Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық сыбайластық белгілі бір тұрақты байланыс нысандары бар және қылмыстық әрекетпен бірлесіп айналысуды мақсат етіп қойған ұйымдасқан адамдар тобы болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық сыбайластыққа мүше болу топтық сипатын оның қылмыстық әрекетінің мақсаттарымен тәсілдерін білу мен қатар осы сыбайластықтың құрамында қылмыстық әрекетпен айналысуға тілек білдіруді көрсетеді. Сыбайластықтың жекелеген мүшелері сыбайластық жасайтын барлық қылмыстарға қатыса бермеуі, оның барлық мүшелері мен басшыларын тани бермеуі мүмкін, бірақ олар қылмыстық сыбайластықтың сипатымен мақсаттарын біле оырып, белгілі бір нысанда оның мүшелігіне кіруге тілек білдіреді. Қылмыстық сыбайластық мүшелігіне қабылдау әртүрлі болады, ол сыбайластықтың сипаты мен оның әрекеттерінің жағдайлары мен шарттарына байланысты анықталады. Әрине, мүшелікке қабылдау белгілі бір дәстүрлермен байланысты болуы міндетті емес. Бұл жерде қылмыстық сыбайластық мүшелігіне енген адам өзінің басқа мүшелерінің қылмыстық әрекеттерімен байланысын сезінуі тиіс, ал сыбайластықтың басқа мүшелеріне сыбайластықтың қылмыстық әрекеттеріне қатысуға тілек білдірген жаңа мүшенің белсенді көмегіне сенім білдіреді. Сондықтан, сыбайластық жиналысына қатысу немесе оның қылмыстық әрекеттеріне кей кездері көмектесу-мұндай адамдарды тек қылмыс ізін жасырушы, қылмыс туралы хабарламаушы немесе қылмысқа қатысушылар деп жауапқа тартуға негіз болады [35, 67 б.].
Заңның
мағынасына байланысты қылмыстық сыбайластық
кем дегенде екі адамнан тұруы
мүмкін. Бірақ, басым жағдайларда
қылмыстық сыбайластыққа
Сыбайластықтың
белсенді және пассивті қатысушыларының
бөлініп шығуына соғатын
Алғашқы
қылмыстық кодекстерде
Орыс криминалисі А.В. Лохвицкий ұйымдастырушыны «Қылмыстың жаны, машинаны іске қосатын машинист» деп атады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 бабының 3 бөліміне сәйкес, қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған немесе оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
Теорияда қылмысты ұйымдастырушы түсінігіне бірқатар анықтамалар берілген. Ковалев ұйымдастырушы деп: қылмысты ұйымдастырған, яғни, басқа адамдарды қылмыс жасауға көндіріп қана қоймай, сол адамдармен бірге қылмысты тікелей орындаған адамды; қылмыс жасауға басшы, жетекші ретінде қылмыс құрамын орындауға немесе қылмыстық әрекеттің жеткілікті дәрежеде аяқталуына басқа да әрекеттер жасау-жасамауына тәуелсіз, тікелей басшылық жасаған адамды атайды.
Егер Ковалевтің анықтамасының екінші бөлігі ешқандай қарсылық тудырмаса, бірінші бөлігімен келісуге болмайды, өйткені бұл жерде әңгіме қылмысты орындауға тікелей қатысқан айдап салушы жайында.
Дурманов ұйымдастырушының әрекетін сипаттай отырып: «ұйымдастырушы басқа кінәлі адамдардың қолымен қылмыс құрамын орындаған адам деп қарастыруымыз керек» -деді [37, 18 б.].
Ал, Трайнин
болса: «ұйымдастырушының нақты
рөлі қылмыстық сыбайластық қорудан,
оған мүшелерді тартудан, қылмыстық
жоспар жасаудан және қылмыс жасауды
басқарудан көрінеді»-деп тұжырымдады.
Бұл анықтаманың басты
Кригердің пікірінше «ұйымдастырушы болып қылмыстық сыбайластық немесе шайка құрған немесе олардың әрекеттеріне басшылық жасаған, сондай-ақ жекелеген қылмыстарды дайындап және оны жүзеге асыруға басшылық жасаған адам саналады».
Осы анықтамаға қарсылық көрсете отырып Бурчак өз ойын: «Қылмыстық сыбайластық ұйымдастырған адамның әрекеті Ерекше бөлімнің белгілі бір баптарында көрсетілген қылмыс болып саналатын әрекеттерге жатады, сондықтан қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігін анықтайтын бапта ұйымдастырушы туралы айтудың қажеті жоқ»- деп дәлелдейді.
Ұйымдастырушының
ұйымдасқан қылмыстық топты немесе
қылмыстық қаумдастықты (қылмыстық
ұйымды) құру және оны басқару әрекеті
үшін жауапкершілік Қазақстан
Кезінде осы бапты Қылмыстық кодекске енгізу туралы пікірге Галыерин қарсылық білдірген еді. «Бұл ұсыныс қылмыстық құқықтың кез-келген қылмысқа қатысушылардың өздері бірлесіп жасаған нақты қылмысы үшін жауап беру принципін жоққа шығарадың».
Ұйымдастырушы қылмыстың инициаторы ретінде қылмыстық әрекетке басқа адамдарды тартқанда айдап салушы ретінде әрекет етеді. Көп жағдайда мұндай айдап салушы қылмысқа қатысушыларды тартқаннан кейін, қылмыстың объективтік жағын жасауға тікелей қатысады. Бұл жағдайда ол қылмыстық жауапкершілікке орындаушы ретінде тартылып, оның айдап салушылық әрекетін сот жаза мөлшерін тағайындағанда ескеруі тиіс. Бірақ, мұндай айдап салушының әрекеті жай айдап салушының әрекетінен әлдеқайда қауіптілігіне қарамастан ол ұйымдастырушы болып табылмайды [38, 39 б.].
Ұйымдастырушы болу үшін басқа адамдардың қылмыс жасауға ниетін тудырып қана қоймай немесе қылмысты жүзеге асыруға тікелей қатысып қана қоймай басқа да әрекеттер жасауға тиіс. Заңда көрсетілгендей ұйымдастырушы, қылмыс жасауды үйымдастыруы тиіс, яғни жоспарын жасау, қылмысқа қатысатындардың әрқайсысының орнын көрсету немесе тіпті бір орындаушының рөлін нақты көрсетеді. Басқаша айтқанда, үйымдастырушы орындаушының қылмыс жасауға ниетін тудырып қана қоймай, ол үшін ойлап әрекет жоспарын дайындауы тиіс. Бұл жерде ұйымдастырушының орындаушылық қызметін жүзеге асыруға қатыспауы да мүмкін.
Кейбір
ғалымдар ұйымдастырушы мен айдап
салушы түсініктерін ажыратады. Бурчактың
пікірінше айдап салушының
Бірнеше
адамның бірлесіп жасаған қылмыстық
әрекетінің басшы бола отырып, ұйымдастырушы
қатардағы қатысушылар жасайтын
әрекеттердін, сипаты туралы білуі
тиіс. Ұйымдастырушыға өзі құрған
қылмыстық топтың құрамы белгілі, оның
әрбір мүшесімен тікелей немесе
басқа адамдар арқылы байланыс жасап
тұрады және қылмыстық ниетті жүзеге
асыру кезінде қатысушылар
Қылмыстық сыбайластық немесе ұйымдасқан топ құру кезінде және олардың әрекеттеріне басшылық жасауда ұйымдастырушы құпиялық сақтау мақсатында немесе қылмыстық топ мүшелерінің көп болуына байланысты қатардағы қатысушыларды тікелей білмеуі, олар жасаған нақты қылмыстар туралы білмеуі мүмкін, бірақ, ол қылмыстық сыбайластықтың немесе ұйымдасқан топ құрамын, құрылысын, байланыс нысандарын, жекелеген мүшелердің қылмыстық әрекеттерін, нысандары мен тәсілдерін, олар жасайтын қылмыстардың сипаттамасын білуі тиіс. Ұйымдастырушы қылмыстық сыбайластық не қылмыстық топтың шын мәніндегі басшысы болса, ол осы мәселелер туралы білмеуі мүмкін емес.
Қылмысты ұйымдастырушының жауапкершілігі туралы айта отырып, оның әрекетін саралау мәселесіне тоқтау керек. Кей криминалистердің пікірінше ұйымдастырушының әрекетін орындаушының әрекеті сияқты тек Ерекше бөлімнің баптарымен саралау керек дейді.
Бірақ, Бурчак
бүл пікірге қарсылық көрсете
отырып, бұл көз қарасты бұрынғы
сот тәжірибесіне тән деп есептейді,
яғни қылмысты ұйымдастырушыны
Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің
Жалпы бөлімінде
Қылмыстық
ұйымдастырушының әрекетін Ерекше бөлімнің
баптарымен саралауды қолдаушылардың
пікірінше ұйымдастырушы
Ал ұйымдастырушы
Ерекше бөлімнің нақты бір бабында
көрсетілген қылмыстың
Сыртқы,
объективті белгілерден басқа
Ұйымдастырушының ниеті қылмысқа қатысушылықтың әртүрлі нысандарында және жасалған қылмыстардың сипатының алуан түрлілігіне байланысты бірдей бола бермейді. Ұйымдастырушылық әрекеті үшін айыптауға кінәлі адам кімді басқарғанын және өзі басқарған адамдардың қандай қылмыстар жасағанын білгендігін дәлелдеу керек [39, 51 б.].
Қылмысты орындаушы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Қылмысқа қатысушылық тарихы жағынан біртұтас және біртектес түсінік болып отырып, алғашқыда қылмысқа қатысушы болып, белгілі бір нысанда қылмысқа жанасқан кез-келген адам саналады. Уақыт өте келе қылмысқа қатысушылық институты нақты белгілерге ие болып, қылмысқа қатысушылардың жекелеген түрлері анықтала бастады.
Қылмысқа
қатысушылардың жауаптылығынын, объективті
және субъективті (себептілік және кінәлілік)
негіздері болады. Осы мағынада қылмысқа
қатысушылар өзара тең. Бірақ
бұдан қатысушылардың теңдігі туралы
тұжырым жасау-екі түсінікті
Қылмысқа
қатысушылық кезінде жекелеген
қатысушылардың мінез-құлқының
Бірлесіп қылмыс жасайтын адамдардың әрекеттерінің объективті жағы қылмысқа қатысушылықты түрлерге бөлудің негізі болып табылады. Сондықтан, қылмыстық құқық, қылмыс пен қылмыскердің қауіптілік дәрежесін шешуші факті ретінде адамның ішкі ойларын емес, белгілі бір қылмыстық құрамның белгілері бар адамның іс әрекетін айтады. Осыған байланысты бірнеше адамның қылмыс жасауы кезінде қылмысқа қатысушылықтың және қатысушылардың нақты түрлерін көрсету керек. Осындай бөлудің негізінде ең алдымен белгілі бір қылмысқа қатысқан адамдардың сипаты рөлімен қатысу дәрежесі жатыр.
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы