Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.

Работа содержит 1 файл

кылмыскер тулгасы дипломка.doc

— 464.00 Кб (Скачать)

    3) зорлық-эгоистік (күш  көрсету  немесе  психологиялық  тұрғыдан  агрессивтік): а) өзін  таныту  идеясын  абсолюттендіру,  бар  мұқтаждықтар  мен  мүдделерді  кез-келген  нысанда  іске асыру; ә) нақты жағдайларда  сол  адам  үшін  мүмкін  болатын  нысанда  өзін  көрсету (тәрбиесіз,  мәдениетсіз  адам  өзіне  жасаған  ескртуге  балағатпен  жауап  береді);  «адам  төзгісіз  жағдайдағы»  бұйығы  адамның  «адам төзгісіз»  жолмен  өзін  көрсетуі  осыған  жатады;

    4)  ұшқалақ – жауапсыз: а) өз  іс  әрекетінің  іс  қимыл нормаларына,  заңға барабар болуына мұқтаждық пен мүдделілік  жоқ;  ә) ондай барабарлықты  кейде ғана сақтау  (қатаң  сыртқы  бақылау  жағдайында,  не  бағыныштылықта  емес  билікті  адамдармен  араласқанда  және  т.б.).

            Қылмыстық  іс  – қимылда және  қылмыскерлікте  көрсетілген сылтаулар әр  түрлі үйлестікте  көрініс табады.  Қылмыскерлердің жекелеген топтарында  (кәмелетке  толмағандар,  әйелдер  және  т.б.)  не  ситуациялардың  әр  түрлі  типтерінде  криминалдық  сылтауламалардың  өзіндік  ерекшеліктері  байқалады.

            Құндылық  бағдарлар ---  адамның,  ол  үшін  аса маңызды болып табылатын обьектілерді  көрсететін  оның  жеке  басының  тереңде  жатқан  сипаттамасы.  Әдетте,  құндылық  бағдарлар  иерархиясы  жайында  айтады,  бұл  жағдайда  адам  бір  құндылықты  басқалардан  артық  санайды.  Бағдардың  тұрақтылығының  да,  оның  өсу  қарқынының да  маңыздылығы  зор.

         Қылмыскерлердің  құндылық  бағдар  жүйесінде  жеке  даралық  не  кландық – эгоистік  бағдарлар  басты  орын  алады.  Мұндай  жағдайларда  «жеке  материалдық  молшылық», «өзін  ең  жоғары  сатыда  көрсету»,  ол  үшін  ең  қолайлы  жағдай  тудыру  немесе  жалаң  кландық,  топтық  «эгоистік»  мүдде  бірінші  орынға  қойылады.

        Бақылау  топтарымен  салыстырғанда   қылмыскерлер  өздерінің   бағдар – құралдарының  ішінде  жеке  басының   оң  қасиеттеріне  (қабілетіне,  еңбекқорлығына,  мақсатқа,  ұмтылуына  және  т.б.)  артықшылық  бермейді,  олар  материалдық  қолдау  көрсетуге,  «керек  адамдармен  арадағы  байланысқа»,  «қалауын  тапсақ  қар  жанады»  деген  қағидаға  жүгінеді.  Содан  барып  олар  мемлекеттік  қызметкерлерді,  емтихан  алушыларды  сатып  алуға  ынта  қояды,  біреулерден  қорқытып  талап  етеді  және  т.б..

        Мораль,  өнегелік  санаттарының  да,  олардың  туындысы  болып  табылатын   «жақсылық»,  «жамандық»,  «парасаттық»  және  «жауыздық»,  «берілгендік»  және  «опасыздық»,  «адамгершілік»  және  «қатыгездік»  сияқты  ұғымдардың  да  криминологиялық  маңыздылығы  бар.

            Қылмыскерлерде  мыналар  бекіп   қалған: а) өнегелік  санадағы  елеулі  кемістіктер,  мысалы,  криминалдық  және  биморальдық  ортада  қалыптасқан  жасөспірім,  шындығында,  іс - өнегелік  нормаларының  жұртшылық қолдайтын жүйесімен таныс емес,  ол  «кім  кінәлі --- соны  ұру керек»,  «өзің бірдемені алып  қалмасаң,  саған ешкім қол ұшын  бермейді»  деп  санайды;  ә) жалпы  қоғамда  қабылданған  мораль  нормаларымен,  әр  түрлі  топтардың  мораль  нормаларымен,  «қосарланған  моральмен»  арадағы  өнегелік  қақтығысқа  әкелетін  қателік.  Қоғамдағы  моральдың  біртекті  еместігін,  оның  әлеуметтік  топтарға,  сословиелерге  бөлінетінін  естен  шығармау  керек.  Ал,  халықтың  әр  түрлі  әлеуметтік  топтарының  моралі  мен  қылмыскерлік  арасындағы  өзара  байланыстарды  айқындаудың  да  бұл  тұрғыдан  алғанда  криминологиялық  маңызы  бар.

            Қылмыскерлерді  зерттеген  барлық  жағдайларда да  мынандай  сұрақ  туындайды:  мұқтаждығы,  мүддепері,  құндылық  бағдарлары,  өнегелік  ұғымдары  бұрмаланған адамды  заң,  оның  ішінде  қатаң санкциялары бар қылмыстық заң неге  тоқтатпаған.  Бұл сұрақтың  жауабы  адамның құқықтық  санасына  талдау  жасауды  керек етеді.

        Көптеген  қылмыскерлердің   құқықтық  санасы  ерекше,  ол  бақылау   тобындағылардың   құқықтық  санасынан   едәуір  өзгеше.

            Егер  қылмыскерлердің   жалпы  заңға   қатынасы  жайында   айтсақ,  қылмыскерлердің  айқын,  нақты  позиция  ұстанатындығын  көреміз.  Негізінен  олар  заңның  болуы  керек  екендігін  мойындайды,  заң  қорғайтын  көптеген  жағдайлардың әділдігін  және  ізгілікті  екендігін ұғынады.  Бірақ қылмыскерлер   заңның  жасампаздық рөлін,  оның  әлеуметтік  реттегіш ретіндегі  функциясын,  бақылау  тобындағы  адамдарға  қарағанда  сирек  айтады,  қоғам  құрылысының  мемлекеттік – құқықтық  принциптері  жайында,  заңның  әлеуметтік  рөлі,  құқықтық  әр  түрлі  салаларының  нормалары  жайында  жақсы  хабардар  емес  (мемлекеттік,  лауазымдық,  экономикалық  қылмыскерлерден  басқалары).  Құқық  бұзушылардың  басқа  азаматтарға  қарағанда  қылмыстық  заңды  жетік  білетіндігі  туралы  пікір  қате:  біріншіден,  бірінші  қылмыс  жасап,  ол  ашылғанға  дейінгі  олардың құқықтық  хабардарлығы  басқа адамдардікінен  артық емес;  екіншіден,  олардың қылмыс  жасағанға дейін және  одан  кейін алған білімі  кездейсоқ және  жүйесіз,ол  білім алған өздері  алған тәжірибемен немесе  араласып  жүрген  адамдардың  тәжірибесімен  шектелген.  Қылмыстық  заң,  бұл  жағдайда,  құқықтық  білімге  аса мұқтаж  адамдар  үшін  тиісті  сақтандыру  рөлін  атқара  алмайды.

        Бақылау  тобындағы   адамдарға   қарағанда  қылмыскерлер  санкциялардың   тежеушілік  рөліне  көп мән  береді.

            Сотталғандар  заңда   көзделген   санкцияларды  жұмсарту  керек  деп   әрдайым  санамайды.  Себебі  сотталғандардың өздері  жәбір шеккен  іс  әрекеттер жазаланады ғой.  Бұл ретте сотталғандардың әр  түрлі санаттарының  атап  айтқанда  қандай  қылмысты  қатаң,  қайсысын  жеңіл  жазалау  керектігі  жөніндегі  түсініктері  әр  түрлі  болып  келеді.  Пайдакүнемдік және  зорлық  қылмыстарды  жасаушы  адамдардың  құқықтық  талаптары  өзіндік  ерекше.

            Көптеген  рецидивистердің,   әсіресе  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  ұзақ  отырғандардың  құқықтық  көзқарастарының  бұрмаланғаны  соншалық,  олар  өз  көзқарастарының  заңда  көрініс  тапқан,  көпшілік  мойындаған  көзқарстан  қаншалықты  өзгеше екендігін  ұғынбайды.  Олардың  қалыптасқан  пікірлерінің  «табиғилығына»  келеңсіз  әрі тұйық микроорта себепкер  болып отыр.  Сондықтан да  олар  небір ұнамсыз,  жөнсіз  сөздерді  денесіне  татуировка  арқылы  жазып алып,  оны көрсетіп  жүргенге  ұялмайды.

       

        Қылмыскерлер  қоғамдық  және  топтық  психологияда  кең  таралған  пікірлерді  едәуір  шамада  қайта   елестетеді.  Ал  қылмыс  жасаушы  адамдардың  бұл   көзқарастарды   қылмыстық   іс  қимылға   айналдыру  мүмкіндігі  басқа  азаматтарға   қарағанда  едәуір  жоғары,  себебі  көзқарстардың,  мақсаттардың,  бағдарладың  тиісті  деформациялары  олардың ортасында: а)кең  таралған;  ә)тереңірек  сипат  бар  нанымға  айналады,  сол  бағыттағы  іс  қимылға  дайын  тұру,  іс  қимыл  дағдылары, кейбір  жағдайларда,  бақылау  тобында мүлде  байқалмайтын  дәрежеде  көрініс  табады; б)құндылық бағдарлардың,  өнегелік,  құқықтық және  басқадай көзқарастар мен мақсаттардың өзара байланысты деформацияларының  кешенін  көрсетеді.  Мұндай  деформациялары  бар  субьектілері  өздері  сияқты,  қоғам  моралі  мен  заңнан  туындайтын  тәке  қарама – қарсы  ұстанымдар  ұстанған  адамдармен араласып,  проблемалық  және  қақтығысты  жағдайларда  жиі  қалады.19

       Қылмыс жасаған, қылмысқа қатысқан адамдар тобын яғни, қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылық мәселелерін, олардың қоғамға қарсы бағыттылықтың пісіп жетілуіне жағдай жасайтын ішкі және сыртқы жағдайларды, әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеу – жеке қылмыстық қатысу әрекеттің себебін едәуір толық ашуға апаратын жолы деуге де болады.  Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар  орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұлай бөлуге қылмысқа қатысудағы атқаратын іс - әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола алады. Қылмысқа қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылығын негіздеу, іс - әрекеттерін дұрыс саралау және жаза тағайындағанда әрқайсысының ерекшеліктерінің еске алу үшін маңызы өте зор.

       Қылмысқа қатысушылардың  түрлері және олардың  әрқайсысына заңдылық сипаттама ҚК - тің  28 – бабында  көрсетілген.

       Орындаушы.. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен ( қоса орындаушылармен ) бірге тікелей қатысқан адам, сондай – ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән – жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.

       Қылмысты орындаушы  қылмысты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып әйелді зорлау. Қайсыбір жағдайларда қылмыстың субъектісі болып танылатын жасқа толмаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам қылмыстың тікелей орындаушысы болады. Немесе есі дұрыс емес адамды кісі өлтіруге пайдаланса, онда оны пайдаланған адамның өзі қылмысты орындаушы, ал есі дұрыс емес адам қылмыс істеудің құралы болып табылады. Егер абайсыздықпен әрекеттенген адамды пайдалану арқылы қылмыс жасалса да, қылмысты орындаушы болып соны пайдаланған адамның өзі таңылады. Мысалы, С. деген адам өзі жек көретін Ж. деген жолдасының қарсы келе жатқанын көріп, оны басқа біреудің қолымен өлтіру үшін өзіне таяп қалғанда жанында келе жатқан Т. деген серігін алдап « Ж – ны қорқытайық мына мылтық ішіне оқ салынбаған, құр дәрімен ғана жабдықталған оталғыш бар, соған қаратып мылтық ат » - дейді. Т.мылтықты атып Ж – ға қарсы мылтық атады, нәтижесінде мылтық атылып, Ж – ның кеудесіне оқ тиіп, табан астында қаза болады. Бұл жерде Т - әрекеті абайсызда, ал С – ның әрекеті қасақана  кісі өлтіру болып табылады. Өйткені ол мылтық оғын С – ға сеніп тексермеді. Яғни, қасақана қылмсты орындаушы С. болып табылады. Ол бұл жерде абайсыздықпен әрекеттенген адамды қылмыс істеуге пайдаланады. Орындаушының арам ниетінің мазмұны мынандай болып табылады: а) Адам қылмысты басқалардың көмегімен (біреу болса да) істелгенін сезеді; б) қылмыстың нәтижесінің жалпы зардабын болжайды; в) соның болуын тілеп немесе соған саналы түрде жол береді. Қылмысты орындаушылардың әрекеті ҚК – тің 28 – бабы, 2 – бөлігіне сілтеме жасалмастан ҚК – тің Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыс құрамы бойынша тікелей сараланады.

       Ұйымдастырушы.. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады. Ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың ішіндегі ең қауіптісі болып табылады. Оның әрееті Қылмыстық кодекстің 29 – бабына сілтеме жасала отырып сараланады. Қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұрақты қылмыстық топ, қылмсты ұйым құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар объективтік жағынан алғанда қызметі қылмысқа қатысушыларды табу, оның дайындығына, жүзеге асырылуына жоспар жасау, қылмысқа қатысушылардың арасында берік тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, сондай – ақ қылмысты істеу барысында оған тікелей басшылық жасау жағынан көрінеді. Барлық жағдайларда да ұйымдастырушы, қылмысты істеуді дайындағанда немесе басқарғанда олардың қатысушыларын біріктіріп, басшылық жасайды, көп жағдайларда қылмыс істеудің бастамашысы болады. Кейбір ретте қылмысты ұйымдастырушы өзінің ұйымдастырушылық қызметін істелген қылмыстың тікелей орындаушылық қызметімен қоса атқаруы да мүмкін. Бірақ та мұндай жағдайда оның ұйымдастырушылық қызметін қылмысты орындаушылық қызметімен алмастыруға болмайды. Өйткені қылмысты ұйымдастырушының зияндылығы орындаушыға қарағанда жоғары және қауіпті болып табылады. Ұйымдастырушы тек қана тікелей қасақаналықпен әрекет жасайды. Ол өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра содан туындайтын зардаптардың болуын болжай тұра, сол зардаптың болуын тілеп істейді. Яғни, айтқанда, ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың барлығының қылмысты әрекетінің біріктірушілері болады және сол үшін де өзі ұйымдастырған нақты қылмыс құрамының санкциясына сәйкес жазаға тартылады.

       Айдап салушы.. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.

       Айдап салушы болашақ  қылмысты орындаушыны  әр түрлі әдіспен  қылмыс істеуге  азғырып, көндіріп, оның батылдығына  жігер береді. Айдап  салушы (азғырушы) қылмысты істеушінің сана – сезіміне, еркіне тікелей әсер етіп, оны қылмыс жасауға тікелей жігерлендіреді. Айдап салушының өзі қылмыс істеуге көндірген адаммен қатынас жасауы ауызша, жазбаша, қимыл көрсету және тағы басқа сан түрлі болуы мүмкін.

       Қылмыс істеуге біреуді көндірудің тәсілі, құралы да сан түрлі болуы мүмкін. Мұнда қорқыту, өтіну, сатып алу, сый – сияпат жасау, өз өкілдігі мен беделін пайдалану сияқты сан алуан әдістер пайдаланылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда айдап салушы біреу емес, бірнеше болуы да ықтимал. Айдап салудың барлық тәсілдері мен әдістері азғыруға көнушінің еркін басуға немесе оны шатасуға әкеліп соқтырмауы керек, қайта оның белгілі бір қылмысты жасауға қоздырып, соныістеуге деген бел байлағандыққа итермелеуі керек. Айдап салушы барлық уақытта да белсенді әрекет күйінде жүзеге асырылады. Аидап салушыны интелектуалдық көмек берудің түрінен ажырата білу керек. Интеллектуаллдық көмек беруде адам қылмысты орындаушының ниетін құптайды, ал айдап салушылықта қылмыс істеуге біреуді белсенді түрде көндіреді. Яғни, бұл екі ұғымның айырмашылығы осында. Айдап салушылық өзінің істеген іс әрекетінің мәнін сезуге қабілеті нақты бір шешім жасайтын адам жөнінде ғана орын алады. Сондықтан да есі дұрыс емес адамды, қылмыстық жасқа толмаған жас өспірімді айдап салушылықта қылмысқа қатысу тәртібі қолданылмайды, бұл жерде айдап салушының әрекеті біреу арқылы зиян келтіру ретінде бағаланады. Сол сияқты біреуді әдейлеп қасақана теріс бағытқа салып, оның қатесін пайдаланып, сол арқылы қылмысты жүзеге асыру да қылмысқа қатысудағы айдап салушылық болмайды. Мұндай реттерде ондай әрекеттерді істеген адамның өздері қылмыстың тікелей орындаушысына айналып кетеді.

       Субьективтік жағынан  алғанда аидап  салушылық әрекеті  тікелей қасақаналық  арқылы сипатталады.  Өйткені айдап  салушының арам  ниеті біріншіден, орын алатын нақты  қылмыс құрамының обьективтік жағынан туындайтын барлық мән жайларды, екіншіден, өзінің әрекетімен қылмыс нәтижесінің себепті байланысының жалпы дамуын болжайды. Демек, айдап салушы қылмыс істеуге басқа біреуді көндіріп, оны нақты бір қылмысты орындуға көндіреді. Егер адам қылмыс жасауға азғырмйтын өзінің теріс көз қарасымен көңіл күйін білдірсе, онда ондай адамның әрекетінде айдап салушылық болмайды.

Информация о работе Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі