Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:53, курсовая работа
Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19
2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Өз кезекте, оны қоғамның тануы кәсіпорынға өзінің өндірісін кеңейтуге, сатудың және қызметтің көлемін ұлғайтуға, және ақырында өзінің табысын ұлғайтуға мүмкіндік береді [15].
Кәсіпорынның мақсаттық функцияларын жүзеге асыруда негізгі жұмыс құралы болып кәсіпорынның бәсекеге қабілетті артықшылықтары іске асатын шектерде нарықтық стратегия табылады.
Халықаралық теорияда және бизнес тәжірибесінде кәсіпорынның нарықтық страгегиясының негізгі үш түрін ерекшелейді.
Кәсіпорын басқармасы бәсекеге қабілетті қолда бар артықшылықтарын зерттеп, нарықта әрекет етудің стратегиясын таңдауы қажет.
Нарықты стратегия жүргізілгеннен кейін тұрақты табыстың болуын қамтамасыз ететін, кәсіпорынның нысаналы фанкциясын іске асырудың келесі құралы болып кәсіпорынның мақсатына жетуге бағытталған жоспарлау табылады.
Шаруашылық қожалығы (фермерлік) туралы заңды қабылдағанда “шаруашылық қожалығы” түсінігі қазақстандық шаруаға үйреншікті дәстүрлік жайына байланысты айқындалған болатын. Бірақ, “фермерлік” түсінігі қазіргі заманғы индустриалды ауылшаруашылығы өндірісі түсінігін береді, сондай-ақ бұл сөз мұндай шаруашылықты басқа шаруашылықтардан айыруға көмек береді, мысалы жеке шаруашылық.
Жеке шаруашылық мүшелері негізгі кірісті қоғамдық өндірістен, ал қосымша кірісті жеке шаруашылықтан алғандықтан ол қосалқы жеке шаруашылық деп аталады. Бірақ бұл жағдай нарықтық қатынастарға көшу, меншікті жекешелендіру кезеңінде өше бастады. Жеке қожалық шаруашылық сияқты жекеленіп өз алдына бөлек шықты. Сондай-ақ кірістерді негізгі қоғамдық және жеке қосымшаға бөлудің мәнін жойды. Кейінірек қосалқы шаруашылықтар іріленіп, оларға көбірек жер беріліп, олардың мүмкіндіктері кеңейді. Жоғарыда аталғандардан жеке қожалықтардың бір бөлігінің қожалықтарға айналу тенденциясын байқауға болады. Осыдан келе “қосалқы” сөзі өзінің мағынасын жоғалта бастады.
Шаруашылық қожалығы бір адам немесе жанұя, бірнеше адамдар тобының көмегімен құрылады. Қала тұрғындары және бұрынғы әскери адамдар фермер бола алады. Сондықтан, шаруашылық қожалықтарын жүргізуге заң тұлғалардың мүмкіндіктерін шектемейді.
Фермерлік қожалық – өз бетімен қызмет ететін субъект. Экономикалық пайда қағидасына негізделген бұл еркін кәсіпкерліктің спецификалық түрін білдіреді. Бірақ, бірінші реттегі мақсаты, әрине, – өндіріс. Шаруашылық қожалығы туралы заңның 1 бабында шаруа қожалығы өндірісті іске асыратыны, қайта өңдеу және өзіне тиесілі жер мен мүлікке негізделген өнімді өткізу жайлы айтылған.
Шаруашылық қожалығы – өзіне тиісті мүлік иегері. Оның иелігі жекеменшік болып есептеледі. Ол жеке және ортақ (ұжымдық), бөліктік немесе біріккен иелік болуы мүмкін. Иелік ету, қолдану және басшылық ету, барлық иегерлердің келісімі арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты, ортақ шаруашылық қожалық меншігі – оның жеке мүлкі болып табылады.
Егерде жанұялық шаруашылық болса, еңбекке жарамды жанұя мүшелері не барлық еңбекке жарамды азаматтар, сонымен қатар олардың жұмыс жүргізушілері шаруашылық қожалығының мүшесі болып табылады. Шаруашылықтағы мүшелік еркін болып табылады. Әрбір мүше кез-келген уақытта шаруашылықтан шығып кете алады, бұл жағдайда жер тұтастығы қағидасы сақталады. Шаруашылықтан шыққан адамға жер пайы мен мүліктің ақшалық құндылығы төленеді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі шаруашылық қожалығының ортақ мүлікпен ұйымдастырылған рәсімді ұжым екендігіне куәлік етеді.
Барлық ұжым мүшелері өз бетімен және біріккен келісім бойынша іс жүргізеді, кірістерді таратады және өнімді өткізеді. Егерде шаруашылықта бір ғана адам болса, ол сол қожалық иесі болып табылады. Жанұялық және топтық шаруашылықтарда басшы барлық мүшелердің шешімімен сайланады. Бұл, әдетте, келісім бойынша іске асады, дегенмен бұл мәселе көпшілік дауыспен де шешілуі мүмкін. Еңбекке жарамды, шаруашылық мүшесі болып табылатын әрбір ақыл-есі дұрыс тұлға шаруашылық қожалығы басшысы бола алады. Іс-жүргізуге сәйкес функцияларды еңбекке жарамсыз адам сәтті іс-жүргізуі екіталай, сондықтан іс-жүзінде мұндай жағдайлар кездеспейді. Басшының жасының үлкен болуы міндет емес (әке, аға және т.б.). Ауыл шаруашылық маманы немесе тәжірибиелі экономист және т.б. болса да, ең бастысы ол өз міндеттерін толық меңгеруі қажет. Әдетте, бұл мәселе жоғарыда айтылған жағдайлармен шешіледі.
Ауыл шаруашылығы басшысының міндеттері қандай? Ол қызмет ету бағытында ұсыныстар келтіреді, істі басқарады және жұмысты ұйымдастырады – бұл оның ішкі міндеттеріне қатысты. Сонымен қатар, ол мекеме, ұйымдар, жеке тұлғалар және мемлекеттік органдармен шаруашылық тарапының көзқарасын білдіреді, жарғыны тіркеуге қояды, соттарда шаруашылық атынан сөйлейді, келісім-шарттарға отырады. Шаруашылық мүшелерінің шешіміне сәйкес басшы шаруашылық атынан әрекет етеді, ол үшін арнайы сенімхаттың қажеті жоқ. Егерде басшының істеген заңдық әрекеттерінің нәтижесінде қолайсыз жағдай туындаса, онда шаруашылық мүшелерінің бәріне бірдей жауапкершілік жүктеледі.
Шаруашылық қожалығы туралы заңда жер қолдану құқығының мемлекеттік тіркеуге тұрғаннан бастап және еркін бастамаларда құрылса, онда сол мерзімнен бастап құрылған болып саналады.
Ең басты айта кететін жайт – бұл шаруашылық қожалығын құруға мәжбүрлеушілерден, олардың құрылуына қарсылық етушілерден, қызметіне араласушылардан мемлекет кепілдік береді. Мемлекет соттық және басқа да қорғау құқығы және фермерлердің заңдық көзқарастарын, оның ішінде мүліктік, жерлік және сондай-ақ мүліктік емес меншіктерді де бекітті. Шаруашылық қожалығы туралы заңда мемлекет шаруашылық қожалығына экономикалық тетіктер қолдану арқылы дамуына әсер етеді. Бұл қандай тетіктер? Келесі тарауларда толығырақ айтылатын болғандықтан, оларды атап өтейік: біріншіден, қорлар мен ссудалар бойынша пайыздық ставкалар; екіншіден, салықтар; үшіншіден, баға және баға қалыптастыру; төртіншіден мақсаттық бағдарламалар, субсидиялар, экономикалық санкциялар.
Заңның бұрын қабылдануына байланысты, ондағы фермерлік шаруашылығына барлық экономикалық тәсілдерінің ықпалын алдын ала қарастыру қиынға соғады. Кейінгі және де бұдан ерте заңнамаларға сәйкес келтірілген тізімдерді кеңейтуге мүмкіндік болды, ондағы мысалы, фермерлердің техниканы және басқа материалдық – техникалық құралдарды алуын қамтамасыз ету, контрактік жүйенің жаңаруы, келген техниканы сельхоз өнімдерін сатуына байланысты басқа да өндірістік тауарларды сату, фермерлердің нарықтық құрылымға қатысуы – акционерлік қоғамдарда, биржада, банктерде және т.б. Мемлекет шаруа қожалықтарын дамытуын өздерінің органдары арқылы ықпал жасайды. Осылай жер қатынастарын реттеумен сәйкес, жер ресурстары және жерге орналастыру комитеті және оның органдары орындарда шараларды жүзеге асырады (жер учеті, жерге мониторинг және кадастраны жүргізу, жерге орналастыру). Ол жерлерді қолдану және қорғау үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, жер заңнамасын бұзу жағдайларын анықтайды, бұзушыны жауапкершілікке тартады [21; 50]. Барлық бұл қызмет тек қана шаруа қожалығына қатысты болады. Комитет кең ауқымды анықтамалық жұмыстарын жүргізеді, және де фермерлердің көптеген сұрауларына жауап береді. Оның нұсқауы және басқа да актілері фермерлерге жер территорияларын ұйымдастыру және де оны қолдану мәселесі бойынша іс жүзінде көмек көрсетеді. Ауыл шаруашылық министрлігі және оның органдары ауыл шаруашылығын, сонымен қатар фермерлікті, колхоздар мен совхоздарды қайта ұйымдастыру мақсатын дамыту бағдарламасын өңдеуде және қолдануда қатысады, оларға қаржылық, несиелік және материалдық - техникалық құралдарды бөледі. Министрліктің бақылау және анықтау жұмысы фермерлердің сұрауларына жауап беру негізгі рольді ойнайды.
Заңды тұлға деп жеке өзіндік жарғысы, банкте есеп-шоты бар, ресми мекеме тізбегінен өткен іскер мекемені айтамыз.
«Заңды тұлға» деген ұғым жалпы коммерциялық мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге қатысты қолданылады.
Мекеменің теориялық мінездемесін сипаттайтын мынандай белгілер бар:
мүліктік және мүліктік емес тұрғыда оқшау болуы;
белгілі бір құқықтар мен міндеттерді белгілейтін заңды мәртебесі, бұл оны құқықтық қатынастың субъектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді;
мекеменің атауы және оның ұйымдастырушылық–құқықтық нысанының болуы, бұл оны міндеттемелері бойынша жауапкершілік объектісі мен нысаны ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Даулы сәттерде жоғарыдағы анықтама заңды тұлғаның барлық белгілерін қамтиды.
Заңды тұлға ұғымы мүлікпен бірге, білім беру саласында, дінде, сонымен қатар басқа да қызмет түрлерінде ұжымдық мүддені рәсімдеуде кеңінен қолданылады.
Заңды тұлғаның негізгі қызметтері ретінде Е.А.Богатых мыналарды ұсынады:
шаруашылық қызметті жүзеге асыру (табыс табу);
шаруашылық емес қызметті жүзеге асыру, мұнда мәдениет, ғылым, білім беру, саясат және т.б. салаларда қызмет көрсетуі.
Шаруашылық қызмет - капиталды біріктіру бойынша (акционерлік қоғам) немесе қызмет пен мүлікті біріктіру бойынша (толық серіктестік) немесе капиталды бөлу бойынша (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) жүзеге асырылады.
Кейбір авторлар заңды тұлғаның қызметін белгілеуде оларды өндірістік және өндірістік емес деп бөледі.
А.М.Мұхамеджанова және С.А.Сарина заңды тұлғаның мынадай түрлерін көрсетеді:
– заңды тұлға ұйымның еркін толығымен көрсете отыра, қатысушылардың арасында ішкі қатынастарды ұйымдастырады және оған өз атынан азаматтық–құқықтық мәмілені жүзеге асыруға (сатып алу – сату, сыйға тарту) мүмкіндік береді;
– заңды тұлға - капиталды ұзақ уақытқа біріктірудің кепілі болып табылады;
– заңды тұлғаның мүліктік тәуекелі нақты мекеменің капиталындағы салым көлемімен шектеледі;
Заңды тұлғаның белгілері дегеніміз – бұл ұйымның азаматтық–құқықтық қатынастың субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін қасиеттері.
Қазақстандағы барлық заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтеді, көбінің мөрлері бар және банкте есеп шоттары бар, бірақ та бұлар заңды тұлғаның мәнін ашпайды [22; 301].
Заңды тұлғаның белгілері төртке бөлінеді, бұлардың әрқайсысы қажетті, ал барлығы бірге, ұйымды азаматтық–құқықтық қатынастың субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік береді:
1) Ұйымдық бірлік. Бұл заңды тұлғаның белгілі иерархиасын, басқару органдарының бағыныштылығын, қатысушылардың ара қатынастарын сипаттайды.
Бұл бірлік – құрылтай құжаттарымен және заңды тұлғаның белгілі бір түрінің құқықтық жағдайын реттейтін нормативтік актілермен бекітіледі.
2) Егер де тұлғаларды бір ұжымдық бірлестікке біріктіру үшін ұйымдастырушылық бірлік қажет болса, онда мүліктік оқшауланушылық осындай бірлестіктің қызметінің материалдық базасын құрады.
Қандай да тәжірибелік қызмет үшін тиісті құралдар қажет болады (техника, білім, ақша құралдары).
Мүліктік оқшауланушылық барлық заңды тұлғаларға тиісті, ол басынан қалыптасады, себебі, жарғылық капиталды қалыптастырудан басталады.
3) Заңды тұлғаның жеке азаматтық–құқықтық жауапкершілік қағидасы. Осы қағида бойынша заңды тұлғаның әрбір қатысушысы немесе мүлік иесі, оның міндеттемесі бойынша жауапты емес, ал заңды тұлға олардың міндеттемелері бойынша жауапты емес. Әрбір заңды тұлға өзінің міндеттемелері бойынша жеке тұрғыда азаматтық–құқықтық жауапкершілікте болады. Мұның алғышарты ретінде заңды тұлғаның дара мүлкінің болуы, осы мүлік бойынша кредиторларға жауап беруін айтуға болады.
4) Азаматтық айналымға өз атынан шығуы. Бұл дегеніміз өз атынан азаматтық–құқықтарға және міндеттерге иелену және жүзеге асыру мүмкіндігі, сонымен бірге сотта талапкер және жауапкер ретінде қатысуы. Аталмыш белгі заңды тұлғаның қорытынды белгісі және нәтижелік мақсаты болап табылады
Заңды тұлғаның атауының болуы басқа ұйымдардан айыра алуға мүмкіндік береді. Заңды тұлғаның атауы – азаматтық–құқықтық субьектінің қажетті алғышарты болып табылады ( ҚР АК 33 б.).
Шаруа (фермерлік) қожалық туралы заңында фермерлердің мемлекетпен, басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен қарым – қатынаста болғанда тең құқықтығы бекітілген. Және де мемлекет осы тең құқыққа кепілдеме береді. Соңғысында фермердің қожалығына және басқа да қызметіне ең алдымен мемлекеттік, қоғамдық, кооперативтік органдардың қол сұғуына жол берілмейді. Ол өз бетімен шаруашылықтың жерді игеру айналымның даму бағыттарын және мамандануын, мал шаруашылығының түрлерін және саласын анықтайды, және де шартты кіммен жасасуға, шығарылған өнімді қалай және қайда сатуға болатынын және т.б. шешеді. Бірақ заңда маңызды бір түсіндірме бар: егер де жерді игерушілер және жеке меншік иелері заңнаманы бұзған жағдайлардан басқа, қол сұғуға жол берілмейді. Мұнда жер нормалары, экологиялық, қаржылық заңнамалары, жеке меншік туралы заңнама, кәсіпорын, өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар және т.б. Осыларды сақтамаған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар (мысалы,өрт, санитарлық, қаржылық және т.б. инспекциялары) фермерлердің қызметтеріне араласуға, оларға алдын ала жазу және бұйрықтар беруге, айыппұл салуға, заңнамада бекітілгендей жауапкершілікке тартуға құқылы. Яғни, олар бақылау функцияларды иеленеді.
Егер де мемлекеттік және басқа органдардың фермерлердің қызметіне дұрыс емес араласу нәтижесінде оның құқықтары бұзылса және соның ішінде шығындарға әкелсе, сонымен қатар жіберілген табыс, шығын кінәлі органдардың есебінен төленеді. Бұл мәселе бойынша даулар сотпен шешіледі.
Шынымен, бұндай практика әлі толығымен қалыптасқан жоқ, бірақ кейбір ұсыныстарды беруге болады. Мысалы, егер фермерлерге шығарылған шешімнің немесе қолданған әрекеттің нәтижесінде нарыққа өзінің өсірілген ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруға және сатуға жол бермесе және ол шығынға келсе, олар сатуға тыйым салынған органдардан немесе лауазымды тұлғалардан өндіріп алады. Немесе тағы бір осындай жағдай. «Бағынбаған» фермерлерге «сендіру» шараларын су құбырларын жабу, электроэнергияны
ағытып тастау және т.б. қолданады. Егер осы себепке байланысты ол шығынға келсе, олар тиісті өкім берген органдардан немесе лауазымды тұлғалардан өндіріп алуы мүмкін. Мұндай жағдайда фермер талап арызбен сотқа жүгінуі тиіс, сонымен қатар ол кеткен табыстармен бірге шығындардың мөлшерін және маңызын көрсетуі керек, және залал келтірушілерді атап көрсетуі тиіс. Арыздың құрамында шығындарды анықтау бойынша комиссияны құру өтініші болуы керек. Егер фермер соттың шешімімен келіспесе, ол жоғары тұрған сотқа шағымдана алады. Сонымен қатар, фермерлерге барлық басқа да шығындарды кінәлі заңды және жеке тұлғалардың есебінен өндіріп береді, мысалы, заңсыз түрде жерді және мүлікті алу, бүлдіру, техниканы жою және т.б. Олар жәбірленушінің арызымен сотпен өндіріп алынады. Олардың мөлшері сотпен немесе арбитражды сотпен анықталады.
Информация о работе Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу