Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
Кей жағдайда
қатысушылар жеке-жеке жүріп істей
алмаған қылмыстарды
Қылмысқа
қатысушылықтың заңда көрсетілген
анықтамасын зерттеуге
Біріншіден,
бұл термин бір қылмыс жасауға
бірнеше адамның қатысуын көрсетсе,
екіншіден, қатысушылар арасында орындайтын
рөлдерді бөлу жүргізілетін бірлесіп
жасалатын әрекеттерді
Қылмысқа қатысушылықтың екінші түсінігіне байланысты «қылмысқа қатысушылық терминін қолданудың жоғарыда көрсетілген аспектін жіктеу мақсатында қылмыстық құқықта тар [6, 220 б.] және кең [7, 59 б.] мағынадағы қатысушылық туралы айтылады.
Егер
бұл түсініктер араласпаса, бір терминді
екі түрлі мағынада-кең және тар
қолдану қарсылық тудырмайды. Өйткені
тар мағынадағы қылмысқа қатысушылық
бір бөлімі болып кетеді. Қатысушылық
түсінігінің осы екі
Біздің пікірімізше, М.Д.Шаргородскийдің: «бірлесіп қылмыс жасаған адамдардың әрқайсысының әрекетінде Ерекше бөлімнің бабында көрсетілген қылмыстық құрам болса, олардын, әрекеттерін саралауда қылмысқа қатысушылық институтына сілтеме жасаудың қажеті жоқ [8, 56 б.] -деген пікірін дұрыс деп есептеу керек.
Бірақ жоғарыда
көрсетілген жағдайларды
Басқаша айтқанда, автор қатысушылық институтының әрекетін тар мағынадағы қатысушылыққа ғана емес, сонымен бірге, қатысушылардың әрқайсысы жеке-жеке әрекеттер жасаған жағдайда да қолданады.
Қатысушылардың жеке-жеке әрекеттерінің жиынтығы заңмен тиым салынған әрекетті немесе ортақ қылмыстық нәтижеге әкелетін әрекеттерді құрайды [9, 67 б.].
Бұл жағдайды профессор Шаргородский «ортақ кінәң деп атап, оны бірге орындаушылыққа қарсы қояды. Шаргородскийдің пікірінше бірге орындаушылыққа қатысушылық мүлде жоқ.
Профессор М.Д.Шаргородский бірге орындаушылықты қатысушылық институтынан бөле отырып, бұл институтқа қылмыстық ұйымды жатқызады, яғни, мұндай ұйымдарға қатысушылардың әрекеттерін саралауда Жалпы бөлімге сілтеме жасаудың қажеті жоқ [7, 58 б.].
Басқа авторлар да қатысушылықтың тар және кең мағынадағы түсініктерін нақты ажыратып көрсетпейді. Мысалы, Ковалев М.И. қатысушылық «рөлдерді бөлу арқылы, сондай-ақ бөлмей-ақ мүмкінң деп көрсетеді [9, 46 б.].
Қатысушылық түсінігін анықтауда қылмыстық құқық теориясында ғалымдар әлі де бір шешімге келмеген. Ковалев теориядагы қатысушылық концепциясын топтастырып, үш бағытта бөледі [9, 107 б.]. Қасақаналық қылмысқа екі немесе оданда көп адамдардың қасақана қатысуы. Бұл пікірді криминалистердің басым көпшілігі ұсынады. Себепті байланысты қатысушылықтың міндетті белгісі, элементі ретінде жоққа шығару. Бұл концепцияны Вышинский А.Я., Мишунин П.Г. қолдайды. Абайсызда жасалатын қылмыстарда қатысушылықтың болуы. Мысалы, Трайнин: «Қатысушылық-бірнеше адамдардың бірлесіп бір абайсызда жасаған қылмыстарында да орын алады -дейді. Кейбір зерттеушілер қатысушылықтың қасақаналық сипатымен қоса, қатысушылар арасында алдын-ала келісім болу қажеттілігін көрсетеді.
Өз еңбегінде
Лаптев: «Кеңестік қылмыстық құқыққа
қатысушылықты бір немесе қылмыстар
жасау туралы келісімге негізделген
бірнеше адамдардың қатысуы деп
көрсетеді. Бірақ, бұл анықтама қатысушылардың
көлемін тарылтады және атқаратын
рөлдеріне қарамастан қатысушылардың
әрекеттерін алдын-ала
«Бұл
субьективті байланыс айдап салушы
мен көмектесушінің өз әрекеттерімен
орындаушыға қылмыс жасауға көмектесіп
отырғанын білуінен көрінуі тиіс.
Қоғамға қауіпті әрекет жасағандары
үшін бәрі бірге қылмысқа қатысушылық
ережесі бойынша қылмыстық
Қатысушылыққа анықтама бергенде Ковалев бір қыллмысты жүзеге асыруда барлық қатысушылардың бірлесіп жасаған әрекеттерін көрсетіп, қажетті шарт ретінде қылмысқа қатысушының есі дұрыстығын және ниетін көрсетеді.
Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі алғаш рет заң жүзінде 1959 жылғы Қылмыстық Кодексте орын алды. Осы кодекске сай, екі немесе одан көп адамдардың қасақана бірлесіп қылмыс істеуге қатысуы-қылмысқа қатысуы деп танылды. Қылмысты екі немесе одан көп адамдардың бірлесіп жасау процесінде олардың арасында осындай қылмысты қатысушылардың бәріне ортақ деп табуға мүмкіндік беретін байланыс орнайды [12, 26 б.].
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
Осы мәтінен
көрініп тұрғандай, қылмысқа екі
немесе одан да көп адам қатысқанда,
қылмысқа бірлесіп қатысқанда, қылмысқа
қасақана қатысқанда ғана қатысушылық
туралы айтуға болады. Бұлардың алғашқы
екеуі обьективті белгі де, соңғысы
субьективті белгі болып
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың
Көп жағдайда қылмысты бір адам емес, қылмыстық нәтижеге жету жолында өз күштерін біріктірген адамдар тобы жасайды[13, б. 4[. Топ болып қылмыс жасағанда олар орындайтын рөлдерін бөліп алуы мүмкін. Қылмысты топ болып жасаған қылмыс қылмыстық әрекеттің ерекше нысаны болып табылады да, қылмыс жасауды және онық ізін жасыруды жеңілдетеді, сондықтан осындай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін күшейтеді. Осыған байланысты бірлесіп жасаған қылмыстары үшін жауап беретін адамдар тобын, олардың жауаптылығының негіздері мен шектерін, кінә дәрежесі мен жазаны заң көлемінде белгілеудің маңызы зор.
Басқа құқық салаларына қарағанда қылмыстық құқық қоғамдық қатынастардың ерекше саласын қорғайды. Оның міндеті жеке адам мен азаматтардың құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілікпен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ, қылмыстың алдын-алу болып табылады [14, 28 б.].
Қатысушылық белгілерінің өзін объектіитік жене субъективтік белгілер деп жіктеуге болады.
Объективтік белгілер. Қылмысқа қатысушылықтың ең жалпы белгісі болып бір қылмыс жасауға бірнеше субьектінің қатысуы саналады.
Бұл сандық белгі болмай қатысушылықты көзге елестету мүмкін емес. Бірақ, бір ғана сандық белгінің қылмысқа қатысушылықты анықтауға жеткіліксіз болуы мүмкін [15, 59 б.].
Қатысушылық болу үшін бір қылмысты жасағанда қатысушылардың әрқайсысы нақты қылмыстық нәтижеге жету жолында елеулі әрекеттер жасауы тиіс. Қылмыстық құқық бойынша қатысушылардың болмағанда біреуі қылмыстық нәтижеге елеулі түрде әсер ететін әрекеттер жасамаса, бұл қылмысқа қатысушылық болып табылмайды.
Қылмысқа
қатысушының әрекеттері обьективтік
жағынан әрекетсіздікпен
Орыс ғалымы Колоколов қылмысқа қатысушылық-«қатысушылар тек белсенді әрекет етіп, қылмыстық нәтижеге жетуге ұмтылғанда ғана болады,-деп есептеді. Трайнин Колоколовтың пікіріне қарсылық білдіре отырып, «қатысушы нәтижеге жету жолында әрекетсіздікпен де қатысуы мүмкін,- деп көрсетті.
Қылмысқа
қатысушылық үшін қылмыстық нәтижеге
жету жолында әрқашан белсенді әрекет
жасау міндетті емес деген пікірді
қолдасақ, Трайниннің пікірімен келісу
керек. Бірақ әрбір қатысушы «қылмыстық
нәтижеге жетуге әрекетсіздік арқылы
қатысадың деген пікір қате. Бұл
пікір орындаушы мен
Ғалымдар Гришаев Г.А мен Кригер П.И [6, 37 б.] әрекет бірлесімі түсінігін төрт элементтен тұрады деп көрсетеді:
Бірлесім белгісін осылайша жіктеу белгілі бір дәрежеде жасанды болып табылады, өйткені, біріншіден, әрекет бірлесімі түсінігіне басқа обьективті моменттерді қосу арқылы қалыптан тыс ұлғайтады, екіншіден, бұл түсініктің психологиялық субьективтік мазмұнын жоққа шығарады.
Кейбір Кеңестік криминалистер әрекет бірлесімі-қатысушылардың қол сұғу обьектісінің бір болуынан көрінеді дейді. Мысалы, Соловьев: «Қылмыс жасауға қатысқан адамдардың әрекеттері бір обьектіге бағытталса, қылмысқа қатысушылық орын алады, яғни, бір қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе осындай қауіп төндіреді [4, 49 б,]-дейді.
Қатысушылық арқылы жасалынатын көп қылмыстарда кінәлілер бір обьектіге қол сұғатындығына қарамастан, қатысушылардың әрекет бірлесімін бұлай түсіндіруге болмайды. Өйткені, екі адам бір обьектіге қол сұғуы мүмкін, бірақ оларды қатысушылар деп табуға болмайтын жағдайлар да бар.
Осыған орай, әрекет бірлесімі түсінігін ашу үшін қатысушылардың әрекеттерінің бір обьектіге зиян келтіруге бағытталғандығы жеткіліксіз. Демек, қатысушылардың әрекет бірлесімін бір обьектіге қол сұғуымен түсіндіруге болмайды.
Бірлесім обьективтік моменттен басқа, белгілі бір психикалық ортақтылық болуын қамтиды. Бұл мәселе қылмысқа қатысушылардың бар мағынасына қатысты туындайды, өйткені, бірге орындаушылықта немесе қылмыстық ұйым нысанындағы қатысушылықта әрекет бірлесімін анықтау қиын емес. Бірлесімді анықтау қатысушылар арасында келісім болғанда да қиын емес. Мұндай келісім жоқ болғанда әрекет бірлесімін анықтау қиынға соғады. 1. Бұл жағдайда әрекеттері бір қылмыстық нәтиженің тууына әсер ететін бірнеше субьектілердің арасында психикалық байланыстың бар немесе жоқтығын зерттеу мәселесі сыртқы, обьективті сферадан ішкі сфераға, қатысушының санасында болатын психикалық процестерді зерттеу сферасына өтеді.
Өз әрекетімен ортақ нәтижеге әсер ететін адамдардың мінез-құлқы олардың арасындағы байланыс туралы айтуға мүмкіндік береді.
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы