Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:53, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19

2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке сипаттама.doc

— 518.50 Кб (Скачать)

Ал кәсіпкерлік немес сауда кодексі азаматтық кодекстің жалпы бөлімін қайталайды. Кәсепкерлік кызметке байланысты қатынастар ақша – тауар, нарықтық қатынастардан туындайды яғни азаматтық кодекспен реттелетін нормалар.

Сондықтан кәсіпкерлік туралы жеке заңдық актілер қабылдау мүмкін бірақ бұл актілер азаматтық кодекске қосымша болыу керек.

Көптеген Батыс европа және латын америка елдерінде жалпы азаматтық құқық пен бірге арнайы сауда құқығы бар. Азаматтық және сауда кодекстері әрекет етеді. Ал кейбір елдер Швейцария, Италия, Нидерландия екі автономды Кодексті қабылдаудан бас тартып тұтас азаматтық кодексті қабылдады [6; 7].

Кәсіпкерліктің даму бағыты. Кәсіпкерлік қызмет, тауар өндіру, қызмет көрсету, өндірісті инвестииялау яғни ауылшаруашылықта, құрылыстық және т.б. қатынастармен байланысты сонымен қатар нарықта делдал тауарды сатып алу сатуменде байланысты.

Кәсіпкерлік қоғамның барлық аясымен тығыз қарым қатынаста сондықтан оның болуы:

                        Экономикаға негізделген

                        өндірістік қатынас жүйесіне кіруі керек

                        өндірістік еңбектің өсуін көрсету керек

                        тиімді материалдық және қаржылық ресурстарды қолдану, ғылыми техникалық прогресске қол жеткізуді қамтамсыз ету керек.

Кәсіпкерлікпен қоғамның ара қатынасы әлеуметтік аясындағы нәтижелермен сипатталуы керек, яғни елеулі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру.

Кәсіпкерліктің қоғамдағы саяси өмірімен қарым-қатынасы оның дамуының маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызметке қолдауды қамтамсыз ету қажет. Бұлсыз кәсіпкердің қоғамда беделі орнатылмайды және қолайлы даму жағдайы қалыптаспайды.

Халықаралық интеграцияның ұдайы өсуі қазіргі кәсіпкерлік қатынастардың дамуының жаңа белестерін дамытып қоғамдық қатынастарға енгізуде. Отандық кәсіпкерлердің бәсекеге төтеп бере алуы көптеген себептерге байланысты. Соның бастысы халықаралық шаруышылықтың дамуын терең зерттеу және оларды құқытық реттеу миханизімі мен нормаларының ерекшеліктерін жетік түсіну негізгі орынды алады. Заңгерлердің дүние жүзілік шаруашылық мәселелеріне терең тоқтатылуы көптеген экономикалық, құқықтық, саяси негіздерді түсіндіре отырып оларды реттеу миханизімінің табиғатын түсіндіреді. Дүниежүзілік шаруашылық бұл бір-бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы болып табылады. Осы шаруашылықка дамыған және дамушы елдер енеді. Бұл процесс ХҮІ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басына дейін жалғасып, үш жүз жылдан астам уақытқа созылды.

ХVІ-шы ғасырдың соңында пайда болған ұлттык мемлекеттер арасындағы тауар айырбасы ХХ-шы ғасырдың басында жалпы дұниежүзілік сыйпатқа ие болды. Нәтижесінде олардың арасында тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырды. Бұған даму деңгейі әр дәрежедегі бір қатар дамушы елдер де жатады.

Статистиканың куәландыруына қарағанда, «үлкен жетілік» елдердің көп экономикалык, мүмкіншілігі барлығын байқатады. Ондағы тұрғындар жалпы алғанда 650 млн. адам болып, әлем халқының 12%-нан астамын құрайды.

Осы «жетілік» үлесіне дүниежұзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50%-дан артығы, ауыл шаруашьшығы енімнің 25%-дан астамы келеді.

Дүниежүзінде тұратын халықтың орташа түрғынымен салыстырғанда, «жетілікхе» енетін елдердің бір тұрғынына 4-4,5 еседен артық азық-түлік келеді екен [7; 37].

Жоғарыдағы жетілікке енетін елдерге өндірістік қатынастары ете жақын болып, «жаңа индустриалды елдер» тобын кұрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур жатады. Бүл елдердің дамуына ірі шетел инвестициясы — әсіресе, американ, жапония, батыс-еуропаның капиталдары — көмектесті. Соның арқасында өнеркәсіп өндірісі саласында ірі құрылыс жобалары жүзеге асты.

Экономикалық дамуы жағынан екінші деңгейде Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші елдер: Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Аравиясы жатады.

Өнеркәсіптік қатынастары аса дамымаған топкд 40-қа жуык елдер енеді. Дүниежүзілік шарушылық аясында өтпелі кезеңнін экономикалык дағдарысынан шыға бастаған елдер де талпыныс жасауда. Нарыктық катынастарға талпыныс байқатқан Шығыс Еуропа және ТМД елдері тартылуда. Дүниежүзілік шаруашылықгағы 100-ден астам елдер дамымаған еддер қатарын құрайды. Жоғары дамыған елдердің иңдустриалды дәрежеден постиндустриалды (ақпаратты) қоғамға етуінде олардың даму деңгейі тым төмен көрінеді.

Бірнеше ұлттык шаруашылықтын бірігіп аймактык экономикалык жүйе кұруын халықаралық экономикалық интеграция процесі дейміз.

Осы интеграциялык құрылымға -- Еуропалық экономикалык қауымдастык (ЕЭҚ) жатады. ЕЭҚ 1957-ші жылы құрылып, оған алғашкыда алты мемлекет енді: Белыия, Голландия, Италия, Люксембург, Франция, Германия. Ал, 1973-ші жылы төрт мемлекет қосылцы: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылы қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып — «Еуропа он екілігі» дұниеге келді. Ұлттык, Еуропа парламенті кұрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Кызмет саласына қауымдастықтың бюджет-каржы істерін бакылау жатады. ЕЭҚ-тың ұкіметаралық органы болып Министрлер Кеңесі жатады. Министрлер Кеңесі шешімі серіктес-мемлекеттің заңцарымен пара-пар саналады. Кеңесі жұмысыньщ аясына қауымдастык қызметінің негізгі сұрақтарьі толық енеді. Әр мемлекеттін басшысы Кеңесі мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавитгік ретпен ауыстырылады.

Еуропалық экономикалық кауымдастық территориясында енген елдерден кеден салығы алынбайды. Сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өз ара еркін қозғалып отырады.

Жан басына шаққанда азық-түлік ендіруді Еуропалык экономикалық қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес болды.

Ал, 1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда-экономикалык тобы (АСЕАН) құрыдды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, / Филиппин. Латын Америка территориясында 1980-ші жылы сондағы елдерден ен ірі экономикалык сауда тобы құрыдцы. Мақсаты - аймактағы сауда мен экономикалык ынтымактастықты дамыту, баска елдермен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту, келешекте латынамерикандық жалпы нарықты құру болып табылады. Бұл кауымдастыққа 11 ел кіреді: Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналаскап.

 

 

1.2                      Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі

 

 

Бір қатар заңдарда «шаруашылық субъектісі»  деген ұғым қолданылады, бірақ оны «кәсіпкер» ұғымымен салыстыруға болады. 1994 жылдың аяғында қабылданған Азаматтық кодекстің 19 бабына сәйкес “Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі – азаматтар, осы кодексте және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар екенін” жариялайды [1].

Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметіне, егер заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнінен өзгеше нәрсе туындамайтын болса, Азаматтық кодекстің коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды түлғалардың қызметін реттейтін ережелері қолданылады. Негізінен кәсіпкерліктің ұқсас түсінігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің заңдарында берілген. Он жақсы білу тиісті, өйткені іс қатынастары ТМД-ның барлық экономикалық кеңістігінде дамиды. Көп жағдайда кәсіпкерлікке және кәсіпорынға жеке заңдар арналған. Тәджікістан және Беларус Республикалардың тәжірибиесі осындай. Кәсіпкерлік туралы соңғы заң мынадай кәсіпкерлік қызметінің нысанына жол береді жеке кәсіпкерлік, ұжымдық кәсіпкерлік сияқты, мүлік меншік иесімен немесе оларға тиісілі уәкіл етілген орган арасындағы келісім негізінде кәсіпорын басшысымен жүзеге асырылатын кәсіпорын.

Егер кәсіпкерлік қызмет кәсіпорынды құруі немесе тауып алу негізінде жүзеге асса, онда ол да  заңмен реттелінеді. Шетел азаматтардың кәсіпкерлік қызметі шетел инвестициялар туралы заңдармен реттелінеді.

Кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай-ақ азаматтардың әртүрлі шарт қатынастарында қатысуды болжайды, олармен шарт міндеттемелерін қолдануы және оларға түскен арыздар мен талаптарға байланысты заңдық әрекеттер жасауы және т.б. Барлық заңдық әрекеттер азамат-кәсіпкер өз атынан өзінің тәуекеліне жүзеге асырады. Егер кәсіпкерлік қызметтің қатысушы тұлға әрекет қабілеттілігі шектеулі болған жағдайда осындай тұлғалар заңдық әрекеттерді заңды өкілдерінің ата-анасы, асырап алушылары келісімімен іске асырады.

Азаматтың кәсіпкерлік қызметіне қатысудың қажетті шарты ретінде, жеке кәсіпкер немесе шаруа қожалығының басытығы сипатында мемлекеттік тіркеу болып табылады. Тіркелудің тәртібі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңымен анықталады. Егер мемлекеттік тіркеусіз азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онымен жасалынған мәмілелерге сот кәсіпкерлерге арналған ережелерді қолдануы мүмкін.

Сонымен қоса, фирманы бір адамның ісі немесе жеке меншігі деп атайды. Иесі өндірістік қызметті қамтамассыз ету үшін материалдық қорлар және күрделі жабдықтарға ие болады немесе оларды табады, сонымен қатар кәсіпорынның қызметін жеке бақылайды.

Артықшылықтар:

1.                                      Жеке иелікті жеңіл құру, өйткені дәл осылай фирманы тіркеуі мен заңгерлік рәсімдер сияқты дайындаудың өте жеңіл және әдеттегідей үлкен шығындарды талап етпейді.

2.                                      Иесі өз өзіне қожа және  әрекеттердің маңызды бостандығымен қамтылған. Не және қалай өндіру шешімдерін қабыдау үшін маңызды. Ешқандай жиналыстардың, серіктердің немесе директорлардың шешімдерін қамту керек еместігі үшін жеңілдік болып табылады.

3.                                      Иесі клиентіне арнайы қызмет ұсына алады.

4.                                      Нәтижелі жұмыстардың стимулы-ең жігерлілер. Иесі табыс жағдайында барлығын алады жане сәтсіздік жағдайында барлығын жоғалтады. Бірақ осы ұйымдық нысаның жетіспеушіліктері бар болады және олар өте маңызды болып табылады [8; 103].

Жетіспеушіліктер:

1.  Сирек жағдайда, жеке кәсіпкердің қаражаттық қорлары фирманы үлкен кәсіпорынға өсіре алмайтындығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондай жеке иеліктердің банкроттық пайызы салыстырмалы биік, сауда банкілер өте қуана емес өлкен несиелерді пайдалануына береді.

2.  Кәсіпорын қызметтің үстінде толық бақылау жүзеге асады, иесі барлық негізгі шешімдерді орындауы тиісті, мысалы,сатып алу-сату, қызметкерлерді тарту жєне қамтамасыз ету сияқты ,техникалық аспектілерді назардан айырылып қалмауы керек, яѓни олар µндірістерде, жарнамада жєе µнім таратуында байқалуы мүмкін.

3.  Ең негізігі жетіспеушіліктің бірі, жеке иесі шектелмеген жауаптылық субъектісі болып табылады [8; 126]. Ал бұл, дербес кәсіпкерлер тек фирма активтарымен ғана тәуекел етпейді, сонымен қатар өзінің жеке активтарын менде тәуекел етеді. Егер кәсіпорын күйреуге  ұшыраса, ол фирманың қарыздарымен арнайы және жеке жауап береді. Осы жағдайда қарыздарды өтеу үшін иесі өзінің жеке мүлігін сата алады. Өйткені кәсіпкер құқықтық қатынаста кәсіпорын активтарімен ғана емес, сонымен қатар, барлық өзінің мүлкімен және істердің сәтсіздік нәтижесінде одан айырылған жағдайда да жауап береді. Тәуекел өте биік болғандықтан, жеке кәсіпкердің жаңашыл мүмкіншіліктерін тоқтатады.

Заңды тұлға конструкциясының құрылымдық талдауы оның даму жолын анықтау үшін маңызды. Дегенмен, заңды тұлға мәселесін оның кұқық субъектілігінің мазмұнын ашпай терең түсіну мүмкін емес. Жаңа құқықтар беруіне кейбіреулерін алу жолымен жиі өзгерістерге ұшырағыш құқық субъектілік ұйымдардың әр қилы жақтарын сипаттайды.

Заңды тұлға сан алуан қоғамдық қатынастардың қатысушысы, құқық жүйесінің әр қилы салаларының субъектісі болғандықтан, оның құқық субъектілігіне көп салалы сипат тән болып келеді. Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік, еңбек, азаматтық және өзле де құқық субъектілігінің ұстаушысы болуы мүмкін. Заңды тұлғаның мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы оның құқық субъектілігін білуге болады [9; 56].

Заңды тұлғаның құқықсубъектілігі деп оның құқық субъектісінің барлық белгілерінің, яғни құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттіліктің болуымен сипатталады.

Азаматтық  құқық қабілеттілік дегеніміз - белгілі бір құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқару қабілеттілігі.

Азаматтық құқық ғылымы универсалды және арнайы құқыққабілеттілікті айыра алады. Универсалды құқыққабілеттілік деп  құқық субъектісінің әрекеттің кез келген түрін жүзеге асыру үшін кез келген азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі. Мұндай құқыққабілеттілікті тек азаматтар ғана илене алады. Ал арнайы құқыққабілеттілік деп заңды тұлғаның тек құрылтай шарттарында белгіленген  әрекеттерінің мақсаттарына сәйкес иеленетін құқықтар мен міндеттердің болуымен сипатталады. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда және көптеген ТМД елдерінің заңды тұлғаларында арнайы құқыққабілеттілікті иеленген. Бұл заңды тұлғалардың тауарлардың өзгеріп тұрған бағаларына елеу мүмкіндігін төмендетті. Нарықтық экономикаға көшу барысында заңды тұлғаның мұндай қатаң құқыққабілеттіліктің (регламентациясы) тәртібі жаңа шаруашылық механизміне сәйкес келмейді. Сондықтан да ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғаның кез келген заңға және құрылтай құжаттарына қайшы келмейтін әрекетпен айналысуға құқығын бекітеді. Сонда да заңды тұлғаның жалпы тәртібі негізінде арнайы құқыққабілеттіліктің сақталуы  заңды тұлғаның құқықтық табиғаты мен мәнінен туындайды. Заңды тұлғаның пайда болуы жеке тұлғаға қарағанда оның құрылтайшыларының қандай да бір мақсаттарымен сипатталады. Сонымен, кез келген коммерциялық емес ұйымды құра отырып, құрылтайшылар әлеуметтік, мәдени, басқа да жалпыға пайдалы мақсаттарды көздейді. Мұндай ұйымды жарғының барлық шектелерден босату,  әрекет ету бостандығын беру құрылтайшылардың мүддесін елемеуге әкелуші еді. Мемлекет унитарлы кәсіпорынның мүмкіндігін бекіте отырып, оны заңды тұлғаның жарғысында белгіленген белгілі бір мақсатта қолдануын көздейді. Заңды тұлғаның құқықсубъектілігі туралы айтқан кезде, оның арнайы не универсалды құқыққабілеттілігіне қарамастан, Азаматтық кодекс бірқатар шектеулер қояды. Бұл ең алдымен оның белгілі бір қызметпен айлалысуына байланысты уәкілетті органмен берілетін лицензиясының болуымен сипатталады.

Информация о работе Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу