Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
«Осы жағдайларда бірнеше адамдардың алдын ала келісіммен қылмыс жасауы қорғалатын объектінің ерекшелігіне байланысты, жалғыз адамның қылмысына қарағанда қауіптілігі жоғары болып саналады. Сондықтан, жоғарыдағы қылмыстардың ауырлататын құрамдарын бөліп көрсетуді дұрыс деп есептеу керек.
Қорытып
айтқанда, алдын ала келісіммен қылмысқа
қатысушылықта барлық қатысушыларға
жасалатын қылмыстың
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31 бабының 3 бөлігіне байланысты егер қылмысқа бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бүрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.
Ұйымдасқан топ-қылмысқа қатысушылықтың дербес нысаны болып табылады. Ұйымдасқан топ мүшелерінің арасында қылмыстардың негізгі мәселелерін талқылауға орындайтын өзара бөлісуге, қылмыс жасаудың орны, уақыты, тәсілі және қылмыс ізін жасыру туралы келісімге келуге, кейбір жағдайларда дайындық әрекеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұрақты байланыс орнайды. Ұйымдасқан топ алдын ала келісім кезінде жасалатын қылмыстық жоспарға сәйкес әрекет етеді, осыған байланысты қылмыс жасау мен оның ізін жасыру оңайға түседі [31, 61 б.].
Сондықтан, ұйымдасқан топ қылмысқа қатысушылықтың қауіпті нысаны болып табылады. Қатысушылардың өзара әрекет етуі бұл жерде тығыз. Ұйымдасқан топтың әрбір қатысушысы басқа қатысушылардың қылмыстық әрекет туралы біліп қана қоймай, оны бірлесіп жасауға келісім береді. Қылмыстық әрекет өзара келісілген сипат алады-бұл топтың ұйымдасу белгісін көрсетеді. Топтың қол сұғушылық нысанының еркешелігі осында.
Ұйымдасқан топ түсінігі және оны қылмысқа қатысушылықтың басқа нысандарынан айыру мәселесі 1947 жылғы КСРО Жоғарғы кеңесінің «мемлекеттік және қоғамдық мүлікті қорғау үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Жарлығынан кейін жоғары маңызға ие болады. Осы жарлықтың мәніне байланысты ұйымдасқан топ деп алдын ала келісім барысында ортақ мақсатқа жету жолында рөлдермен әрекеттерді бөлісуге мүмкідік беретін жоспар жасаған екі немесе оданда көп адамдардың тобын түсіну керек. Мұндай келісім қылмыскерлерге өз күштерін біріктіруге, кедергілердің алдын ала жоюға, басқа да дайындықтар жүргізуге, қылмыс жасауға және қылмыс ізін жасыруға мүмкіндік береді. Дәл осы әрекеттер топтың, қаншалықты дәрежеде ұйымдасқандығын көрсетеді, ал осындай топтың қылмыс жасауы бір адам жасаған немесе бірнеше адамдардың алдын ала келісімсіз жасаған қылмыстарына қарағанда әлде қайда қауіпті. Бірақ ұйымдасқан топ алдында келісімге келетін әрекеттердің толық тізімін беру мүмкін емес, өйткені әрбір қылмыстың тек өзіне тән ерекшелігі болады, ал қылмыстың жасалуына қолайлы жағдай туғызатын алғы-шарттар әртүрлі.
Белгілі бір адамды ұйымдасқан топтың мүшесі деп табу үшін оның қылмыстық жоспар жасауға қатысуы немесе ол туралы білуі және өзінің әрекетімен қылмыс жоспарының орындалуына көмектесу фактісі қажет. Егер ол адам қылмыс сипаты туралы білсе де, тіпті белгілі бір мөлшерде оны жүзеге асыруға немес қылмыс ізін жасыруға көмектессе де, бірақ, қылмыс жоспарын жасауға қатыспаса немесе ол туралы білмесе, мұндай адамдар ұйымдасқан топтың мүшелері болып табылмайды, олар тек қылмысқа қатысушылар болады.
Сондықтан
«қылмыс ізін немесе қылмыскерді
жасыруға уәде беру фактісі қылмыс
ізін жасырушы адамды барлық жағдайда
ұйымдасқан топ мүшесі деп табуға
негіз болады» деген
Қылмысқа қатысушылықтың дербес нысаны ретінде ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде келесі түде ескерілген: біріншіден, кез-келген қылмыс жасағанда жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жағдай (54 бап І бөлім в-тармақ); екіншіден, Ерекше бөлімнің бірқатар баптарында (96; 103; 104; 120; 121) қылмыстың ауырлатылған құрамы ретінде көрсетілген; үшіншіден, 235 бапқа сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқару үшін жауапкершілік бекітілген. Ұйымдасқан топ көп жағдайларда қауіпті, пайда табу мақсатында қылмыстар (ұрлық, тонау, шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық); жеке адамға қарсы қылмыстар (адам ұрлау, кісі өлтіру, денеге түрлі жарақаттар салу) және қару-жарақ, оқ дәрі, жарылатын заттар ұрлау сияқты қылмыстар жасайды.
Ұйымдасқан
топты бұрын қаралып кеткен қылмысқа
қатысушылық нысандарынан негізгі
айыру белгісі-оның тұрақтылығы
болып табылады.Бұл топ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Пленумның 1996 жылғы 25 шілдедегі «Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы 9-шы қаулысының 4,5 және 8 тармақтарында «ұйымдасқан қылмыстық топтың және қылмыстық сыбайластықтың алдын ала келісіммен қылмыс жасаған адамдар тобынан айырудың ең негізгі белгісі-олардың ұйымдасу дәрежесі мен тұрақтылығын деп көрсетілген.
Сондықтан,
қылмысқа қатысушылықтың ұйымдасқан топ
және алдын ала келісіммен қатысу
сияқты нысандарының айыру негізінде
тұрақтылық белгісі жатыр. Алдын
ала келісіммен қылмысқа қатысушылықты
бірге орындаушылар қандайда бір
қылмысты бірлесіп жасауға келіседі
де, олардың ниеті өз әрекеттерін
кейінгі қылмыстарға бағыттауды
қамтымайды. Бірақ, бұл дегеніміз, алдын
ала келісіммен қылмыс жасаған топтың
құрамында әрекет еткен адамдар
кейін қайта бірігіп, дәл сондай
немесе басқа қылмыстар жасамайды
деген сөз емес. Дегенмен, жекелеген
қатысушылар арасында тұрақты байланыс
және өздерінің бірлескен
Ұйымдасқан
топ бірге орындаушылардан
Ұйымдасқан
топтың негізгі белгісі ретінде
оның ұйымдасу дәрежесін көрсете
отырып Пинчук, өз ойын былай жалғастырады:
«Ұйымдастыру-алдын ала
Топтың
ұйымдасуын сипаттайтын мән-жағдайларға
топ мүшелерінің ортақ
Қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31 бабының 4 бөлігіне сәйкес, егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.
Қылмыстық
сыбайластық қылмысқа қатысушылықтың
ең қауіпті нысаны болып табылады.
Мұнда бірнеше адамдардың бірлесіп
қылмыс жасау туралы жай ғана келісімі
емес, қылмыскердің байланысының белгілі
бір нысаны айқындалады, мақсаты
қылмыс жасау болып табылатын
ұйымдасқан қылмыстық сыбайластықтың
негізі қаланады. Ұйымдасу мен тұрақтылық
белгілері қылмыстық
Ұйымдасқан
топ қатысушылардың күшін бір
немесе бірнеше қылмыстар
Осы анықтама
қылмыстық сыбайластығының
Бірнеше ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар тобы тұрақты байланыста болмауы, әрі олар ұйымдасқан қылмыстық топ болмауы мүмкін, сондықтан мұндай топтар қылмысқа сыбайластық болып табылмайды [33, 50 б.].
Қылмысқа
қатысушылар арасындағы байланыс сипатын,
олардың мақсаттарын қылмыстық
әрекеттердің тәсілдерін ескермей, бір
ғана «қылмыстың қайталануың фактісі
негізінде тұрақтылық белгісін түсіндіру
бірлескен қылмыстық әрекеттің
кейбір нысандарының қоғамға қауіптілігін
дұрыс бағалауға кедергі
Сыбайластықтың
қылмыстық әрекеті көп
Жалпы айтқанда, қылмыстық сыбайластықты бір немесе бірнеше қылмыстарды дайындау немесе жүзеге асыру мақсатында біріккен екі немесе оданда көп адамдардың ұйымдасқан тұрақты тобы деп көрсетуге болады.
Қылмыстық
сыбайластықтың мүшелері болып табылатын
адамдардың шегін анықтаудық тәжірибелік
және теориялық маңызы зор. Кеңестік
заң әдебиетінде бұл мәселеге
аз көңіл бөлді, кей жағдайда қылмыстық
сыбайластықтың мүшелері мен қылмысқа
қатысушылар арасында айырмашылық
көрсету мүмкін болмады. Кей авторлардың
пікірінше қылмыстық
«Ұйымдасқан
қылмыстық топқа немесе қылмыстық
сыбайластыққа қатысу ұйымдасқан немесе
сыбайластық жасаған
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы