Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация

Описание работы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................

2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................

4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................

Работа содержит 1 файл

диссер Баха.docx

— 201.26 Кб (Скачать)

Осыған  сәйкес, қылмыстық заң барлық қылмысқа қатысушылардың бір мақсатқа ұмтылуын не ниетпен әрекет етуін талап  етпейді. Қылмысқа қатысушылардың мақсаттары мен ниеттерінің біртұтастығы қылмысқа қатысушылықтың субъективтік жағының  міндетті белгісі болып табылмайды.

 

3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы

 

Қылмысқа  қатысудың нысандары және түрлері  туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерін  өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік  байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттерінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне  байланысты шешіледі.

Қылмысқа  катысушылардың әрекеттерінің келісушілік  дәрежесіне байланысты кылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала  келіспей қылмысқа қатысу және алдын  ала келісіп кылмысқа қатысу болып  бөлінеді.

Бұл нысандар ҚР ҚК Ерекше бөлімінде әр түрлі  көрініс тапқан. Бұлар алдын ала  келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік  арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.

Қылмысты  бірлесіп жасаудың барлық түрлерін белгілі  бір жүйеге келтірсек, қылмысқа қатысушылық  институтының, мазмұнын дұрыс түсінуге мүмкіндік туар еді, әрі сот органдарының осындай қылмыстық әрекеттермен күресін жеңілдетер еді. Сот пен  заң алдында барлғы тең деген  қағиданы басшылыққа ала отырып,  қылмысқа қатысушылар жасаған қылмыстары үшін тиісті қылмыстық жазаға тартылуы тиіс [25, 4 б.].

Кеңестік  қылмыстық құқықтық теорияда қылмысқа қатысушылық мәселесімен айналысқан криминалистердің түгел дерлігі  қылмысқа қатысушылықты топтау мәселесіне көп көңіл бөлген. Бірақ, қылмыстық  құқықтық әдебиетте бұл мәселеге біркелкі көзқарас жоқ [26, 70 б.]. Трайнин қылмысқа қатысушылықтың 3-нысанын ашып көрсетеді: алдын-ала келісімсіз (жай қатысушылық) қатысу, алдын-ала келісіммен қатысу және ерекше түрдегі қатысушылық (қылмыстық ұйым мен қылмыстық сыбайластық).

Кейнірек  Трайнин бұл топтастыруды 4-ші нысанмен-ұйымдасқан топпен толықтырды. Осы топтастырудың  негізіне Трайнин «қатысушылардың  субъективті байланысының сипатын  және дәрежесін алды».

Дәл осындай  пікірді Гришаев пен Кригер де қолдайды. Олардың пікірінше қылмысқа қатысушылықты нысанаға топтастыру «қылмыскердің ұйымдасу дәрежесінң көрсетуді көздейді. Авторлар қылмысқа қатысушылықтың 4 нысанын айтады: алдын-ала  келісімсіз қатысу; алдын-ала келісіммен қатысу; ұйымдасқан топ және қылмыстық  сыбайластық [27, 53 б.].

Тельнов қылмысқа қатысушылық нысандарын «бірге орындаушылық, түрлі рөлдерді орындаумен қатысу, қылмыстық топ және қылмыстық  ұйым деп топтастырады.

Ал, Пионтковскийдің  топтастыруы бойынша қылмысқа қатысушылық  топтық түсінік ретінде алдын-ала  келісімсіз қатысушылыққа және алдын-ала  келісіммен қатысушылыққа бөлінеді. Алдын-ала келісіммен қатысушылық  өз кезегінде жай қатысушылық, ұйымдасқан топ және қылмыстық ұйым немесе банда  болып бөлінеді .

Қылмысқа  қатысушылықты нысандарға бөлуде Пионтковскийдің  көзқарасын Ковалев та қолдады. Қылмысқа қатысушылықтың «сыртқы және ішкі жақтарының ескере отырып, ол қылмысқа қатысушылықты  топтауды «қылмысқа қатысушылықтың негізін құрайтын осы жақтың негізінден, жүргізуді қажет деп табады. Осы  айтылғандарды қорыта отырып Ковалев  қылмысқа қатысушылықтың екі нысанын  ажыратады: алдын-ала келісіммен қатысу және алдын-ала келісімсіз қатысу. Қылмысқа қатысушылықтың соңғы нысанын Ковалев  тағы екі түрге бөлу керек дейді: алдын-ала келісіммен жай қатысушылық  және қылмыстық ұйым сипатындағы  алдын-ала келісіммен қатысушылық.

Қылмыстық құқықтық әдебиетте қылмысқа қатысушылықты  нысандарға бөлудің басқа да критерилері  көрсетіледі. Мысалы, Смирнов «қылмыс  жасаған адамдар арасындағы субъективті  байланыстың сипатына байланыстың  қылмысқа қатысушылықтың 3 нысанын  көрсетеді: жай қатысушылық (немесе ортақ кінә); біржақты субъективті  байланыс бойынша қылмысқа қатысушылық  және орындаушы мен қатысушылар  арасында екіжақты келісім болган жағдайда қатысушылық [28, 50 б].

Шаргородский  бірге орындаушылықты қылмысқа қатысушылық  институтының шегінен шығара отырып, қылмысқа қатысушылық нысандары  ретінде ортақ кінә, жай қатысушылық  және қылмыстық ұйымды ұсынады .

Шнейдер қылмысқа қатысушылықты жай қатысушылық (ортақ кінә немесе бірге орындаушылық), күрделі қатысушылық және қылмыстық  сыбайластық деп бөледі. Бірақ, «қылмысқа  қатысушылықты нысандарға топтау олардың  қатысушыларының өзара қатынасының  құрылымдарына, олардың жауапкершіліктерінің шарттарына, тәртібімен шектеріне байланысты анықталады. Кез-келген бірлесіп жасалатын әрекет түрлі белгілерімен сипатталады. Осы белгілердің әрқайсысы бойынша логика заңдарына сүйене отырып, бөліп жүргізуге болады. Қылмысқа қатысушылықты құрайтын бірнеше адамның бірлесіп жасаған қоғамға қауіпті әрекеттерінде топтастыруға болады. Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып Бурчак, қылмысқа қатысушылықты 3 нысандарға бөледі: бірге орындаушылық, орындайтын рөлдерді бөлу арқылы қатысушылық және ерекше түрдегі қылмысқа қатысушылық [23, 45 б.].

Қылмысқа   қатысушылыардың   әрекеттерінің   келісім   дәрежесіне байланысты   бірлесіп   қылмыс  жасау   жағдайын   топтау   және   осының негізінде қылмысқа қатысушылықтың түрлі нысандарын бөліп шығаруды басқа топтастырумен-қылмысқа қатысушылықты  түрлерге бөлу-шатастырмау керек.

Егер  қылмысқа қатысушылықты нысандарға бөлу қылмыскердің ұйымдасу дәрежесін  және бірлесіп жасаған қылмыс қауіптілігін көрсетуді көздесе, ал түрлерге бөлу қатысушылардың әрекеттерінің қылмыстық  сипатын көрсетуді мақсат етіп қояды. Қылмысқа қатысушылықтың барлық жағдайларын  екі түрге бөлуге болады: жай қатысушылық; бұл жерде барлық қатысушылардың әрекеттері біртектес және қылмыс құрамын  жүзеге асыруға тікелей қатысады(бірге  орындаушылық); күрделі қатысушылық, бұл жерде орындайтын рөлдерді бөлу жүргізіледі, нәтижесінде қатысушылар  әртүрлі әрекеттерді жүзеге асырады. Осыған сәйкес қылмысқа қатысушылықты  әртүрлі топтастырудың тек өзіне  тән мақсаттары бар, әртүрлі негіздерде құралады.

Жоғарыдағы  көрсетілген анықтамадан көріп  отырғанымыздай, қылмысқа қатысушылықты  нысандарға бөлуде көптеген ғалымдар ұйымдасқан топты атамай кетеді немесе алдын-ала келісіммен қатысушылыққа  жатқызады. Мысалы, ұйымдасқан топты  қылмысқа қатысушылықтың жеке нысаны ретінде қарау мәселесі жөнінде  Бородин; «Ұйымдасқан топ» - қылмысқа қатысушылықтың жеке нысаны деген тұжырым  дұрыс емес және теория мен тәжірибеде шатастыруға әкеліп соғуы мүмкін. Ұйымдасқан топ дегеніміз - кінәні ауырлататын  қылмысқа қатысушылықтың бір түрі -деп  жазады [53, 25 б.].

Ұйымдасқан  топты қылмысқа қатысушылықтың жеке нысаны ретінде қарастырудың қажеттілігін Гришаев пен Кригер қолдады: «Ұйымдасқан  топ» қылмысқа қатысушылықтың ерекше нысаны бола отырып,қылмысқа қатысушылық  нысандары жүйесінде алдын ала  келісіммен қатысушылықпен ерекше түрдегі  қатысушылық арасында жеке орын алуы тиіс.

Дәл осындай  пікірді Трайнин де ұстанады: 1947 жылғы КСРО Жоғары Кеңесінің Президумының жарлығына сәйкес, кейбір авторлар ұйымдасқан топтың алдын-ала келісіммен қатысуға немесе қылмысқа қатысушылықтың ерекше түрі- бандыға жатқызады.Ал, шын мәнінде ұйымдасқан топ қылмысқа қатысушылықтың жаңа жеке нысаны болып  табылады [27, 83 б.].

  1. алдын ала келісімсіз қатысу;
  2. алдын ала келісіммен қатысу;
  3. ұйымдасқан топ;
  4. қылмысқа қатысушылықтың ерекше нысанын-қылмыстық ұйым (сыбайластық).

Қылмысқа  қатысушылықтың нысандарының осы жүйесі 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-бабында  орын алды. Адамдар тобының, алдын  ала сөз байласқан тобымен, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластық  құрамында қылмыс жасау Қылмыстық  кодекстің 54-бабының 1-бөлімінің в тармағына байланысты қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Қылмысқа  алдын ала келісімсіз қатысу. Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-бабының 1-бөліміне сәйкес, қылмыс жасауға  екі немесе оданда көп орындаушы  күні бұрын сөз байланыспай қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп  табылады.

Қылмысқа  қатысушылықтың бұл нысанында қатысушылардың қылмыстық әрекетінің келісім дәрежесі елеусіз немесе тіпті жоқ, олардың  арасында субъективті байланыс төмен  және бір қатысушының екінші адамның  қылмысқа қатысатынын қылмысты бастаған кезде немесе қылмыс жасау барысында  білуімен шектеледі.

Қылмысқа  қатысушылықтың бұл нысаны қатысушылықтың   басқа нысандарына қарағанда  қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен  болуымен сипатталады.

«Жай  қатысушылық бір қылмыс жасаудағы  бірнеше адамдардың қатысуының қауіптілігі  төмен түрі. Мұнда әрекет етуші  адамдар қылмыс жасауға басқа  адамдардың қатысатынын біледі, жеке қатысушылар арасында қылмыс жасау  туралы алдын ала келісім жоқ. Қылмысқа қатысушылықтың жай нысанына орындаушы айдап салушы мен көмектесушінің рөлін белгілемеген жағдайлар да жатады [29, 14 б.].

Көп жағдайда бірнеше адамның алдын ала  келісімсіз бірлесіп қылмыс жасау барысында  барлық қатысушылардың қылмыстық әрекеттері біртектес болады, яғни, әр қатысушы қылмыстық құрамды жүзеге асыруға  тікелей қатысады.

Алдын ала  келісімнің болмау фактісі қылмысқа қатысушылардың өз әрекеттерін келісуге, қылмыс ізін жасыруға шаралар қолдану  мүмкідігінен айырады. Сондықтан, алдын  ала келісімсіз қылмысқа қатысудың  қоғамға қауіптілік дәрежесі барлық жағдайларда жалғыз адам жасаған  қылмыстың қауіптілігінен жоғары бола бермейді. Кейбір қылмыстарды жасағанда  олардың ерекшеліктерін, нақты жағдайларды, орнын, уақытын ескере отырып, алдын  ала келісімсіз қылмысқа қатысу қылмыспен  қылмыскердің, қоғамға қауіптілігін елеулі маңызы болмауы да мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық заң алдын  ала келісімсіз қылмысқа қатысушылықты  барлық қылмыстар бойынша жауаптылықты ауырлататын мән-жағдай деп таба бермейді.

Бірақ, көрсетілген  жағдай қылмыстық әрекеттің кейбір түрлеріне жоғары қауіптілік сипатын  бермейді деген сөз емес. Кейбір қылмыстарды топ болып жасау  қатысушылардың арасында келісім болмаған күннің өзінде де, жалғыз адамның қылмысынан әлдеқайда қауіпті болатыны белгілі,  өйткені белгілі бір қылмыстық  нәтижеге бағытталған бірнеше адамның  қылмыстық ниетінің, өзара көмек  және т.б. жағдайлар қылмыс жасауды  едәуір оңайлатады, сондай-ақ, заңмен қорғалатын объектіге елеулі зиян келтіруі мүмкін.

Сондықтан алдын ала келісімсіз қылмысқа қатысушылықтың қауіптілігін ескере отырып, заң шығарушы осы белгілердің негізінде осындай  қылмыстардың ауырлататын құрамдарын Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне (120-бап;121-бап; 257-бап) енгізген. Бұл баптарда жауаптылықты ауырлататын мән-жағдай ретінде алдын ала келісім  болмаса да, қылмыстық құрамының обективтік жағын тікелей орындаған адамдар тобының қылмысы көрсетілген.

Кейбір  жағдайларда, қылмысқа қатысушылықтың осы нысанында көптеген адамдардың әрекет етуі қоғамға елеулі түрде  қауіп төндіреді. Мысалы, Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің 241-бабында көрсетілген жаппай тәртіпсіздіктер. Әрине, жаппай тәртіпсіздікке қатысатын  адамдардың ішінде де «тәртіпсіздікті  ұйымдастыру туралы алдын ала  келіскен адамдар да болады, бұл  туралы осы баптың өзінде тікелей  көрсетіліп кеткен. Бірақ, жаппай тәртіпсіздікке қатысатын басым көпшілік тәртіпсіз  әрекет етуші көп адамдардың жиынтығы ретінде, алдын ала келісімсіз қылмысқа қатысушылар болып табылады.

Алдын ала  келісімсіз қатысушылықтың белгілері  болмағанымен, қылмысты бір топ адамдар  жасады деп айта алмайтын жағдайларда  болады, яғни, көмектесушілік әрекет орындаушының қылмыс жасау үстінде болуы мүмкін, бірақ бұл туралы орындаушы білмейді. Мысалы, екі адамның төбелесіп  жатқанын көріп үшінші адам олардың  біреуіне көмектесу мақсатында ешкімге  байқатпай пышақ тастайды. Бұл  жерде алдын ала келісімсіз қылмысқа қатысушылыққа тән қоғамға қауіптілігі  жоғары бірге орындаушылық жоқ болғандықтан, жауаптылықты ауырлататын мән-жағдай-қылмыстық  топтың жасауы-туралы айта алмаймыз[30, 44 б.].

Қылмысқа  алдын ала келісіммен қатысу. Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-бабының 2-бөліміне байланысты егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын  уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобын алдын ала сөз  байласып жасаған қылмыс деп табылады.

Қылмысқа  алдын ала келісіммен қатысу бірнеше  адамдардың бірлесіп қылмыс жасау туралы қылмыс жасамастан бұрын келісім  жасаған жағдайында орын алады. Осының нәтижесінде қылмысқа қатысушыларға  қылмыстың, тек жалпы сипаттамасы  ғана емес, сонымен бірге қылмыстық  әрекеттің басқада мән-жағдайлары белгілі болады. Қылмысқа қатысушылықтың осы жағдайында қатысушылардық арасындағы субъективті байланыс жоғары болады (салыстырмалы түрде), олардың қылмыстық  әрекетінің ұйымдастырылуы да жоғары, сондықтан қылмысқа қатысушылықтың бұл нысанының қауіптілігі де жоғары.

Қылмысқа  қатысушылардың арасындағы алдын ала  келісім сипаттамасы бойынша  әртүрлі болады. Келісім қылмыс жасаудың жекелеген кезеңдері туралы немесе қылмыстың егжей-тегжейіне дейін  жасалуы мүмкін. Бірнеше адамдар  бірқатар қылмыстарды бірлесіп жасау  туралы келісімге келуі мүмкін, онда әрбір қылмыстың жоспары жеке-жеке жасалады.

Кейбір  жағдайларда қылмысқа қатысушылық  туралы келісім жекелеген мәселелерді  қамтып, бірнеше адамдардың ұйымдасуы  елеулі түрде болмайды. Бұл жерде  бірге орындаушылармен қатар, рөлдерді бөлісіп қатысушылық орын алуы мүмкін. Алдын ала келісіммен қылмысқа қатысушылық  арасында тығыз субъективтік байланыс және қылмыстық әрекет туралы елеулі келісім болмаған айдап салушы мен  орындаушымен көмектесуші болуы  мүмкін. Мұндай қатысушылық көп жағдайларда бірлескен қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі елеулі болғанымен, барлық қатысушылар үшін жауапкершілікті ауырлататын мән-жағдай болып санала бермейді.Алдын ала келісім нәтижесінде барлық қатысушылар қылмыстық құрамды жүзеге асыруға тікелей қатысқан жағдай да басқаша болады. Осындай бірлескен әрекеттің қоғамға қауіптілігі, кейбір жағдайларда, едәуір жоғарылайды. Бірақ қазіргі кезде алдын ала келісіммен қылмысқа қатысушылықтың барлық жағдайларын жауапкершілікті ауырлататын мән-жағдай ретінде санауға болмайды.

Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы