Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.

Работа содержит 1 файл

кылмыскер тулгасы дипломка.doc

— 464.00 Кб (Скачать)

       Кейбір жағдайларда  мұндай іс әрекет  нақты бір жағдайларға  байланысты жеке  қылмыс құрамын  түзуі мүмкін.

        Көмектесуші.. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар беруімен не қылмысты жасуға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай – ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алу, немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.

       Әрине, қылмыскер тұлғасын, оның қоғамға қауіптілігін, тұлғаның өзгерістерінің деңгейін дұрыс сипаттау және бағалау үшін, ең алдымен жағымды және жағымсыз әрекеттерінің жасалуына жол ашатын барлық қасиеттерін, тұлғалық ерекшеліктерін обьективті түрде ескеруіміз қажет. Ендеше, біз қылмыс жасаған адамның бойынан жеке және жалпы белгілерге ие индивидті, қоғамның толық құқылы өкілін, біздің болмысымыздың, өкінішке орай, көлеңке жағын ашатын адамды көруіміз қажет.

        

     

       

 

Қорытынды 

        Сонымен,   қылмыскер    тұлғасының   мәнін   қоғамдық  қатынастар   құрайды.   Сондықтан   қылмыскер   тұлғасын   сипаттау   үшін,   ең   алдымен   оны   тұлға   ретінде   қалыптастырған   қоғамдық   қатынастарды   және   ол   субьектісі   болып   табылатын   қоғамдық   қатынастарды   айқындау   қажет.   Олай   болса   қылмыс   биологиялық   анықталған   әрекет   емес,   керісінше   әлеуметтік   әрекет,   сондықтан   да   заң   шығарушылар   ол   үшін   жауаптылық   пен   жаза   белгілейді.   Егер   бұл   олай   болмаса,   заң   адамдардың   әрекеттерін   реттей   алмаған   болар   еді.

         Қылмыскер   тұлғасының   мәні   қоғамдық   өмір   жағдайының   әсерімен   қалыптасқан   қасиеттермен,   сол   адамның    өмірлік   тарихымен,   ол   кішкентайынан   өмір   сүрген   микроортасы   арқылы   анықталады.   Қылмыскер   тұлғасы   кез   -   келген   өзге   адам   тұрғысы   сияқты   табиғи,   психофизиологиялық   қасиеттермен,   яғни   нерв   жүйесінің   түрімен,   оның   негізінде   қалыптасатын   темпераменттермен,   жас   және   жыныс   ерекшеліктермен   сипатталады.   Бұл   ерекшеліктер   адамның   динамикасына,   байланыстылығына,   реакцияның   жылдамдылығына,   нерв   процестерінің   құбылмалылығы,   тұлға   әрекетінде   олардың   байқаулы,   қозуы   және   тежелу   сияқты   қоғамдық   функцияны   орындау қабілеттігіне   әсер   етеді.   Алайда,   бұл   белгілер   барлық   қылмыскерлерді   айқындайтын,   не   болмаса   қандай   да   бір   адамды   қылмыскер   қатарына   жатқызуға   көмектесетін   белгілердің   жиынтығын   деп   есептеу   үлкен   қателік   болып   табылады.   Неге   десеңіз,   адам   тұлғасының   деформациялануы   біріңғай   түрде   жүрмейді.   Оның   үстіне   әрбір   қылмыскер   кез   келген   ақыл   есі  дұрыс   адам   сияқты   өзіндік   қайталанбастыққа  ие  тұлға.

       Қазіргі   таңда  осы   қылмыскер тұлғасын  әрі қарай дамыту,  оның  төңірегінде жатқан  мәселелерді   көтетеріп   зерттеу үшін,  қандай  да  бір институтты  құру  арқылы  келесідей ахуалдарды  шешуге  мүмкіншілік тудырады:  қылмыстардың  пайда болуына жағдай  туғызу,   қолайлы  болу  себептерін  және   жағдайларын  оқып  білу;  жекелеген  қылмыстардың  себептері  мен  жағдайлары;  қылмыспен  күресудегі  әдістер  мен  әлеуметтік  қорғау   шараларының  тиімділігін  зерттеу;  қамалған   тұлғалардың  пенитенциярлық  ықпалын,  сондай  ақ  оны  зерттеуде  әдістермен  жүйесін  жетілдіру;  жазаны  атқарудағы  шаралар   қамалған   тұлғаларға  әсер  етуі,  пенитенциярлық  жүйесін  қоса  қылмыстық  саясаттың  қарастырылатын  сұрақтарын  дамыту.

        Қылмыскер   тұлғасына    жүргізілген   психологиялық   және   әлеуметтік   зерттеулер   тынымсыз   жүру   үстінде.   Әрине,   қылмыскер   тұлғасын,   оның   қоғамға   қауіптілігін,   тұлғаның   деформациялануы   деңгейін   дұрыс   сипаттау   және   бағалау   үшін,   ең   алдымен   жағымды   және   жағымсыз   әрекеттерінің   жасалуына   жол   ашатын   барлық   қасиеттерін,   тұлғалық   ерекшеліктерін   обьективті   түрде   ескеруіміз   қажет.   Ендеше,   біз   қылмыс   жасаған   адамның   бойынан   жеке   және   жалпы   белгілерге   ие   индивидті,    қоғамның   толық   құқылы   өкілін,   біздің   болмысымыздың,   өкінішке   орай,   көлеңке   жағын   ашатын   адамды   көруіміз   қажет.

        Қылмыс   жасаған    адамды,   оның   тұлғасының   қалыптасу    процесін,   оның   әрекетіндегі   қоғамға   қарсы   бағыттылықтың   пісіп   жетілуіне   жағдай   жасайтын   ішкі   және   сыртқы   жағдайларды,   әлеуметтік   және   психологиялық   факторларды   зерттеу   ---   жеке   қылмыстық   әрекеттің   себебін   едәуір   толық   ашуға   апаратын   жолдардың   бірі   ғана   емес,   сонымен   бірге   жалпы   қылмыстылықпен   күрес   жүргізудің   бірден   бір   тиімді   жолы   болып   табылады.

        Қылмыскер   тұлғасы    қылмыс   субьектісінің    әлеуметтік  -   демографиялық,   әлеуметтік  -   рөлдік,   әлеуметтік   -   психологиялық   қасиеттерінің   жүйесі   ретінде   зерттеледі.   Қылмыскер   тұлғасына   қатысты   оның   бойындағы   әлеуметтік   және   биологиялық   ара   қатынас   қарастырылады.

        Біздің   ойымызша,   Н.С.Лейкинаның   қылмыскер   жеке   тұлғасына   барген   анықтамасы   біршама   тереңірек   және   нақтырақ   болып   табылады.   Ол   жерде   « қылмыскер   тұлғасының»   түсінігі   қасақана   қылмыс   жасаған   адамдарды   да,   сонымен   қатар    ситуациялық   алдын   ала   ойластырмаған   адамдарды   да,   және   абайсызда   қылмыс   жасаған   сдсмдарды   да   қамтиды.

        Қылмыскер   тұлғасын   қалған   басқа    адамдар   көпшілігінен   ажыратып   көрсету    құқықтық   және   әлеуметтік   (әлеуметтік   -   психологиялық)   критерийлер   негізінде   жүзеге   асырылады.   Қылмыскер   тұлғасын   тек   құқықтық   критерий   тұрғысынан   анықтау,   оны   қылмыс   жасаған   адам   ретінде   қарастырады.   Бірақ,   мұндай   тұрғыдан   қарау   тавтология   элементтерін   көрсетеді.   Қылмыскер   тұлғасының    мұндай   түсінігі   «формальды   сипатқа   ие».

         Нақты   бір    қылмыкерге   ғана  тән   қасиеттер    мен   сипаттарын   зерттеп,   оған   байланысты   оның   қылмыстық   әрекетінің   себебін   айтуға   болады,   алайда   бұл   тұрғыдан   ұылмыстың  жалпы   себептерін   анықтау   мүмкін   емес.   Сондықтан,   қылмыскердің   тұлғасын   топ   деңгейінде   және   «қылмыс   субьектісінің»   жиынтығы   ретінде   біртұтастай,  яғни   типологияны   пайдалана   отырып   зерттеу   қажет.   Мұндай   зерттеуде  жасаған   қылмысының   ұқсастығына   және   қылмыстық   әрекет   субьектісінің  жеке   қасиеттерінің   мазмұнына байланысты   қылмыскерлердің   категориялары   мен   типтері   зерттеледі.

         Қылмыскер   тұлғасын   зерттеуде   бірден   бір   күрделі   де   түбірлі   мәселелердің  бірі  болып    қылмыскер   тұлғасындағы   әлеуметтіктің   және   биолгиялықтың   арақатынасы   болып   табылады.

         Осылайша,   қылмыскердің  тұлғасы   ---  бұл адамды   және   оның   қоғамдық   өмірдің   әр   түрлі   жақтары   мен   көріністріндегі   әлеуметтік   маңызды   және   индивидуалды   белгілердің   және   басқа   да   көрсеткіштердің   белгілі   бір   жиынтығы   немесе   олардың   жүйесі   болып   табылады.    
 

                    Қолданылған  әдебиеттер  тізімі:

    1. Алауханов Е.О.  Криминология ( Қылмыстану): Оқулық. -  Алматы: - Жеті  жарғы, 2005.
    2. Алмас Жұмағали  Криминолоия ( Жалпы бөлім ) дәрістер. Алматы – 2004 
    3. Антонян Ю.М. Изучение личности преступника М., 1982.
    4. Антонян Ю.М Жестокость в нашей жизни. – М., 1995.
    5. Ведерников Н.Т. «Изучение личности преступника в процессе раследования». Автореферат канд. дис. – М., 1965.
    6. Демин М.В. Проблемы теории личности. – М.: Изд. МГУ, 1997.
    7. Джекебаев У.С. О социально – психологических аспектах преступного поведения. – Алматы, 1971.
    8. Криминология \  Под.ред Н.А. Беляева.  СП б. 1992
    9. Криминология. \  Под. ред. Долгова – М.,  1996
    10. Каиржанов Е. Криминология  (общая  часть). – Алматы. Респ. изд. кабинет. 1995.
    11. Карпец И.И. Проблема преступности. – М., 1969.
    12. Криминология \  Под. ред.  В.Н.Кудрявцева  и  В.Э.Эминова, - М.,  2000.
    13. Криминология \  Под.ред Н.А. Беляева.  СП б. 1992
    14. Кудрявцев В.Н. Право  и  поведение. – М., 1978
    15. Кузнецов А.В. Уголовнае  право  и  личность. – М., 1977
    16. Лейкина Н.С. Личность  преступника  и  уголовная            

         ответственность.  -  Л.: Изд – во  Ленингр. Ун –  та, 1968.

    1. Миндагулов А.Х.  Личность  преступника. Учебное  пособие – Алматы  2003.
    2. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030.  Процветание,  безопастность  и  улучшение  благосостояние  всех  казахстанцев.  – Алматы, 1997
    3. Сахаров А.Б. Учение  о  личности  преступника. \\ Сов. Гос – во  и  право, 1968
    4. Стручков Н.А. « Проблемы  личности  преступника »  Л., 1983  
    5. Уголовная  право  РК. Общая  часть. – Алматы: Жеті  жарғы , 1998.

Информация о работе Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі