Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа
Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.
« Қылмыскер тұлғасын зерттеудің кешенді міндеті осы тұлғаны сипаттайтын қатардағы қоғам мүшесі тұлғасының « типтік нормасымен» салыстырғанда қандай деформациялық ауытқулары барын, ондай ауытқулардың қалай пайда болатынын анықтау; нақты қылмыс туралы шешім қабылдаудың және оны іс жүзіне асырудың қылмыстық мінез - құлық ниеттері қалай көрініс табатынын; олардың пайда болуын ескерту, алдын алу және залалсыздандыру жолын анықтаудан тұрады» . Қылмыскер тұлғасын терең және жан жақты зерттеу жеке әрбір қылмыстық іспен байланысты және қылмыспен күрестің жалпы міндеттерімен байланысты бір қатар ғылыми және тәжірібилік сұрақтарды шешу үшін өте маңызды. Қылмыскер тұлғасын зерттеу - сот және тергеу органдарының маңызды міндеттерінің бірі. Оны зеттеудің толықтығынан және ауқымдылығынан адамның алдындағы тағдыры байланысты - оның қандай да жауаптылықты көтеруі, қоғамнан оқшаулануы және т.б. Бұл мәселеге жоғарғы сот инстанциялары өздерінің назарлары әр нақты істер бойынша шығарған қаулылары мен анықтамаларында бірнеше рет аударған болатын.
Біз Р.Н.Михеевтың қылмыстылықпен күрес саласындағы қылмыстық саясат принциптеріне жауап беретін ( аталаған термин идеологиялық таңба болып табылмайды, ол керісінше БҰҰ – ның ресми құжаттарында қолданылады), оның криминализациямен декриминализация процесстерін, қылмыстық жауаптылықтың деференциясымен индивидуализациясын біршама үлкен дәрежедегі тенденцияларын көрсететін ұғым « қылмыстық жауаптылық субьектісі» түсінігі болар еді деген пікірмен келісеміз.
Қылмыстық жауаптылық субьектісі - бұл қылмыс құрамының элементі және қылмыстық жауаптылық негіздерімен қатысты болады. Қылмыс жауаптылық субьектісі ретінде біз, қылмыстық заңда бекітілген қоғамға қауіпті әрекет жасаған, заңда анықталған жасқа толған, есі дұрыс, ал кейбір жағдайда заң нормаларынды көзделген ерекше белгілерді иеленетін адамды түсінуді ұсынамыз. Егер адам жауаптылық іс жүзінде асырылатындығын білдірмейді, себебі қылмыс жасаған адам оны қылмыстық кодексте көрсетілген немесе басқа да заңи маңызды фактілердің ( субьектінің өлімі, психикалық ауруы ) болуының негізінде тарпауы да мүмкін. « Қылмыс субьектісі » категориясында қолдана отырып біз қылмыс жасаған адамды ресми мойындалған қылмыскер ретінде қорытындылаймыз.
2.2 Қылмыскер тұлғасын топтастыру және типтеу мәселелері
Қылмыскерді топтастыру көбінесе топтау және типтеу жолымен жүргізіледі. Топтау ретінде белгілі бір статистикалық жиынтықты белгілі бір топтарға, категорияларға бір немесе бірнеше белгілердің статистикалық тарауы критерий көмегімен бөлу түсіндіріледі.
Біршама көп таралған топтастырулар келесілерге негіделген:
Қылмыскерлердің түрді контингенттің типтеу біршама терең және күрделі болып табылады. Ол қылмыстық мінез - құлықпен себептік байланысты мәнді белгілерге негізделеді. « Типология » термині топқа бөлудің жоғары деңгейде анықталған мазмұнды сипатымен тығыз байланысты. Бұл жағдайда бөлудің мазмұнды сипатын қамтамассыз ететін көрініс табу белгілері және себеп белгілері шартты түрде айрықшаланады.
Бір тип шеңберінде көрініс табу белгілері және себеп белгілері біртектес болуы қажет; олар криминологияда бекітілген белгілі бір динамикалық заңдылықты, анықтау сызықтарын көрсетуі керек. Мысалы, ұрлық жасау ( жасау көрініс табу белгісі ) адамның өз - өзін қамтамасыз ету бағытының нәтижесі, оның жоғары қылмыстық кәсіптігінің (себеп белгілері ) алдыңғы қылмыстары үшін жаупсыздығы.
XIX ғасырдың ағынан бастап әртүрлі авторлар төрт қылмыскер тұлғасының типін бірақ оларды әртүрлі атай отырып, бірақ шын мәнінде әлеуметтік ортамен тұрақты және жекелеген қылмыстық мінез – құлық дәрежесін алдына қоя отырып бөліп көрсетеді. Қылмыстық тұлғаның әлеуметтік типі тұлғалық сипаттаманың белгілі бір біртұтастығын көрсетеді. Оған келесілер тән:
Қылмыстық тұлға типінің ішінде өз алдына тип ішіндегілерге бөлінеді: жалғаспалы – криминогенді, ситуативті криминогенді, ситуативті.
Жалғаспалы – криминогенді тип ішілік - өнеге жіне құқық нормалары жүйелі түрде бұзылатын микро ортада қалыптасады; қылмыс бастапқы мінез – құлық стилінен шығады және субьектінің тұрақты қоғамға қарсы көзқарастық әлеуметтік бағыттары мен ұстанымдарымен негізделеді. Әдетте, қылмыс жасау ситуациясы мұндай адамдармен белсенді жасалады. Бұл тип өкілдері қажетті жағдайда нақты ортаны өз мүддесіне икемдеп алу мүмкін және олардың қылмыстық мінез – құлқы салыстырмалы түрде дербес.
Ситуациялық криминогенді тип – қылмыстық емес сипаттағы құқықбұзушылықтар мен өнеге нормаларын бұзумен сипатталады – қоғамдық қалыптасқан әлеуметтік рольдерді тиісті талаптар бойынша орындамау; қарама – қайшы микро ортада қалыптасып әрекет етеді; қылмыс жасау көбінесе жағымсыз әлеуметтік – экоомикалық, өнегелік жәлмыне құқықтық көзқарас тұрғысынан басым бөлігінде негізделген (қылмыстық ұйымды болу, басқа адамдармен қақтығыс ). Қылмысқа мұндай адамды оның микро ортасы және алдынғы өмір сүру түрі, нәтижесінде ол қылмыстылық жағдайына әкеледі.
Ситуативті типшілік: мұндай тұлғаның және оның микро ортасы өнгесіздік элементі немесе мінез – құлқы егер бар болса да аз көрініс тапқан. Қиын ситуацияларда, тұлғаның және әлеуметтік ортаның оған дайын еместігі нәтижесін қоса алғанда, әсер ету механизмнің кемшіліктері біршама мәнді.
Ғылымда және
тәжірибеде
үлкен мәнге
ие болатын
қылмыскерлерді
сыныптаудың
және типологиялаудың
күрделі сұрақтарын
дұрыс шешу
үшін ғылыми
тану мен
зерттеудің принципиалды
метологиялық
жолдарын анықтап
алу қажет.
Ең алдымен
топтастыру және
типтеу олардың
ұқсастығына
қарамастан
бір категория
емес. Топтастыру
жалпылаудың біршама
төмен деңгейі
болып табылады,
ол зерттелетін
обьектілерді
олардың жеке
белгілері бойынша
тұрақты
топтауды
білдіреді және
өте қатаң критерий
бойынша - топ
және топ асты
бұлардың әр
қайсысы нақты бекітілген
орны негізінде
құрылады. Типтеу
мұндай қатаң
деференцияны
иеленбейді. Қылмыскерлерді
сыныптау әртүрлі
негіздер
бойынша құруы
мүмкін, олардың
ішінде ең
үлкен топты
бөліп көрсетуге
болады:
Оның біріншісіне: жыныс, жас, білім деңгейі, материалдық қамтамассыз етілу деңгейі, әлеуметтік дәрежесі, отбасының болуы, әлеуметтік шығу тегі, қоғамға пайдалы еңбекпен шұғылдануы, кәсіп түрі, мамандығының болуы, тұрғылықты жері сияқты белгілер кіреді.
Екіншісіне - жасалған қылмыстың сипаты, ауырлық дәрежесі, қылмысты алғаш жасау немесе қайталауы, топ болып немесе жеке жасауы, қылмыстық әрекетінің ұзақтығы, қылмыстық қол сұғу обьектісі, кінә нысаны кіреді.
Қылмыскердің денсаулық жағдайы сипаттайтын белгілер бөлек топ құрайды. Осыған байланысты дені сау адамдар және соматикалық аурулармен ауратындар және психикалық ауытқулары бар ашық көрсетілуі мүмкін. Әрине аталған белгілер ( критерийлер ) қылмыскерлерді топтастырудада соңғы емес, бұл басқалармен толықтырылуы мүмкін. Мұнда ең алдымен топтастыру не үшін жасалып жатқаны жаәне қандай нақты мақсатты көздейтініне байланысты. Қылмыскер тұлғасын типтеу мәселесі тек берік методологиялық негізінде шешілуі мүмкін.
Қылмыскер тұлғасының әлеуметтік типі туралы, тек ол басқа әлеуметтік тип өкілдерінен қандай да бір белгілермен ажыратылса ғана айтуға болады. Мұндай қасиет, белгіге оның мемлекетпен қорғалатын қатынастарға зиян келтіруі мүмкін қоғамға қауіптілігі жатады. Типтеулік тәртіп құбылысы ретінде қылмыскер тұлғасы біршама жалпы, тұрақты, маңызды әлеуметтік – психологиялық сипаттарды және қасиеттерді иеленуші ретінде болады.
Тип ретіндегі тұлғаның спецификасы ондағы қылмыстың ішкі психологиялық себептері ретінде көрінетін ерекшелігінде жатыр. Себебі кез - келген қылмыс ол қандай нысанда жасалмасын тұлғаға қатысты кездейсоқ емес. Өзінің негізінде ол оның әлеуметтік, өнегелік, әлеуметтік психологиялық қасиеттерінің дамуымен дайындалған. Аталған ретінде әлеуметтік мазмұнға, сондай-ақ рухани өмір сипатпен толы конфликт жағдайларында қоғамға қауіпті мінез - құлық жолын таңдауды анықтайтын адамның өмірлік тәжірибесі жатыр.
Қылмыскер тұлғасы нақты қоғам үшін дәл сол кездегі қоғам дамуының кезеңінің заңдылығына сай қылмыстылықтың өмір сүретін заңды әлеуметтік фигурасы болып табылады. Сондықтан, қылмыскер тұлғасы туралы тек осы өтпелі кезең кезіндегі қылмыстықпен байланысты уақытша әлеуметтік тип деп айтуға болады. Бұл жалпы қылмыстылық сияқты уақытша тип, бірақ оны жеке дара етіп бөліп көрсету мүмкіндік беретін тұрақты сипаттарымен қасиеттерді иеленеді.
Қылмыскер тұлғасының типтеулігі жалпы криминологиялық міндетке сай болуы керек, яғни ол қылмыстық мінез - құлықты ескерту мақсатында оның себептері мен механизмдерін білу үшін зерттелуі керек. Тұлғаның криминологиялық типтеу негізіне қылмыстықтың субьективті ішкі себептерін жатқызуға болады. Бұл айтқанымыз қылмыс жасауға себеп болатын сыртқы факторларды ескермеу емес. Бірақ, әңгіме қылмыскер тұлғасы туралы болғандықтан типтеу жоғарыда аталған факторлардікі емес тұлғанікі болуы керек.
Қазіргі психологияның соңғы зерттеулері адам қызметінің негізгі стимулы болып ниет (мотив) табылады. Дәл осында не үшін әрекет жасалатыны және оның субьект үшін тұлғалық мәні жатыр. Адамның әрекеті көбінесе полиниетті, яғни бірқатар ниеттерімен анықталады, бірақ бір мәнді емес. Олардың біреуі жетекші, негізгі болса, ал екіншісі қосымша ретінде болады. Ниет --- индивидуалды ерекшеліктерімен және адам ұстанымдарымен байланысты субьективті құбылыс, бірақ сонымен қатар оның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерін қамтиды.17