс жасауға екі немесе оданда көп орындаушы күні бұрын сөз байланыспай қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп табылады.
Қылмысқа қатысушылықтың бұл нысанында қатысушылардың қылмыстық әрекетінің келісім дәрежесі елеусіз немесе тіпті жоқ, олардың арасында субьективті байланыс төмен және бір қатысушының екінші адамның қылмысқа қатысатынын қылмысты бастаған кезде немесе қылмыс жасау барысында білуімен шектеледі.
Қылмысқа қатысушылықтың бұл нысаны қатысушылықтың басқа нысандарына қарағанда қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болуымен сипатталады.
«Жай қатысушылық бір қылмыс жасаудағы бірнеше адамдардың қатысуының қауіптілігі төмен түрі. Мұнда әрекет етуші адамдар қылмыс жасауға басқа адамдардың қатысатынын біледі, жеке қатысушылар арасында қылмыс жасау туралы алдын ала келісім жоқ. Қылмысқа қатысушылықтың жай нысанына орындаушы айдап салушы мен көмектесушінің рөлін белгілемеген жағдайлар да жатады.
Көп жағдайда бірнеше адамның алдын ала келісімсіз бірлесіп қылмыс жасау барысында барлық қатысушылардың қылмыстық әрекеттері біртектес болады, яғни, әр қатысушы қылмыстық құрамды жүзеге асыруға тікелей қатысады.
Алдын ала
келісімнің болмау факті қылмысқа қатысушылардың
өз әрекеттерін келісуге, қылмыс ізін
жасыруға шаралар қолдану мүмкідігінен
айырады. Сондықтан, алдын ала келісімсіз
қылмысқа қатысудың қоғамға қауіптілік
дәрежесі барлық жағдайларда жалғыз
адам жасаған қылмыстың
Сондықтан
алдын ала келісімсіз қылмысқа қатысушылықтың
қауіптілігін ескере отырып, заң шығарушы
осы белгілердің негізінде
Кейбір жағдайларда, қылмысқа қатысушылықтың осы нысанында көпдеген адамдардың әрекет етуі қоғамға елеулі түрде қауіп төндіреді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 241-бабында көрсетілген жаппай тәртіпсіздіктер. Әрине, жаппай тәртіпсіздікке қатысатын адамдардың ішінде де «тәртіпсіздікті ұйымдастыру туралы алдын ала келіскен адамдар да болады, бұл туралы осы баптың өзінде тікелей көрсетіліп кеткен. Бірақ, жаппай тәртіпсіздікке қатысатын басым көпшілік тәртіпсіз әрекет етуші көп адамдардың жиынтығы ретінде, алдын ала келісімсіз қылмысқа қатысушылар болып табылады.
Алдын ала
келісімсіз қатысушылықтың белгілері
болмағанымен, қылмысты бір топ адамдар
жасады деп айта алмайтын жағдайларда
болады, яғни, көмектесушілік әрекет орындаушының
қылмыс жасау үстінде болуы мүмкін,
бірақ бұл туралы орындаушы білмейді.
Мысалы, екі адамның төбелесіп
жатқанын көріп үшінші адам олардың
біреуіне көмектесу мақсатында ешкімге
байқатпай пышақ тастайды. Бұл
жерде алдын ала келісімсіз қылмысқа
қатысушылыққа тән қоғамға
Қылмысқа алдын ала келісіммен қатысу. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-бабының 2-бөліміне байланысты егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобын алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп табылады.
Қылмысқа
алдын ала келісіммен қатысу бірнеше
адамдардың бірлесіп қылмыс жасау туралы
қылмыс жасамастан бұрын келісім
жасаған жағдайында орын алады. Осының
нәтижесінде қылмысқа қатысушыларға
қылмыстың, тек жалпы сипаттамасы
ғана емес, сонымен бірге қылмыстық
әрекеттің басқада мән-
Қылмысқа
қатысушылардың арасындағы алдын ала
келісім сипаттамасы бойынша
әртүрлі болады. Келісім қылмыс жасаудың
жекелеген кезеңдері туралы немесе
қылмыстың егжей-тегжейіне
Кейбір жағдайларда қылмысқа қатысушылық туралы келісім жекелеген мәселелерді қамтып, бірнеше адамдардың ұйымдасуы елеулі түрде болмайды. Бұл жерде бірге орындаушылармен қатар, рөлдерді бөлісіп қатысушылық орын алуы мүмкін. Алдын ала келісіммен қылмысқа қатысушылық арасында тығыз субьективтік байланыс және қылмыстық әрекет туралы елеулі келісім болмаған айдап салушы мен орындаушымен көмектесуші болуы мүмкін.
Мұндай
қатысушылық көп жағдайларда
бірлескен қылмыстық әрекеттің
қоғамға қауіптілік дәрежесі елеулі
болғанымен, барлық қатысушылар үшін
жауапкершілікті ауырлататын
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
«Осы жағдайларда бірнеше адамдардың алдын ала келісіммен қылмыс жасауы қорғалатын обьектінің ерекшелігіне байланысты, жалғыз адамның қылмысына қарағанда қауіптілігі жоғары болып саналады. Сондықтан, жоғарыдағы қылмыстардың ауырлататын құрамдарын бөліп көрсетуді дұрыс деп есептеу керек.
Қорытып
айтқанда, алдын ала келісіммен қылмысқа
қатысушылықта барлық қатысушыларға
жасалатын қылмыстың
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31 бабының 3 бөліміне байланысты егер қылмысқа бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бүрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.Ұйымдасқан топ-қылмысқа қатысушылықтың дербес нысаны болып табылады. Ұйымдасқан топ мүшелерінің арасында қылмыстардың негізгі мәселелерін талқылауға орындайтын өзара бөлісуге, қылмыс жасаудың орны, уақыты, тәсілі және қылмыс ізін жасыру туралы келісімге келуге, кейбір жағдайларда дайындық әрекеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұрақты байланыс орнайды. Ұйымдасқан топ алдын ала келісім кезінде жасалатын қылмыстық жоспарға сәйкес әрекет етеді, осыған байланысты қылмыс жасау мен оның ізін жасыру оңайға түседі. Сондықтан, ұйымдасқан топ қылмысқа қатысушылықтың қауіпті нысаны болып табылады. Қатысушылардың өзара әрекет етуі бұл жерде тығыз. Ұйымдасқан топтың әрбір қатысушысы басқа қатысушылардың қылмыстық әрекет туралы біліп қана қоймай, оны бірлесіп жасауға келісім береді. Қылмыстық әрекет өзара келісілген сипат алады-бұл топтың ұйымдасу белгісін көрсетеді. Топтың қол сұғушылық нысанының еркешелігі осында. Ұйымдасқан топ түсінігі және оны қылмысқа қатысушылықтың басқа нысандарынан айыру мәселесі 1947 жылғы КСРО Жоғарғы кеңесінің «мемлекеттік және қоғамдық мүлікті қорғау үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Жарлығынан кейін жоғары маңызға ие болады. Осы жарлықтың мәніне байланысты ұйымдасқан топ деп алдын ала келісім барысында ортақ мақсатқа жету жолында рөлдермен әрекеттерді бөлісуге мүмкідік беретін жоспар жасаған екі немесе оданда көп адамдардың тобын түсіну керек. Мұндай келісім қылмыскерлерге өз күштерін біріктіруге, кедергілердің алдын ала жоюға, басқа да дайындықтар жүргізуге, қылмыс жасауға және қылмыс ізін жасыруға мүмкіндік береді. Дәл осы әрекеттер топтың, қаншалықты дәрежеде ұйымдасқандығын көрсетеді, ал осындай топтың қылмыс жасауы бір адам жасаған немесе бірнеше адамдардың алдын ала келісімсіз жасаған қылмыстарына қарағанда әлде қайда қауіпті. Бірақ ұйымдасқан топ алдында келісімге келетін әрекеттердің толық тізімін беру мүмкін емес, өйткені әрбір қылмыстың тек өзіне тән ерекшелігі болады, ал қылмыстың жасалуына қолайлы жағдай туғызатын алғы-шарттар әртүрлі.
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы