Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.

Работа содержит 1 файл

кылмыскер тулгасы дипломка.doc

— 464.00 Кб (Скачать)

       Бұған мысал, төмендегі тұлғаны зерттеу жолдары бола алады:

      а) психологиялық (интроиндивидуалды) – бұл жағдайда зерттеу іш жағынан жүреді, тұлғаның санасынан;

      б)  әлеукметтік (интроиндивидуалды) – бұл тұрғыдан зерттеу қоғамға  негізделеді.

       Жалпылай алатын  болсақ, « қылмыскер тұлғасы » ұғымы қылмыс жасаушы индивидтің жеке сипатын көрсететін категория ретінде танылады.Сондықтан да, қылмыскер тұлғасына бір ғана өлшеммен қарауға болмайды, ал қылмыспен күрес жүргізу практикасы тек типтік белгілермен шектеле алмайды. Тап осы жерден екінші мәселе туындайды, яғни қылмыс жасаған адам бойынан индивидуалдық ерекшеліктерді іздестіру қажет етеді. Бұл даралықты түсіну және зерттеу қылмыстылықтың алдын алу, онымен күрес жүргізу, оған тосқауыл қою мәселелерін нәтижелі түрде шешуге көмектеседі.

       Сонымен, қылмыскер  тұлғасының мәнін  қоғамдық қатынастар  құрайды.  Сондықтан  қылмыскер тұлғасын  сипаттау үшін, ең  алдымен оны тұлға  ретінде қалыптастырған  қоғамдық қатынастарды және ол субьектісі болып табылатын қоғамдық қатынастарды айқындау қажет.

       Қылмыскер тұлғасына  жүргізілген психологиялық  және әлеуметтік  зерттеулер тынымсыз  жүру үстінде.  Әрине, қылмыскер  тұлғасы, оның  қоғамға қауіптілігін, тұлғаның деформацияланып денгейін дұрыс сипаттау және бағалау үшін, ең алдымен жағымды және жағымсыз әрекеттерінің жасалуына жол ашатын барлық қасиеттерін, тұлғалық ерекшеліктері обьективті түрде ескеруіміз қажет.9

Қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы

       Қылмыскерді қылмыскер еместен айырмашылығын анықтауға тұлғаның криминологиялық есебін және зерттеу мүмкіндік береді, ол сонымен қатар қылмыс жасауға ықпал ететін фактілерді анықтауға мүмкіндік береді. Біршама толық сипаттама беру үшін зерттеуді тек республика немесе облыс деңгейінде емес, сондай – ақ қалалар мен аудандарда жедел қызмет көрсететін басқа да бөлімше бөліктерінде, жекелеген қылмыс түрлері бойынша жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер нәтижесі ескерту жұмыстарының маңызды бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

       Криминологиядағы  зерттеу және статистикалық  мәліметтер төмендегіні көрсетеді.

  • отбасы құрғандармен салыстырғанда, отбасы құрмағандар арасында ( бірақ, бұл отбасы құрып үлгермегендер жастар қылмыскерлердің басым көпшілігін құрайтындығымен түсіндіріледі ) қылмыстық коэффициенті екі есе көп;
  • қылмыскерлердің жастық сипаттамасы әртүрлі жас топтарының өкілдерінің арасындағы қылмыстық мінез – құлық ерекшелігі мен криминогендік белсенділігі туралы қорытынды жасауға болады. Жастардың агрессивті және импульсивті сипаттығы қылмыстар жасалытындығы криминологиямен әлдеқашан анықталған. Ересек жастағылардың құқыққа қайшы мінез – құлқы импульсивтілігі азырақ, мұндай мінез – құлыққа және оның мүмкін болатын салдарына біршама ойланған болып табылады.  Жас көбінесе құқыққа қайшы әрекеттерге әсер етпей қоймайтын адамның қажеттіліктеріне, өмірлік мақсаттарына, олардың қызушылық шеңберіне, өмірлік образын анықтайды. Көбінесе қылмысты 18 – 40 жас аралығындағы адамдар жасайды ( 70 -75 %). Бұл топта криминалдық белсенділік келесі топтарға тән: 25 -29 жас, 18 -24 жас, 14 – 17 жас және 30 – 40 жас топтарына. Және айта кететін жайт, бұл топтағы құқық бұзушылық жасаушыларға көбінесе психикалық аномалиялар тән ( психопатия, дебильдік түріндегі ақыл – есі кемділігі және т.б.), жүре келе иеленген ( алкоголизм, наркомания, орталық жүйке жүйесінің жарақаты және т.б.). Кәмелетке толмаған және 24 жасқа дейінгі адамдармен жасалатын қылмыстардың көбісі – ұрлық, бұзақылық әрекеттері, тонау, зорлау және автокөлікті ұрлау;
  • ерекше назарды қылмыс жасағанға дейінгі оның енбектік қызметіне аудару керек ( мұнда жұмыс орнын жие және оқу орнын ауыстыру, үлкен үзілістер және т.б.) ;
  • қылмыскерлер білімінің деңгейі, көбінесе, заң сақтаушы азаматтар деңгейінен төмен;
  • тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына отбасылық жағдай және ерекше тәрбие көп ықпал етеді. Ата – аналарының заңсыз шын мәніндегі некелік қатынастары, толық емес отбасы, отбасындағы мәдени қарым қатынастардың төмен деңгейі, ондағы құқық бұзушылық мінез – құлық стериотиптердің болуы, отбасындағы бір бала немесе керісінше көп балалы немесе жетім балалар үйіндегі тәрбие сияқты әдеттен тыс нормаларға ерекше назар аударылуы керек;
  • қылмыскерлер арасында әйелдерден гөрі ерлер көп;
  • қоғамның материалдық жіктелуінің ерекше көрініс табуының қазіргі жағдайы қылмыскер тұлғасын мүліктік жағдайы бойынша, яғни табысы бойынша айырмашылығын көрсетеді;
  • қылмыскер жеке тұлғасын сипатауда ерекше назарға оның қылмыстық әрекетінің ұзақтығы мен сипаты аудартады. Қылмыскерлердің басым көпшілігін адам өлтіргендер, ұрылар, бұзақылар, тонаушылар, алаяқтар, күштеу – зорлықшылар және жәбірленушіге дене жарақатын келтірушілер құрайды. Арнайы рецидивтің барын, сондай – ақ  олардың заңға ерекше қатынасын көрсеткен маңызды. Қылмыс жасаушылар заңды білмейді деп айтуға болмайды. Керісінше, олардың басым көпшілігі заң сақтаушы адамдарға қарағанда құқықтық білімі көп. Алайда, оларға құқыққа деген сыйлау қатынасы, оның нормаларын сақтау оларда қалыптаспаған.

       Жоғарыда айтылғандардың  барлығынан әр  адам қылмыскер  болуы мүмкін деген  қате түсінік қалыптасу  мүмкін. Аталғанның  барлығы формальді сипатқа ие. Бұл ереже үнемі есте сақтайтын нәрсе қылмыстылық мәселесінің этикалық жағы бар және бұл теріс әлеуметтік құбылыспен күресу жекелеген адамдардың мүддесіне қатысты. Адамның тууы, әлеуметік шыққан тегі, нәсілі, ұлты және т.б. жағдайлар оның дискриминациясына ешқандай негіз болмауы керек. Міне осы биологиялық және әлеуметтік тұрғыда қарастырылып жатқан қылмыстылық мәселесінің этикалық жағының мәні болып табылады. Сондықтан «қылмыскер тұлғасы» деген терминнің өзі шартты болып табылады.

       Криминология ( генетика және криминолого – генетикалық зерттеулер) этикалық болған жағдайда гуманды және прогрессивті болады. Адамды абстрактілі схема ретінде, оның қасиеттерін «тізбелеп» (мүмкіндігі бар – мүмкіндігі жоқ, ақылды – ақылсыз, белгілі бір әрекетке барады – бармайды деп), оны өмірдің белгілі бір рөліне тиістіре отырып және оны перспективалардан айыра отырып қарастыру мүлдем болмайды.

       Құқық бұзушыларды  демографиялық, құқықтық, психологиялық және  басқа белгілер  бойынша ажыратылатының, сонымен бірге осы белгілер бойынша олар ұқсас тұрақты топтар құратынын назарға ала отырып қарастыру қажет. Сондықтан қылмыскерлер тұлғасын классификациялау және типологиялау қажеттілігі туады. 
 

1.2. Қылмыскер тұлғасының құрылымы және қылмыскер тұлғасындағы әлеуметтік және биологиялықтың арақатынасы

        Криминология ғылымында қылмыскер тұлғасының негізгі құрылымдық элементтері жеткілікті дәрежеде айқын көрініс тапқан.  Қылмыскер тұлғасының құрылымын жалпы алғанда қылмыскердің келесі анықтаушы сипаттық белгілер мен қасиеттер қамтылады: әлеуметтік – демографиялық, әлеуметтік - өнегелік,                әлеуметтік – рольдік, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік -  құқықтық белгілер.  Аталған белгілер әртүрлі авторларда: Ю.М.Антонян, П.С.Дагель, А.Б.Сахаров, Б.С.Волков және т.б. әрқалай кездеседі.

       Криминологиялық зерттеу обьектісі болып: қылмыс жасаған жекелеген адамдар; қылмыскерлердің әртүрлі контингенттері (кәмілетке толмағандар, рецедивистер) ;қылмыскелердің әртүрлі криминологиялық типтері табылады. Ал,міндеті- қылмыстылыққа және қылмысқа жақын себептік байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін, себептік кешендерді, тізбектердің сипаттамалар шеңберін  жіктеу болып табылады .                                                                                         

      Ендеше, қылмыскер тұлғасының құрылымы жөніндегі кейбір ғалымдардың маңызды ұсыныстарын қарастырып  көрейік.

       Б.В.Волженкин қылмыскер құрылымында үш топ белгілерін көрсетеді:

  1. Қоғам мүшесі ретіндегі адам тұлғасының жалпы белгілері;
  2. Барлық қылмыскерлерге ортақ ( типтік қоғамға қауіптілік), бірақ оларды жекелеген азаматтардан ажырататын қылмыскер тұлғасының ерекше белгілері;
  3. Аталған адамның ерекшелігін көрсететін, қылмыскер тұлғасының индивидуалды белгілері.

       Н.Т.Ведерников  тұлға   белгілерінің екі негізгі блогын ұсынады:

       а)  жекелендіретін  мәліметтер ( өмірбаян  мәліметтері,  материалдық  жағдайы,  физикалық   және психикаық   жағдайы );

       б)   қоғамдық  сипаттама  ( өндірістік,  саяси  және  тұрмыстық ).10

       Ю.Д. Блувштейн   қылмыскер  тұлғасының  белгілерін  демографиялық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық және биологиялық (медициналық) белгілерге жіктейді.

       Профессор А.Б.Сахаров  бастапқыда:  әлеуметтік  – демографиялық,  әлеуметтік –  психологиялық, әлеуметтік  – биологиялық  белгілерді ұсына отырып, бірақ, кейінірек ол өзінің көзқарасынан биологиялық белгілерді алып тастап өзгертті.

       Қазіргі таңда  криминологияда біршама  көп таралған алты  белгі топтары  айқындалады: 

  • әлеуметтік – демографиялық белгілер;
  • қылмыстық – құқықтық белгілер ;
  • өмірдің әрқилы аяларындағы әлеуметтік көріністер немесе басқаша айтқанда әлеуметтік байланыстар туралы айтады;
  • өнегелік қасиеттер\;
  • психологиялық белгілер;
  • физиологиялық (биологиялық ) белгілер.11.12

       Тұлғаның аталған  белгілерінің барлығын өз алдына криминогенді деп қарастыруға болмайды. Бірақ, олардың жағымды немесе жағымсыз әлеуметтік құбылыстағы әсерінен олардың арасындағы өзара байланысы тұлғаның нақты мінез – құлқына ықпал етуі мүмкін.

       Қылмыскер тұлғасы  құрылымын анықтаған кезінде оның басқа адамдармен әртүрлі қарым – қатыныас процесінде қалыптасқан және оны өз алдына қатынас пен түйсік қызметінің субьектісін жасайтын, ол алдымен оның әлеуметтік маңызды қасиеттерін жиынтығын білдіретінін назарға алуымыз керек. Тұлғаның бұл аспектісі бізге өте маңызды, себебі ол тұлғаны қоғамның, әлеуметтік топтардың немесе басқа да қауымдықтастардың мүшесі,  әлеуметтік типтік сипаттардың иесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

       Қылмыстың жасалу  себептері тек  тұлғаның теріс  әлеуметтік бойына сіңген сипаттары болып табылатыны бәрімізге мәлім. Жекелеген психологиялық процестердің, жағдайлардың қолайсыз ерекшеліктері және биологиялық алғышартталған қасиеттер тек осы әрекетке ықпал етуші себепкер болуы мүмкін. Қылмыскер тұлғасының криминологиялық талдауы қылмыстылық мінез – құлықты қоса алғанда адамның мінез – құлық механизмдерінде көрініс табатын индивидуалды психологиялық ерекшеліктерді де және биологиялық алғышартталған қасиеттерді де максималды ескере отырып талдауды білдіреді.  Қылмыскер құрылымында оны айқындап көрсету қылмыс жасаудың себептерін психологиязацилауын немесе биологизациялауын білдірмейді өйткені, көптеген психологиялық ерекшеліктер мен биологиялық алғышарттар қасиеті әлеуметтік факторлардың анықтаушы, бағыттаушы ықпалында болады.

       Қылмыскер тұлғасының  құрылымында бірқатар  құрлым астылар  да көрінеді:

  • олардың   бірі   әлеуметтік   шыққан   тегі   мен   дәрежесі, отбасылық және қызметтік жағдайы, ұлттық және кәсіби тиістілігі және материалдық қамтамассыз етілу деңгейі сияқты әлеуметтік – демографиялық белгілерді қосады;
  • екіншісі, ақыл – ой деңгейінің дамуы, мәдени – білімінің деңгейі, білімі, қабілеттері;
  • үшіншісі, өнегелік қасиеті, бағыт бағдары және тұлғаның құштарлығы, оның әлеуметтік позициясы мен қызығушылықтары, қажеттіліктері, икемділіктері және әдеттері;
  • төртіншісін психикалық процестер, қасиеттері мен тұлғаның жағдайы құрайды;
  • бесінші жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, дене бітімінің конституциясы және т.б. сияқты биофизиологиялық белгілер біріктіреді (бұл жерде аталған белгілердің әлеуметтік көрініс табуы туралы айтылады).

       Кез келген құрлымастыны  алып тастау құрлымының  біртұтастығын бұзады, себебі олардың  ешқайсысы жеке  дара бола алмайды.  Демек, олардың  барлығы бір –  бірімен белгілі  бір арақатынаста  және байланыста тұр. Осыған орай біз тек жай ғана тізбектелген тізімі емес, қылмыскер тұлғасын құрайтын біртұтас күрделі элементтер жиынтығын аламыз.

       Қылмыскер тұлғасы  құрлымының басқа  да варианттары  бар. Мысалы, олар:

  • әлеуметтік – демографиялық және қылмыстық құқықтық белгілерді;
  • қоғамдық өмірдің түрлі аясындағы әлеуметтік құбылыстар мен белсенділіктер;
  • өнегелік қасиеттер;
  • психикалық ерекшелітерді қамтиды.

       Кез келген мұндай  схема тек қылмыскер  тұлғасына тән  қандай да болмасын  ерекше сипаттарды қамтымайды, өйткені ол тұрғыдан құрлымдағы қандай да бір компоненттердің барымен немесе жоғымен емес, ол ең алдымен осы құрлымдағы белгілі бір компоненттердің бағыттылығының мазмұнымен ажыратылады. Міне сондықтан, біз нақты қылмыс себептерінің жасалуына себеп болған қоғамға қарсы бағытталған көзқарастар, қызығушылықтар, қажеттіліктер, әдеттер туралы айтамыз. Сондықтан да өнегелік қасиеттер, қызығушылық бағыттар және т.б. және психологиялық ерекшеліктер криминологияны ерекше қызықтырады. Бұл әрине басқа құрылымдарды ысырып тастауды білдірмейді. Керісінше, қылмыскер тұлғасының барлық ерекшеліктерін ескеру және білу керек, өйткені олар индивидуалды мінез – құлыққа әсер етеді. Тұлғаның баыттанушылығы оның әрекетіне ықпал ететін, осы адамды сипттаушы және ол адамның өмірге қатысты таңдалатын жолы болады.

       Бағытталушылық –  тұлғаның психологиялық  құрылымындағы жетекші  элемент. Ол басқа  элементтерге –  білім деңгейі,  биологиялық алғышартталған  қасиеттердің көрініс  сипатына ( темпираментке,  әдеттерге ) анықтаушылық ықпал етеді. Бағытталушылық тұлғаның әлеуметтік типін анықтауда үлкен мәнге ие. Қылмыстық мінез – құлық жолын таңдау мән жайы тұлғаның өзінің ерекшелігімен анықталуымен пайда болатыны көптеген криминологиялық зерттеулермен негізделген. Бұл бағытталушылық адамның белгілі бір сәйкес мінез – құлық вариантын таңдау анықтайды. Қылмыстарды ескерту жұмыстарында қылмыскер тұлғасының аталған көптеген сипаттары әсер ету обьектісі болуы қажет. Көп жағдайда бұл түзеуге жататын өнегелік қасиеттерге қатысты. Бірақ, адам мінез – құлқын өзгерту, егер оның кәсіби деңгейін көтеру шараларын, жаңа мамандықтарды оқыту, материалдық қамтамассыздығын тұрақтандыру, симатикалық ауруларын және психикалық жағдайын емдеу шараларын жүргізбей өте қиынға соғады. Отандық криминологтар қылмыстылық және жекелеген нақты қылмыстар кез келген қоғамда әлеуметтік сипатқа және әлеуметтік алғы шартқа ие деген пікірде. Алайда,бұл дегеніміз биологиялық факторларды елемеуді немесе жоққа шығаруды білдірмейді, бірақ олар тек қылмыстылық мінез – құлыққа итермелейтін шарт сипатында болады және мүлдем оның себебі емес.

       Криминология рольдің  нормативтік түсінігінен  адамның мінез-  құлқы оның қоғамда алатын дәрежесіне байланысты деген шығады. Адам әрқайсысының өз мазмұны ( сценарий рөлі ) бар бірқатар дәрежелерді иеленеді және рольдерді ойнайды. Және адам осы сценариймен жүреді. Осыған байланысты төмендегідей олар жіктеледі:

Информация о работе Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі