Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.

Работа содержит 1 файл

кылмыскер тулгасы дипломка.doc

— 464.00 Кб (Скачать)

       Қазіргі   криминологиялық    зерттеулер   нәтижелері   қылмыстық   мінез  -   құлықтың   спецификалық   ниетін   бекітуге   мүмкіндік   бермейді.   Қылмыстық   ниеттердің   барлығы   ондай   әрекетке   итермелемеуі   мүмкін.   Оның   бәрі   мақсатқа   жету   жолы   мен   құралын   таңдауын   алдын   ала   анықтайтын   тұлғаның   өнегелік   сипатына   байланысты.

        Қылмыскер   типінің    жеке   түрлерін   мысалы   жеке   басының   баюуы    ниетіндегіні   жіктеп    көрсету    маңызды.   Алайда,   материалдық   жетістігін   көтеру   құқыққа   қайшы   емес,   бұл   жерде   бастысы   оның   бұл   мақсат   үшін   қандай   жол   таңдауында   жатыр.   Тұлғаның   мұндай   типі   пайдакүнемдік   деп   аталады,   бірақ   бұл   өнегелік   баға.

       Осылайша,   қылмыскерлер   арасында   мотивациялық   критерий   бойынша   келесі   типтер   бөлініп   көрсетіледі:   пайдакүнемдік,   престиждік,   күштеу   және   сексуалды   тип.

        Мұндай   жіктеу   шартты   сипатқа    ие.   Бұлардан   басқа   типтер   де   жіктелуі   мүмкін.   Қылмыскерлердің    мұндай   типологиясында   қылмыс   жасау   ниеті   маңызды   болып   табылады.    Бірақ,   жалғыз   ғана   белгі   емес.   Бұлардан   типологиясы   қоғамға   бағытталуына   да   негізделуі   мүмкін.   Осыған   байланысты   типтеудегі    топтарды   ашып   көрсетеміз:

  • әлеуметтік   және   қоғамдық,   отбасылық   қызметтік   нұсқаулар   мен   нормаларға   индивидуалистік   көзқарас;   әскери   қылмыстар,   әділеттікке   қарсы   қылмыстар;
  • пайдакүнемдік   және   меншіктік   тенденциялы,   заттық   және   меншік   құқықтың   барлық   түрін   мойындамау;   ұрлық,   тонау,   алаяқтық;
  • тұлғаға   және   оның   маңызды   құндылықтарына:   өміріне,   денсаулығына,   ар   -   ожданына   негативті   үсті   қарау;   адам   өлтіру,   дене   жарақаты,   зорлау   бұзақылық   қылмыстары;
  • орныққан   әлеуметтік   құндылықтарға   және   қарым   -   қатынастарға   жауапсыз   мән   бермей   қарау;  

    абайсыз   қылмыстары.

             Қылмыскерлердің    қоғамға   қауіптілігіне   байланысты   типтеу:

  • аса   қауіпті   қылмыскерлер   (белсенді   қоғамға   қарсы);  
  • десоциализацияланған   қауіпті   қылмыскерлер   (бәсен   ассоциалды);
  • тұрақсыз   қылмыскерлер   ---   тұрақты   қоғамға   қайшы   ұстанымдарының   әсерінен   қылмыс   жасаушылар;   егер   тәрбие   жұмыстарын   жүргізсе,   өз   -  өздерін   ондай   әрекеттен   алшақ   ұстаулары   мүмкін   адамдар;
  • ситуативті   қылмыскерлер   -   қоғамға   қауіптілігі   мінез   -   құлқында   аз   мөлшерде   көрініс   тапқандар,   бірақ   нақты   жағдайға   байланысты   қылмыс   жасауы   мүмкін   адамдар.

        Расында,   бұл   типтеу   шартты   түрге   ие.   Себебі,   белгілі   бір   қылмыскерді   осы   топтардың   біреуіне   жатқызуда   ойлаңбауы   мүмкін   емес.   Сондай   -   ақ   аралас   типтер   болуы   мүмкін.

        Соған   қарамастан,   мұндай   қылмыскер   тұлғасының   типтеулігі   қылмыстарды   ескерту   және   алдын   алу   шараларын   жүргізуде   өте   қажетті   болып   табылады. 

    Қылмыскер тұлғасын, жалпы қылмыскерлерді әр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады.

    а) жүргізілетін статистикалық есеп бойынша олар:

  1. әлеметтік - демографиялық белгілеріне байланысты: жынысына қарай; жасына қарай; біліміне қарай бөледі.
  2. әлеуметтік жағдайы мен айналысатын ісіне қарай: жұмысшылар, қызметкерлер, оқушылар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер т.б.
  3. тұрғылықты жері мен тұратын уақытана қарай: ауыл, қала тұрғыны, босқын, мигрант, переселен т.б.
  4. қылмыстық әрекетінің қарқыныдылығы мен сипатына қарай: қайталанған, рецидив (арнайы, аса қауіпті); топта, ұйымдасқан топта қылмыс жасаушы.
  5. қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай-күйіне қарай: мас күйінде, есірткі қабылдап қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады.

     

    ә) тұлғалық-мотивациялық қасиеттеріне қарай:

  1. аса қауіпті қылмыскерлер;
  2. зорлықшыл қылмыскерлер;
  3. пайдакүнем қылмыскерлер;
  4. нәпсіқұмар қылмыскерлер;
  5. қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыскерлер;
  6. абайсызда қылмыс жасаушылар.
 

    б) Жасаған қылмысының түріне қарай: 1) ұрылар; 2) қарақшылар; 3) кісі өлтіргіштер; 4) алаяқтар т.б. деп топтауға болады. Ал олардың өзі де ары қарай бөлшектене алады. Мысалға, ұрылардың өзін де жеке қасиеттері мен ''мамандығына'' қарай былай деп бөледі:

  1. ''Медвежатниктер''- сейфті не өзге құлыпты ашып ақша ұрлайтындар;
  2. ''Қалташылар'' - қалтаға, сөмкеге т.б. түсіп мүлік ұрлайтындар;
  3. ''Үйшілер'' - пәтерлерге, үйлерге заңсыз кіре отырып ұрлайтындар;
  4. ''Дүкеншілер'' - дүкендерге түсетіндер;
  5. ''Айдаушылар'' немесе ''Қуып кетушілер'' - автокөлікті талан-тараждау мақсатында айдап кетумен айналысатындар;
  6. ''Клюквеншілер'' - антиквариат болып табылатын құнды заттарды ұрлаушылар және тағы да басқалар.
  7. Осыларға біздің ''Барымташыларды'' да (мал айдап кетушілер) қосуға болады.

    Мал ұрлаудың да ''өнері'' сан-қилы. Мысалға, сиырды жеңіл автокөлікке мінгізіп те ұрлайтындар бар. Жигулидің ішінде сиыр кетіп бара жатыр деп ешкім  де ойламайды. Оны жасау жолы - сиырдың  тілінен қысқашпен қысып қайда жетектесе де жүре береді екен. Не болмаса, кез-келген мүйіз зат ыстыққа балқығыш болатыны айқын. Осыны пайдаланып ұрлап әкелген сиырдың мүйіздеріне жаңа піскен ыстық нанды ''кигізіп'', біраздан соң, мүйіздің өсу бағытын өзгертіп тастай алатындар бар деген сөз бар. Иесі қанша қуып келсе де, сиырының мүйізінің мезетте ''прическасы'' өзгеріп кете қояды дегенге сенбейді. Осы жерде ұрылардың мықты психолог болатынын да ескерген жөн. Мысалға, бір ұры арбаның бетін жауып алып құрылыс ауласынан шығып бара жатқан жерінен ұсталыпты, жапқышын ашып қараса, ештеңе жоқ. Келесіде де тағы осылай ұсталыпты, ұры екеніні білетін адамдар арбаның бетін ашып көрсе, тағы да ештеңе жоқ. Тағы да бір рет осылай қайталаныпты, сөйтсе, ол арба ұрлап жүр екен. Арбаның бетіп жауып бара жатқан соң, адамның назары арбаға емес, оның ішіндегі затқа ауады. Не болмаса, дәл осындай психологиялық трюк ертеректегі ет комбинаттарынан қой ұрлағанда болған. Мысалға, түнгілік ет комбинатына сойылуға келіп тұрған қойлардың бірінің аяғын байлап, үш аяқты мотоциклдің жапсарындағы арбасына салып, басын ғана шығарады да, қалған бөлшегін орап тастайды. Және жәй ғана басын шығармай, оған каска кигізіп қояды. Ешқандай да МАИ қызметкері қойды каска киіп бара жатыр деп ойламайды және түнгі жарық алдамшы екенін ескеру керек.

    Қылмыскердің  тұлғасын анықтауда, топтауда ескертуге  тұрарлық жәйт, ол - оның ұрлыққа әуестігінен  туындаған психологиялық тәуелділігі. Ондай тәуелділікті - клептомания  деп атайды, яғн ұрламаса, тұра алмайтын жағдай. Оған ұрлаған заты қажет емес, тек ұрлау процесі ләззәт береді. Ел арасында өмір бойы барымтамен айналысып, қолдан күші кетіп, жүруден қалған ұрының, өзіне қажет емес кемпірінің пышағын, сарайдағы етті ''ұрлап'' алып кемпірін зар қақсататын шалдар туралы да аңыз іспеттес оқиғалар кездеседі.

    ''Қалташылар'' қылмыс жасау тәсіліне қарай  былайша топтастырылады:

    а) ''технарлар'' - арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, киімді, сөмкелерді, портфельдерді кесу арқылы ұрлық  жасайтындар;

    ә) ''ширмачтар'' немесе ''қалқаншылар'' - әртүрлі заттармен (сөмке, гүл шоғы, киім) қолды көрсетпей қалқалап тұрып ұрлық жасайтындар;

    б) ''балықшылар'' - ұрлықты арнайы дайындалған  ілгешектердің көмегімен жасайтындар,

    в) ''хирургтар'' - пинцеттің көмегімен, әсіресе қол жетпейтін қиын жерлерде ұрлық жасайтындар;

    г) ''шымшуырлар'' - арнайы егелген монетаның  көмегімен сөмкелерді тіліп ұрлайтындар;

    д) ''сілкушілер'' немесе ''сырғытушылар'' - мылқаулардың арасында көп тараған  бір затты нақты дәл қимылымен  итеріп жіберу арқылы ұрлайтындар. Мысалға, кеңестік мемлекетте ет комбинаттарында бақылаушының көзін ала беріп, тез ет кесіп алып, басқа жерде арнайы дайындалып қойған полиэтилен пакетіне не қапшыққа дәл лақтыру жолымен ет ұрлайтындар болған.

    ж) ''сөмкешілер'' - арнайы құралдарсыз-ақ сөмкелерден зат ұрлайтындар. 

    в) тұлғаның криминогендік  асқыну дәрежесіне қарай:

  1. ''кездейсоқ қылмыскерлер'' - алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағандар;
  2. ''ситуативтік қылмыскерлер'' - сыртқы жағымсыз жағдайлардың ықпалымен алғаш рет ауыр қылмыс жасағандар;
  3. ''тұрақсыз қылмыскерлер'' - алғаш рет қылмыс, бірақ бұған дейін өзге құқық бұзушылық жасағандар;
  4. ''кәнігі қылмыскерлер'' - бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап, бұрын сотталғандар;
  5. ''аса қауіпті қылмыскерлер'' - бірнеше рет қасақана ауыр қылмыс жасағандар.
 

    г) тұлғаның әлеуметтік бағытына қарай:

  1. Кәсіпқой тип - өте қауіпті, қоғамға кері бағытта. Ерекшеліктері: құқықтық нигилизм, мәдениеттің төмендігі, қоғамқа қарсы бағыты және криминогендік ситуацияны өзі жасайтындығы (кәсіпқой қылмыскерлер, аса қауіпті рецидивистер).
  2. Әдеттегі тип - әлеуметтік-психологиялық қасиеттері тұрақсыз  және қайшылыққа толы, жақсы мен жаманның, болатын мен болмайтынның арасын толық ажыратпаған, криминогендік ситуацияны өзі жасамайды, тек нақты өмірдегі ситуацияны пайдаланады.
  3. Тұрақсыз тип - негативтік және позитивтік қасиеттері теке-тірес келетін қылмыскер.
  4. Салақ тип - позитивтік бағыты басым, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға салақтықпен қарайды. Қауіпті емес  қасақана немесе абайсызда қылмыстар жасайды.
  5. Кездейсоқ тип - позитивтік бағытта, негативтігі жоқ, құқықтық санасы тұрақты, тек қана нақты өмірлік ситуацияға байланысты қылмыс жасайды: аффект, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру т.б.

     

    д) қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай:

  1. абсолютті қауіпті - серриялық кісі өлтіруші, соның ішінде, жалданып немесе жыныстық, не бірнеше адамды қатар өлтіруші.
  2. аса қауіпті - конфликтілік жағдайларда кісі өлтіруші, көп уақыт пайдакүнемдікпен қылмыс жасаушы. Бұған қылмыстық ұйымдардың басшылары да кіреді.
  3. қауіпті - жеке адамға не қоғамдық тәртіпті бұза отырып, меншікке қарсы қылмыстар жасаушы, бірақ адам өміріне қарсы қылмыстарды емес.
  4. қауіптілігі болымсыз - басқа қылмыскерлер.18
 

       Адамның  мұқтаждық – сылтаулық өрісін және санасының құндылық – нормативтік сипаттамаларын зерделеу.

        Мұқтаждық – адамның ойлау және  іс  қимыл белсенділігінің көзі,  ол  оның  табиғи  қасиеттерін де  көрсетеді ( тағамға,  киімге,  ұйқыға,  және т.б. мұқтаждық ), кейде   олар  «әлеуметтік рең»  алады немесе  оларда  қоғамда қалыптасқан таза әлеуметтік  сипаттамалар  болады.

        Мұқтаждықтың  бұл   жүйесінде   адамның  өзін-өзі   аяққа  тұрғызуға,  өзін  көрсетуге,  білімге  және  шығармашылық  қызметке  ұмтылуын  есептен   шығаруға  болмайды,  себебі  олар  қылмыстық   іс  қимылда   жиі  көрініс  табады.

        Мүдделер  немесе  мұқтаждықтың  эмоционалдық  бояуы,  көбіне,  адамның  құндылық  бағдарлар  жүйесіне,  оның  санасының   өзге  де  мазмұндық   сипаттамаларына   байланысты.

        «Адамның  жеке  басының  сылтаулық   өрісі»  дегеніміз  «оның  өмір  бойы  қалыптасып  дамыған  сылтауларының  жиынтығы».  Кейбір  авторлар  сылтаулар  мен  мақсаттардың жиынтығы  туралы  айтуға  болады  дейді.

        Қылмыстық  іс  қимылдар  мен   қылмыскерліктің   негізінде   жатқан  мына  негізгі   сылтаулар   бөлініп  алынады:

  1. қоғамдық - саяси: мемлекет  пен қоғамды басқару тетігі,  сол басқаруға қатысу,  оған  ықпал ету және  т.б.;
  2. әлеуметтік – экономикалық: а) «абсолюттік», яғни  өмір  үшін ең  қажетті мұқтаждықтарды  қанағаттандыру;

    ә) халықтың  әлеуметтік-экономикалық  дифференциясынан  және  адамдардың  өз  жағдайын  төңірегіндегілердің жағдайымен  салыстырудан  туындайтын  «салыстырмалы»  мұқтаждықтарды  қанағаттандыру;  б)  сол адамның өзі не  басқа адам  бағдар  алған өз  «идеалына»  бәлендей «материалдық  стандартқа» (аса байлыққа)  немесе  «әлеуметтік стандартқа» (қоғамның «жоғарғы  табына» өту)  қол жеткізу;

Информация о работе Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі