Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа
Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.
Қылмыскер тұлғасының ерекшеліктері жаза тағайындауда және оның индивидуализациясында ( ҚК 52. 53. 54 баптары ) кезінде, шартты соттау ( ҚК 63 бабы ) сұрақтарын шешу үшін, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ( ҚК 65 66 67 68 69 баптар ), қылмыстық жауаптылықтан шартты ерте босату немесе оның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру ( ҚК 70 71 баптар ) сұрақтарын шешу кезінде және басқа жағдайларда өте маңызды мәнге ие.16
Осылайша, « қылмыс субьектісі» категориясы тар мағынада қылмыстық құқықтығы қылмытық жауаптылық негіздерінің бірінің қызметін атқарады. Қылмыстық құқыққа « қылмыс субьектісі » категориясы қылмыс және қылмыстылық туралы жалпы ілімді жасаумен байланысты көптеген ғылыми зерттеулермен , қылмыс құрамы туралы, және де кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты қылмыстарды зерттеулерде де қарастырылған және өте ықшам және бағытталып Н.А.Огурцовпен зерттелген.
Қылмыс субьектісі туралы сұрақты қою әділ қанағаттанбаушылық туғыза отырып, әлі күнге дейін көптеген кемшіліктермен ұштасады, ол біздің криминалистер қылмыс субьектісін сипаттай отырып ( жалпы белгілер және нақты қылмыс құрамы бойынша тұрғыдан ), белгілі бір жасқа толған, есі дұрыс адам ретінде көрсетуден әрі қарай бармайтындығы.
Бізде қылмыс субьектісі «қылмыстық-құқықтық зерттеу әрекетте көрініс тапқандықтан соң ғана» жіберілген болатын.
Нәтижесін қылмыстық құқық ғылымы үшін маңызды мәселе қылмыс субьектісі қылмыстық құқыққабілеттілік сұрағына теңестірілді, яғни адамның қылмыс субьектісі ретінде түсетін ( жасы, есі дұрыстығы арнайы субьект қасиеттерінің ) шарттары. Ал қылмыскерлердің өзі - сотталатын және жазаланатын, мемлекеттің және қоғамның тәрбиелеу және жазалау бағытталған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам, қылмыстық әрекет белгісіне құрам элементіне айналдырылды.
Мұндай жағдайдың дұрыс еместігіне кеңес әдебиетінде алғаш рет 1946 жылдары А.Н.Трайнин көрсеткен, ол өзініің кеңестік қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің жүйесі туралы мақаласында қылмыс субьектісі мәселесін зерттеуді қылмыс туралы ілім шеңберінде, қылмыс субьектісі қылмыстық әрекеттің бір ғана жағы ретінде зерттеуге қарсы шыққан.
« Қылмыскер, - қылмыстың қосымшасы, оның « элементі емес » - деп А.Н.Трайнин толық негіздеп жазды. Қылмыс субьектісі - қылмыстық әрекет жасаушы адам, автор – қылмыстық құқықтың орталық түсінігінің бірі. Қылмыс және жаза сияқты, қылмыс субьектісі түсінігі де өз алдына жеке және жетік талдауды талап ететін бірқатар ірі және әртектес мәселелерімен байланысты ». Бұл аталғанның өзінде А.Н.Трайнин сол кездің өзінде – ақ біздің ойымызша алыста меңзеге қылмыстық құқықтық қатынас субьектісі категориясын теориялық бастамасының қажеттігі туралы пікір білдірген.
А.Н.Трайниннің пікіріне 1950 жылғы МГУ- ті заң факультетінің қылмыстық құқық кафедрасы қосылған болатын.
Қылмыстық құқық оқулықтарында және бағдарламаларында қылмыс субьектісі туралы сұрақ жеке бір тарауға бөлінбейді және арнайы қарастырылмайды. Субьект тек қылмыс құрамы, яғни қылмыс құрамының элементі ретінде ғана оқытылады.
А.Б.Сахаров өте дұрыс пікір айтқан: қылмыс субьектісі туралы ілім, есі дұрыстықты талдаумен, кәмілетке толмағандардың жауаптылығымен, арнайы субьектісінің түсінігімен, заңды тұлғалардың қылмысты құқық қабілеттігімен қатар бұл мәселелермен шектелмей қылмыс субьектісі және қылмыс құрамы арасындағы байланысты ашу қажет, қылмыс субьектісі мәнін ( « жасаушы » мен «әрекет» арақатыасы) қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің әртүрлі институттарында және қылмыстың жеке құрамдары үшін мәнін ашып көрсету қажет.
80-ші жылдардың заң әдебиеттерінде қылмыс субьектісі түсінігін кеңейтуге бағытталған ой пікірлер қайта айтыла бастады. Бұл ойлар аталған түсінікке арнайы субьект белгілерін қосумен қатар, « кінәлі тұлғасын » және « қылмыскер тұлғасын » сипаттайтын белгілерді қосу жөнінде айтылды.
Кеңістік қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе кейінен кеңірек көлемінде қылмыс субьектісі және қылмыскердің жеке тұлғасы сияқты біршама ауқымды мәселе бөлігі ретінде – социологиялық аспектіде – субьектінің қоғамға қарсы мінез – құлықтарының себептеріне байланысты сұрақтар бойынша зерттеле бастады. Бірақ мұндай тұрғыда қылмыс субьектісі мәселесі қылмыс құрамның элементі ретінде оның жалпыға мәлім келтірілген және қабылданған түсінігі шеңберінен шығып кетті. Осының негізінде қылмыс субьектісі түсінігімен сәйкес келмейтін «қылмыскер тұлғасы» деген жаңа криминологиялық ұғым қалыптасты.
Ал ендеше, қылмыскер тұлғасы және қылмыс субьектісі арақатынасы туралы мәселені қарастырайық.
Қылмыскер тұлғасы, оның түсінігі, құрылымы, қылмыс жасаған адамның әлеуметтік мәнін білдіретін қазіргі криминология мәселерінің өзекті мәселелерінің бірі ретінде жетекші құқықтанушылардың басым көпшілігімен негізделген түрде қарастырылуда. Қылмыскер тұлғасының құрылымы жүйесінде алдынғы атап өткеніміздей қазіргі уақытта көбінесе ол бес белгіден тұрады:
Соңғы қылмыстық құқықтық белгілер қылмыскер тұлғасы туралы тұжырым үшін маңызды критерий болып табылады.
Ешқандай адамды, соның ішінде қылмыскерді басқа адамдармен байланысты қатынастарсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Адам жағымды немесе жағымсыз сипатталса да ол барлық жағдайда тұлға болып қала береді. И.С.Лейкина « қылмыскерде тұлғаны мойындамау – бұл адамды қоғамдық мақұлық ретінде биологиялық индивидтке теңестіру » деп дұрыс атап өтеді. «Ерекше тұлғаның » мәнін оның сақалы, қаны, оның абстракциялық дене бітімінің табиғаты емес, ал оның әлеуметтік қасиеті құрайды ».
Қылмыскер тұлғасы – құрамдық ұғымы: түсініктің бірінші бөлігі – жалпы социологиялық, философиялық түсінік; екіншісі, - әлеуметтік – құқықтық.
«Қылмыстық құқықта және криминологияда қылмыскер туралы оны қылмыс жасаған адам ретіндегі анықтамасынан гөрі көбірек білуге болады; қылмыскерді тұлға ретінде біршама тереңірек зерттеу қажет, өйткені ол жағымды және жағымсыз қасиеттердің өзара байланысын білдіреді ».
60 – шы жылдардың аяғында И.И.Карпец «қылмыстық құқық үшін «қылмыс субьектісі » деген өзінің мазмұны бойынша да өте дәл және дәстүрлі түсініктің толықтай жеткілікті » екендігі туралы пікірін айта отырып, осылайша « қылмыскер тұлғасын » деген түсінікке қарсы шыққан болатын.
Криминологияда қылмыскер тұлғасы ретінде қоғамға қауіпті әрекет жасаған кінәлі адам тұлғасын түсінеді. А.А.Герцензон: « Қылмыскер - индивид, нақты өмірлік жағдайға байланысты ондағы қоғамға қарсы аморальдық көзқарастарының барлығына байланысты қоғамға қауіпті әрекет жасаған » деп анықтама береді. Профессор И.С.Лейкина өз алдына: « Қылмыскер тұлғасы » бұл осы адамға тән қоғам мүдделеріне жағымсыз көзқарастырының және оны шешу үшін қоғамға қауіпті жол таңдау немесе оның нәтижелерін тойтаруға деген белсінділік танытпау нәтижесінде қылмыс жасаған адам тұлғасы ».
И.И.Карпец және В.Б.Сахаров сынды профессорлар: « Қылмыскер тұлғасы ретінде қылмыстық заңды бұзған кінәлі адамды сипаттайтын әлеуметтік және әлеуметтік маңызды қасиеттер, белгілер, қатынастар, жиынтығы және оның қоғамға қауіпті мінез – құлқына әсер ететін басқа да мән жайлармен шарттардың ұштасуын түсінеді ». Біздің ойымызша, Н.С.Лейкинаның қылмыскер жеке тұлғасына берген анықтамасы біршама тереңірек және нақтырақ болып табылады. Ол жерде « қылмыскер тұлғасының » түсінігі қасақана қылмыс жасаған адамдарды да, сонымен қатар ситуациялық алдын ала ойластырмаған адамдарды да, және абайсызда қылмыс жасаған адамдарды да қамтиды.
Осылайша, « қылмыскер тұлғасының маңызды сипаты ол тұлғадағы қоғамға қарсы, индивидуалистік көзқарастарының, сенімдерінің, қызығушылықтарының, мінез – құлқы нормаларына және өнегеге, аиналаға деген теріс қатынасының бары болып табылады. Бірақ, «қылмыскер тұлғасының » толық және жан жақты бағалау үшін бұл әлі жеткіліксіз ».
Қылмыскер тұлғасы – « қылмыс субьектісі » түсінігіне қарағанда ауқымды, мазмұны бойынша күрделі және кең ұғым болып табылады. « Жауаптылық және жаза тағайындау үшін нақты қылмыстардың анық субьектісі ретінде көрініс табатын қылмыскер тұлғасының әлеуметтік - психологиялық сипаттамасы маңызды мәнге ие болып табылады ». Қылмыскер тұлғасы және қылмыс субьектісі - ұқсас емес және сәйкес келмейтін ұғымдар. Қылмыс субьектісін сипаттайтын белгілер, қылмыстық жауаптылық туатын қажетті шарттардың бірі ретіндегі қылмыс құрамының элементі болып табылады. Бірақ, басқа құқықтық сурақтарды: кінәліге қолданылатын жаза мөлшері мен түрін тағайындау, жауаптылықтан босату жөніндегі және т.б. шешу үшін жеткіліксіз. « Аталған сұрақтарды шешу қылмыскер тұлғасын сипаттайтын белгілерді ескеру мен тиянақты зерттеу негізінде ғана мүмкін ».
«Сондықтан, « қылмыс субьектісі » және « қылмыскер тұлғасы » түсініктері қылмыстық құқықта әртүрлі қызметтерді атқарады: біріншісі - қылмыстық жауаптылық негізіне кіретін шартының бірінің қызметін, екіншісі – оның индивидуализациясының қызметін атқарады ». Қылмыс субьектісі - құқықтық түсінік. « Қылмыс субьектісі түсінігінің мазмұны және бағытталған мақсаты шектелген – ол қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ( ал кей кезде негіздемесі ) ретінде болады ; тек қана есі дұрыс, заңда анықталған белгілі бір жақсы толған адам заңға қайшы әрікет жасаған адам жауаптылққа тартылады ». Қылмыскер тұлғасы түсінігі өзінің құрамына тек қылмас субьектісіне тән – жасы, есі дұрыс адам белгілерін қамтып қана қоймай, және арнайы қылмыс субьектісіне тән – лауазымдық жағдайын, әскери қызметте болуы және т.б. белгілері қоса, сонымен бірге индивидтің қылмыс субьектісін құқықтық сипаттаумен байланысты емес басқа да белгілерін - қоғамдық қатынас жүйесіндегі жағдайын, үлкен және кіші әлеуметтік топтар, әлеуметтік байланыстар және көріністері, өмірдегі әлеуметтік құндылықтарға қатынасын, психологиялық ерекшеліктерін және т.б. қамтиды.
Қылмыскер тұлғасын зерттеу ең алдымен ол қылмыс субьектісі бола алады ма, қылмыс құрамын бекіту үшін және қылмысты дәл саралау үшін маңызды роль атқарады ма; және қылмыс құрамының белгілері мәнді белгәлері анықтауға көмектеседі. Қылмыскер тұлғасын зерттеудің басты бағыттары болып келесілер табылады: кінәлінің әрекетінде қылмыс құрамын анықтау; жауаптылы сипаты мен дәрежесін белгілі; жазаны индивидуализациялау; сотталғандардың түзелу және қайта тәрбиелену дәрежесін анықтау; құқықбұзушылықпен күресте қоғамның қызметі; кінәлімен қылмыс жасауға түрткі болғаны себептер мен шарттарды анықтау және жою; соттық және тергеу материалдарын жалпылау.
Қылмыс субьектісі және қылмыскер жеке тұлғасы түсініктерін көбірек жақындатып байланыс олардың қылмыстық жазаланатын әрекетті жасау болып табылады, бірақ бұл жағдай аталған түсініктерді бір біріне логикалық кіргізу ( бағындыру) үшін жеткіліксіз.
Обьективті өмірде, бәрімізге мәлім барлық құбылыстар сонымен қатар біздің аталған түсініктерде, бір бірімен әмбебап байланысты болады. Әрине, бұл мағынада қылмыс субьектісі және қылмыскер тұлғасы түсініктері бір бірімен қылмыстық құқық пен криминология сияқты өте тығыз байланысты. Бірақ айтып өткеніміз мұндай әртектес, әйтсе де өзінің көп белгілері бойынша обьективті өмірдің құбылысы ретінде сәйкес емес түсініктерді - бұл жағдайда қылмыс субьектісін - біртұтас қылмыскер тұлғасының бүтіндей бір бқлігі ретінде қарастыру мүлдем негіз бермеген дейді, бұл сондай ақ нормативтік қылмыстық құқықты криминологияның бөлігі ретінде қарастыруға негіз берметіндігіне де қатысты мәселе. Қылмыс субьектісі түсінігі бұл сөздің жалпы мағынасында « қамтитын» қылмыстық құқықтық түсінігінде мүмкін шынында да қылмыскер тұлғасының криминологиялық түсінігі емес қылмыс субьектісі түсінігімен бір тұтас сәйкес емес қылмыстық құқықтық қатынас субьектісі түсінігі болар.