Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.

Работа содержит 1 файл

кылмыскер тулгасы дипломка.doc

— 464.00 Кб (Скачать)
 

Кіріспе 

Дипломдық жұмыс тақырыбының  өзектігі

       Қазіргі таңда қылмыстылық мәселесі өзіне ерекше назар аудартуда. Қылмыстылық  және оны тудыратын себептерді ауыздықтамай,  құқықтық           демократиялық          мемлекет     құрұ   мүмкін емес.  Сонымен қатар    ел басымыз Н.Ә.Назарбаевың Қазақстан халқына жолдауында “заңның шексіз үстемдігін және заңды сақтаушы азаматтарды қылмыстылықтан қорғауды орнықтыру қажет” деп айтын өткені бар.1  Қылмыстылық өзінің шеңберінің өсуімен қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздікке және елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қауіп төндіруі сөзсіз.Демек, бұл мәселені шешу жолы ретінде қылмыстың,қылмыстылықтың негізгі себепшілерінің бірі болып табылатын қылмыскер тұлғасын жетік зертеу,оның практикалық маңызын ашып көрсету алдағы мақсаттардың бірі болып тұр.

       Бұл мәселенің өзектілігі,   ең алдымен,қылмыс жасаушыларды ғылыми тұрғыдан танып білмейінше қылмыстылықпен ықпалды күрес жүргізу мүмкін емес екендігінде болып отыр. Соның ішінде “қылмыскер тұлғасы” мәселесі қылмыстылықтың мәнін түсінудің кілті болып табылады десек қателеспейміз.

       Қылмысты адамдар жасайды, қылмыс адамдар арасында жасалады.Сондықтан да, адам мәселесі ескі де және үнемі жаңа мәселе болып табылады.Ол ауқымды және күрделі, өйткені “адам еңбек пен қарым – қатынастың субьектісі, ол - әлемнің құрушысы және қайтақұрушысы,жердегі құндылықтардың жинақтаушысы, материя дамуының жоғарғы нысаны – қоғам өкілі”.

       Қылмыстылықпен күрестің барлық сатысында, қылмыстық жауаптылыққа тартудан бастап және жазаны орындау процесімен аяқтағанға дейін қажетті шарт пен міндетті қылмыстық әрекет жасаған кінәлінің тұлғасын зерртеу болып табылады.

       Қылмыскер тұлғасын зертеу жөнінде мәселе төңірегінде және

Мұндай  аспектілерді Ағыбаев  А.Н., Антонян Ю.М., Баймурзин Г.И., Бегалиев Қ., Блувштейн Ю.Д., Волежкин В., Волков Б., Герцензон А., Дагель П.С., Жекебаев У.С., Закалюк А.П., Карпец И.И., Кузнецов А.В., Кудрявцев В., Кайыржанов Е.І., Лейкина Н.С.,

Милюков С.Ф., Миньковский  Г., Нәрікбаев М., Сейітжанов М., Стручков Н.А.,   және тағы басқа ғалымдар өз еңбектерінде жан – жақты қарастырған болатын.

    “Адам” ұғымында оның мәнінің ажырамас әлеуметтік және биологиялық жақтарының біртұтастығы бекітілген. “Тұлға” ұғымына тек спецификалық әлеуметтік белгілер тән.Тұлға – бұл адамның әлеуметтік бет бейнесі,қоғамның әлеуметтік даму, қалыптасып және өмір сүру процесіндегі оның болмысы.Олай болса біз, “қылмыскердің тұлғасы” деген ұғымды қолданған кезде қылмыс жасаған адамның тек “әлеуметтік бейнесі” деп түсінуіміз қажет.

        Қылмысты уақтылы және нәтижелі ескертуді тек қылмыскердің тұлғасына назарды аудару арқылы ғана қол жеткізуге болады.Себебі тек адам қылмыскердің себепкері. «...тұлға – қылмыстық мінез – құлық механизімнің барлық сатысының негізгісі және маңыздысы болып табылады... Сондықтан өылмыскер тұлғасы мәселесі криминология мәселелерінің ең күрделі және жетекшілерінің біріне жатады».2

       Қылмыс жасаған адамды ,оның тұлғасының қалыптасу процесін,оның әрекетіндегі қоғамға қарсы бағыттылықтың пісіп жетілуіне жағдай жасайтын ішкі және сыртқы жағдайларды, әлеуметік және психологиялық факторларды зерттеу – жеке қылмыстық әрекеттің себебін едәуір толық ашуға апаратын жолдардың бірі ғана емес,сонымен бірге жалпы қылмыстылықпен күрес жүргізудің бірден бір тиімді жолы болып табылады.

       Әрине,  қылмыскер тұлғасын,оның қоғамға қауіптілігін,тұлғаның деформациялану деңгейін дұрыс сипаттау және бағалау үшін,  ең алдымен жағымды және жағымсыз әрекеттерінің жасалуына жол ашатын барлық қасиеттерін,тұлғалық ерекшеліктерін обьективті түрде ескеруіміз қажет.Ендеше,  біз қылмыс жасаған адамның бойынан жеке және жалпы белгілерге ие индивидті,қоғамның толық құқылы өкілін, біздің болсымыздың ,өкінішке орай, көлеңке жағын ашатын адамды көруіміз қажет.

     Қылмыскер тұлға мәселесі  криминология  ғылымында   актуалды  проблема  ретінде   қарастырылуы,  бұл  проблеменың  негізгі   себебі – адамдардың  қоғамға  қарсы  мінезінің  қылмыспен  байланыста  болуы.  Қылмыскерлердің  қатарына  қоғамда  жүрген  әрбір  адамды  теңеуге  болады,  яғни  сыртқы   формасы  заң  бұзушылыққа  бармайтын  адамға  ұқсас  болса  да,  сол  жеке  тұлғаның  қандай  кәсіппен  айналысатынын  біз  біле  бермейміз.  Сондықтан  қылмыскердің  қатарына  біз - әйелдің қолынан сөмкесін  тартып  алған кәмелеттік  жасқа толмаған  баланы,  көлікті сұраныспен  ұрлайтын  кәсіпті  ұрлықшыларды,  өзінің  өлтіретін   адамдарын  алдын  ала  күтіп  отырған,  қандай  да  бір  жанұяның    әкесін,  ешбір  себепсіз  өзінің  туысқандарын  мерт   қылған   сырттай  момын  адамды,  суға   өзінің  туған  балаларын  тұншықтырған  әйелді  де  және  тағы  басқа  қоғамда  жүрген  адамдарды  қылмыскер  ретінде   қарастыруға  болады.  Бірақ  әрбір  жеке  алынған   ешбір  теория,  ешбір  формула,  ешбір  ғылыми  ойлар,   қылмыс  деген  атауы  бар  алуан  түрлі  мінез – құлық  формаларына  толықтай  қанықты  жауап  бере  алмайды.

  Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.

              

       
 

 

       1 . Қылмыскер тұлғасының ұғымы 

       1.1.Қылмыскердің тұлғасы: түсінігі, криминологиялық         зерттеу деңгейі және қылмыскерлер тұлғасының жалпы        сипаттамасы.

       Қылмыскер тұлғасы,оның түсінігі,құрлымы, қылмыс жасаған адамның әлеуметтік мәнін білдіретін қазіргі криминология мәселелерінің бірі ретінде жетекші құқықтанушылардың басым көпшілігімен негізделген түрде қарастырылуда.

       Қылмыскер тұлғасы туралы мәселе криминологиядағы біршама күрделі және түрлі талас тудыратын мәселелердің бірі болып табылады.Бұл мәселенің маңыздылығы ең алдымен қылмыс адам қылығының әрекеті және әрі нақты адамның еркін білдіруі ретінде, оның өзіндік сипатының және ерекшелігінің мәндік жағынан шығады.

      Сонымен қатар, қылмыс жасаған адамның тұлғасы қылмыстық саладағы көптеген ғылымдардың мұқият зерттеу обьектісі болып табылады.Криминологиялық зерттеу обьектісі болып: қылмыс жасаған жекелеген адамдар; қылмыскерлердің әртүрлі контингенттері (кәмелеттік толмағандар,рецедивистер); қылмыскерлердің әртүрлі криминологиялық типтері табылды. Ал,міндеті – қылмыстылыққа және қылмысқа жақын себептік байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін, себептік кешендерді,тізбектердің сипаттамалар шеңберін жіктеу болып табылады.Қылмыскер тұлғасының ерекшекліктерін зерттеу, “криминология”ғылымы қалыптасқан тұтастай ғылыми бағытты тудырды.Сондықтан да, бірде бір криминолог қандай да бір мектептің өкілі болмасын, қандай да бір бағыт ұстанбасын, ол қылмыс жасаған адаммен байланысты мәселеге көз жұмып өтіп кете алмайды.Ол адамды қысқаша “қылмыскер” деп атайық. Бұл түсінік формальды түрде қолданылады және ол адамның ешқандай ерекше қылмыстық бейнесін көрсетпейді және оның қылмыс жасау фактісін білдірмейді.3 Бұл ұғымды туа біткен қылмыскер идеясының жақтастары қолданатын “ қылмыстық адам “ұғымынан ажыратып қарау керек.

       Қылмыскер тұлғасы. Бұл сөздің астында не жатыр ? Бұл ұғымының әр түрлі анықтамалары бар, криминологиялық  ілім тұлғаны біртұтас адамның әлеуьетік сапасын білдіретін құрылым ретінде қарастырудан бастау алады.Тұлға қоғамдық қатынастар процесінде қалыптасады, яғни ол адамның әлеуметтенудің жемісі. Оның үстіне, адам әлеуметтік және биологиялық бастаулар бірге болады.Әлеуметтік пен биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасында биологиялық әлеуметтілікке бағыныштылық қатынаста болады және ол “адам бейнесі “ түрінде көрініс тапады. Биологиялық өзінің бойында адамның генетикалық және әлеуметтік байланысын шоғырландырса,әлеуметтік тек маңызды әлеуметтік белгілерді қамтиды.Жеке тұлға ішкі жан дүние (сана) мен сыртқы (қызметінің) жиынтығы болып табылады. Жеке тұлғаның мәнін бұлай анықтау философияда бұрынан қалыптасқан. Адамның тұлғасы оның әлеуметтік ортамен оның өмірлік қызметі байланысының арақатынасы арқылы көрініс тапқан әлеуметтік – психологиялық қасиеттер мен сапалық белгілер жүйесін білдіреді.

       “Адам” ұғымында оның мәнінің ажырамас әлеуметтік және биологиялық жақтарының бір тұтастығы бекітілген. Тұлға – бұл “адамның әлеуметтік бет бейнесі”, қоғамдағы әлеуметтік даму,қалыптасып және өмір сүру процесіндегі оның болмысы. Олай болса біз, “қылмыскердің тұлғасы” деген ұғымды қолданған кезде қылмыс жасаған адамның тек “ әлеуметтік бейнесі” деп түсінуіміз қажет.

       Тұлға дегеніміз кім ?  Бұған байланысты келесі парадигмалар бар: Тұлға - әлеуметтік қатынастар субьектісі ретіндегі индивид ; индивид тұлға болады. Қылмыскер тұлғасы – индивидтің қылмыс жасау сипатында көрінетін психикалық ерекшеліктер жиынтығы.

       Тұлға – бұл қоғамдық қатынастар жиынтығы, бұл марксистік көзқараста тұлға қоғамдық қатынастар субстраты ретінде қарастырылады. 30 – жылдардағы дискуссия нәтижесінде криминологияға тиым салынған болатын. 1965 жылы дәл осындай мәжілісте кеңес криминологиясын жаңғырту ұсынылды. “ Введение в криминологию” деген кітап шықты бірақ, онда қылмыскер тұлғасы туралы сөз жоқ болған, себебі 30-шы жылдағы мәжіліс қылмыскер тұлғасына қатысты мәселелерді, соның ішінде ломброзияндық қайта көтерілген болатын, себебі тұлға сөзіне мүлдем тиым салынды. Тұлға сөзі кейіннен ғана айтыла бастады. Тұлға – қоғамдық қатынастар жиынтығы, бұл белгілі бір дәрежеде дұрыс, бірақ, тұлға  туралы барлық нәрсе осымен айтылып қоймайды.

       Тұлға – бұл индивидуалдық, қайталанбастық. «Адам» және «персона (тұлға)» түсініктері ажыратылады.Адам ұғымы кең деп саналады, себебі кез келген адам тұлға емес, керісінше кез келген тұлға адам.

       Қылмысты  жасау   фактісі  тұлғаны ( антиобщественный )  қоғамға қайшы сияқты  сипаттайды.  Бірақ ол  бүкіл оның   мазмұнын  аша алмайды және  түсіндірмейді.  Қылмысты  жасаған тұлғаны қарағанда К.Маркстың  айтуынша  тек қана  құқықбұзушы ретінде қарастырмай,  оны одан да тереңірек  ойлар  қарастыруымыз  керек.  Яғни,  « құқықбұзушыны  мемлекет  адам  ретінде  көруі   тиіс..., жүрегі  бар,  мемлекеттің  тірі  бөлшегі  ретінде;  Отанды  қорғайтын әскер   ретінде;  Сот  тындайтын  қандай  да   бір  куә  ретінде;  қоғамдық  функцияны  атқаратын қоғам мүшесі  ретінде;  жанұя басы  ретінде,  және  ең  өзектісі  болып - мемлекеттің азаматы ретінде көруі   тиіс » - дейді.

       60 – шы жылдардың аяғында И.И.Карпец «қылмыстық құқық үшін «қылмыс субьектісі» деген өзінің мазмұны бойынша да өте дәл және дәстүрлі түсініктің толықтай жеткілікті» екендігін туралы пікірін айта отырып, осылайша «қылмыскер тұлғасы» деген түсінікке қарсы шыққан болатын.

       Криминологияда қылмыскер  тұлғасы ретінде  қоғамға қауіпті  әрекет жасаған  кінәлі адам тұлғасын түсінеді.А.А.Герцензон: «Қылмыскер – индивид, нақты өмірлік жағдайға байланысты ондағы қоғамға қарсы аморальдық көзқарастарының барына байланысты қоғамға қауіпті әрекет жасаған» деп анықтама береді.Профессор Н.С.Лейкина өз алдына: «Қылмыскер тұлғасы – бұл осы адамға тән қоғам мүдделеріне жағымсыз көзқарастарының және оны шешу үшін қоғамға қауіпті жол таңдау немесе оның нәтижелерін тойтаруға деген белсенділік танытпау нәтижесінде қылмыс жасаған адам тұлғасы».

       И.И.Карпец және  В.Б.Сахаров сынды профессорлар: «Қылмыскер тұлғасы ретінде қылмыстық заңды бұзған кінәлі адамды сипаттайтын әлеуметтік және әлеуметтік маңызды қасиеттер, белгілер, қатынастар жиынтығы және оның қоғамға ғауіпті мінез – құлқына әсер ететін басқа да мән жайлар мен шарттардың ұштасуын түсінеді».

       Біздің ойымызша, Н.С.Лейкинаның қылмыскер  жеке тұлғасына  берген анықтамасы біршама тереңірек және нақтырақ болып табылады. Ол жерде «қылмыскер тұлғасының» түсінігі қасақана қылмыс жасаған адамдарды да, ситуациялық алдын ала ойластырмаған адамдарды да, және абайсызда қылмыс жасаған адамдарды да қамтиды.

       Қылмыскер тұлғасы  қылмыс субьектісінің  әлеуметтік –  демографиялдық, әлеуметтік  – рөльдік, әлеуметтік  – психологиялық  қасиеттерінің жүйесі  ретінде зерттеледі.Қылмыскер  тұлғасына қатысты оның бойындағы әлеуметтік және биологиялық ара қатынас қарастырылады.

Информация о работе Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі