Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа
Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.
Криминологияда қылмыстық әрекетке антропологиялық көзқараспен қатар және әрқашан басым түсетін биологизацияны терістейтін көзқарас үнемі болған. XX ғасырдың басында А.А.Пионтковский өзгергіштік әлеуметтік құбылысты адамға табиғи тән болатын қылмысты түсіндіру мүмкін емес, тіпті «қылмыстық адамды» қоса алғанда – деп жазды. А.А.Герцензон пікірінше мінез – құлытың диоллогиялық қайнар көзін іздеп, тұлғаның мәніне үңілу криминологқа қажет емес. Ф.М.Решетников қылмысты қылмыскерлердің биологиялық немесе психологиялық ауықту ретінде қарастыру, әлеуметтік себептермен туатын қылмыстың әлеуметтік құбылыс ретіндегі табиғатын елемеу дейді.
Сонымен криминологқа тек қоғамға өмір сүретін, адамда қалыптасатынмен , яғни қылмыскер тұлғасымен шектеліп қалу керек пе? Деген сұрақ әлі шешімін тапқан жоқ.
Әлі күнге дейін, зерттеушілер оны әр қалай ешеді. Ю.М.Антонян өзінің назарын қылмыскерлердің психофизиологиялық, психикалық сипаттарына аударып, өзінің «Жестокость в нашей жизни» деген енбегінде Ф.Ницшенің адам қатігездігіне қатысты айтқан пікіріне қосылады.13
Қорыта айтқанда, адамның биологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері қылмысты анықтағанда қатысатыны сөзсіз. Сондықтан, қылмыскер тұлғасын зерттеуде, себептілікті анықтағанда сот психиатриялық, сот – медициналық және басқа сараптамалар сияқты пән аралық салалардың қатысатыны тегін емес.
Айта кетерлігі, қылмыскер тұлғасы мен қылмыс субъектісін шатастырып алмау. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін бар болғаны адам болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш белгі жетік айта кетерлігі, қылмыскер тұлғасы мен қылмыс субъектісін шатастырып алмау. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін бар болғаны адам болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш белгі жеткілікті, ал қылмыскер тұлғасын сипаттау үшін оның бала күнінен бастап бойына сіңірген барлық қасиеттерін адақтап шығу керек. Тіпті, қылмыс субъектісінің тұлғасы десек де қателеспейміз. Біреуді бойы ұзын деп жақсы көрсеңіз - ол биологиялық қасиеті, енді береуді ақылды деп сыйласыңыз - ол психологиялық-интеллектуалдық қасиеті.
Қай ортада сыйлы-сыйсыз болу да адамның белгілеріне, қасиеттеріне байланысты. Бір ортада сұраныс пен қадірлеуге ие белгі келесі ортаға қажеті шамалы. Мысалға, мектепте бақылау жұмысы үстінде ақылды бала сыйлы, өйткені оның есепті тез шығара алатын қасиеті бар, ал жоғары сыныптың балаларымен есеп айырысқанда басбұзар баланың сыйы артады, оған білімнің қажеті жоқ, тек төбелесе білу керек.
Өмірде мынау қылмыскердің тұлғасының қасиеті деп шодырайып шығып тұрған қасиет болмайды, ол қарапайым өмірде нақты адамның белгілі бір қасиеті, тек оны біз сырттай ғана мына қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын ''бәлен'' деген қасиеттері бар деп бағалаймыз.14
Осыған орай қылмыскердің
Қалай? | Кім? | Неліктен? |
Әлеуметтік рөлдік қасиеттері | Әлеуметтік-демографиялық қасиеттері | Әлеуметтік-психологиялық қасиеттері |
Қылмыскер
Құқық бұзушы Еңбеккер Отағасы Белгілі бір топ-тардың мүшесі |
Жынысы
ЖасыБілімі Әлеуметтік тапқа жатуы Материалдық жағдайы Азаматтығы Жан саулығы |
Құқықтық
психология
Еңбек психологиясы Тұрмыстық психология Адамдармен қарым-қатынас психологиясы Өзін өзі бағалау |
Яғни, әлеуметтік рөлдік қасиеттері ''Қалай қылмыс жасады?''-дегенге жауап берсе, әлеуметтік-демографиялық қасиеттері ''Кім қылмыс жасады?'' -дегенге, ал әлеуметтік-психологиялық қасиеттері ''Неліктен қылмыс жасады?'' - деген сұраққа жауап береді.
Қылмыскер тұлғасының құрылымына байланысты өзгеден оқшаулау ойды Б.В.Волженкин білдіреді:
Ю.М.Антонян
қылмыскер тұлғасын құрайтын қасиет-белгілердің
жалпы схемасын былайшы көрсетеді:
Мінездік қасиеттер және өзге де психологилық ерекшеліктер | Адамгершілік ерекшеліктері мен бағдарлары, адамгершілік ұстанымдары |
Кәсібилігі, Іскерлігі, білімі | Өзі туралы ойы, өзіне көзқарасы |
Қоршаған орта туралы ойы, оған деген көзқарасы | Жынысының, жасының, денсаулық жағдайының әлеуметтік аспектілері |
Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын, рөльдерін және әрекетін зерделеу.
Криминологиялық зерттеулер әлеуметтік позициялар мен жеке бастың рөльдерінің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік – рөльдік аясын бекітеді.
Криминологияда рөльдің номативтік ұғымына сүйенген жөн. Әлеуметтік позиция дегеніміз әлеуметтік жүйедегі өзінше бөлек «қатынастар түйіні». Адам бір уақытта бірнеше әлеуметтік ұстаным ұстанады. Отбасының өзінде ғана ол – ұл (қыз), әке (шеше), аға (әпке), немере. Әрбір әлеуметтік ұстанымға субьектілердің үш тобы жарыса жаса,ан рөльдер сценарийі сәйкес келеді: 1) мемелкет жасаған және ресми міндеттеулер ( заңдар, заңға тәуелді актілер) жүйесінде көрініс тапқан; 2) қоғам жасаған және көпшілік қабылданған және қоғамдық пікір қолдаған әс қимыл нормалары: моральдық, эстетикалық, діни және басқа нормалар нысанда; 3) биресми құрылымдар ( отбасы, бірге демалатын топтар, әріптестер тобы) жасаған және тосылатын іс қимылдың жазылмаған ережесі, оның әлеуметтік нысанында. Субьектілердің соңғы тобына өз іс қимыл нормалармен және әлеуметтік тосу нысанымен қылмыстық құрамалар да кіреді. Әр адам үшін әлеуметтік позициясының маңыздығы, өзінен тосылатын нормалар тарайтын субьектінің маңыздылығы аса қажет. Әрбір рөльдің орындалу жағдайын бағалаудың да елеулі маңыздылығы бар.
Рөльді орындау, егер ол ұзаққа созылатын болса, адам да қандай да бір із қалдырады, бір қасиет дамып, ал екінші бір қасиет жойылып кетуі мүмкін. Мысалы, мынадай жағдай байқалған: егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, биресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми ара қатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды: ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл күйінің қабығынан біліп тұрады және т.б.. Сонымен қатар оларда еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар төмен болады.
Криминолог мыналарды ажырата білуі тиіс: 1) осы позицияға сәйкес келетін нормативтік міндеттеулердің жиынтығы ретінде рөльді; 2) адамның өзінен не талап ететіндігі түсінуі ретінде рөльді және нені орындағысы келетіндігі; 3) орын мен уақыттың нақты жағдайларында рөльдің іс жүзінде орындалуын. Соңғы жағдайда ол әлеуметтік жағдайларға, сондай ақ жеке бастың қалыптасып қойған сипаттамаларына байланысты.
Мына әлеуметтік рөльдік ситуациялар қылмыстық іс қимылмен заңды байланыста болады:
Қылмыскер тұлғасын зерттеуде Ломброзо ілімінің кемшіліктері мен артықшылықтары неде десек? Туа біткен қылмыскерлердің анық көрсетілген теорияның шешімдері мен ұсыныстардың кемшіліктеріне қарамастан, Ломброзо теориясы бізге қылмыскер тұлғасын зерттеу арқылы қылмыстарды оқып білудегі нақты әдістерді қолдану бастамасы енгізді. Бастапқыда Ломброзо қылмысты жасаушылар биологиялық тұрғыдан бөлек адам категориясын қарастырған, кейін келе сана жетілуімен оның ішіне әлеуметтік және экономикалық факторларды, яғни сыртқы әсерлес табиғатты қосты. Ломброзо теориясының нақты ойы факторларға «обьективті» және «позитивті» келіс арқылы қаралатын болса, ол «өзара арақатынасы бар себеп тізбесі» дегенге келуге болады.
Ресейде Ломброзо ілімін әрі қарай жетілдіруде өз ғалымдарын тапқан жоқ.
Қазіргі кездегі
Ломброзо теориясының
модификациясы
болып, адамдардың
физикалық және мінез-құлық
кескіндері мен
қылмыстың жүріс
түрісінің арасында
қандай да бір
тәуелділік бар.
Адамның физикалық
пішіні, оның
анатомиялық ерекшеліктері
оның өзара мінез-
құлық жүріс түрісін,
моральді бейнесін
көрсетеді. Егер
бұл теория дұрыс
болатын болса,
онда қоғамға қылмыспен
күресу мүмкін
емес екені пікір
талас шығуы мүмкін.
Нәтижесінде осыдан
қоғам ішінде барлығына
танымал формула
шығуы себеп болды,ол
– қылмыскермен
күресу тек қана
жалғыз жол бар
оны өлшесең,
ақылға салып көрсең
және асып қойсаң.
2. «Қылмыс субьектісі» мен «қылмыскер тұлғасы» категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері
2.1. «Қылмыскер субьектісі» және «қылмыскер тұлғасы» категорияларының арақатынасы
Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс субьектісі екі мағынада түсіндіріледі: жалпы және тар, яғни бұл сөздің арнайы мағынасында. Бұл сөздің жалпы мағынасында - ол, қылмыс жасаған адам, қылмыскер. Біршама тар мағынада, арнайы мағынада – қылмыс субьектісі - қылмыстық заңда бекітілген қоғамға қауіпті іс әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған жағдайда қылмыстық жауаптылықты тартуға мүмкіндігі бар адам. Аталған тар мағынада « қылмыс субьектісі» категориясы қылмыстық заң көзделген қоғамға қауіпті әрекет жасаған уақытта кім қылмыстық жауаптылықты тартады деген сұраққа жауап береді. Сондықтан, қылмыс субьектісін сипаттайтын белгілер қылмыс құрамы элементінің құрамына заң шығарушымен кіргізілетін белгілерінің бірі болып табылады. Біздің ойымызша қылмыс субьектісін сипаттайтын белгілер қылмысқа жауапты адамдар шеңберін анықтау үшін әрине жеткілікті.
Қылмыс субьектісін сипаттау кезінде оның жауаптылығын анықтау және тағайындау үшін қылмыскердің жеке тұлғасы маңызды мәнге ие. « Қылмыс субьектісі » және «Қылмыскер тұлғасы » ұғымдары ұқсас ( сәйкес) емес болып табылады. Қылмыскер тұлғасы - қылмыс субьектісі ұғымына қарағанда біршама көлемді ұғым. Қылмыскер тұлғасы – қылмыс субьектісі ұғымына қарағанда біршама көлемді ұғым. Қылмыскер тұлғасы – бұл қылмыскерді бүтіндей тұлға ретінде сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және қатынастардың жиынтығы : оның әлеуметтік байланыстары ( қатынастары, саяси, енбек, тұрмыстық, отбасылық және т.б.), оның өнегелік – саяси қасиеттері ( өмірге көзқарасы, сенімдері, қызығушылықтары ); оның психологиялық қасиеттері және ерекшеліктері (интелекті, ерік – жігерлік қасиеттері, эмоционалды ерекшеліктері, темпираменті ); оның демографиялық және физикалық қасиеттері ( жынысы, жасы, денсаулық жағдайы ); оның өмірбаяны, өмірлік тәжірибесі, білімі, қоғам алдындағы кінәләрі және жетістіктері.
Қылмыскер тұлғасы қасиеттерінің барлығынан « қылмыс субьектісі» қылмыскер тұлғасын сипаттайтын белгілер жиынтығының тек ең аз бөлігін ( есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толған адам) қамтиды.