Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
«Қылмысқа қатысушылық» - деп көрсетті Трайнин,-әрбір адамның нақты орны, қызметі мен рөлі көрсетілетін бірнеше адамдардың бірлестігі. Қылмысқа қатысушыларды саралау қатысушылықтың осы ерекшелігіне байланысты, қатысушының нақты қызметін ескере отырып құрылуы тиіс. Қатысушылардың орындайтын рөлдері әртүрлі және көп болуына қарамастан, олар типтік бөлінуге жатады.
Қылмысқа қатысушыларды бөле отырып, Пионтковский қатысу дәрежесіне байланысты негізгі және қосалқы дәрежедегі қатысушылар деп бөлді. «бір жағынан,-дейді ол,-тар мағынадағы қылмысқа қатысушылық кезінде қатысушылардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесі бірдей емес. Осы айырмашылықты заң сыртқы, формальды белгілермен емес, әрбір адамның қылмыс жасау кезіндегі нақты рөлін анықтаумен байланыстырады. Осы айтылғандарға байланысты профессор А.А.Пионтковский негізгі және қосалқы дәрежедегі кінәлілерді бөлу негізі ретінде кінә дәрежесін көрсетеді.
Бірқатар
қылмыстардың
Қазіргі
уақытта қылмыстық құқықпен тәжірибеде
қылмысқа қатысушыларды орындаушы,
ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші
деп саралау қолданылады. Мұндай
саралау қылмысқа қатысушылардың әрекетінің
сипатын, рөлімен қылмысқа қатысу дәрежесін
дұрыс бағалауға мүмкіндік
Объективті негіздерге сүйенген осы топтастыру заң, жүзінде әрбір қатысушының әрекетінің белгілерін көрсетуге мүмкіндік беріп, қылмысқа қатысушылық үшін жауапкершілік және әрбір қатысушыға әділ жаза тағайындау мәселесінде заңдылықты қамтамасыз етеді.
Қылмысқа қатысушылардың түрлері туралы айта отырып, нақты бір қылмыстарда өзінің орындайтын рөліне байланысты қылмысқа қатысушылардың бір ерекшелігі туралы айта кету керек. Бұл ерекшелік яғни, қылмыс инициаторы, көмектесушіден басқа қатысушыларға тән. Орындаушы мен көмектесуші жасайтын қылмыстарда инициатор, сөзсіз орындаушы болады. Айдап салушы әрекет ететін қылмыстарда инициатор айдап салушы болады. Қылмысты ұйымдастырушы айдап салушымен орындаушы сияқты инициатор болуы мүмкін.
Көптеген авторлар қылмысқа қатысушыларды бөлу тар мағынадағы, яғни, орындайтын рөлдерді бөлісу арқылы қатысушылыққа тән деп есептейді. Бұл авторлардың пікірінше бірге орындаушылықта жеке қатысушылардың әрекетінің сипатын, рөлімен қылмысқа қатысу дәрежесін қараудың қажеті жоқ, өйткені бірге орындаушылардың әрекеттері біртектес қылмыс құрамын тікелей орындаумен байланысты. Бұл пікірмен Гришаев пен Кригер келіспейді. Олардың тұжырымдауынша қылмысқа қатысушыларды ажырату тек тар мағынадағы қатысушылықты ғана емес, сонымен бірге жалпы қатысушылықта да болуы тиіс [12, 83 б.].
Бірге қылмыс
жасаған адамдардың бір бөлігі қылмыс
құрамының объективтік жағын
тікелей орындауға қатыспаса, мұндай
адамдар ешбір жағдайда да орындаушы
(бірге орындаушы) болып табылмайды.
Керісінше, қылмыс жасаған адамдар
бірігіп ұйымдастырушының немесе айдап
салушының немесе көмектесушінің әрекетін
орындап, сонан соң бұдан басқа
Ерекше бөлімнің белгілі бір бабында
қарастырылған қылмыстың
Әрбір қылмысты
орындаушының рөлі маңызды орын алады:
айдап салушы мен көмектесушінің
қылмыстық ниетінің нәтижесі орындаушының
қаншалықты дәрежеде қылмыс жасауына
байланысты. Бұл жағдайда қылмыстық
құқық теориясында акцессорлық
принцип деген терминмен
«Акцессорлық концепцияның мәні-қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігінің ерекше шарттары мен нысандары орындаушы қылмыс құрамын жүзеге асырғанда ғана мүмкін болады. Қылмысқа қатысушылардың ортақ жауапкершілігінің негізі болып қылмысқа қатысушы адамдардың әрекеттерінің біртұтастығы алынады. Бұл біртұтастықтың қозғаушы күші-орындаушы, өйткені ол қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып табылатын қылмыс құрамын жүзеге асыратын тұлға. Егер бұл қозғаушы күш болмаса, қылмысқа қатысушылық та жоқ. Қылмысқа қатысушылықтың акцессорлық табиғаты осы, әрі ол дұрыс»[12, 83 б.]. Шын мәнінде орындаушы болмаса, қылмысқа қатысушылық та жоқ, сондықтан қылмыстық құрамда жоқ. Демек, қылмысқа қатысушылардың басқа біреуі болмаса, қылмысқа қатысушылық болуы мүмкін, бірақ орындаушы болмаса қылмысқа қатысушылық та жоқ. Олай болса қылмысқа қатысушылық өзінің мәні бойынша акцессорлы ол орындаушының әрекетіне тәуелді. Акцессорлық концепциямен Трайнин келіспейді. «Орындаушы кісі өлтіруге оқталып, бірақ өлтірмесе аяқталған кісі өлтіру үшін айдап салушы мен көмектесуші жауап бермейді, - дейді Трайнин,- бірақ орындаушы қылмыс жасаудан бас тартқанда немесе жеке басының ерекшеліктеріне байланысты жазадан босатылған жағдайда басқа қатысушылар жауапқа тартыла береді. Қылмысты жалғыз орындаушы жасайды деп санауға болмайды, қылмысты қатысушылардың бәрі жасайды. Олардың бірі Ерекше бөлімде қарастырылған қылмыстық әрекеттерді тікелей орындаса, екіншілері (айдап салушы, көмектесуші) басқа функцияларды атқарады. Трайнин орындаушыны «қылмыстың тікелей авторы» деп атайды. Осы анықтамаға байланысты орындаушы болу үшін қылмысты міндетті түрде өз қолымен тікелей орындау керек деген қате пікір туындауы мүмкін. Бұл дұрыс емес өйткені орындаушы басқа адамның көмегін пайдаланып, сол арқылы қылмыс жасауы мүмкін. Бұл жағдайда өз қолымен орындаушылық болмаса да, өз еркін орындатып отырған адам орындаушы болып табылады. Қылмысты басқа адамдардың қолымен жасау түсінігі қылмыстық қол сұғушылықтын, объективтік жағын кінәлі емес немесе осындай әрекетті абайсызда жасаған адамның қолымен жасауды білдіреді. Қылмысты басқа адамдар арқылы орындаушы қылмыс құралы ретінде жасы толмаған адамды немес есі дұрыс емес адамды, сонымен қатар қылмыстық жауаптылықтан босатуға мүмкіндік беретін жағдайда қылмыс істеген немесе абайсыздық үшін жауаптылыққа тартылатын адамды қолдануы мүмкін. Мысалы, егер адамды алдау арқылы ауру адамға дәрі бер деп у беретін болса, алдаған адам орындаушы болып, алданған адам егер берілген препараттың дәрі ретінде жарамайтындығын білуге тиіс болса немесе мүмкіндігі болса, абайсызда кісіні қазаға үшыратқаны үшін жауап береді. Сыртқы белгі бойынша - ортақ зиян келтірудегі екі адамның өзара әрекеті - басқа адамдар арқылы қылмыс жасау қылмысқа қатысушылыққа ұқсас. Басқа белгілері бойынша ол қылмысқа қатысушылыққа мүлдем ұқсамайды. Басқа адамдардың қылмыстық ниетін жүзеге асырудағы құрал ретінде адамдардың әрекеттері, олардың еркін, ниетін білдірмейді немесе олардың қоғамға қауіпті емес әрекеттерін қамтиды. Ішкі мазмұны, яғни, субъективтік жағы бойынша қылмыстың құралы болып отырған адам өзінің әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін сезбейді немесе қылмыстық салдардың келуін тілемейді немесе оған жол бермейді, демек психикалық қатынас бойынша қылмысқа қатысушылар қатарына кірмейді. Осы жағдайда орындаушы болып өзінің қылмыстық ниетін басқа адамдардың қолымен жүзеге асырған адам табылуы тиіс. Басқа сөздермен айтқанда өзара әрекет етуші екі адамның бірі екіншісінің қолындағы қылмыстық ниетін жүзеге асырудағы құралы болса-қылмысқа қатысушылық жоқ деп саналады [42, 67 б.].
Екі не оданда көп қылмысқа қатысушылар қылмыстық құралы ретінде үшінші адамды немесе кінәлі емес адамды (жасының толмауына немесе есінің дұрыс еместігіне байланысты) немесе абайсызда әрекет еткен адамды қолданса жағдай басқаша болады. Егер екі адам жасы толмаған жасөспірім баланы бөтеннің мүлкін ұрлауға көндірсе онда оларды бірлесіп басқа адам арқылы қылмыс жасаушылар, яғни, бірге орындаушылар деп тану керек. Егер қылмысқа қатысушылыардың бірі екіншісін ұрлыққа айдап салса, ал ол ниетін жүзеге асыруға жас өспірім баланы көндірсе, басқа адам арқылы қылмыс жасаушы ретінде тек екінші қатысушы жатады.
Кейбір
қылмыстарды тікелей
Қылмыстық кодекстің арнайы субъектілі қылмыстар туралы нормалары мемлекетті, қоғамды, азаматтарды тек ерекше құқықтары мен міндеттері бар адамдар ғана жасай алатын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды көздейді. Басқа адамдар қылмыстық заңның осы нормаларды қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіре алмайды, олар тек қылмысқа қатысушылықтың басқа рөлдерін орындай отырып, орындаушыға көмектесе алады. Арнайы субъектілі қылмыстарға қатысушылық үшін жауапкершіліктің, шектелуінің мәні сол, орындаушы ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше баптарында көрсетілген арнайы адамдар ғана танылады, ал қатысушылар ретінде (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші) қылмыстық жауаптылық жасына толған есі дұрыс кезкелген адам жауаптылыққа тартылады.
Егер адам арнайы субъектіні талап ететін қылмыс құрамының бірі үшін жауаптылыққа тартылып, оның арнайы субъект белгілері болмаса, ол адам белгілі бір қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді жасаған күннің өзінде де мұндай қылмыстың, орындаушысы болып табылмайды.
Қоғамға қауіпті зардаптар келтірген адамның тек арнайы субъект белгілері ғана емес, сонымен бірге жалпы субъект болып табылуға қажетті белгілері болмаса (жасы толмаған; есі дұрыс емес), ол адам қоғамға қауіпті зардаптарды ешкімнің көмегінсіз келтірсе, мұндай адам орындаушы болып табылмайды, өйткені бұл қылмыстардың субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қорыта
айтқанда, қылмыстың орындаушысы
болып, Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің нақты бабында
Қылмысқа айдап салушы. Қылмысқа қатысушылардың арасында айдап салушы-сыртқы көзге елеусіз тұлға. Оның әрекетінің қауіптілігі белсенділігімен емес, психикасы тұрақсыз адамдарға әсер ету дәрежесімен сипатталады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 бабының 4 бөлігіне сәйкес, басқа адамдарды азғыру сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Трайнин айдап салушы жайында айта отырып, былай деді: «Айдап салушы қылмыстың интеллектуалды авторы. Ол қылмысты жүзеге асыруға тікелей қатыспайды, оның рөлі «таза»: өзі шетте қалуға тырыса отырып, айдап салушы қылмысқа басқа адамды итермелейді».
Заңда көрсетілген қылмыс жасауға «көндірудің мәнін «басқа адамның белгілі бір қылмыс жасауға шешімін тудыру» деп түсінуге болады.
Айдап салушының қылмыс құрамын орындауға қатысуы оны айдап салушы деп табуға кедергі болмайды. Бұл жағдайда айдап салушы бір мезгілде бірге орындаушы, кей кездерде бұл айдап салушының әрекетін саралауға әсер етеді.
Айдап салушының кінәсі барлық уақытта қасақаналықпен көрінеді, яғни, айдап салушы болып өзі көндірген адам жасаған қылмыс сипатын түсінетін, бірлесіп жасаған қылмыстық зардаптарды алдын ала болжаған және олардың келуін тілеген (немесе оған саналы түрде жол берген) адам айыпталады. Айдап салушының кінәсі көп жағдайда тікелей қасақаналыққа тән.
Басқа адамдарды қылмысқа тарта отырып, айдап салушы өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыруға ұмтылады, сондықтан, қылмыстық зардаптың келуін тілейді. Бірақ, бұл айдап салушының жанама қасақаналықпен әрекет етуін жоққа шығармайды [43, 82 б.]. Осыған байланысты айдап салушының әрекетінің басқа қатысушылардың әрекеттерінен айыратын белгісі айдап салушы қылмыстық ниеттің тууына себепкер бола отырып, басқа адамның қылмыс жасауға ниетін тудыруында.
Заңда айдап салушылықтың жалпы түсінігі ғана көрсетілгендіктен қылмыстық құқық теориясы қандай адамды айдап салушы деп табуды көрсетумен қатар, айдап салушылық кезінде қолданатын нақты құрал тәсілдері де көрсетілуі тиіс. Әрине, қүрал тәсілдерінің бәрін, сондай-ақ осындай құралдардың ғылыми топтарын көрсету мүмкін емес, өйткені кейбір құралдар белгілі бір жағдайда нақты адамды қылмыс жасауға көндіруге жеткілікті болса, дәл сол құрал басқа жағдайда басқа адамға әсер етпеуі мүмкін. Профессор Ковалев дұрыс көрсеткендей: «адамды оның еркіне қарсы жағымсыз әрекеттер жасауға көндіру» кезінде кейде өте қатал құралдар қолданылады. Бірақ олар адамның тұрақтылығымен міз бақпас еркіне қақтығысып қирайды. Ал кей жағдайларда жай ғана көздің қозғалысы айтылған сөз адамның өте ауыр зардаптар тудыратын әрекетке келісуіне жеткілікті болып табылады.
Бірақ қандайда болмасын құралдар адамның қателесуіне соғуы немесе еркіне қарсы болуы тиіс емес, оның ниетін тудыруы, яғни ең болмағанда белгілі бір қылмыс жасауға саналы түрде шешім қабылдауға көндіруі тиіс [44, 42 б.].
Кеңестік заң әдебиетінде айдап салушы қолданатын құрал тәсілдерінің толығырақ тізімін Ковалев берді: сатып алу, өтініш, тапсырма, сендіру және көндіру, бұйрық, күштеу және алдау, мәжбүрлеу.
Бұлардың ішінде адамның психикасына қатты әсер ететін мәжбүрлеу мен қорқыту десек те болады. Көп жағдайларда бұл тәсілдер психикасы тұрақсыз адамдардың санасында қылмыс жасауға итермелейтін ниеттердің пайда болуына соғады. Мінезі бос, өзімшіл немесе қорқақ адамдарды қорқыту немесе мәжбүрлеу өз мүддесін құтқару үшін заң қорғайтын басқа мүдделерге зиян келтіруге ниетін тудыруы мүмкін.
Айдап салушының
тиімді тәсілдерінің бірі болып бұйрық
та саналады. Бірақ бұл тәсіл тек
қызмет бабы бойынша бағынышты адамдарға
қолданылуы мүмкін. Бұйрықтың орындалуы
міндетті және бастықтың беделіне қарап
орындайтын түрлері болады. Орындалуы
міндетті бұйрықтарда қылмысты бұйрықты
орындаған қызмет бабы бойынша бағынышты
адамдар жауаптылықтан
Мәжбүрлеу,
қорқыту, бүйрық беру айдап салушылықтың
тиімді тәсілдері деген тұжырымнан
олар кең тараған деген пікір
туындамауы тиіс. Айдап салушы тиімділігі
төменірек, бірақ қолданылуы оңай тәсілдерді
де қолданады әрі бұл тәсілдер
айдап салушының елеусіз
Сендіру
айдап салушының орындаушыға
немесе көмектесушіге олардың
Айдап салушылықтың бір тәсілі ретінде сендірудің өзіне тән белгісі айдап салушының сырт көзге қарағанда қылмысқа мүдделі болмауы. Орындаушының психикасына әсер ете отырып айдап салушының белгілі бір әрекеттерді жасау қажеттілігіне, осы әрекеттерді жасау орындаушының мүддесіне сай келетіндігіне орындаушыны сендіруге ұмтылады, сендірудің ерекшелігі осында.
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы