Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:53, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19

2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке сипаттама.doc

— 518.50 Кб (Скачать)

Мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады (АК-тің 10-6.4-т.). Лицензиялауға жататын қызметтердің тізбесі "Лицензиялау туралы" ҚР Заңында белгіленген.

              Заңды тұлғалардың құқықтары олардың арнайы құқыққабілеттіліктің болуына қарамастан, заңда көрсетілген тәртіпте шектелуі мүмкін. Бұл шектеулерді құзыретті органдар бекітеді. Мәселен, лицензия беру тәртібін бұзғандығы үшін лицензия беретін органдар. Сонымен қатар персоналды шектеулермен қатар, құқыққабілеттілікті шектейтін жалпы сипаттағы шектеулер де бар. Әрекеттің белгілі бір түрімен барлық заңды тұлғаларға беріле қоймайды және азаматтық айналымдағы өзге тұлғалар үшін тыйым салынған болып табылады. Ондай әрекеттерге мемлекеттік монополияға таралатын әрекеттер жатады. Кейбір әрекет түрлері заңда белгіленген тәртіпте ерекше болып саналады. Мұндай әрекетті жүзеге асыратын заңды тұлғалар қандай да бір басқа әрекеттің түрімен айналысуына тайым салынады, оларға инвестициялық, сақтандыру және банкілік әрекеттері жатады.

              Құқыққабілеттіктің көлемі тек арнайы және универсалды түрлерімен ғана емес, сонымен бірге заңдармен де анықталады. Объективті түрде заңды тұлға өзінің сипаты бойынша тек азаматтарға ғана тән құқықтарды иелене алмайды. Мәселен, заңды тұлға жеке тұлға сияқты өз мүлкін мұраға қалдыра алмайды, абыройын қорғай алмайды. Арнайы құқыққабілеттігі бар заңды тұлғаға қатысты олардың жарғылық әрекетінің пәнін және белгілі бір әрекеті бойынша нақты өкілеттігін ажырата білген жөн. Мәселен, діни ұйымның жарғылық әрекетінің пәніне сауда әрекеттері кірмейді. Алайда олардың сауда-саттық мәмілелері (мәдени жабдықтар), егер бұл олардың негізгі қызметін жүзеге асыруға қажет болса, тыйым салынбайды. Сонымен, азаматтық айналымдағы арнайы құқыққабілеттігі бар ұйымның өкілеттіктері оның жарғылық әрекетінің пәнінің көлемінен кең болуы мүмкін.

              Азаматтық айналымға қатысу үшін заңды тұлғаның тек құқыққабілеттігі ғана емес, әрекет қабілеттілігі де болуға тиіс. Заңды тұлғада әрекет қабілеттіліктің болуы оның өз әрекеттері арқылы азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болуын, оны құрып, жүзеге асырып және атқаруға мүмкіндіктерінің болуын көздейді. Азаматтармен салыстырғанда, заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі бір уақытта пайда болады және жойылады. Осыған байланысты Азаматтық кодекс заңды тұлғаға қатысты “әрекетқабілеттілік” түсінігін қарастырмайды.

Сонда да, заңды тұлғаның өзінің әрекеттері арқылы азаматтық құқықтары мен міндеттерін қалыптастыру, жүзеге асыру және қолдануы заңды тұлғаның әрекетқабілеттігінің бар екенін көрсетеді.

Дегенмен, заңды тұлғаның әрекеттері заңды тұлғаны құрайтын жеке тұлғаларды әрекеттері деп түсінген жөн, себебі адамдар ғана саналы әрекеттерді жүзеге асыра алады. Сондықтан заңды тұлға әрекет етуші заңдарға, құрылтай құжаттарына өзге де актілерге сәйкес өзінің органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды (АК-ң 37 бабы.). Сонымен заңды тұлға органы – бұл құқықтың басқа объектілерімен қатынастарда заңды тұлғаның мүддесін білдіретін адамдар тобын (алқалы орган) немесе тұлғаны (жеке орган) білдіретін құқықтық термин [10; 127]. Ұжымдық органдарға жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесін жатқызуға болады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Бұл органның әрекеттері заңды тұлғаның әрекеттері ретінде қарастырылады. Заңды тұлға органы мүліктік қатынастарға заңды тұлға атынан түскендіктен, органдарының құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша заңды тұлға жауапты болады (АК-тің44-б. 4-т.).

ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғаның құқыққабілеттілігінің пайда болуы мен тоқтатылуын айқындайды.  Азаматтық кодекстің 35 баптың 2 тармағына сәйкес заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.

Меншік нысандары. Меншік нысанына орай, заңды тұлғалар мем­лекеттік және жекеге (мемлекеттік  емес) бөлінеді. Мем­ле­кет­тік  заң­ды тұлғаларға (жалпы мағынады) мемлекетке бағынышты, со­ны­мен қатар кей кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік заңды тұл­ға­лар (коммерциялық сипаттағылар да) жалпы мемлекеттік қы­зы­ғу­шы­лықты көздейді, осыған орай олардың құқықтық реттелу ерекшелігі негізделеді.

Қызмет мақсаты. 1994 жылғы ҚР АК–сі Қазақстан заң­намасында заң­ды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп екі топқа бөлді. АК 34 бабына сәйкес бірінші топқа өз қызметінен табыс табуды көздейтін ұйымдар жатады. Ал коммерциялық емес  ұйым табыс табуды басты мақсат деп тұтпайды және алынған табысты қатысушылар арасында бөлмейді.

Коммерциялық ұйымдардың тізімі жабық: олар тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік және өндірістік кооператив нысанында құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары кодексте көрсетілмеген, бірақта олар заң актілерінде ескерілген басқа да нысанда құрылуы да мүмкін.

Әдебиеттерде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың бір–­бірінен негізгі айырмашылығы ретінде қызметінің кө­лемі мен сипаты емес, олардың құрылтайшыларының ниеттері табы­лады. Егер де, бірлестік, ме­­кеме, қорлар, ассоциациялар  белгілі тұрғыда табыс алып өз мүшелері ара­сын­да оны бөлетін болса, онда олар коммерциялық құрылым деп табылады. Ке­­рісінше, егер де  серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын та­­быс алуды көздейтін қызметпен айналыспаса және өз мүшелері мен құ­рыл­тай­­шылары арасында табысты бөлмейтін болса, онда оларда коммерциялық есем ұйым деп табылады [11; 12]. «Шаруашылық серіктестіктер нысанында аза­мат­тық бірлестіктерді құру үшін нақты бостандықты ұсыну қажет, салық бой­ын­ша жеңілдіктерді қызметінің түрі мен бағыты негізіне сүйене отыра беру қажет» [11; 13].

Егер де заңды тұлға заң немесе құрылтай құжаттарға сай қатысушылар арасында табысты бөлуге құқылы болса, онда оны кезектегі дивиденттердің төлену–төленбеуіне қарамай коммерциялық ұйым деп есептеледі.

Егер де заңды тұлға заңнамаға немесе құрылтай құжаттарға сай дивиденттерді төлеуге құқылы болмаса, онда оны коммерциялық ұйым деп есептемеу керек. барлық түскен табыс жарғылық мақсатқа жетуге бағытталуы қажет.

Құрылтайшылардың құрамы.

Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамына орай мынадай түрлерге бөлуге болады: заңды тұлғалы құрылтайшылардан тұратын заңды тұлға (одақтар және ассоциациялар), құрылтайшысы ретінде мемлекет болып келетін заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар) немесе құқының басқа да субьектілері (басқа да заңды тұлғалар).

Қатысушылардың құқыларының сипаты

Заңды тұлғаға қатысты қатысушылардың құқыларының әр түрлі сипаттына байланысты оларды мынадай түрде жіктеуге болады:

-                  құрылтайшылардың мүлкіне меншік құқысы бар ұйымдар: мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер;

-                  қатысушылардың міндеттемелік құқылары бар ұйымдар: шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар, кооперативтер;

-                  қатысушылардың меншік құқығы жоқ ұйымдар: қоғамдық бірлестіктер және діндік ұйымдар, фондтар және заңды тұлғалар бірлестіктері.

Ұйымның құқыларының көлемі.

Өз мүлкіне деген құқысының көлеміне орай заңды тұлғаларды келесілерге бөлеміз:

Мүлікті жедел басқаруға құқығы бар заңды тұлғалар: мекемелер  және кәсіпорындар

Мүлікті шаруашылық тұрғыда басқаруға құқығы бар заңды тұлғалар

Мүлікке меншік құқығы бар заңды тұлғалар.

Жеке және мүліктік қатысу.

Шаруашылық серіктестіктерді және қоғамдарды қаты­сушыларға не маңызды екеніне орай келесілерге жіктеуге болады:

-                  кәсіпкерлік мақсатқа жету үшін жеке үлестерін біріктіру (серіктестіктер)

-                  капиталдарды біріктіру (қоғамдар).

Сонымен бірге, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер келесі тіз­бек­ке бөлінеді: толық серіктестіктер; сенім серіктестігі; қосымша жауап­кер­шілігі бар серіктестіктер; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер; ак­цио­нерлік қоғамдар.

Құрылу реттілігі. Заңды тұлғаны құрылу реттілігіне орай жіктеу:

рұқсат беріліп құрылатын заңды тұлғалар

нормативті – келу реттілігімен құрылатын заңды тұлғалар.

Құрылтайшы құжаттар: құрылтайшы құжаттардың құрамы бойынша заңды тұлғалар:

1. шартты заңды тұлғалар (шаруашылық серіктестіктер),

2. шартты–жарғылық заңды тұлғалар (жауапкершілігі шек­теу­лі немесе қосымша жауапкершілігібар серіктестік, ассоциациялар мен одақтар).

3. жарғылық заңды тұлғалар.

Шаруашылық серіктестіктер.

Жарғылық капиталды құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың салымы арқылы жинақталған мүлік, сонымен бірге шаруашылық серіктестіктен өңделіп шығарылған және сатып алынған мүлік серіктестіктің меншігі болып табылады.

Шаруашылық серіктестіктер табыс табу және өз қатысушылары арасында оны бөлуді негізгі міндет деп тұтатын коммерциялық ұйым. АК қағидаларына сай олар жалпы құқықтық қабілетке ие, бұл оларға заңнамаға қарсы келмейтін қызметті атқаруға мүмкіндік береді.

Шаруашылық серіктестіктің маңызды меншіктік құқығы ретінде жарғылық капиталды құру сәтінде ұсынылған  мүлікке меншік құқығы табылады. Меншік құқығы абсолюттік құқы болып келеді, ал шаруашылық серіктестік өз ниеті бойынша меншігіндегі мүлікке иелік ете алады.

Қатысушыларға шаруашылық серіктестігінің мүлкі қатысты емес, олар осы мүліктегі бөлікке иелік ете алады.

Шаруашылық серіктестік өзінің құқылық негізі бойынша кәсіпкерліктің ұжымдық нысаны болып келеді.

ҚР Заңнамасы шаруашылық серіктестіктерді 5 түрге бөледі: толық серіктестіктер, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік серіктестік.

Толық серіктестік.

Толық серіктестіктің басты белгісі – оның қа­ты­су­шы­ла­ры­ның се­рік­тес­тік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі. Мін­дет­темелер бойынша се­рік­тестік өз мүлкі мөлшерінде жауапкершілік атқарады, ал екінші жағынан – оның қатысушылары.

Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді.

Толық серіктестіктің жоғарғы басқару органы болып қатысушылардың жалпы жиналысы табылады.

Жалпы жиналыста әрбір қатысушы бір дауысқа иеленеді. Бұл шарт толық серіктестіктің қызметінің ішкі сұрақтарын шешудегі қатысу­шылардың бір ауыздан дауыс беру қағидасымен байланысқан.

Заңнама бойынша қатынастар ішкі және сыртқы деп бөлінбейді. Ішкі қатынасқа істерді жүргізу, шешімдерді қабылдау, табыс пен шығынды өтеуді бөлу және т.б. жатқызуымызға болады. Сыртқысына – серіктестікті өкілдендіру және серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі жатқызылады.

Қатысушылар серіктестіктен кез келген уақытта өз талабы бойынша шыға алады, ол бұл жөнінде қалған қатысушыларды шығатын мерзімінен 6 ай бұрын ескертуі керек.

Бес жылға дейінгі мерзімге құрылған толық серіктестіктен мерзімінен бұрын бас тартуға дәлелді себептер болғанда ғана жол беріледі.

Толық серіктестіктен өз қалауымен шыққан немесе серік­тес­тік­тен соттың шешімі бойынша шығарылған қатысушы, сондай–ақ қайтыс болған қа­тысушының серіктестікке кіруден бас тартқан құқық мұрагері се­рік­тес­тік­тен өздері шыққан кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бой­ын­ша сетіктестіктің өздері серіктестіктен шыққан жыл ішіндегі серіктестік қыз­меті туралы есеп бекітілген күннен бастап, екі жыл бойы жауап береді.

Толық серіктестікті жою заңды тұлғаны жою негіздері бойынша жүргізіледі.

Сенім серіктестігі.

Сенім серіктестігінде толық серіктестіктегі жеке мүлкімен оның қа­рыз­да­рына жауап беретін қатысушылармен бірге, серік­тес­тік­­тің жарғылық ка­пи­та­лына енгізген салымдарының көлемінде, қыз­мет атқару барысында келген шы­­ғын бойынша жауап беретін жә­не сенім серіктестігінің кәсіпкерлік қыз­ме­тін атқаруға қатыс­пай­тын қатысушылардың үшінші тобы пайда болады. Са­лым­шылар қа­ты­­сушылар сияқты толық жауапкершілік атқармайды, осыған орай, се­нім серіктестігін басқаруға олар қатыстырылмайды. Осы­мен бір­ге, са­лымшылар серіктестіктің мүлкіне міндеттемелік құқы­ла­рын сақтайды. Бұл оларға серіктестіктің қазметінен табыстың бөлігін алуға құқық беретін мүліктің еншісіне иеленуге мүмкіндік береді.

Сенім серіктестігінің қатысушыларының минималды саны – бір толық серік және бір салымшы.

Сенім серіктестігін толық серіктестіктің бір түрі деп те айтуға болады.

Сенім серіктестігінде қызығушылықты салымшы танытады. Са­лым­шының басты міндеті – сенім серіктестігінің жарғылық ка­пи­та­лына бастапқы және қосымша салымдарды салу. Сонымен қа­тар, Заңда сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарда көрсетілген жағдайларда салымшы серіктестікке қызметті атқаруға жәрдем көрсетуге міндетті.

Бұл арада салымшыларға құрылтай құжаттардың шарттарын сақтау сияқты қосымша міндет жүктеледі.

Сенім серіктестігіндегі салымшының басты қызығушылығы бар капи­тал­ға табыс алу және серіктестік мүлкіне деген міндеттемелік құқыларды сақтау.

Салымшы мүліктегі және жарғылық капиталдағы өз үлесін басқа салымшыларға, толық серіктестіктерге, үшінші тұлғаларға барлық толық серіктердің келісімі болған жағдайда бере алады. Үлесті беру барысында салымшыға қатысты барлық құқылар мен міндеттердің жиынтығы беріледі. Бұл оның сенім серіктестігіне қатысуды тоқтатады.

Егер де, толық серіктестіктер сенім серіктестіктеріндегі мүл­кі­не үлесін ауыстыруға келісім берген сәтте, салымшы өзінің серік­тестен шығу және өз үлесінің құнын алу құқыларын қолдана алады.

Информация о работе Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу