Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................... |
3 | |
1 |
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ............. |
7 |
1.1 |
Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері.......... |
7 |
1.2 |
Қылмысқа
қатысушылықтың белгілері..................... |
9 |
2 |
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ
ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.................... |
17 |
2.1 |
Қылмысқа
қатысушылардың түрлері....................... |
17 |
2.2 |
Қылмысқа
қатысушылық нысандары......... |
30 |
2.3 |
Қылмысқа
қатысушыларға жаза тағайындау негіздері..................... |
40 |
3 |
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......... |
52 |
3.1 |
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың
теориялық мәселелері.......... |
52 |
3.2 |
Қылмыстык заң бойынша катысушылардың
түрлері, олардың заңды сипаттамасы..... |
61 |
4 |
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ.................... |
85 |
4.1 |
Қылмысқа
қатысушылырға тағайындалатын жазаны
жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар........ |
85 |
4.2 |
Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза
тағайындау барысында шешілетін
мән-жайлар.................... |
90 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
98 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ |
104 |
КІРІСПЕ
Таңдалған тақырыбының өзектiлiгi. Еліміз тәуелсіз алғалы бері 1991 жылы Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты, еліміздің экономикалық, саяси әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Республиканың қалыптасуы, елде экономикалық құқықтық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту, жаңа заңдарды қабылдауды қажет етті.
Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді өжет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қылмысқа қарсы күрес жіне құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндег мәжілісте қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президент өзінің мазмұнды баяндамасында «еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына,қоғамның тұрақтығына, азамттардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырды деді [1].
Бұл бір жағынан заңды құбылыс ретінде бағаланады. Себебі қоғамның даму бағытын өзгертуі, ол елде алғашқы уақыттарда экономикалық саяси дағдарыстың орын алуына соқтыра алды.
Бұл мәселе туралы профессор Ү.С. Жекебаев «жаңа әлеуметтік саяси,экономикалық жағдайға бейімделудің күрделілігі, барлық күшіндегі заңдардың өзгертілуін талап етті.
Соның ішінде 1997 жылы 16 шілдеде жаңа “Қылмыстық кодекс” қабылданды.
Ол 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Сондықтан өмірдің өзі ескі иделогиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті.
Жаңа
Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің
бірі адам, қоғам мемлекет мүддесін
қорғау болып табылады. Қылмыстық
заңның міндеттері жөнінде, қылмыстық
заңның мезгілге және кеңістікке қарай
қолданылуы қылмыстың түсінігі және
іс-әрекеттің қоғамға
Қылмыс,
бір тұлғаның жалғыз өзі ғана жасауымен
қатар,бірнеше тұлғалардың
Қазақстан Республикасының қылмысқа қатысудың алдын-алу және қылмыстық заңның дамуын жеке сала ретінде қарастыруға арналады.
Бүгінгі танда қоғамымызда қылмыстың күн санап өсуі, оның ішінде қатысушылық арқылы қылмыс жасау мемлекетіміздегі көкейтесті мәселелердің біріне айналғаны рас. Қылмысқа қатысушылық мәселесі қылмыстық құқық ғылымында ең маңызды мәселенің бірі болып табылады да, сот әділдігін жүзеге асыруға үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан 3-ші шабуыл жасап тонаудың біреуін, 2-ші қорқытып алушылықтың біреуін осы қылмыстық топтар жасайды.
Қылмыспен
күресті күшейту мақсатында Республика
Президентінің бір қатар
Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі туралы мәселенің тәжірибелік маңызы да зор. Бұл мәселенің дұрыс шешілуі, бір жағынан, қылмыс жасаған адамдардық барлығын жауапқа тартуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, қылмыс жасамаған адамдарды қатысушылар ретінде негізсіз жауапқа тартудан сақтандырады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдеде қабылдаған Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылықтың түсінігі, қатысушылардың түрлері, олардың жауапкершілігі, қылмысқа қатысушылық нысандары туралы заң нормалары бекітілген. Осы зерттеу барасында Кеңестік және Қазақстандық қылмыстық құқық доктринасының өкілдеріннің еңбектері пайланылды.
Осыған
орай, жалпы қылмыстық құқықтын,
бір институты ретінде қылмысқа
қатысушылық институты
Ол 1997 жылы қабылданғанмен де, одан бері бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мысалға, 2002 жылы халықаралық терроризмнің өршуіне байланысты бірнеше өзгертулер енгізілсе, 2002 жылдық соңында ҚР қүқықтық реформаның тұжырымдамасының шығуына байланысты ең соңғы рет 22 желтоқсанда қомақты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жұмыс алдына заңшығарушылық ұсыныстар енгізуді мақсат етіп қойған жоқ, тек қылмысқа қатысушылық институтының теориялық және практиткалық маңызы бар қырларының ғылыми аспектілерін ашуды көздеді.
Тақырыптың зерттелген дәрежесі.
Қылмысқа қатысу мәселелері әрдайым қай қоғамдық даму сатысына қарамастан зерттеуде болатын тақырыптың бірі. Осы ілімді зерттеп, жетілдіруге іргелі ғылыми еңбектер арнаған ғалымдар көптеп саналады, олардың қатарына – Ашитов З.О., Абдиров Н.М., Ағыбаев А.Н., Баймурзин Г.Р., Жекебаев У.С., Т.Ә.Бапанов., Кайыржанов Е., Алауханов Е.О., Рахметов С.М., Трайнин А.Н, Пионтковский А.А., Кригер Г.А жєне т.б. еңбектерін айтуға болады. Осы аталған ғалымдардың зерттеулеріндегі қорытындылар теориялық, тәжiрибелiк ұсыныстарға көңіл бөлінді.
Зерттеу жүмысының пәні және нысаны.
Осы жұмыстың
нысаны қылмысқа қатысу нысандары, түрлері,
олардың ерекшеліктері мен
Зерттеудiң пәнін қылмысқа қатысу нысандары, түрлерінің қылмыстық нормада көрсетілген саралау белгілерінің құққы қорғау органдарында дұрыс қолдануын құрайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi.
Осы зерттеу
өзiнiң алдына қылмысқа қатысу нысандары,
түрлерінің тарихына шолу жасау арқылы
қылмысқа қатысу нысандары, түрлерін терең
жан-жақты зерттеу мақсаты
Аталған мақсатқа жету үшiн зерттеу барысында төмендегiдей мiндеттердi шешу көзделедi:
Қылмысқа қатысушылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын теориялық тұрғыдан талдау.
Қылмысқа
қатысушылыққа сипаттама
Қылмысқа қатысушылықтың нысандары көрсетіліп, олардың әрқайсысының түсінігіне, белгілеріне, ерекшеліктеріне талдау жасалады.сол сияқты кімдерді қылмысқа қатысушылар деп тануға болатындығы және олардың жауаптылығы туралы, өзіне тән белгілері мен ерекшеліктерін ашып көрсету;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Ұсынылып
отырған жұмыс Қазақстан
Зерттеу жұмыс нәтижелерінің тәжiрибелiк құндылығы және теориялық маңыздылығы. Жұмыстағы қол жеткізген тұжырымдар мен ұсыныстар қылмысқа қатысумен жасалған қылмыстық іс-әрекеттеріне сәйкес және тиімді шараларын өңдеу үшін қажетті алғы шарттары құрады.
Тұжырымдар
мен ұсыныстар қылмысқа қатысумен
жасалатын қылмыстармен қылмыстық-құқықтық
күрес саласында қылмыстық
Жоғарғы
оқу орындарында заң
Зерттеу жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.
Қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер осы жұмыстың әдістемелік негізін құрайды. Тақырыпты зерттеу барысында талдау мен синтез әдістері, тарихи, формалды-логикалық, жүйелі-құрылымдық және жүйелі-функционалдық әдістерді, статистика мен жинақтау әдістері кеңінен пайдаланылды. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарын зерттеу салыстырмалы-құқықтық әдіспен пайымдалды.
Зерттеу жұмыстың теориялық негізін қылмыстық құқық, криминология салаларында жазылған қазақстандық, ресейлік заңгерлердің еңбегі болып табылады. Осы зерттеу отандық заңи әдебиеттерге негізделген. Жұмыста Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық заңдары, қылмыстық іс жүргізу заңдары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, қылмысқа қатысуңмен жасалған қылмыстар туралы мәліметтік есептер мен шолулар, құжаттар, жинақтар осы еңбектің нормативтік теориялық базасын құрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША
1.1 Қылмыстық құқық бойынша
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді [3, 96 б.].
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы