Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
«Қылмысқа қатысушылық - деп көрсетті Трайнин,-әрбір адамның нақты орны, қызметі мен рөлі көрсетілетін бірнеше адамдардың бірлестігі. Қылмысқа қатысушыларды саралау қатысушылықтың осы ерекшелігіне байланысты, қатысушының нақты қызметін ескере отырып құрылуы тиіс. Қатысушылардың орындайтын рөлдері әртүрлі және көп болуына қарамастан, олар типтік бөлінуге жатадың [42, 3 б.].
Қылмысқа
қатысушыларды бөле отырып, Пионтковский
қатысу дәрежесіне байланысты негізгі
және қосалқы дәрежедегі қатысушылар
деп бөлді. «бір жағынан,-дейді ол,-тар
мағынадағы қылмысқа қатысушылық кезінде
қатысушылардың әрқайсысының кінәсінің
дәрежесі бірдей емес. Осы айырмашылықты
заң сыртқы, формальды белгілермен
емес, әрбір адамның қылмыс жасау
кезіндегі нақты рөлін
Бірқатар
қылмыстардың ұйымдастырушылары қылмыстық
құрамның белгілері бар әрекеттерді
жүзеге асыруға тікелей
Қазіргі
уақытта қылмыстық құқықпен тәжірибеде
қылмысқа қатысушыларды орындаушы,
ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші
деп саралау қолданылады. Мұндай
саралау қылмысқа қатысушылардың әрекетінің
сипатын, рөлімен қылмысқа қатысу дәрежесін
дұрыс бағалауға мүмкіндік
Объективті негіздерге сүйенген осы топтастыру заң, жүзінде әрбір қатысушының әрекетінің белгілерін көрсетуге мүмкіндік беріп, қылмысқа қатысушылық үшін жауапкершілік және әрбір қатысушыға әділ жаза тағайындау мәселесінде заңдылықты қамтамасыз етеді.
Қылмысқа қатысушылардың түрлері туралы айта отырып, нақты бір қылмыстарда өзінің орындайтын рөліне байланысты қылмысқа қатысушылардың бір ерекшелігі туралы айта кету керек. Бұл ерекшелік яғни, қылмыс инициаторы, көмектесушіден басқа қатысушыларға тән. Орындаушы мен көмектесуші жасайтын қылмыстарда инициатор, сөзсіз орындаушы болады. Айдап салушы әрекет ететін қылмыстарда инициатор айдап салушы болады. Қылмысты ұйымдастырушы айдап салушымен орындаушы сияқты инициатор болуы мүмкін [36, 48 б.]. Көптеген авторлар қылмысқа қатысушыларды бөлу тар мағынадағы, яғни, орындайтын рөлдерді бөлісу арқылы қатысушылыққа тән деп есептейді. Бұл авторлардың пікірінше бірге орындаушылықта жеке қатысушылардың әрекетінің сипатын, рөлімен қылмысқа қатысу дәрежесін қараудың қажеті жоқ, өйткені бірге орындаушылардың әрекеттері біртектес қылмыс құрамын тікелей орындаумен байланысты. Бұл пікірмен Гришаев пен Кригер келіспейді. Олардың тұжырымдауынша қылмысқа қатысушыларды ажырату тек тар мағынадағы қатысушылықты ғана емес, сонымен бірге жалпы қатысушылықта да болуы тиіс.
Бірге қылмыс
жасаған адамдардың бір бөлігі қылмыс
құрамының обьективтік жағын
тікелей орындауға қатыспаса, мұндай
адамдар ешбір жағдайда да орындаушы
(бірге орындаушы) болып табылмайды.
Керісінше, қылмыс жасаған адамдар
бірігіп ұйымдастырушының немесе айдап
салушының немесе көмектесушінің әрекетін
орындап, сонан соң бұдан басқа
Ерекше бөлімнің белгілі бір бабында
қарастырылған қылмыстың
Әрбір қылмысты
орындаушының рөлі маңызды орын алады:
айдап салушы мен көмектесушінің
қылмыстық ниетінің нәтижесі орындаушының
қаншалықты дәрежеде қылмыс жасауына
байланысты. Бұл жағдайда қылмыстық
құқық теориясында акцессорлық
принцип деген терминмен
«Акцессорлық концепцияның мәні-қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігінін, ерекше шарттары мен нысандары орындаушы қылмыс құрамын жүзеге асырғанда ғана мүмкін болады. Қылмысқа қатысушылардың ортақ жауапкершілігінің негізі болып қылмысқа қатысушы адамдардың әрекеттерінің біртұтастығы алынады. Бұл біртұтастықтың қозғаушы күші-орындаушы, өйткені ол қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып табылатын қылмыс құрамын жүзеге асыратын тұлға. Егер бұл қозғаушы күш болмаса, қылмысқа қатысушылық та жоқ. Қылмысқа қатысушылықтың акцессорлық табиғаты осы, әрі ол дұрыс».
Шын мәнінде орындаушы болмаса, қылмысқа қатысушылық та жоқ, сондықтан қылмыстық құрамда жоқ. Демек, қылмысқа қатысушылардың басқа біреуі болмаса, қылмысқа қатысушылық болуы мүмкін, бірақ орындаушы болмаса қылмысқа қатысушылық та жоқ. Олай болса қылмысқа қатысушылық өзінің мәні бойынша акцессорлы ол орындаушының әрекетіне тәуелді.
Акцессорлық концепциямен Трайнин келіспейді. «Орындаушы кісі өлтіруге оқталып, бірақ өлтірмесе аяқталған кісі өлтіру үшін айдап салушы мен көмектесуші жауап бермейді, - дейді Трайнин,- бірақ орындаушы қылмыс жасаудан бас тартқанда немесе жеке басының ерекшеліктеріне байланысты жазадан босатылған жағдайда басқа қатысушылар жауапқа тартыла береді [42, 5б.].
Қылмысты
жалғыз орындаушы жасайды деп
санауға болмайды, қылмысты қатысушылардың
бәрі жасайды. Олардың бірі Ерекше бөлімде
қарастырылған қылмыстық
Қылмысты
басқа адамдардың қолымен жасау
түсінігі қылмыстық қол сұғушылықтын,
обьективтік жағын кінәлі емес немесе
осындай әрекетті абайсызда жасаған
адамның қолымен жасауды
Қылмыстық кодекстің арнайы субъектілі қылмыстар туралы нормалары мемлекетті, қоғамды, азаматтарды тек ерекше құқықтары мен міндеттері бар адамдар ғана жасай алатын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды көздейді. Басқа адамдар қылмыстық заңның осы нормаларды қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіре алмайды, олар тек қылмысқа қатысушылықтың басқа рөлдерін орындай отырып, орындаушыға көмектесе алады [46, 12 б.]. Арнайы субьектілі қылмыстарға қатысушылық үшін жауапкершіліктің, шектелуінің мәні сол, орындаушы ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше баптарында көрсетілген арнайы адамдар ғана танылады, ал қатысушылар ретінде (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші) қылмыстық жауаптылық жасына толған есі дұрыс кезкелген адам жауаптылыққа тартылады.
Егер адам арнайы субьектіні талап ететін қылмыс құрамынық бірі үшін жауаптылыққа тартылып, оның арнайы субьект белгілері болмаса, ол адам белгілі бір қылмыс құрамының обьективтік жағына кіретін әрекеттерді жасаған күннің өзінде де мұндай қылмыстың, орындаушысы болып табылмайды.
Қоғамға қауіпті зардаптар келтірген адамның тек арнайы субьект белгілері ғана емес, сонымен бірге жалпы субьект болып табылуға қажетті белгілері болмаса (жасы толмаған; есі дұрыс емес), ол адам қоғамға қауіпті зардаптарды ешкімнің көмегінсіз келтірсе, мұндай адам орындаушы болып табылмайды, өйткені бұл қылмыстардың, субьектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды [46, 19 б.].
Қорыта
айтқанда, қылмыстың орындаушысы
болып, Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің нақты бабында
Қылмысқа айдап салушы. Қылмысқа қатысушылардың арасында айдап салушы-сыртқы көзге елеусіз тұлға. Оның әрекетінің қауіптілігі белсенділігімен емес, психикасы тұрақсыз адамдарға әсер ету дәрежесімен сипатталады [47, 40 б.].
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 бабының 4 бөлігіне сәйкес, басқа адамдарды азғыру сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Трайнин айдап салушы жайында айта отырып, былай деді: «Айдап салушы қылмыстың интеллектуалды авторы. Ол қылмысты жүзеге асыруға тікелей қатыспайды, оның рөлі «таза»: өзі шетте қалуға тырыса отырып, айдап салушы қылмысқа басқа адамды итермелейдіқ» [43, 26 б.].
Заңда көрсетілген қылмыс жасауға «көндірудің мәнін «басқа адамның белгілі бір қылмыс жасауға шешімін тудыру» деп түсінуге болады.
Айдап салушының қылмыс құрамын орындауға қатысуы оны айдап салушы деп табуға кедергі болмайды. Бұл жағдайда айдап салушы бір мезгілде бірге орындаушы, кей кездерде бұл айдап салушының әрекетін саралауға әсер етеді.
Айдап салушының кінәсі барлық уақытта қасақаналықпен көрінеді, яғни, айдап салушы болып өзі көндірген адам жасаған қылмыс сипатын түсінетін, бірлесіп жасаған қылмыстық зардаптарды алдын ала болжаған және олардың келуін тілеген (немесе оған саналы түрде жол берген) адам айыпталады. Айдап салушының кінәсі көп жағдайда тікелей қасақаналыққа тән. Басқа адамдарды қылмысқа тарта отырып, айдап салушы өзінін, қылмыстық ниетін жүзеге асыруға ұмтылады, сондықтан, қылмыстық зардаптың келуін тілейді. Бірақ, бұл айдап салушының жанама қасақаналықпен әрекет етуін жоққа шығармайды.
Осыған байланысты айдап салушының әрекетінің басқа қатысушылардың әрекеттерінен айыратын белгісі айдап салушы қылмыстық ниеттің тууына себепкер бола отырып, басқа адамның қылмыс жасауға ниетін тудыруында.
Заңда айдап салушылықтың жалпы түсінігі ғана көрсетілгендіктен қылмыстық құқық теориясы қандай адамды айдап салушы деп табуды көрсетумен қатар, айдап салушылық кезінде қолданатын нақты құрал тәсілдері де көрсетілуі тиіс. Әрине, қүрал тәсілдерінің бәрін, сондай-ақ осындай құралдардың ғылыми топтарын көрсету мүмкін емес, өйткені кейбір құралдар белгілі бір жағдайда нақты адамды қылмыс жасауға көндіруге жеткілікті болса, дәл сол құрал басқа жағдайда басқа адамға әсер етпеуі мүмкін. Профессор Ковалев дұрыс көрсеткендей: «адамды оның еркіне қарсы жағымсыз әрекеттер жасауға көндіру» кезінде кейде өте қатал құралдар қолданылады. Бірақ олар адамның тұрақтылығымен міз бақпас еркіне қақтығысып қирайды. Ал кей жағдайларда жай ғана көздін, қозғалысы айтылған сөз адамның өте ауыр зардаптар тудыратын әрекетке келісуіне жеткілікті болып табылады.
Бірақ қандайда болмасын құралдар адамның қателесуіне соғуы немесе еркіне қарсы болуы тиіс емес, оның ниетін тудыруы, яғни ең болмағанда белгілі бір қылмыс жасауға саналы түрде шешім қабылдауға көндіруі тиіс.
Кеңестік заң әдебиетінде айдап салушы қолданатын құрал тәсілдерінің толығырақ тізімін Ковалев берді: сатып алу, өтініш, тапсырма, сендіру және көндіру, бұйрық, күштеу және алдау, мәжбүрлеу.
Бұлардың ішінде адамның психикасына қатты әсер ететін мәжбүрлеу мен қорқыту десек те болады. Көп жағдайларда бұл тәсілдер психикасы тұрақсыз адамдардың санасында қылмыс жасауға итермелейтін ниеттердін, пайда болуына соғады. Мінезі бос, өзімшіл немесе қорқақ адамдарды қорқыту немесе мәжбүрлеу өз мүддесін құтқару үшін заң қорғайтын басқа мүдделерге зиян келтіруге ниетін тудыруы мүмкін.
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы