Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:53, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19

2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке сипаттама.doc

— 518.50 Кб (Скачать)

Банкроттықтың субъектілері: коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер. Басқа да ТМД-мемлекеттеріндегідей Қазақстандағы заңды тұлғалардың банкроттығына байланысты материалдар жинақталған. Ал азаматтардың яғни жеке кәсіпкерлердің банкроттығы тиісті дәрежеде емес. Оған себеп-жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы заңның тәжірибелі қолданылмауында.

Көпшілік азаматтар тіпті банкроттық институты жайлы толық түсіне бермейді. Сонымен қатар, банкроттық шаралары туралы да білмейді.

Борышкердің- жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі деп түсініледі.

Банкроттық сот тәртібімен немесе борышкердің несие берушімен өзара келісу нәтижесінде жүзеге асырылады. Борышкрдің банкроттығы туралы өтінішті сотқа беруге борышкердің борышты төлемеу қабілетсіздігі негіз болады.

Борышкер ө міндеттерін 3 ай мерзім ішінде орындамаа ол төлемдерді төлеу қабілетсіз деп танылады.

Борышкердің сотқа өз банкроттығы туралы өтініш беруі оның дәрменсіздігін көрсетеді.

Жеке кәсіпкерді банкрот деп тануға өтінішті борышкер, несие берушілер және салық органдары және басқа да өкілетті мемлекеттік органдар бере алады.

Борышкердің- жеке кәсіпкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішті сотқа оның кәсіпкерлік қызметі тіркелген жерінде беріледі, ал егер қызметі тіркелмеген болса онда оның тұрғылықты жері бойынша, біріккен кәсіпкерлікте –жеке кәсіпкерлердің біреуінің тұрғылықты жері бойынша.

Жеке кәсіпкердің өзінің банкроттығы туралы өтінішіне азамат өзі, біріккен кәсіпкерлікте –барлық қатысушысы немесе өкілдері қол қояды. Өтініште барлық қажетті мағлұматтар қарастырылуы керек.

Борышкерді банкрот деп тану туралы несие берушінің өтініші банкрот туралы заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы істі қозғау және қарау, заңды тұлғаларға қатысты, тәртіп бойынша келесі ерекшеліктерде жүзеге асырылады:

-      банкроттық туралы іс, борышкердің несие берушіге беруге тиісті ақша мөлшеріне қарамастан сотпен қарастырылады.

-      Несие берушінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында сот борышкердің банкроттығы туралы істі қозғаған сәттен бастап оның мүлкін тәркілейді. Соымен қатар оның ортақ мүліктегі үлесіне де. 

-      Борышкердің өтініші бойынша сот істі қарауды 1 айға дейінгі мерзімде тоқтата тұра алады. Яғни белгілі бір келісімге келгенше.

-      Борышкердің –жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы істі қозғауда соттың ақша соммаларды немесе мүлікті тіркелуі туралы шешім борышкердің кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес заттарына қолданылмайды.

-      Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, міндеттердің атқарылуы және борышкердің төлемдері сот шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.

-      Борышкердің мәмілелерді жарамсыз деп тануы сотпен және өз бастамашылығымен немесе мұқтажды тұлғалардың өтініші бойынша ҚР-ның Азаматтық Кодексінің немесе банкроттық туралы заң негізінде жүзеге асырылады.

-      Банкроттық туралы заңдарда заңды тұлғалар үшін көзделген негіздер бойынша борышкер банкрот деп танылғанға дейін мүлік қайтарылған және оның мәмілелерінің жарамсыздығы танылған кезде банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жыл ішінде жеке кәсіпкердің жұбайына, тікелей алдыңғы  және кейінгі буындағы туыстарына, апа-сіңілеріне, аға-інілерін және олардың төменгі буындағы туыстарына, жұбайының тікелей алдыңғы және кейінгі буындағы туыстарына, апа-сіңілеріне, аға-інілеріне берілген мүлікті қайтару талап етілуі мүмкін. Жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы іс бойынша іс қозғалғаннан кейін сот борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішін қанағаттандыра алады.

Жеке кәсіпкердің банкроттғы туралы істер бойынша оңалту рәсімі банкроттық туралы заңдарда заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша мынадай ерекшеліктерді сақтай отырып жүргізіледі:

-      оңалту жоспарын банкроттық  туралы іс бойынша іс жүргізуді сот кейінге қалдырған кезден бастап 1 ай ішінде борышкер –жеке кәсіпкер не оңалту басқарушысына кандидат әзірлейді және талап ету сомасы олардың тадап ететін жалпы соммасының кемінде 2/3 бөлігін құрайтын конкурстық және кепілдік несие берушілердің келісімі болған жағдайда сот бекітеді;

-      талап ету сомасы олардың талап ететін жалпы сомасының кемінде 2/3 бөлігін құрайтын кепілдік және конкурстық несие берушілердің келісімімен сот оңалту басқарушысының тағайындамай, борышкердің өз мүлкі мен істерін басқаруын сақтап қала алады.

Сот жеке кәсіпкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарған кезден бастап мынадай салдарлр болады:

-      кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттерді орындау мерзімдері басталған болып саналады.

-      Кәсіпкерлік қызметке байланысты банкрот берешегінің барлық түрлері бойынша өсім мен проценттер есептеу тоқтатылады.

-      Борышкердің барлық орындаушылық құжаттар бойынша өндіріп алу тоқтатылады, бұған өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауап беретін азаматтардың талаптары бойынша, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы талаптар бойынша орындаушылық құжаттар қосылмайды:

-      Сот шешімімен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылады.

Сот орталықәділет органының ресми баспасөз басылымдарының бірінде жеке кәсіпкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыруда несие берушілердің сотқа талап беру мерзімі көрсетіледі, ол хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзімнен кем болмауға тиіс.

Сот несие берушілердің тыс заңның 42-бабында 2-тармақшасында көзделген мерзімдерде мәлімделген талаптарын қарайды, қарау нәтижелері бойынша сот несие берушілердің мәлімделген талаптарының мөлшері және оларды қанағаттандыру тәртібі туралы ұйғарым шығарады.

Сот ұйғарымында кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, тиісті шешім шығарғанға дейін  сотқа берілген міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру тәртібі де белгіленеді.

Сот депозитіне есептелген сомада несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғанға дейін сот шығындары, сондай-ақ тағайындалған жағдайда әкімшіге, оңалту конкурстық басқарушыларға сыйақы төлеу жөніндегі шығындар жабылады.

Несие берушілердің талаптары ҚР азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің 21-бабында белгіленген кезек бойынша қанағаттандырылады.

Әртүрлі кезектегі несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудың көлемі мен тәртібі Банкроттық туралы ҚР заңында белгіленген ережелер бойынша айқындалады.

  Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік борышкерге қайтарылады не бірлескен кәсіпкерлік жағдайында осы заңның, яғни, Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 37-бабының 3-тармақшасында көзделген ережесі бойынша қатысушылар арасында бөледі.

Банкрот деп таңылған борышкер несие берушілермен есеп айырысып болғаннан кейін, кәсіпкерлік қызметке байланысты қалған міндеттемелерді орындаудан босатылады, бұған банкрот деп жарияланған тұлға өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап беретін азаматтардың талаптары, сондай-ақ ҚР заң актілерінде көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптар қосылмайдв.

Кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелері жоқ талаптар, егер мұндай талаптар конкурстық мүліктен толық көлемде қанағаттандырылмаған болса, күшін сақтап қалады және банкроттық рәсімдер аяқталғаннан кейін жеке адам ретінде борышкерге өндіріп алуға қойылуы мүмкін. Бұл талаптың мөлшері борышкердің банкроттығы процесте алынып, қанағаттандыратын сомаға кемітіледі.

Борышкер жеке кәсіпкерлігінің жарамсыздығы туралы орталық әділет органының бір ресми басылымында хабарлануы керек және өзінің жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы жөнінде тіркеуші органға өтініш беруі керек.

Несие берушілермен келісімге келгеннен кейін Жеке кәсіпкерлік туралы заңының 42-бабының 7-тармағындағы жағдайлар жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкерліктің банкроттығының кейбір ерекшеліктері міне осындай. Әлі де болашақта Қазақстан сот тәжірибесінде мұндай істер өз орнын алады. Сонымен қатар, біздің қоғамымызда несиелік қатынастардың дамуына байланысты тұтынушылық  банкроттықтың қажеттігі туындайды. Сонда банкроттықтың субъектілері болып ақшалық міндеттемелерге ие тұлғалар да, яғни, кәсіпкерлік қызметпен байланыспайтын азаматтар табылады. Алайда, әлі негізгі мақсат әрекет етуші процессуалдық нормаларды жүзеге асыру.

Заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы оның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде болады. Сонымен бірге, заң бойынша уақытша тоқтатылу мәселесі ескерілген.

Қайта құрылу барысында қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалар­дың барлық құқықтары мен міндеттері немесе жарты бөлігі құқықтың басқа субъектісіне ауысады.

Заңды тұлғалардың қайта ұйымдастырылуы бірнеше тұлға ұйым­дардың бірігу жолымен, заңды тұлғалардың басқасына бірігуімен, заңды тұлғалардың бірнеше ұйымдарға бөлінуімен, ұйым құрамынан басқа заңды тұлғалардың басқа заңды тұлғалардың бөлініп шығуымен немесе заңды тұлғалар ұйымдастырулық–құқықтық нысанның ауысуымен жүзеге асады.

Қайта ұйымдасу, заңды тұлғалар қатысушыларының шешімі бойынша жүргізіледі. Келісім бойынша, бірақта заң бойынша коммерциялық ұйымдар мәжбүрлі түрде қайта ұйымдастырылуы мүмкін. АК 45 бабы 3 тармағы.

АК 45 бабының 1-тармағы бойынша қайта ұйымдасудың басқа да ны­сан­­дары көзделгеніне қарамастан, заң заңды тұлғаларды қайта ұйым­дас­ты­ру­дың бес нысанын – қосуды, біріктіруді, бөлуді, бөліп шығаруды, өзгертуді – көрсеткен.

Қайта ұйымдастырылу нысанына орай, ол бөлу балансы немесе беру актісі бойынша жүргізілуі  мүмкін. Біріктіру, ену, қайта құру барысында құқықтың жаңа субъектісі пайда болады.

Қосу кезінде екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылып, олардың негізінде бір заңды тұлға құрылады да, тіркеуден өтеді. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының мүліктік құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сай жаңадан пайда болған заңды тұлға өтеді.

Біріктіру кезінде бір және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылады, олардың негізінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар ірілендіріледі, бұлар олардың құқықтық мирасқоры болып табылады.

Бөлу кезінде бір заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады да, оның негізінде екі және одан да көп заңды тұлғалар ұйымдастырылады. Бөлінетін заңды тұлғаның мүліктік құқылары мен міндеттері бөлу баласына сай жаңадан құрылған заңды тұлғаға өтеді.

Бөліп шығару кезінде бір заңды тұлғаның құрамынан екі және одан да көп заңды тұлғалар бөлінеді, мұнда бастапқы заңды тұлғаның қызметі тоқ­та­тылмайды. Сондықтан да бастапқы заңды тұлға қайта тіркеуден өтуге тиісті, ал бөлініп жаңадан құрылған заңды тұлға мемлекеттік тіркеуге тұруы қажет.

Көп жағдайда қайта ұйымдастыру нарықтығы тауар өндіріс «күшін» өзгертуі мүмкін, осыған орай конкуренция жойылады.

Қайта ұйымдастыру заңды тұлғалардың кредиторлар қызығушылығына қат­ты әсер етеді, себебі, оларға қарыздар өзінің қызметін тоқтатады. Осы се­бепті оның жүзеге асуының негізгі шарты ретінде кредиторларды алдын – ала ескерту табылады. Кредиторлар қайта ұйымдастыруымен жатқан заңды тұл­ғалардың тоқтатылуын немесе міндеттемелерін мерзімінен ерте орындау­ды немесе шығынды өтеуді талап ете алады.

Заңды тұлғалардың қызметін тоқтату – бұл, заңды тұлға мемлекеттік тізімнен шығару жолымен оның құқықтық қабілеттілігін және әрекет қабілеттілігін тоқтату. Заңды тұлғалар қызметі ерікті түрде және мәжбүрлі түрде тоқтатылуы мүмкін.

Еріктік түрдегі тоқтату – заңды тұлғалардың мүлкінің меншік иесінің не­­месе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құ­­рылтай құжаттары уәкілдік берген заңды тұлға органының шешімімен кез кел­ген негіздер бойынша жүргізіледі. Ерікті тоқтатудың негізі ретінде көбіне заңды тұлғалардың тиімсіздігі, мерзімінің өтуі, алға қойған мақсатына жете алмаушылығы табылады.

Толық және сенім серіктестіктерін ерікті түрде тарату, сондай-ақ қо­ғам­­дық бірлестіктерді тарату оларға қатысушылардың жалпы жиналысының не­­месе олар уәкілеттік берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттары осы­ған уәкілеттік берген заңды тұлғаның тиісті органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Мәжбүрлі түрдегі таратылу – соттың шешімімен жүзеге асырылады. Мәжбүрлі түрде таратылу келесі себептер анықталған жағдайда соттың шешімімен жүзеге асырылады, бұлар:

-     банкрот болған жағдайда;

-     заңды тұлғаны құру сәтінде заңдарды түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылса;

-     заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;

-     тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел  бұза отырып жүргізген жағдайларда;

-     заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Заңды тұлғалардың кей түрлері бойынша заң таратудың қосымша негіздерін бекітеді. Коммерциялық ұйымдар және қорлар банкроттық себеппен жойылуы мүмкін.

Информация о работе Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу