Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.

Работа содержит 1 файл

кылмыскер тулгасы дипломка.doc

— 464.00 Кб (Скачать)

       Қылмыскер тұлғасын  қалған басқа адамдар көпшілігінен ажыратып көрсету құқықтық және әлеуметтік (әлеуметтік – психологиялық ) критерийлер негізінде жүзеге асырылады.Қылмыскер тұлғасын тек құқықтық критерий тұрғысынан анықтау, оны қылмыс жасаған ретінде қарастырады. Бірақ, мұндай тұрғыдан қарау тавтология элеметтерін көрсетеді. Қылмыскер тұлғасының мұндай түсінігі «формальді сипатқа ие».

       Сондықтан, құқықтық  критерий қажеттілік жағдайында әлеуметтік критериймен (әлеуметтік – психологиялық ) толықтырылуы керек, оған сәйкес қылмыскер тұлғасына қандай да болмасын қоғамға қарсы бағыт (бағдар) немесе жекелеген қоғамға қарсы сипаттар белгілі бір дәрежеге тән.

       Бұл жағдай тек кәсіптенген қылмыскерге ғана емес, сондай – ақ абайсызда немесе аффект жағдайында қылмыс жасаған адамға да қатысты.Аталғанға қылмыстық заңды бұзбаған,бірақ өздерінің қоғамға қарсы әдеттерін көрсеткен, мысалы, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, қылмыстық жолға түсуі мүмкін адамдарды да зерттеу кіреді.Яғни, жоғарыда аталған мағынадағы қарастырылып жатқан ғылым саласының ескерту шараларына құқықбұзушы тұлғасымен қатар,басқа да адамдар категориясы кіреді. Жалпы алғанда тұлғалық қасиеттер туралы барлық және жеке қылмыс субьектілеріне қатысты олардың қылмыс себептеріне қатысты маңызды мәліметтерді құрайды, ал өз алдына жаңа қылмыстарды ескерту шараларын тандауда қолданылуы мүмкін.

       Қылмысты уақытылы және нәтижелі ескертуді тек қылмыскердің тұлғасына назарды аудару арқылы ғана қол жеткізуге болады. Себебі, тек адам қылмыстың себепкері. «... тұлға – қылмыстық мінез құлық механизімің барлық сатысының негізгісі және маңыздысы болып табылады... Сондықтан қылмыскер тұлғасы мәселесі криминология мәселелерінің ең күрделі және жетекшілерінің біріне жатады».    

       Тіліміздегі «тұлға, жеке тұлға» ұғыидары  «адам, ... қандай да  бір қасиеттердің  иесі ... немесе «бір  адамға тән, оның  жеке тұлғалығын  білдіретін қасиеттер  жиынтығы...» , «қоғамда жеке адам индивидуум...» деп анықталады. «Жеке тұлға» дегеніміз адамның мінез – құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. «Қылмыскер» сөзімен «қылмыс жасаған адамды»  (жеке мағынада) немесе «қылмыс жасаған немесе жасап жатқан адамға тән оның даралығын құрайтын қасиеттер жиынтығы»4 деп көрсетуге болады.

       Криминологтар бұл  қасиеттер жиынтығын  қылмыстық істерді  тергеу мен қарау  үшін пайдаланады,  сондай – ақ  индивидуалды ескерту  әдістемесі мен  негізін жасау  кезінде зерттейді. Нақты бір қылмыскерге ғана тән қасиеттер мен сипаттарын зерттеп,оған байланысты оның қылмыстық әрекетінің себебін айтуға болады, алайда бұл тұрғыдан қылмыстың жалпы себептерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан, қылмыскердің тұлғасын топ деңгейінде және «қылмыс субьектісінің» жиынтығы ретінде бір тұтастай, яғни типологияны пайдалана отырып зерттеу қажет.Мұндай зерттеуде жасаған қылмысының ұқсастығына және қылмыстық әрекет субьектісінің жеке қасиеттерінің мазмұнына байланысты қылмыскерлердің категориялары мен типтері зерттеледі. Осылайша, қылмыскердің тұлғасы – бұл адамды және оның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен көріністеріндегі әлеуметтік маңызды және индивидуалды белгілердің, қасиетердің сапалық белгілердің және басқа да көрсеткіштердің белгілі бір жиынтығы немесе олардың жүйесі болып табылады.

       Қылмыскер тұлғасын  зерттеу ең алдымен  ол қылмыс субьектісі  бола алады ма, қылмыс құрамын  бекіту үшін және  қылмысты дәл саралау  үшін  маңызды  роль атқарады  ма; және қылмыс  құрамының белгілерін  мәнді белгілерін  анықтауға көмектеседі. Қылмыскер тұлғасын зерттеудің басты бағыттары болып келесілер табылады:

  • кінәлінің әрекетінде қылмыс құрамын анықтау;
  • жауаптылық сипаты мен дәрежесін белгілеу;
  • жазаны индивидуализациялау;
  • сотталғандардың түзелу және қайта тәрбиелену дәрежесін анықтау;
  • құқықбұзушылықпен күресте қоғамның қызметі;
  • кінәлімен қылмыс жасауға түрткі болғаны себептер мен шарттарды анықтау және жою;
  • соттық және тергеу материалдарын жалпылау;

       Сонымен қатар  қылмыс жасаған  адам тұлғасын  қарастырғанда заң  оның қылмыстық әрекетінің жеңілдететін және ауырлататын жақтарын нақты қылмыстың жасалу себептері мен шарттарын анықтау мақсатында зерттеу қажет. Осылайша, құқық қорғау органдары қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу барысында және нақты қылмыскердің қылмысты жасауы себептері мен шарттарын зерттеуі қажет. Қылмыскер тұлғасы – бұл оның қылмыс жасауға итермелеген оның кінәсін ауырлататын немесе жеңілдететін жеке қасиеттерінің жиынтығы. Қорыта келе, айтып өтетін нәрсе криминологияда қылмыскердің тұлғасында басты болып – оның қылмыстық мінез – құлқын тудыратын ортамен немесе қылмыс алдындағы жағдаймен байланысты қоғамға қарсы қалыптасу сипатындағы механизмдері, нысандары, жолдары,қайнар көздері, мәні және табиғаты болып табылады, яғни қылмыс жасау себебін түсіндіруге мүмкіндік беретін қылмыскер туралы барлық мәлімет. Мұндай зерттеу нәтижелері қылмыстарды ескерту және алдын алу мәселелерінің криминологиялық қарсы шара қолдану жұмыстарына негізгі болып табылады.

       Статистика,  ғылым   ретінде  өмірдегі  көптеген  жағдайларды  жинау,  анализ  шығаратын  мөлшерлі  мәліметтер  жиынтығы  ретінде  қалыптасқан.  Яғни  қылмыскер  тұлғасының  криминологиялық  мінезін,  психологиялық  жақтарын,  қылымыстық  құқықтың  беогілерін,  әлеуметтік – демографиялық  және  т.б.  қылмыстар  туралы  жинақтары  барлық  қылмыс  жасаушыларға  тән  болып  келеді.  Мысалы:  әрбір  бесінші  қылмыс  маскүнемдік  жағдайында   жасалады,  сондай  ақ  адам  өлтірудің  ішінде  50 - % ( пайызы)  болып тұрмыстық аясында жасалады,  ұрлықтың  көптеген  түрі  мүліктік  қылмыстардың  құрамында  кіреді  -  деген сияқты  қалыптасқан мәліметтер  тек қылмыстардың  көлемдік  жағын ғана  емес,  сонымен қатар қылмыскерлердің қылмысты  жасау типтерін  одон  әрі зерттеуге мүмкіндік береді. 

       Басқаша  айтқанда  осындай  статистикалық  мәліметтерді  ала  отырып  қылмыстардың  белгілі  бір  түрі  қаншалықты  түрде дамыған,  сол қылмыстың түрінің әлеуметтік  типтерін  зерттеп дамыту  үшін  қажет.  Мысалы:  Қазақстанда 2005  жыл  бойынша  тіркелген  146347  қылмыс  соның ішінде  63141  ( яғни  43,5%)  ұрлық  дәрежесіндегі  қылмыстар  болып  отыр,  ал  30  % пәтерлік  ұрлықтар  санын  алып  тұр.  Осыған  орай  бірінші  кезекте  пәтер  ұрлықтардың  қалай  жасалатынына  мән  беруіміз  қажет.  Ер  адам  мен  әйел  адам  салыстырмалы  түрде қарастыратын  болсақ  70 – 30 % , ересек  пен кәмелетке толмаған  балалар бойынша 91 -  9 % ,  (  первичный )  бастапқы  және  рецидивті 88 -  12 %   және  т.б.  құрайтын  болса  бұл  мәліметтердің   пайдасы  бірінші  кезекте қандай  типті адамдармен  профилактикалық   жұмысты жүргізу қажет екенін  анықтау,  оның  нәтижесін білу.  Яғни,  осының  нәтижесінде бізде мынадай сұрақ туындауы  мүмкін:  ҚР –да  жыл  бойына  қылмыстардың  қандай  түрі  көпшілікті  таралған  және  оның  қоғамға  қауіптілігі  қаншалықты  дәрежеде  болып  отыр,  яғни  бұл  мәліметтер  негізінде  қылмыстардың  таралғандығын,  сондай  ақ  қылмыскерлердің  типтерін  зерттеуге  мүмкіндік  береді.

       Соңғы  14 жылдағы  пайдақорлық – золық қылмыстарды жасаған тұлғалар  саны 

жылдар бандитизм қарақшылық Тонау Қорқытып ал Барлығы
саны үлесі

%

Саны үлесі

%

саны үлесі

%

Саны үлесі

%

1990

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2

4

8

16

5

93

100

83

73

73

42

35

-

-

0

0.07

0

0.2

0.06

1.3

1.5

0

1

0.9

0.5

0.4

0.2

0.1

1275

1321

1621

1928

1892

1793

1908

1965

2219

2245

2406

2560

1954

1641

27.8

24.5

26.4

24.6

25

25.6

29.5

34

31.2

29.4

29.5

30.1

30.6

26.5

3316

3815

4502

5282

4884

4173

3619

3203

4072

4476

4800

5029

4471

4075

72.2

70.9

73.5

67.5

64.5

59.5

56.1

55.4

57.3

58.7

59

59.3

59

63.8

228

243

350

598

784

946

822

610

735

831

881

854

632

573

0

4.5

0

7.6

10.4

13.5

12.7

10.5

10.3

10.8

10.8

10.0

9.9

9.3

4821

5383

6481

7824

7565

7005

6449

5861

7099

7625

8129

8474

7057

6289

Барлығы 534 0.61 26729 28.2 59717 61.6 9087 9.5 96067
 

      

       Топ  болып  жасалған  пайдақорлық  - золық қылмыстарды жасаушы тұлғалардың «топ  болып тонауды 91,5 % - ы – ер  адамдар  болса, 8.5 % -ы - әйелдер;  топ  болып  жасаған  қарақшылықты  - 98,4 – ерлер  болса,  1,6 % - ы  әйелдер;  топ  болып  қорқытып  алушылықтың  -  99,6 % - ы ерлер,  0.4 % - ы  әйелдер  болған».   Демек,  топ  болып  пайдақорлық  -   зорлық  қылмыс  жасаушылардың  басым   бөлігі  ерлер  болса,  ерлермен  бірлескен  топта  сотталған   әйелдер,  көбіне,   қылмыс  жасаушыларға  көмектескен,   не  қылмыс  жасауға  арандатушы  болған,  кейде  өздері  де  қылмысқа  тікелей   қатысқан.  Тіптен  топ   басқарған  әйелдер  де  кездеседі.  

       Әйел  басқарған    топтың   қылмысы,   әдетті,  алдын   ала мұқият   дайындалады.  Мысалы,   1998  жылғы  20  маусымда  Оңтүстік  Қазақстан  облысының   аумағында  « Айви »  шағын  кәсіпорынның  төрт  қызметкері   ұсталған,  ол   топты  әйел   басқарған.5

       « Іс  қимылдың  неге  криминалдық   вариантын  таңдады »  деген   сұрақ  жалпы  детерминацияны   емес,  нақты   себептілікті  талдауды  керек   етеді.  Оған  жауап  беру  үшін   қылмыскердің   әлеуметтік   сипаттамалары  - қылмыскердің   жеке  басы   зерттеледі.

       «Қылмыскер тұлғасы» туралы жалпы түсінікті иелене отырып оның “қасиеттеріне”, яғни ең алдымен ол неден тұратынына көшуге болады.

       Бұл жағдайда қылмыскер тұлғасы екі аспетіде зерттеледі: біріншіден, әлеуметтік байланыс және әсер ету обьектісі ретінде. Екіншіден, белсенді мақсатты бағытталған қызмет субьектісі ретінде.

       Қылмыскерді зерттеуде  бір – бірімен  тығыз байланысты  екі жол бар:  әлеуметік – типологиялық  және әлеуметтік  – рөльдік. Әлеуметтік  талдауды этико  – құқықтықпен  толықтыру маңызды.  Әлеуметтік – психологиялық жол әдеттегі нормадан ауытқу механизмдерін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, әлеуметтік және әлеуметтік – психологиялық зерттеу жолы қылмыскер тұлғасын индивидуалды зерттеумен толықтырылуы керек. Қылмыстан қылмыстылыққа өткен сайын психология аясы тарыла бастайды. Қылмыскер тұлғасын зерттеудің барлық деңгейінде этико – құқықтық зерттеулер өз мәнін сақтап қалады.

       Тағы бір айта  кететін мәселе  заң әдебиеттерінде  қылмыскердің тұлғасы  мәселесі кеңінен  талқылануда. «Қылмыскер  тұлғасы» ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ. Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар:

  1. «қылмыскер тұлғасы» ұғымы «қылмыс жасаған адам» немесе «қылмыс субьектісі» түсініктермен бір тұтас емес.

    Мұндай  көзқарас авторлары  біздің ойымызша, терең  негізделген пікірді  айтып отыр, ол бойынша  құқықтанушылар жоғарыдағы ұғымдарды, социологтар  тұлға, индивид, адам ұғымдарын ажыратуы қарағандай болуы  қажет.

  1. авторлардың екінші тобы, «қылмыскердің тұлғасы» ұғымының ғылыми және практикалық маңыздылығына күмән келтіреді, олардың ойынша заңды сақтаушы азаматтардың жағымды мінез – құлқынан ажырататын қылмыскер тұлғасын сипаттайтын спецификалық қасиеттермен сапалық белгілер жоқ деп есептейді. Қылмыскер тұлғасы деген ұғымның өзі қылмыстық заңды бұзған және қылмыстық әрекет жасаған адамды білдіреді, сондықтан «өзінің мазмұны жағынан дәстүрлі және өте дәл қылмыс субьектісі ұғымын пайдалану жеткілікті».

       Біздің ойымызша, соңғы көзқарас төмендегі негіздер бойынша дұрыс емес:

       «Қылмыс субьектісі»  -  бұл қылмыстық  – құқықтық түсінік  және ол қатаң  анықталған белгілерден  тұрады: 1) жеке тұлға  (адам); 2) есі дұрыс; 3) қылмыс жасаған  уақытында қылмыстық  жауаптылық туатын жасқа жетуі. Осылайша, қылмыс жасаған уақытында 14 немесе 16 жасқа толған есі дұрыс тұлға қалыптасуының белгілі бір сатысында тұрғанның өзінде спецификалық сипаттар, қасиеттер мен сапалық белгілерді үлестіретін адам, күрделі қылмыстық мінез – құлық механизімнің әсерінен оны қылмыскер тұлғасына айналдырады.

       Бәрімізге мәлім,  қылмыс субьектісіз  (белгілі бір жасқа  толған, есі дұрыс  адам) қылмыскер тұлғасы  болуы мүмкін емес, бірақ бұлар бірінен  кейін бірі тұратын  ұқсас емес кезекті  түсініктер, олар  «қылмыстық құқықта әр түрлі қызмет атқарады: біріншісі, (қылмыс субьектісі) – қылмыстық жауаптылық негізіне кіретінді шарттарының бірінің қызметін, екіншісі, (қылмыскердің тұлғасы) – дараландыру қызметін атқарады».

       Жоғарыда аталған  қылмыскер тұлғасын  жоққа шығаратын көзқарастың қате екені теория тұрғысынан ғана емес, сондай –ақ,құқық қорғау органдарының тәжірибелік тұрғысынан да белгілі, өйткені оны тәрбиелеу, алдын алу және мәжбүрлік сипаттағы бағыттағы жұмыстарының негіздері жойылады. Қылмыс жасаған адамдарды заң сақтаушы азаматтардан ажырататын қандай да ажырататын қасиеттер мен сапалық белгілері жоқ болса онда қандай превенциялық жұмыстар жүргізуге болады.

Информация о работе Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі