Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.

Работа содержит 1 файл

кылмыскер тулгасы дипломка.doc

— 464.00 Кб (Скачать)
  1. роль бұл дәреженің нормативтік ережелердің жиынтығы ретінде;
  2. роль адамнан нені қажет ететіндігін ол нені орындауының түсінуі ретінде;
  3. рольдің нақты орын мен уақыт шартында шын мәнінде орындалуы.

       Криминологияда келесі  әлеуметтік – рольдік ситуациялар маңызды болып табылады:

    • мемлекеттің, «үлкен қоғамның»  нормалармен танысуға және құқық пен өнеге нормаларының талаптарына сәйкес өзін алып жүруге мүмкіндік беретін көптеген әлеуметтік дәрежелерді иеленбейді (мысалы, ол мәселені шешу жөнінде күш қолдану жолын әдет қылған және оған жол беретін, өзінің ерекше көзқарастары бар өнегеліктен жұрдай ортада болуы);
    • адам бір мезгілде екі бір – біріне қарама – қарсы мінез-құлық нормаларының байланысын талап ететін жағдайда болуы мүмкін, яғни бұл жерде әлеуметтік родер мен дәрежелер қақтығысы көрініп тұр (мысалы, қылмыстарды тіркеуден жасырмау туралы құқықтық талап және басшылықтың белгілі болған барлық қылмыстарды статистикада көрсетпеуін талап етуі);
    • адам құқыққа қайшы қылмыстық мінез – құлықты әрекетті тікелей нұсқап тұратын дәрежені иеленеді (мысалы, қылмыстық құрылымының мүшесі);
    • сәйкес әлеуметтік дәрежеде құқық нормаларын сақтауға дайын еместігі ( бұл еңбекті қорғау ережелерін бұзумен, салақтықпен ұштасады);
    • адам бір әлеуметтік дәрежені иеленеді, ал екіншісіне бағыт ұстанады;
    • орындалып жатқан және болашақта күтілетін рольдердің қарама қайшылығы.   Бұл жағдайда адамның қылмыстық мінез – құлқы орындалып жатқан роліне қарсы келуі мүмкін, бірақ референттік рольдер тұрғысынан логикалық болуы мүмкін.

          

       «Қылмыстық әрекет» термині « қылмыстық мінез – құлықтан » айырмашылығы тек белгілі бір қылмыстық әрекет жүйесінің болуының көрінісі ғана емес, сонымен қатар тұлғамен дәл осы қылмыстылыққа маңызды әлеуметтік дәрежелерінің, қылмыстық пиғылдарының іске асыру үшін шарттарының, өзін - өзі тәрбиелеу процесіндегі қасиеттердің дамуына бағытталған ізденіс мақсаты болып табылады.

       Жоғарыдағы айтылғанға байланысты қылмыскердің тұлғасына криминологиялық талдау жасаймыз. Сөзсіз қылмыскер мен қылмыскер емес тұлғасының айырмашылығы қылмыс жасау фактісі болып табылады. Ішкі деңгейде қылмыс қоғамға қайшы негативті теріс бағыттылыққа ие. Ал, сыртқы бейнесінде ол қылмыстылық әрекет болып табылатын ерекше түрдегі әрекетінің көрінісімен сипатталады.

       Айтылғаннан «қылмыскерді  қылмыскер еместің  тұлғасынан оны  негативті теріс  қылықпен ажыратылады,  оның нақты тасушысы  жеке қасиеттері, біткен қылмыстық әрекет күйіндегі сипатта және түрде көрініс тапқан, оның тереңдігі мен күшіне негізі өлшеуші болып табылатындығы» туралы қортынды жасауға болады.

Қылмыскер тұлғасындағы әлеуметтіктің  және биологиялықтың арақатынасы.

       Қылмыскер тұлғасын зерттеуде бірден – бір күрделі де түбірлі мәселелердің бірі болып қылмыскер тұлғасындағы әлеуметтіктің және биологиялықтың ара қатынас болып табылады. Ол принципиалды құқықтық және тәжірибелік мәнге ие. Оның шешіміне қылмыстылықтың себебін анықтау және онымен күрестің негізгі бағыттарын анықтау көбінде осыған байланысты. Қылмыскер тұлғасы ұғымының әртүрлі анықтамалары бар, криминологиялық ілім тұлғаны біртұтас адамның әлеуметтік сапсын білдіретін құрлым ретінде қарастырудан бастау алады. Тұлға қоғамдық қатынастар процессінде қалыптасады, яғни ол адамның әлеуметтенуінің жемісі. Оның үстіне, адамда әлеуметтік және биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасында биологиялық әлеуметтікке бағыныштылық қатынаста болады және ол «адам бейнесі» түрінде көрініс табады .Биологиялық өзінің бойында адамның генетикалық және әлеуметтік байланысын шоғырландырса, әлеуметтік тек маңызды әлеуметтік белгілерді қамтиды. Жеке тұлға ішкі жан дүние (сана) мн сыртқы (қызметтің) жиынтығы болып табылады . Жеке тұлғаның мәнін бұлай анықтау философияда бұрынан қалыптаскан. Мысалы бұл туралы 1844 жылы К.Маркстың өзі де жазған. Адамның тұлғасы оның әлеуметтік ортамен оның өмірлік қызметі байланыс арақатынасы арқылы көрініс тапқан әлеуметтік – психологиялық қасиеттер мен сапалық белгілер жүйесін білдіреді.

       «Адам» ұғымында  оның мәнінің ажырамас  әлеуметтік және  биологиялық жақтарының  біртұтастығы бекітілген. «Тұлға» ұғымына тек спецификалық әлеуметтік белгілер тән. Тұлға – бұл «адамның әлеуметтік бет бейнесі», қоғамдағы әлеуметтік даму, қалыптасып және өмір сүру процесіндегі оның болмысы. Олай болса біз, «қылмыскердің тұлғасы» деген ұғымды қолданған кезде қылмыс жасаған адамның тек «әлеуметтік бейнесі» деп түсінуіміз қажет.

       Қылмыскер тұлғасын  зерттеудің криминологиялық аспектілері мен шектері қандай? Қазіргі кезде сияқты бұрынғы кездерде де  бұл мәселе біржақты шешімін таппаған болатын. Қылмыскер тұлғасын және қылмыстылықты зерттеуде клиникалық бағыттар әлі де бар. Бірақ олар, көбінесе әлеуметтік факторды ескереді.

       Қылмыскердің тұлғасындағы  әлеуметтік пен  биологиялық біртұтастығының  арақатынасы туралы пікір талас тікелей практикаға шығады. Биологиялық факторларға басымдылық беретін авторлар, қылмыскерді зерттеу кезінде жетекші рольді психиаторға, психологияға, биологиялық әдістер мен тәсілдерді қолдануға береді. Әлеуметтік факторлардың шешуші ықпал етуін жақтаушылар мінез – құлықты түзеуге әлеуметтік бағдарламалар туралы жазады. Қазіргі уақытта тек биологиялық факторларға басымдылық беретін шекті көзқарастар артта қалды, бірақ  бірқатар гентиктер мен криминологтар генетикалық аномалиялардың адам мінез құлқына әсер ететінін дәлелдеген генетиканың соңғы жетістіктерін назардан тыс қалдырмауды ескертеді.

       60 –шы жылдардың  басында Буза мен  Пинатель лоброзиандық іліммен туған антропологиялық теорияның, яғни қылмыстылықтың тұқым қуалаушылыққа бейім екендігін көрсеткен. Мұндай бейімділік «ерекше мазмұнында» деп түсіндірді     олар. Ол кейін хромосомалармен байланыстырылды. Біз бұл мәселеге төменірек тоқталамыз. Отандық криминологияда белгілі бір дүмпу тұғызған 70 – шы жылдардағы профессор И.С.Нойдің: «Ортаға байланыссыз адамның қылмыскер немесе батыр болмауы мүмкін, тек егер ол алдын ала бағдарланған мінез – құлықтармен туылмаса» деген мақаласы болды.

       В.П.Емельянов келесі тұжырымдар жасады: «Тек экономикалық, әлеуметтік немесе биологиялық факторлардың белгілі бір құрамы қылмысқа түрткі болады... Қылмыстылық себебі – бұл  әлеуметтік және биологиялық қасиеттердің әртүрлі құбылысының синтезі...»

        Осыған байланысты И.С.Ной және В.П.Емельянов гентиктер қатарынан белсенді қолдаушылар тапқан болатын.

       Ал енді осы  мәселеге толығырақ  тоқталайық. Биологиялық  факторлар ролін  бағалау көптеген  криминологиялық  теорияларда көрініс  тапқан шекті көрсетеді.

       Зерттеулерге көз жүгіртсек қылмыскерлердің арасында, соның ішінде күштеу-зорлық қылмыстарын жасаушылар арасында психикалық аномалиясы есі дұрыстық шеңберіндегі адамдардың көп екендігін көрсетеді. Олар шамамен жалпы қылмыскерлер санының үштен бірді құрайды.

        Психология, психофизиология,  психиатрия және  кейбір криминологиялық  мәліметтер бойынша,  кез-келген түрдегі психикалық қызметтің бұзылуы, ауытқуы немесе әлсіреуі ашушандықты, мейрімсіздік сияқты мінез сипаттарына ерік-жігер процестерінің, иланушылықтың жоғарылауна, бақылау тежеу механизмінің әлсіреуіне әкеп соғуына және дамуына алып келеді деп негіздеуге мүмкіндік береді. Бұл мінез сипаттары тұлғаның қалыпты әлеуметтенуін бөгейді, оның қоғамдық мүгедекке әкеп соқтырады, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға және жалпы еңбек етуіне кедергі келтіреді. Ал, ол өз алдына құқыққа қайшы әрекет жасау және қоғамға қайшы өмір сүруді жоғарлатады.

       Аталған факторлардың мәнділігі қазіргі өмір жағдайында, яғни жалпы психикалық күйзеліспен, эмоционалды стресс жоғары болып тұр. Бірақ психика аномалиясы қылмыс жасау себебі екендігін білдірмейді.

       Біріншіден, қылмыскерлер  көпшілігінің арасында  мұндай ауытқулары  бар адамдар көп  бөлігін құрамайды. 

       Екіншіден, психикалық  ауытқуларының болуы  нақты тұлғаның құқыққа қайшы мінез – құлықтың криминогенді ролін ойнайды деп айтуға дәлел бола алмайды.

       Үшіншіден, көптеген  эмпирикалық зерттеулермен  дәлелденгендей қылмыс  жасаудың психикалық  ауытқудың оны  алдын ала анықтамайды.  Ал тұлғаның криминогендік сипаттардың туғызған оның тәрбиесі, индивидтің қалыптасуындағы жағымсыз шарттарды алдын ала анықтайды. Әрине, мұндай ауытқулар құққықа қайшы мінез – құлыққа сияқты олардың пайда болуына және дамуына мүмкіндік береді, бірақ бұл мінез – құлықты анықтамайтын шарт ретінде ғана.

       Белгілі   бір   тұлғада  психикалық  ауытқуларды   анықтау  (мысалы, психопатия, дебильдік  жағдайындағы   олигрофрения, орталық  жүйке  жүйесінің  органикалық  зақымдануы  және  т.б.)  бұл адам  не  үшін  қылмыс  жасағанын  түсіндірмейді.  Қылмысты   мінез-құлықтың  ішкі  себебі  мотивация  белгілі  бір  ауытқулардың  дәрежесі  мен  ауытқуларын  және  т.б.  барын  анықтап  қана  қоятын  диягноз  түрінде  көрсетілмеген.  Психика дефекттері, олар  егер  де  болса, мүлдем  қылмыстық  мінез – құлықтың  мотивін  көрсетпейді, дегенмен  оларға  әсер етуі мүмкні.Сондықтан, мотив түрінде берілген  қылмыстың субективті  түсіндүрүге, тек қылмыскер тұлғасын психологиялық зерттеу арқылы қол жеткізуге болады.

       Психопатия зорлық  – зомбылық қылмыстарын жасауға себепші болатын факторлардың бірі екендігі белгілі. Алайда, сонымен қатар, психопаттар қызмет жасап  және  басқа  көптеген  міндеттерді   атқарады.  Сондықтан,   негізгі  мәнге  өз  алдына  аномалия емес,  қоғаммен қалыптастырылған  адамның   әлеуметтік  бет – бейнесі  ие   болады.  Криминологтармен  егіздерді  зерттеу  арқылы  қылмыскер  тұлғасындағы  биологиялық   факторлардың мәнін  ашу  жолы  жасалған   болатын.   Бұл   зерттеу  біртұтас  гентикалық  бастауға   бағытталады,  дәлірек айтсақ  генотип ұқсастығына,  және  сонымен қатар криминологиялық белгілердің  сәйкес  келуіне  байланысты.  Егіздер  әдісінің  маңыздылығы  олардың  (біржұмыртқалы  егіздердің)  генотиптерінің  ұқсатығында  жатыр.  Олар  екі  ұл  бала  немесе  екі  қыз бала  болып  туылады.  Мұндай  егіздерді  салыстыра  және  ішкі  жұпты  кореллекциясын  (сәйкестігін) бағалай  отырып,  қандай  ерекшелікте  генотиппен  анықталатындығын  және  қандай  орта  әсерінен  болатынын  анықтауға  болады.  Әртүрлі зерттеулердің  нәтижесін  салыстыра  келе  екінші  егіздің  қылмыстық  мінез  - құлқының  жие кездесуін көруге  болады  және  айта  кететін бір мәлімет екі жұмыртқалы  егіздерге қарағанда бір   жұмыртқалы  егіздер арасында  қылмыстылық мінез - құлық  жие кездеседі.  Бірақ,  бұл қылмыстылықтың  диологиялықтың  әсерінен  пайда  болатындығын  мүлдем  дәлелдемейді.

       Мәселе  тұлға   жөнінде  және  биологиялық  факторлар   ролі  туралы  болғандықтан,  тек   тұлғалық,  психологиялық   деңгейде  болуы   керек.  Тұлға,  оның  психикасы  бейнелеп  айтқанда  әлеуметтік  және  биологиялық  факторлар  арақатынасының  сахнасы  болып  табылады.  Психикасыз  олардың  арақатынасын  түсіну  мүмкін  емес.  Сондықтан,  аталған  мәселенің  ғылыми  талдануының  жемісті  болуы,  ол  факторлардың  әрекетін  тек тұлға құрылымында қарастыруына  байланысты,  өйткені,  адамның мінез – құлқы көбінесе  олар  қандай  тұлғалық  негізде қызмет  етуіне  байланысты. 

       Әлеуметтік   және  биологиялық  мән  жайлардың  көрініс  табу  интенсивтілігі  тұлғагың  өзіне  байланысты.  Алайда,  бұл  жерде де  дәл  осы  тұлға  туралы  айтамыз,  яғни  қоғамдық  қатынастардың  субьектісі  және  обьектісі,  орта  тәрбиесімен  қалыптастырылған  адамның  әлеуметтік  қасиеті.  Ұқсас  генетикті  иеленген адамдардың  қылмыстық  мінез  - құлқы зерттелген  адамдардың  психофизиологиялық  ерекшеліктері мен ортамен қалыптастырылған  ұқсастықтарының бірдейлігімен түсіндіріледі.  Оның  үстіне  біржұмыртқалы егіздер халық арасында  өте  аз,  ал  қылмыскерлер  арасында  тіпті саусақпен санарлықтай,  бұл өз  алдына  қандайда  бір қортынды  жасауды қиындатады. 

       Биологиялық пен   әлеуметтіктің   арасындағы  арақатынасты  зерттеуде  криминологтардың  назары  хромосомалық  аномалиялары  бар тұлғаларға,  яғни  тұқымқуалау клеткаларындағы хромосомалар  санының және  оның  қалыптан  тыс құрылысы барларға  аударылған.  Хромосомалық  ауытқулар шамамен 0.4 %  жаңа  туған сәбилерде кездеседі.  Хромосомды  аномалияға  криминологиялық мәнге  ерлерде  кездесетін  соңғы  47-ші  хромосомға,  яғни  « Х»  және  «У»  типтегі  қосымшалармен  байланысты.  60-шы  жылдары  хромосоманың  бұл  аномалиялары  қылмыстық  мінез  - құлықпен  байланысты  болуы мүмкін  деген пікірлер  айтылған  болатын.  Алайда, бұл  салада да  алынған  сенімді  мәліметтер  жоқ.  Зерттеу  методикаларының  жетік  еместігі де  себептер  болып  отыр.    

       Хромосомалы  аномалияларды   зерттеу  оны   қылмыстық   мінез – құлықпен  емес,  психикалық  аурулармен  тығыз  байланыстылығын  анықтады,  тексерілгендердің ішінде  олардың  саны  басым  көпшілігі  құрады.

       Сонымен, генетик   Н.П.Дубининің   пікірінше: «Адам  туған  сәттен  дайын  әлеуметтік  бағдармаларды  алмайды, ол  бұл  адамда  қоғамдық  тәжірибе, жеке  дара дамуы кезінде құрылады».

Информация о работе Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі