Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация

Описание работы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................

2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................

4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................

Работа содержит 1 файл

диссер Баха.docx

— 201.26 Кб (Скачать)

Мұндай  минимальды байланысты анықтаудың критерийлерін  Бурчак адамның мінез құлқындағы екі моменттің болуымен байланыстырады: барлық әрекет етуші адамдарға ортақ  белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу; осы ортақ нәтижеге үмтылған басқа  адамдардың әрекеттері туралы білуі  және ескеруі.

Осыған  байланысты бір қылмыс жасайтын бірнеше  адамдардың әрекеттерінің бірлесімі  объективті моменттен басқа-нәтижеге бірлескен әрекет арқылы жетуі, субъективті  моменті-басқа адамдардың қосылғанын білу және нақты бір нәтижеге күштерді біріктіру арқылы жетуге ұмтылу қамтиды.

Осы жерде: «Қатысушылардың қылмысқа басқа  адамдардың да қатысатынын белгілі  бір дәрежеде білуі, қатысушылар  арасында ішкі психологиялық бірлесімнің  болуы, алдын-ала келісім мен ұйымдасу-қылмыс жасаудағы әрекет бірлесімінің дәлелі бола алады, - деген Куриновтың пікірін  толық қолдауға болады.

Қатысушылардың  бір-бірінің әрекеттері туралы білуі  мәселесін шешу орындайтын рөлдерді бөліскенде қиындайды, өйткені, әрбір  қатысушының әрекеттері арасында біршама  уақыт өтуі мүмкін. Ал айдап салушы мен көмектесушінің әрекеттері сырт көзге көріне бермейді. Кейде орындаушының өзі де олардың әрекеттерінен  ешқандай қылмыс көрмеуі мүмкін. Бірқатар қылмыстарда айдап салушы өзі  шетте қалып, жауаптылықтан қашып  құтылу мақсатында орындаушының көмегіне жүгінеді [18, 74 б.].

Орындаушының  басқа адамдарды айдап салушылық  немесе көмектесушілік рөлін біле бермеуі-олар бірлесіп әрекет жасаған жоқ деген  сөз емес. Бұл жерде айдап салушының  орындаушыны қылмыс жасауға көндіргенін  білуі, ал көмектесушінің орындаушыға  қылмыстық ниетін жүзеге асыруға  көмектескендігін білуі маңызды.

Көмектесуші мен айдап салушының орындаушының қылмыстық әрекеті туралы білуі  және өздерінің рөлдерін білуі олардың  бірлесіп әрекет еткендігін көрсетеді, яғни, қылмысқа қатысушылық туралы айтуға мүмкідік береді. Керісінше, көмектесуші  мен айдап салушының орындаушының қылмыстық әрекеті туралы білмеуі, қылмысқы қатысушылықты жоққа шығарады.

Кейбір  авторлар қатысушылықты біржақты байланыс, яғни, айдап салушы мен көмектесуші  орындаушының қылмыстық ниеті туралы білуі, болғанда ғана мүмкін дейді.

Екінші  бір авторлар қатысушылық үшін екі  жақты байланыстың, болуын міндетті деп табады.

Басқа адамдарды  әрекеттері туралы білмеуі орындаушының айдап салушы мен көмектесушінің әрекеттеріне ғана қатысты емес, сонымен  бірге соңғы екеуінің, өзара білмеуіне  де қатысты мәселе. Айдап салушы мен көмектесуші бір бірінің  әрекеттері туралы білмеуі мүмкін, бірақ, олар қылмысқа қатысушылар болып  табылады. Объективтік жағынан оларды бір қылмысқа қатысуы біріктірсе, субъективтік жағынан-орындаушының әрекеті  туралы білуі біріктіреді.

Жоғарыда  айтылғандарды қорыта келе мына шешімге  тоқтауға болады: қылмысқа қатысушылық-бір  қылмыс жасаудағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлесіп жасаған  қылмыстық әрекеттерін; қатысушылар  арасындағы психикалық байланыс ретінде  қатысушылардың әрқайсысының басқа  адамдардың әрекеттері туралы білуін; орындайтын рөлдерін бөлісуі жағдайында айдап салушы мен көмектесушінің орындаушының әрекеті туралы міндетті түде білуін қамтиды [19, 99 б.]. Субъективтік белгілер. Жоғарыда айтылып кеткендей қылмысқа қатысушылық объективті және субъективті белгілердің жиынтығынан тұрады. Субъективті жағынан қылмысқа қатысушылық тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 20-бабының 1-бөліміне сәйкес, тікелей  немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Абайсызда жасалатын қылмыстарда  қатысушылық болмайды. Абайсызда  жасалатын қылмыстар ниеттің  немесе қылмыстық салдарға саналы түрде  жол берудің болмауымен сипатталады. Мұндай жағдайларда қылмысқа қатысушылыққа  тән қылмыстық ниеттің біртұтастығы туралы айта алмаймыз, өйткені, ниеттің  немесе қылмыстық салдарға саналы түрде  жол берудің болмауы қылмыстық  ниеттің біртұтастығын құрамайды, әрі қылмысқа қатысушылар арасында қажетті ішкі келісім болмайды.

Қылмыстық ниеттің біртұтас болуымен ғана, қылмысқа қатысушылар арасында келісімнің болуымен ғана қылмысқа қатысушылық, қылмыс жасаудың қоғамға қауіптілігі жоғары нысаны болып табылады. Сондықтан, кейбір кеңес  криминалистерінің абайсызда қылмысқа қатысушылық мүмкіндігі туралы пікірін  дұрыс деп айтуға болмайды [20, 83 б.].

Кеңестік  қылмыстық құқықта көптеген авторлар қатысушылық тек қасақана жасалатын  қылмыстарда мүмкін деп есептесе, енді біреулері, абайсызда жасалатын  қылмыстарда да қатысушылықтың болуын жоққа шығармайды».

Абайсызда азғырушылық үшін қылмыстық жауапкершілік  мүмкіндігін тану туралы Вышинский  мынадай пікір айтты: «Азғырушылық үшін адам қылмыстың болуы мүмкін екендігін білген жағдайда және білуге мүмкін жағдайда жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Абайсызда жасалатын қылмыстарда қатысушылықтың болу мүмкіндігін Трайнин де қолдады. Ол «абайсыз кінәда қылмысқа қатысушылық  болмайдың деген пікірді жоққа  шығардық. Осы мәселелерді аша  отырып профессор Трайнин мынадай  үш жағдайды көрсетеді: абайсызда қылмыс жасауға қасақана көндіру; қасақана қылмыс жасауға абайсызда көмектесу  немесе көндіру; абайсызда жасалатын  қылмысқа абайсызда көмектесу немесе көндіру.

Бірінші жағдайда автор қылмысқа қатысушылық  жоқ деп есептеу себебін «тікелей қылмыс жасаушы адам абайсыз әрекет етеді, ал оның әрекетін басқа адам қасақаналықпен басқарады, сондықтан  қылмыстық нәтиже басқа адамдар  арқылы туындайды» деп түсіндіреді. Екінші жағдайда қылмысқа қатысушылықтың болмауын «азғырушымен көмектесушінің орындаушының жоспарымен әрекетін білмеуімен байланыстырады».

Трайниннің  бұл көзқарасын Шаргородский қолдайды. «Біздің ойымызша-дейді ол, - Трайниннің «бірнеше адамның бір абайсыз  қылмыс жасауында қылмысқа қатысушылық  бар» деген пікірі бірқатар толықтырулар мен түзетулер енгізгеннен соң, дұрыс болып табылады да, осындай  абайсыз зиян келтіру жағдайында жауапкершілікті дұрыс негіздейді.

Толықтырулар мен түзетулердің мәнін аша отырып проф. Шаргородский «әрекет қасақаналықпен жасалып, ал нәтиже абайсызда туатын абайсыз   қылмыстарды   жасау кезінде қылмысқа қатысушылық болуы мүмкін, өйткені,      қылмысқа қатысушы орындаушының әрекетінің сипаттамасын түсінеді деп көрсетті. Профессор Шаргородскийдің осы пікірін Филановский де қолдайды. «Бірнеше адамның әрекеттері абайсызда жасалса қылмысқа қатысушылық жоқ, - дейді ол,-ал, олардың әрекеттері қасақана жасалса қылмысқа қатысушылық болады, бұл жерде тек нәтиже ғана абайсызда туындайды [4, 78 б.].

Абайсызда жасалатын қылмыстарда қылмысқа қатысушылық құрамын негіздей отырып Филановский былай деді: «Материалдық қылмыстар әрекет және нәтижеден  тұрады, олардың субъективтік жағының  анализін жеке-жеке көрсету керек».

Абайсызда және қасақана жасалатын қылмыстарды  ажыратудың негізгі белгісі болып  қылмыс жасаған адамның өз әрекетінің зардабына көзқарасы саналады. Бұл  белгі, әсіресе, кінәнің екі нысананын, түйіскен жерде-жанама қасақаналық  және қылмыстық өзіне-өзі сенушілік-жақсы  байқалады. Екі жағдайда да адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін  сезеді, қоғамға қауіпті зардаптарын  алдын-ала болжайды, бірақ, бірінші  жағдайда осы зардаптардың тууына саналы түрде жол берсе, екінші жағдайда оның тууына жол бермеймін деп  сенеді. Осыған орай, адам қылмыс жасауға  ниеттенген кезде ғана қасақаналық  әрекет туралы айтамыз да, абайсыз  әрекет туралы-адамның қылмыс жасауға  ниеті болмаған кезде айтамыз.

Бірақ, бұл  абайсызда қылмыс жасаған адамның  әрекетінде саналы әрекеттің ерікті белгілері болмайды деген сөз  емес. Абайсыз әрекет ете отырып адам өз ісінің мәнін әрқашан түсінеді, оны саналы түрде және ерікті түрде  жасайды. Бірақ, мұндай адам ешқашан  қоғамға қауіпті зардаптар келтіруге  ұмтылмайды, осындай зардаптардың туу  мүмкідігін көріп тұрған кезде де, оны болдырмауға тырысады. Дәл  осы қоғамға қауіпті зардаптарды  болдырмау мүмкін деп есептей  отырып, адам белгілі бір әрекеттер  жасайды.

Абайсызда қылмыс жасаған адамның әрекетінің саналы және ерікті сипаттамасы қылмыстық  құқықтық мағынада оның әрекетінің қасақаналығы туралы айтуға негіз емес. Абайсызда  қылмыс жасаған адам саналы түрде  әрекет етсе де, белгілі бір әрекетті жүзеге асырғысы келсе де, ол қасақана әрекет етті деп айта алмаймыз. Тұрмыстық  мағынада саналы және ерікті әрекет туралы қасақана жасалды деп айтуға болса  да, қылмыстық құқықтық мағынада олай атауға болмайды. «Қасақаналық» - жәй  ғана сөз емес, заң шығарушы белгілі  бір мағына берген арнайы термин [21, 90 б.].

Осыған  орай, Бурчак әрекет пен оның нәтиженің  субъективті жағына жеке-жеке анализ беру мүмкіндігін негізсіз деп табады. Оның пікірінше мұндай анализ беру қасақаналық және абайсыздық терминдерінің  заң шығарушы бекіткен мағынасына қайшы  келеді.

Көмектесу арқылы қылмысқа қатысу орындаушыға  қылмыстық ниетін жүзеге асыру жолында  қасақана көмек көрсетуді қамтиды. Көмектесуші деп табу үшін қылмысты орындаушыға көмектесуге бағытталған  қасақаналық ниетті анықтау қажет, яғни, көмектесуші болып, қылмыс жасауға  тікелей көмектескен адам ғана саналады. Мысалы, КСРО Жоғарғы соттың Пленумы 1962 жылғы 30 қарашада қабылдаған қаулысына  сәйкес, X. деген азаматтың өліміне  әкеліп соққан Г-нің жол қауіпсіздігі ережесін бұзуына К. деген азамат қатысушы ретінде жауапқа тартылмайды, өйткені, қылмыс абайсызда жасалған. Пленумның бұл қаулысы «Абайсызда жасалған қылмыстарда қылмысқа қатысушылықтың болуы мүмкін емес деген тезиспен жарық көрді [8, 67 б.].

Осыған  сай, сот тәжірибесіне жүгінсек айдап  салушылық пен көмектесушілік-қасақана жасалатын әрекеттер. Бұл дегеніміз  абайсызда жасалатын қылмыстарда  қатысушылық болу мүмкіндігін қолдаушылардың көзқарасы қылмыстық құқықтық теорияға қайшы болумен қатар, сот органдарының тәжірибесімен де сәйкес келмейді деген  сөз.

Қорыта  айтқанда, қылмысқа қатысушылық екі  немесе одан да көп адамдардың қасақана бірлесіп қылмыс жасауы кезінде болады. Егер қатысушылардың ең болмағанда біреуі абайсыз әрекет етсе, қылмысқа қатысушылық  болмайды, сол сияқты, барлық қатысушылар  абайсыз әрекет еткенде қылмысқа қатысушылық мүлдем жоқ.

Кейбір  криминалистер қылмысқа қатысушылық  ретінде алдын-ала келісімге келген адамдардың қасақана бірлесіп әрекет етуін көрсетеді. Басқа авторлар керісінше, қылмысқа қатысушылықтың субъективті  жағына алдын-ала келісімді қосу осы құқық институтын негізсіз шектейді де, қылмысқа қатысушылықты қылмыс жасаудың ерекше нысаны ретінде жауапкершіліктің ерекше негізіне айналдырады деп  түсіндіреді [22, 75 б.].

 Кейбір  авторлар алдын-ала келісімді  әрбір қылмысқа қатысушының басқа  қатысушының қылмыстық ниеті  мен әрекеттері туралы білуін  және қатысушылардың бірлесіп  қылмыс жасау туралы ниетімен  түсіндіреді. Келісім кездейсоқ,  табан астында пайда болумен  қатар, ұзақ ойлану нәтижесінде  де туындайды.

Бірақ, барлық қатысушылар арасында келісімнің болуы  қылмысқа қатысушылықтың міндетті белгісі  емес. Кей жағдайларда айдап салушы мен көмектесуші орындаушының ниеті  мен әрекетінің қылмыстық сипатын  білсе де, бір-бірі туралы білмеуі  де мүмкін. Сондай-ақ орындаушы да басқа  қылмысқа қатысушылардың бірлесіп қылмыс жасауы туралы ниетін біле бермеуі мүмкін. Тіпті кей жағдайларда айдап салушы қылмысқа көмектесушінің қатысатынын немесе көмектесуші орындаушының біреудің азғыруы мен әрекет етіп отырғанын біле бермеуі мүмкін. Осыған орай, қылмысқа қатысушылық субъективті жағынан қасақаналықпен-тікелей және жанама-сипатталады.

Әрбір қылмысқа қатысушы келесі жағдайларды біліп, түсінуі тиіс. орындаушының әрекеті  мен ниетінің қылмыстық сипатын; өз  әрекетінің  де қоғамға қауіпті екендігін, өйткені ол қылмыс жасаудың нақты жағдайында орындаушы мен басқада қатысушылардың әрекет етуі үшін қолайлы жағдай туғызады: оның әрекеті орындаушының қылмыс жасауға не қылмыстық нәтижеге жетуге қажетті шарт екендігі [23, 91 б.].

Орындаушы екеуіне ортақ қылмыстық нәтижеге жетуге бағытталған өзіне және орындаушының әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын  сезіне отырып, қылмысқа қатысушы осы  нәтиженің тууын тілейді немесе оған саналы түрде жол береді. Түйіндей келе, қылмысқа қатысушылықтың тек  қасақана жасалатын қылмыстарда  болуы Қазақстан Републикасының Қылмыстық Кодексінің 27-бабында  орын алды .

Қылмысқа  қатысушылық түсінігі үшін мақсат пен  ниеттің маңызын айтпасақ, қылмысқа қатысушылықтың субъективті жағының  сипаттамасы толық болмаған болар  еді. Қылмыстың мақсаты мен ниеті ерік пен әрекет сипатын анықтайды. Бірақ, олар әрбір қылмыс құрамының субъективті жағының міндетті белгісі бола бермейді. Кейбір қылмыстық құрамдарда ғана мақсат пен ниет міндетті белгі ретінде қажет болады, өйткені оларсыз қылмыстық құрамның субективті жағын анықтау мүмкін болмай қалады.

Мақсат  пен ниет субъективті жақтың міндетті белгісі болатын қылмыстарда  тек орындаушы мен ұйымдастырушы  үшін ғана қажет. Басқа қатысушылар  қылмысқа бөтен ниетпен қатысуы  не басқа қылмыстық мақсаттарды  көздеуі мүмкін. Сондықтан бір  қылмыс жасауға қатысатын адамдардың қылмыстық әркеттері әртүлі мақсатпен  ниеттерді көздесе де қылмысқа қатысушылық  орын алуы мүмкін. Бұл жерде айта кететін жәй, егер қылмысқа қатысушылардың диспозицияда көрсетілген қылмыстық  мақсатқа жетуге деген саналы әрекеттері болмаса, онда олардың әрекеттері осы  қылмысқа қатысушы деп табуға негіз  бола алмайды [24, 91 б.].

Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы