Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
Айдап салушының
тиімді тәсілдерінің бірі болып бұйрық
та саналады. Бірақ бұл тәсіл тек
қызмет бабы бойынша бағынышты адамдарға
қолданылуы мүмкін. Бұйрықтың орындалуы
міндетті және бастықтың беделіне қарап
орындайтын түрлері болады. Орындалуы
міндетті бұйрықтарда қылмысты бұйрықты
орындаған қызмет бабы бойынша бағынышты
адамдар жауаптылықтан
Мәжбүрлеу,
қорқыту, бүйрық беру айдап салушылықтың
тиімді тәсілдері деген тұжырымнан
олар кең тараған деген пікір
туындамауы тиіс. Айдап салушы тиімділігі
төменірек, бірақ қолданылуы оңай тәсілдерді
де қолданады әрі бұл тәсілдер
айдап салушының елеусіз
Сендіру
айдап салушының орындаушыға
немесе көмектесушіге олардың
Айдап салушылықтың
бір тәсілі ретінде сендірудің өзіне
тән белгісі айдап салушының
сырт көзге қарағанда қылмысқа мүдделі
болмауы. Орындаушының психикасына
әсер ете отырып айдап салушының
белгілі бір әрекеттерді жасау
қажеттілігіне, осы әрекеттерді
жасау орындаушының мүддесіне сай
келетіндігіне орындаушыны
Сендіруге айдап салушылықтың бір тәсілі ретінде-кеңес беруде үқсайды, өйткені бұл жерде де айдап салушы өзінің мүддесін сыртқа көрсете бермейді. Бірақ, сендіруден бір айырмашылығы кеңес беру айдап салушының бір рет қана орындайтын әрекеті болып саналады.
Сендіру
мен кеңес беруге қарағанда-өтініш
негізінде айдап салушының
Көндіру
айдап салушылықтың бір тәсілі ретінде
өтініштін, бір түрі деуге болады,
айырмасы тек оның қайталануында, бұл
дегеніміз-уақыт көлемінде
Айдап салушылықтың
тәсілдерінің ішінде сыйлық беру мен
оны беру туралы уәде жайында, жасалатын
қылмыстан пайда көру туралы уәде
жайында, адамның қателесуін пайдалану
туралы айта кету керек. Көп жағдайларда
сыйлық беру немесе жасалатын қылмыстан
пайда көру туралы уәде етуді қылмыскерлер
екі мақсатпен жүзеге асырады: біріншіден,
өздерінің қылмыстық әрекет шеңберіне
басқа адамдарды тарту, екіншіден
өздерінің әрекеттерінің
Пара лауазымды адамға өзінің қызметінде пара беруші адамның мүддесіне сай белгілі бір әрекеттерді жасауы немесе жасамауы үшін беріледі. Мұндай әрекеттер құқыққа қайшы емес (мұндай әрекетті лауазымды адам пара алмаса да жасауы міндетті) және құқыққа қайшы әрекеттер өз кезегінде қылмыстық жазаланатын және жазаланбайтын болып бөлінеді.
Айдап салушы
адамға белгілі бір заттай сыйлықтарды
тікелей берумен қатар, жасалатын
қылмыстан түсетін пайданы
Айдап салушы
өзі көзге түспеу үшін жасырын
әрекеттерге де жүгінуі мүмкін. Бұл
кезде айдап салушы «қылмыс жасауға
үгіттедіндеп айтуға негіз бермейтін
сөздерді қолдануы мүмкін. Тіпті ол
адамды қылмыс жасаудан немесе жалпы
нақты бір әрекеттер жасаудан
сақтандыруы мүмкін, бірақ айдап
салушының осындай сөздерінен кейін
ол адам керісінше белгілі бір
әрекеттер жасауға шешім
Тәсілдердің
қайсібірін қолданбасын айдап салушы
оның бәрін сөзбен жеткізеді. Ауызша
немесе жазбаша сөзбен айдап салушы
адамның психикасына, санасына ықпал
жасайды, оның қоғамға қауіпті әрекеттерінің
себептері болып табылатын
Кей кездерде
айдап салушы сөз қолданбауы мүмкін,
онда ол өзінің ойларын адамға жеткізіп,
түсіндіре алатын іс-қимылдарды қолданады.
Қылмыстық құқықта конклюдентті
әрекеттер деп аталатын іс-қимылдар,
көп жағдайларда, тікелей қылмыс
жасау орнында кездеседі. Нақты
жағдайларда байланысты мұндай іс-қимылдар
орындаушыға түсінікті болады. Айдап
салушы Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінде қарастырылған қылмыс
құрамының обьективті белгілерін орындауға
тікелей қатыспайды. Бұл әрекеттерді
жасауға айдап салушы басқа адамдарды
итермелейді. Қылмысты жасы толмаған,
есі дұрыс емес немесе абайсызда
әрекет еткен адамдар
арқылы жасауға қарағанда,
айдап салушылық кезінде
Қылмысқа
көмектесуші. Көмектесуші қылмысқа
қатысушылардың ішінде ең көп тараған
түрі. Екі немесе одан да көп адамдар
жасаған қылмыстарда өзінің, обьективті
рөлі жағынан көмектесуші басқа
қатысушыларға қарағанда
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5 бөліміне сай, кеңестермен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құрал берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ, қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстық ізін не қылмыспен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.
Осы заң
анықтамасынан көріп
Көмектесушінің
екінші түрі-интеллектуальды
«Қылмысқа қатысушылықты қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысу, яғни қылмыстық зардаптарды бірлесіп қасақана келтіру, деп түсіне отырып, көмектесушілік болып қылмыскердің өзін немесе қылмыс іздерін қылмыс жасау құралдары мен қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыру туралы қылмыс жасаушы адамға күні бұрын уәде беруі саналуы тиіс деп ойлаймыз». Көмектесушілік кезінде адам қылмыстық нәтижеге жету жолында қасақана әрекет етуі тиіс, бірақ мұндай қатысушылықтың өзіне тән белгілері бар. Көмектесушінің ерекшелігі сол белгілі бір қылмыс жасау туралы ниетпен әрекет етуші адамға өзінің қылмыстық әрекетін қоса отырып, көмектесуші ол адамның қылмыс жасауына жәрдемдеседі. Көмектесушінің орындаушыдан айырмашылығы-көмектесушінің әрекеті қылмыс жасамастан бұрын орындалады, тіпті уақыты бойынша сай келсе де, көмектесуші қылмыстың обьективті жағын орындауға қатыспайды [50].
Көмектесушінің мәнін, оның қылмыс жасаудағы обьективті рөлін түсіну үшін себепті байланыс мәселесін түсіну керек. Көмектесуші орындаушыға қылмыс жасамастан бұрын немесе қылмыс жасау барысында ғана көмектесе алады. Егер көмектесушінің әрекеті қылмыс біткеннен кейін орындалса, яғни орындаушының әрекетімен себепті байланыс болмаса, онда мұндай әрекеттер көмектесушілік болып табылмайды.
Бірақ, бұл пікірге қарсылық білдіргендер болды. Мысалы, Вышинский: «Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі үшін себепті байланыстың емес, жалпы осы адамның жасалған қылмыспен байланысы қажет» деп жазды [49, 38 б.]. Жоғарыда көрсетіліп кеткендей заттай жәрдемдесу орындаушыға қылмыстық ниетін жүзеге асыруға қажетті құралдар беруден қылмыстың обьективті жағын орындауға мүмкіндік бермейтін кедергілерді жоюдан, қылмыстың жасалуын қамтамасыз ететін жағдайлар туғызудан көрінеді.
Құралдар беру-деп көмектесушінің орындаушыға оның қылмыстық ниетін жүзеге асуын қамтамасыз ететін материалдық заттарды беруді түсінуіміз керек. Мұндай заттар ретінде кілттер, қару-жарақ, көлік құралдары және т.б. заттар болуы мүмкін.
Орындаушының қылмыстық құрамының обьективті жағын орындауына мүмкіндік бермейтін кедергілерді жоюға бағытталған ойын білетін болса және бұл кеңес пен нұсқау осындай ниетті тек нығайту мақсатында берілген болса, кеңес немесе нұсқау беруші адам көмектесуші ретінде қарастырылуы керек. Басқаша айтқанда, кеңеспен нұсқау көмектесушінің жәрдемінсіз туындаған қылмыс жасау туралы ниетті нығайтуға бағытталса көмектесушілік құралдары болып табылады.
Қылмысты
жасыру, қылмыс туралы хабарламау және
қылмысқа жол беру туралы күні бұрын
уәде беру де интелектуалды жәрдемдесу
болып табылады, өйткені көмектесуші
уәде бере отырып, орындаушыны қылмыс
жасау туралы ниетін нығайтады. Осындай
уәде беру орындаушыны қылмыс жасауға
көндіруге қосымша факті
Көмектесушіліктің обьективті жағын айта отырып, оның әрекет пен әрекетсіздікпен жүзеге асыратынын ұмытпау керек. Бірақ, адамды әрекетсіздігі үшін кінәлау оның әрекет етуге міндеттілігі заңмен бекітілген жағдайда ғана мүмкін. Адамнық әрекетсіздігін көмектесушілік деп табу үшін бір ғана ар-ұят міндеттілігі жеткіліксіз. Кейбір жағдайларда белгілі бір әрекеттер дербес қылмыс бола отырып, басқа бір қылмысқа көмектесушілік болуы мүмкін (мысалы, қаруды зақсыз жасап, оны кісі өлтірушіге беру).
«Қылмыстық заң негіздерінің 17 бабына сәйкес көмектесушінің әрекеті басқа қатысушылардың әрекеті сияқты, қасақаналық нысанда болуы тиіс. Көмектесушінің қасақаналық ниеті өзінің белгілі бір қылмысқа көмектесіп отырғандығын қамтуы керек» .
Заңның осындай құрылымына байланысты сот тәжірибесінде адамды орындаушыға қылмыс жасауға обьективті түрде көмектессе де, оның қылмыс жасауға көмектесу ниеті болмағандықтан қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Көмектесуші көп жағдайда тікелей қасақаналықпен кейде жанама қасақаналықпен әрекет етеді». Тікелей қасақаналықпен көмектесушілік үшін өзі көмектесіп отырған қылмыстың мән-жағдайын сезінген, қылмыстың зардаптарын алдын ала болжаған және олардың келуін тілеген адамды айыптау керек. Жанама қасақаналықпен көмектесушілік үшін өзі көмектесетін қылмыстың сипатын түсінетін, мүмкін болатын қылмыстық зардаптарды алдын ала болжаған, олардың келуін тілемесе де, оған саналы түрде жол берген адам айыпталады.
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары
Қылмысты бірлесіп жасаудың барлық түрлерін белгілі бір жүйеге келтірсек, қылмысқа қатысушылық институтының, мазмұнын дұрыс түсінуге мүмкіндік туар еді, әрі сот органдарының осындай қылмыстық әрекеттермен күресін жеңілдетер еді. Сот пен заң алдында барлғы тең деген қағиданы басшылыққа ала отырып, қылмысқа қатысушылар жасаған қылмыстары үшін тиісті қылмыстық жаза тартылуы тиіс [51, 5 б].
Кеңестік
қылмыстық құқықтық теорияда қылмысқа
қатысушылық мәселесімен
Трайнин қылмысқа қатысушылықтың 3-нысанын ашып көрсетеді: алдын-ала келісімсіз(жай қатысушылық) қатысу, алдын-ала келісіммен қатысу және ерекше түрдегі қатысушылық (қылмыстық ұйым мен қылмыстық сыбайластық).
Кейнірек Трайнин бұл топтастыруды 4-ші нысанмен-ұйымдасқан топ-толықтырды [52.]. Осы топтастырудың негізіне Трайнин «қатысушылардың субьективті байланысының сипатын және дәрежесінң алды.
Дәл осындай пікірді Гришаев пен Кригер де қолдайды. Олардың пікірінше қылмысқа қатысушылықты нысанаға топтастыру «қылмыскердің ұйымдасу дәрежесінң көрсетуді көздейді. Авторлар қылмысқа қатысушылықтың 4 нысанын айтады: алдын-ала келісімсіз қатысу; алдын-ала келісіммен қатысу; ұйымдасқан топ және қылмыстық сыбайластық.
Тельнов қылмысқа қатысушылық нысандарын «бірге орындаушылық, түрлі рөлдерді орындаумен қатысу, қылмыстық топ және қылмыстық ұйымның деп топтастырады. Ал, Пионтковскийдің топтастыруы бойынша қылмысқа қатысушылық топтық түсінік ретінде алдын-ала келісімсіз қатысушылыққа және алдын-ала келісіммен қатысушылыққа бөлінеді. Алдын-ала келісіммен қатысушылық өз кезегінде жай қатысушылық, ұйымдасқан топ және қылмыстық ұйым немесе банда болып бөлінеді.
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы