Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
Мақсат
пен ниет субьективті жақтың міндетті
белгісі болатын қылмыстарда
тек орындаушы мен
Сондықтан бір қылмыс жасауға қатысатын адамдардың қылмыстық әркеттері әртүлі мақсатпен ниеттерді көздесе де қылмысқа қатысушылық орын алуы мүмкін [30, 118 б.]. Бұл жерде айта кететін жәй, егер қылмысқа қатысушылардың диспозицияда көрсетілген қылмыстық мақсатқа жетуге деген саналы әрекеттері болмаса, онда олардың әрекеттері осы қылмысқа қатысушы деп табуға негіз бола алмайды.
Осыған сәйкес, қылмыстық заң барлық қылмысқа қатысушылардың бір мақсатқа ұмтылуын не ниетпен әрекет етуін талап етпейді. Қылмысқа қатысушылардың мақсаттары мен ниеттерінің біртұтастығы қылмысқа қатысушылықтың субьективтік жағының міндетті белгісі болып табылмайды.
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері
Қылмысты
ұйымдастырушы ұйымдастырушы-
Алғашқы
қылмыстық кодекстерде
Орыс криминалисі А.В. Лохвицкий ұйымдастырушыны «Қылмыстың жаны, машинаны іске қосатын машинист» деп атады[31, 102 б.].
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 бабының 3 бөліміне сәйкес, қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған немесе оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
Теорияда қылмысты үйымдастырушы түсінігіне бірқатар анықтамалар берілген. Ковалев ұйымдастырушы деп:
қылмысты ұйымдастырған, яғни, басқа адамдарды қылмыс жасауға көндіріп қана қоймай, сол адамдармен бірге қылмысты тікелей орындаған адамды;
қылмыс жасауға басшы, жетекші ретінде қылмыс құрамын орындауға немесе қылмыстық әрекеттің жеткілікті дәрежеде аяқталуына басқа да әрекеттер жасау-жасамауына тәуелсіз, тікелей басшылық жасаған адамды атайды [32,246б]. Егер Ковалевтің анықтамасының екінші бөлігі ешқандай қарсылық тудырмаса, бірінші бөлігімен келісуге болмайды, өйткені бұл жерде әңгіме қылмысты орындауға тікелей қатысқан айдап салушы жайында [33,420 б.]. Дурманов ұйымдастырушының әрекетін сипаттай отырып: «ұйымдастырушы басқа кінәлі адамдардың қолымен қылмыс құрамын орындаған адам деп қарастыруымыз керек» -деді. Ал, Трайнин болса: «ұйымдастырушының нақты рөлі қылмыстық сыбайластық қорудан, оған мүшелерді тартудан, қылмыстық жоспар жасаудан және қылмыс жасауды басқарудан көрінеді»-деп тұжырымдады [34, 320 б.]. Бұл анықтаманың басты кемшілігі ұйымдастырушы болу үшін көрсетілген белгілердің жинағы қажет деген пікір тууына мүмкіндік беруінде. Кригердің пікірінше «ұйымдастырушы болып қылмыстық сыбайластық немесе шайка құрған немесе олардың әрекеттеріне басшылық жасаған, сондай-ақ жекелеген қылмыстарды дайындап және оны жүзеге асыруға басшылық жасаған адам саналады» [6, 112 б.].
Осы анықтамаға қарсылық көрсете отырып Бурчак өз ойын: «Қылмыстық сыбайластық ұйымдастырған адамның әрекеті Ерекше бөлімнің белгілі бір баптарында көрсетілген қылмыс болып саналатын әрекеттерге жатады, сондықтан қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігін анықтайтын бапта ұйымдастырушы туралы айтудың қажеті жоқ»- деп дәлелдейді [35, 34 б. ].
Ұйымдастырушының
ұйымдасқан қылмыстық топты немесе
қылмыстық қаумдастықты (қылмыстық
ұйымды) құру және оны басқару әрекеті
үшін жауапкершілік Қазақстан
Кезінде осы бапты Қылмыстық кодекске енгізу туралы пікірге Галыерин қарсылық білдірген еді. «Бұл ұсыныс қылмыстық құқықтың кез-келген қылмысқа қатысушылардың өздері бірлесіп жасаған нақты қылмысы үшін жауап беру принципін жоққа шығарадың» [37, 35 б.].
Ұйымдастырушы қылмыстың инициаторы ретінде қылмыстық әрекетке басқа адамдарды тартқанда айдап салушы ретінде әрекет етеді. Көп жағдайда мұндай айдап салушы қылмысқа қатысушыларды тартқаннан кейін, қылмыстың обьективтік жағын жасауға тікелей қатысады. Бұл жағдайда ол қылмыстық жауапкершілікке орындаушы ретінде тартылып, оның айдап салушылық әрекетін сот жаза мөлшерін тағайындағанда ескеруі тиіс. Бірақ, мұндай айдап салушының әрекеті жай айдап салушының әрекетінен әлдеқайда қауіптілігіне қарамастан ол ұйымдастырушы болып табылмайды.
Ұйымдастырушы болу үшін басқа адамдардың қылмыс жасауға ниетін тудырып қана қоймай немесе қылмысты жүзеге асыруға тікелей қатысып қана қоймай басқа да әрекеттер жасауға тиіс. Заңда көрсетілгендей ұйымдастырушы, қылмыс жасауды үйымдастыруы тиіс, яғни жоспарын жасау, қылмысқа қатысатындардың әрқайсысының орнын көрсету немесе тіпті бір орындаушының рөлін нақты көрсетеді. Басқаша айтқанда, үйымдастырушы орындаушының қылмыс жасауға ниетін тудырып қана қоймай, ол үшін ойлап әрекет жоспарын дайындауы тиіс. Бұл жерде ұйымдастырушының орындаушылық қызметін жүзеге асыруға қатыспауы да мүмкін.
Кейбір
ғалымдар ұйымдастырушы мен айдап
салушы түсініктерін ажыратады. Бурчактың
пікірінше айдап салушының
Қылмысты
ұйымдастыру барысында
Бірнеше
адамның бірлесіп жасаған қылмыстық
әрекетінің басшы бола отырып, ұйымдастырушы
қатардағы қатысушылар жасайтын
әрекеттердін, сипаты туралы білуі
тиіс. Ұйымдастырушыға өзі құрған
қылмыстық топтың құрамы белгілі, оның
әрбір мүшесімен тікелей немесе
басқа адамдар арқылы байланыс жасап
тұрады және қылмыстық ниетті жүзеге
асыру кезінде қатысушылар
Қылмыстық сыбайластық немесе ұйымдасқан топ құру кезінде және олардың әрекеттеріне басшылық жасауда ұйымдастырушы құпиялық сақтау мақсатында немесе қылмыстық топ мүшелерінің көп болуына байланысты қатардағы қатысушыларды тікелей білмеуі, олар жасаған нақты қылмыстар туралы білмеуі мүмкін, бірақ, ол қылмыстық сыбайластықтың немесе ұйымдасқан топ құрамын, құрылысын, байланыс нысандарын, жекелеген мүшелердің қылмыстық әрекеттерін, нысандары мен тәсілдерін, олар жасайтын қылмыстардың сипаттамасын білуі тиіс. Ұйымдастырушы қылмыстық сыбайластық не қылмыстық топтың шын мәніндегі басшысы болса, ол осы мәселелер туралы білмеуі мүмкін емес.
Қылмысты ұйымдастырушының жауапкершілігі туралы айта отырып, оның әрекетін саралау мәселесіне тоқтау керек. Кей криминалистердің пікірінше ұйымдастырушының әрекетін орындаушының әрекеті сияқты тек Ерекше бөлімнің баптарымен саралау керек дейді [37,35 б.].
Бірақ, Бурчак
бүл пікірге қарсылық көрсете
отырып, бұл көз қарасты бұрынғы
сот тәжірибесіне тән деп есептейді,
яғни қылмысты ұйымдастырушыны
Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің
Жалпы бөлімінде
Қылмыстық
ұйымдастырушының әрекетін Ерекше бөлімнің
баптарымен саралауды қолдаушылардың
пікірінше ұйымдастырушы
Ал ұйымдастырушы
Ерекше бөлімнің нақты бір бабында
көрсетілген қылмыстың
Сыртқы,
объективті белгілерден басқа
Ұйымдастырушының ниеті қылмысқа қатысушылықтың әртүрлі нысандарында және жасалған қылмыстардың сипатының алуан түрлілігіне байланысты бірдей бола бермейді. Ұйымдастырушылық әрекеті үшін айыптауға кінәлі адам кімді басқарғанын және өзі басқарған адамдардың қандай қылмыстар жасағанын білгендігін дәлелдеу керек [39, 51 б.].
Қылмысты орындаушы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Қылмысқа қатысушылық тарихы жағынан біртұтас және біртектес түсінік болып отырып, алғашқыда қылмысқа қатысушы болып, белгілі бір нысанда қылмысқа жанасқан кез-келген адам саналады. Уақыт өте келе қылмысқа қатысушылық институты нақты белгілерге ие болып, қылмысқа қатысушылардың жекелеген түрлері анықтала бастады [40, 27 б.].
Қылмысқа
қатысушылардың жауаптылығынын, обьективті
және субьективті (себептілік және кінәлілік)
негіздері болады. Осы мағынада қылмысқа
қатысушылар өзара тең. Бірақ
бұдан қатысушылардың теңдігі туралы
тұжырым жасау-екі түсінікті
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы