Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
Белгілі бір адамды ұйымдасқан топтың мүшесі деп табу үшін оның қылмыстық жоспар жасауға қатысуы немесе ол туралы білуі және өзінің әрекетімен қылмыс жоспарының орындалуына көмектесу фактісі қажет. Егер ол адам қылмыс сипаты туралы білсе де, тіпті белгілі бір мөлшерде оны жүзеге асыруға немес қылмыс ізін жасыруға көмектессе де, бірақ, қылмыс жоспарын жасауға қатыспаса немесе ол туралы білмесе, мұндай адамдар ұйымдасқан топтың мүшелері болып табылмайды, олар тек қылмысқа қатысушылар болады [55, 12 б.].
Сондықтан
«қылмыс ізін немесе қылмыскерді
жасыруға уәде беру фактісі қылмыс
ізін жасырушы адамды барлық жағдайда
ұйымдасқан топ мүшесі деп табуға
негіз боладың» деген Меркушевпен
келісуге болмайды. Осы анықтамаға
сүйенетін болсақ, ұйымдасқан топ
түгелдей алдын ала келісіммен қылмысқа
қатысушылыққа теңестіріледі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Пленумның 1996 жылғы 25 шілдедегі «Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы 9-шы қаулысының 4,5 және 8 тармақтарында «ұйымдасқан қылмыстық топтың және қылмыстық сыбайластықтың алдын ала келісіммен қылмыс жасаған адамдар тобынан айырудың ең негізгі белгісі-олардың ұйымдасу дәрежесі мен тұрақтылығын деп көрсетілген.
Сондықтан,
қылмысқа қатысушылықтың ұйымдасқан топ
және алдын ала келісіммен қатысу
сияқты нысандарының айыру негізінде
тұрақтылық белгісі жатыр. Алдын
ала келісіммен қылмысқа қатысушылықты
бірге орындаушылар қандайда бір
қылмысты бірлесіп жасауға келіседі
де, олардың ниеті өз әрекеттерін
кейінгі қылмыстарға бағыттауды
қамтымайды. Бірақ, бұл дегеніміз, алдын
ала келісіммен қылмыс жасаған топтың
құрамында әрекет еткен адамдар
кейін қайта бірігіп, дәл сондай
немесе басқа қылмыстар жасамайды
деген сөз емес. Дегенмен, жекелеген
қатысушылар арасында тұрақты байланыс
және өздерінің бірлескен
Ұйымдасқан
топ бірге орындаушылардан
Сондықтан, ұйымдасқан топтың қылмыс жасау факті қылмыстың қауіптілігін жоғарылатуына байланысты бұл жағдай сот жаза тағайындағанда ұйымдасқан топтың барлық мүшелері үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жағдай ретінде ескеруі тиіс.
Трайнин «ұйымдасқан топтың топтасу дәрежесі алдын ала келісіммен қылмысқа қатысушылыққа қарағанда жоғары деп көрсетсе, Пинчук «Трайнин ұйымдасқан топ туралы анықтамасы тәжірибеде жарамсыз» деп қарсылық көрсетеді [53, 108 б.].
Ұйымдасқан
топтың негізгі белгісі ретінде
оның ұйымдасу дәрежесін көрсете
отырып Пинчук, өз ойын былай жалғастырады:
«Ұйымдастыру-алдын ала
Топтың
ұйымдасуын сипаттайтын мән-жағдайларға
топ мүшелерінің ортақ
Қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31 бабының 4 бөліміне сәйкес, егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.
Қылмыстық
сыбайластық қылмысқа қатысушылықтың
ең қауіпті нысаны болып табылады.
Мұнда бірнеше адамдардың бірлесіп
қылмыс жасау туралы жай ғана келісімі
емес, қылмыскердің байланысының белгілі
бір нысаны айқындалады, мақсаты
қылмыс жасау болып табылатын
ұйымдасқан қылмыстық сыбайластықтың
негізі қаланады. Ұйымдасу мен тұрақтылық
белгілері қылмыстық
Ұйымдасқан топ қатысушылардың күшін бір немесе бірнеше қылмыстар жасау үшін біріктіретін алдын ала сыбайластық. Қылмысқа қатысушылықтың бұл нысанында әрекет етуші адамдар арасында алдын ала келісімнің болуымен қатар (жай қатысушылықтың айырмасы), тұрақты ұйымдасқан формадағы келісім болады. Ерекше түрдегі қылмысқа қатысушылық белгілі бір ауыр немесе өте ауыр қылмыстар жасауға дайындалған ұзақ уақытқа ұйымдасқан адамдар тобы. Қылмыстық сыбайластықтың пайда болу фактісінің өзі қоғамға қауіпті болып табылады.
Осы анықтама
қылмыстық сыбайластығының
Бірнеше ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар тобы тұрақты байланыста болмауы, әрі олар ұйымдасқан қылмыстық топ болмауы мүмкін, сондықтан мұндай топтар қылмысқа сыбайластық болып табылмайды.
Қылмысқа
қатысушылар арасындағы байланыс сипатын,
олардың мақсаттарын қылмыстық
әрекеттердің тәсілдерін ескермей, бір
ғана «қылмыстың қайталануың фактісі
негізінде тұрақтылық белгісін түсіндіру
бірлескен қылмыстық әрекеттің
кебір нысандарының қоғамға қауіптілігін
дұрыс бағалауға кедергі
Сыбайластықтың
қылмыстық әрекеті көп
Жалпы айтқанда, қылмыстық сыбайластықты бір немесе бірнеше қылмыстарды дайындау немесе жүзеге асыру мақсатында біріккен екі немесе оданда көп адамдардың ұйымдасқан тұрақты тобы деп көрсетуге болады.
Қылмыстық
сыбайластықтың мүшелері болып табылатын
адамдардың шегін анықтаудық тәжірибелік
және теориялық маңызы зор. Кеңестік
заң әдебиетінде бұл мәселеге
аз көңіл бөлді, кей жағдайда қылмыстық
сыбайластықтың мүшелері мен қылмысқа
қатысушылар арасында айырмашылық
көрсету мүмкін болмады. Кей авторлардың
пікірінше қылмыстық
Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық сыбайластық белгілі бір тұрақты байланыс нысандары бар және қылмыстық әрекетпен бірлесіп айналысуды мақсат етіп қойған ұйымдасқан адамдар тобы болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық сыбайластыққа мүше болу топтық сипатын оның қылмыстық әрекетінің мақсаттарымен тәсілдерін білу мен қатар осы сыбайластықтың құрамында қылмыстық әрекетпен айналысуға тілек білдіруді көрсетеді. Сыбайластықтың жекелеген мүшелері сыбайластық жасайтын барлық қылмыстарға қатыса бермеуі, оның барлық мүшелері мен басшыларын тани бермеуі мүмкін, бірақ олар қылмыстық сыбайластықтың сипатымен мақсаттарын біле оырып, белгілі бір нысанда оның мүшелігіне кіруге тілек білдіреді. Қылмыстық сыбайластық мүшелігіне қабылдау әртүрлі болады, ол сыбайластықтың сипаты мен оның әрекеттерінің жағдайлары мен шарттарына байланысты анықталады.Әрине, мүшелікке қабылдау белгілі бір дәстүрлермен байланысты болуы міндетті емес. Бұл жерде қылмыстық сыбайластық мүшелігіне енген адам өзінің басқа мүшелерінің қылмыстық әрекеттерімен байланысын сезінуі тиіс, ал сыбайластықтың басқа мүшелеріне сыбайластықтың қылмыстық әрекеттеріне қатысуға тілек білдірген жаңа мүшенің белсенді көмегіне сенім білдіреді[58, б. 128]. Сондықтан, сыбайластық жиналысына қатысу немесе оның қылмыстық әрекеттеріне кей кездері көмектесу-мұндай адамдарды тек қылмыс ізін жасырушы, қылмыс туралы хабарламаушы немесе қылмысқа қатысушылар деп жауапқа тартуға негіз болады.
Заңның
мағынасына байланысты қылмыстық сыбайластық
кем дегенде екі адамнан тұруы
мүмкін. Бірақ, басым жағдайларда
қылмыстық сыбайластыққа
Сыбайластықтың
белсенді және пассивті қатысушыларының
бөлініп шығуына соғатын
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы