Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:53, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19

2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке сипаттама.doc

— 518.50 Кб (Скачать)

1.  Өкімдік тәртібі. Мұнда, заңды тұлға құрылтайшылардың өкімі бойын­ша пайда болады, арнайы мемлеккеттік тіркеу қажет етілмейді. КСРО – да көптеген мемлекеттік мекемелер осы тәртіп бойынша құрылған. Себебі, жос­парлы экономика жүйесінде басты рольді мемлекет атқарған, оның азамат­тық қоғамнан биік болуы мемлекеттік тіркеуді қажет етпейді.

Нарықтық экономикасы бар елдерде осы реттілікті заңды тұлғалардың құ­­рылуының өзі келу тәртібі алмастырады. Осы реттілік үшін арнайы мем­ле­кет­тік тіркеудің қажеттілігі жоқ, мекеме құрылуы үшін құ­рыл­тай­шы­лар­дың заң­ды тұлға ретінде әрекет етеміз деген еркінің болуы ғана қажет. Біздің елі­мізде кәсіптік одақтар осы реттілік бойынша құрылған.

2.  Заңды тұлғалардың құрылуының келесі жолы рұқсат ету тәртібі. Мұн­да мекеме құ­зыретті органның рұқсатымен құрылады. КСРО – да көп­те­ген қо­ғам­дық және кооперативтік ұйымдар құрылған. Қазіргі кез­де заңнама тиім­сіз деген желеумен тіркеуден бас тартуға жол бермейді. Рұқ­сат ету тәр­ті­бі кей заңды тұлғалардың құрылуында сақталып қалды. Мы­са­лы, банктік қыз­мет атқару үшін құрылатын заңды тұлғаларға ҚР Ұлттық банкінің рұқсаты қажет.

Заңды тұлғалардың құрылуының тәртібі ҚР АК-нің 452-бабына сай нормативті тәртіпті бекітеді.

Заңды тұлғалардың құрылуы үшін заң құрылтай құжаттардың болуын талап етеді. Осы құжаттарға жарғы және құрылтай шарт жатады. Осы құжаттардың екі функциясы бар:

1.  Сыртқы функцияны атқара отыра, олар жалпыға заңды тұл­ға­лар­дың нысанының ерекшелігі, оның құқықтық қабілеттілігі, атауы, ұйым­дас­ты­ру­шы­лық құрылымы, орналасқан жері туралы және басқа да мәліметтерді жет­кі­зеді. Құжаттардың мазмұны өзгеретін болса, онда үшінші тұлғаларға жаңа ережелер мемлекеттік тіркеуден кейін жеткізіледі.

2.  Ішкі функцияны атқара отыра, олар заңды тұлғалардың құ­рыл­тай­­шылары арасында мүлікті құруға олардың қатысуы, заңды тұлғалардың та­­бысын бөлу, басқару және басқа сұрақтар бойынша ара қатынастарын белгілейді.

Әр қилы заңды тұлғалар үшін құрылтай құжаттардың құрамы әр түрлі. Жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар қоғамдар, ассоциациялар, одақтар құрылтай шарт және жарғы негізінде әрекет етеді. Шаруашылық серіктестіктер құрылтай шарт негізінде қызмет атқарады. Ал басқа заңды тұлғалар үшін бекітітін құжат ретінде жарғы табылады.

Құрылтай шарт бекітіледі, ал жарғы құрылтайшылар арасында келісіледі.

Құрылтай шарт дегеніміз – бұл заңды тұлғалардың құрылуы және қызмет атқару барысында құрылтайшылар арасындағы ара қатынастарды реттейтін азаматтық–құқықтық шарт. Ол тек жазбаша бекітіледі, ал өз күшіне бекітілген сәттен бастап енеді. Егер де коммерциялық мекеме бір адаммен бекітілетін болса, онда құрылтай шарт бекітілмейді.

Коммерциялық мекеменің және мемлекеттік мекеменің құрылтай құ­жат­­тарында заңды тұлғалардың қызметінің пәні және мақсаты көрсетілуі керек.

Құрылтай шартта тараптар заңды тұлғаларды құруға міндеттеме береді, оны құрудағы бірлескен қызметтің реттілігін негіздейді, өз мүлкін меншікке беру шарттарын көрсетеді.

Шарт бойынша құрылтайшылар арасында табыс пен  шығынды бөлу, заңды тұлғаларды басқару, құрамнан шығу шарттары және реті негізделеді, оны жарғымен бекітеді  ( егер де, осы қызмет түрі үшін керек болса).

Жарғы құрылтай шартқа қарағанда бекітілмейді, керісінше бе­кі­тушілермен келісіледі. Бірақ та бұл айырмашылық принциптік  сипатта емес.

Жарғыға барлық демеушілер қол қоймайды, құзыретті тұлғалар (төр­аға­­сы және құрылтай жиналысының хатшысы) қол қояды. Жарғы заңды тұл­ға­ларды тіркеу сәтінен бастап күшіне енеді.

Заңды тұлғалардың жарғысында оның атауы, орналасқан жері, басқару ор­гандарының қалыптасу реттілігі, қайта ұйымдасу және қызметінің тоқ­та­ты­луы белгіленеді.

Егер де бір адаммен бекітілсе, онда оның жарғысында мүлікті құрылу және табысты бөлу реттілігі белгіленеді.

Жарғымен барлық қызығушылық көрсеткен тұлғалар қатысуға құқылы.

Заңды тұлғалардың басты белгісі ретінде оның атауы және орналасу орны табылады.

Қандай да болмасын заңды тұлғалардың атауы оның ұйымдастырулық-құқықтық нысанын көрсетуі қажет. Мысалы, толық серіктестіктің фирмалық атауы «толық серіктестік» деген сөзді енгізуі керек.

Заңды тұлғалар бекітілген фирмалық атауы меншіктік құқықтың объектісі болып табылады. Егер де тұлға басқа заңды тұлғалардың фирмалық атауын қолданған болса, онда ол міндетті түрде қолдануды доғаруы қажет және алып келген шығынды өтеуі керек.

Заңды тұлғалардың орналасу орны ретінде заңды тұлғалардың құжыттарында басқа шарттары көрсетілмеген сәтте мемлекеттік тіркеу болған жер табылады.

Заңды тұлғалардың орналасу орнының мәні:

Біріншіден, заңды тұлғаларға салық салу үшін

Екіншіден, валюттік–экспорттық реттеу мақсатында оның рези­дент­ті­лі­гі туралы сұрақтарды шешу үшін;

Үшіншіден, соттық дауларда және соттылық анықтауда.

Заңды тұлғалардың құрылу тәртібі және құрылтайшылардың әре­кет­те­рін қанағаттандыратын талаптар заңды тұлғаларды белгілі бір түрлері  туралы заңнамада көрсетілген.

Заңды тұлғалардың құрылу кезеңдері:

    Нақты бір өндіріс тауарларын, жұмыс түрлерін өндіру үшін жаңа мекемені құру идеясының пайда болуы;

    Жаңа технологияларды, еңбек құралдары мен заттарын қолдану мүмкіндігін зерттеу және анықтау;

    Мекеменің нарық қажеттілігін қанағаттандыра алатындығын зерттеу;

    Тауарларды жеткізушілерді, қажетті өндіріс факторларын (материалдар, шикізат, құрал–саймандар, энергиялық ресурстар, ақпараттар және т.б.) ескеру

    Мекеменің құрылтайшыларын іріктеу;

    Жарғылық капиталын құру үшін қаржылық көздерді белгілеу;

    Құрылтай құжаттарды және бизнес–жоспарларды  құру;

    Ұйымдастырушылық–құқықтық нысаны және меншік нысанына орай мекемені құру бойынша ұйымдастыру шараларын жүргізу;

    Мекемені мемлекеттік тіркеу, қажетті есеп шоттарды банкте алу.

Заңды тұлғаларды тіркеу үшін келесі құжаттар керек:

-     Құрылтайшылардың тіркелу туралы өтініші, ұйымның жарғы, құрылтай шарт, тіркелу салығын төлегенін куәландыратын құжат;

-     Мөрлерді даярлау;

-     Мемлекеттік салық органдарында, ҚР Зейнетақы қорының жергілікті органында, әлеуметтік сақтандыру қорында және медициналық сақтандыру қорында есепке тұру.

Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі

Мемлекеттік тіркеу заңды тұлғалардың құрылуының соңғы кезеңі бо­лып табылады. Осыдан бастап ұйым туралы негізгі мәліметтер заңды тұл­ға­лар­ды жалпы мемлекеттік реестіріне енгізіледі және жалпыға танысу үшін мүм­кіндік туады.

АК 42 бабына сай заңды тұлғалар мемлекеттік әділет органдарында тір­кеуге тұруы қажет. Тіркелу заңнамамен белгіленеді. Заңды тұлғалардың құ­рылу тәртібінің сақталмауы немесе құру құжаттарының сәйкес еместігі заң­ды тұлғалардың тіркелуіне рұқсат бермеуге соқтырады.

Мемлекеттік тіркеуден бас тарту, сонымен бірге, осындай тіркеуге тұрғызбау сотта қаралады.

АК 42 бабына сай заңды тұлғаларды түріне қарамай мемлекеттік тіркеу жүргізілуі керек. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілікке және әрекеттік қабілеттілікке иеленуі мемлекеттік тіркеуге тұрудан басталады.

Тіркеудің мәні мынада:

-                  заңды тұлғалардың пайда болу фактісінің дәлелденуі:

-                  елдегі барлық заңды тұлғаларды мемлекеттік тұрғыда есепке алуға мүмкіндік береді;

-                  заңды тұлғаларды мемлекеттік бақылауға алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;

-                  жариялық шарт құрылады, тіркеу органдары арқылы қызығушылық танытқан тұлға заңды тұлғаларды сипаттайтын құжаттармен таныса алады.

1995 жылы 17 сәуірдегі ҚР Президентінің Жарлығына сай ҚР Әділет органдары:

-                  заңды тұлғалар мемлекеттік реестірін тіркеуге және жүргізуге құқылы

-                  заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеу бойынша әдістемелік басшылыққа құқылы

-                  заңды тұлғалар және әділет министрлігінің аумақтық органдарының талаптарына сай екендігін бақылауға құқылы

-                  ҚР аумағында тіркелген және жойылған заңды тұлғалар тізімін квартал сайын басуға құқылы

-                  заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша аймақтық органдарының әрекеттеріне деген шағымдарды қарастыруға құқылы.

Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуі қажетті құжаттары бар өтініш бер­ген күннен бастап, 15 күн ішінде жүргізіледі, ал қоғамдық бірлестік 10 жұ­мыс күні ішінде астында көрсетілген жағдайлар анықталған болса, онда тір­ке­лу органы көрсетілген мерзімді тоқтата алады, бұлар:

-                  өтініш беруші құжаттарды толығымен ұсынбаса;

-                  ұсынылған құжаттарда кемшіліктер анықталса;

-                  құрылтай құжаттардың мазмұны бойынша сарапшының (маманның) қорытындысы қажет болса;

-                  ҚР заңнама актілерінде көрсетілген басқа да негіздер болса.

Заңды тұлғаның тоқтатылуы қайта құрылу (АК-ның 45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде жүзеге асады.

АК-ның 45 б. 1 т. сәйкес заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi.

Акционерлік қоғамдар туралы 2003ж. заң қабылданғанға дейін Қазақстан заңдары ашық акционерлік қоғамдармен қатар, жабық үлгідегі акционерлік қоғамдардың да өмір сүруін көздеді. 2003 ж. 16 мамырдағы Заң бойынша АК-ның жабық акционерлік қоғамдар туралы 86-бабы алынып тасталды. Акционерлік қоғамдар туралы 2003ж. заңда жабық акционерлік қоғамдардың өмір сүру мүмкіндігі туралы айтылмайды. Бұдан заңшығарушылар заңды тұлғаның мұндай ұйымдық-құқықтық нысанынан бас тартуға бел байлады деген қорытынды шығады. Сондықтан 2003ж. 16 мамырдан кейін құрылған жабық акционерлік қоғамдар жарамсыз деп танылады, ал өмір сүріп тұрғандары заңда көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарға өзгертілуі немесе 2005 ж. 16 мамырға дейін таратылуы тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 90-бабының 2-тармағы). Бірақ мерзімнің өтіп кетуіне қарамастан әрекет етіп жатқан жабық акционерлік қоғамдар (ЖАҚ) кездеседі. Бұл заңның нормасы жұмыс жасамайтындығын білдіреді.

Сонымен кейбір заңды тұлғалардың міндетті қайта құрылуы (ұйымдық-құқықтық нысанының өзгертілуі) императивті түрде берілсе де, мемлекеттік уәкілетті органдардың немесе соттың шешімі негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырыла алмайды. Ол басқа санкциялармен қамтамасыз етіледі. Заң талаптарын орындамаған заңды тұлға уәкілетті органның талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы тиіс. Мәселен, “Акционерлік қоғам туралы” заңға сәйкес Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы. Егер заңның талабы орындалмаса,  ол таратылуға жатады.

Қайта  құру кезінде заңды тұлғалардың арасында әрқашанда мүліктік мирасқорлығымен байланысты даулар туып жатады. Оны жүргізген кезде құқықтық мирасқорына өтетін құқықтар мен міндеттердің көлемі үлкен маңызға ие. Қайта құру нәтижесінде қайта құрылған заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері келесі жолдармен өтуі тиіс:

   Жалғыз құқықтық мирасқорына толық көлемде (қосу, біріктіру кезінде);

   Толық көлемде, бірақ тиісті бөлікке бөлінген бірнеше мирасқорына (бөлу кезінде);

   Барлық құқықтық мирасқорларына бөлшектеп өтуі (бөліп шығару кезінде) [24; 97].

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бұл жолдың қиындығына қарамастан, құқықтық мемлекеттік қалыптастыру жолында. Біздің қоғамымыздың адамдары арасындағы қатынастар барлық уақытта Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бола бермейді.  ҚР әрбір азаматы өзінің құқықтарын қорғау және жүзеге асыруы үшін азаматтық құқықтың негіздерін білуге тиіс.

Қолданыстағы азаматтық заңнамада көптеген ақаулықтар бар екенін айтып кеткен жөн және оларды жоюда алда талай қиындықтар бар. Бірақ та республикамыздың және басқа  мемлекеттердің тәжірибесін қолдана отырып, қазіргі кездегі заңды тұлғалардың құқықтық табиғатын одан да жетілдіруге болады.

Жаңа кәсіппен айналасушы кәсіпкердің өзекті мәселелерінің бірі мемлекеттік органдардан лицензия алу. Бұл мәселені шешу процесінде өзекті орынды заңды тұлғаларды тіркеу алады. Бұл процедурада, әрбір салада қызмет ететін кәсіпкерлердің қызметін айқындап алу қажет.

ҚР әрекет етіп отырған заңнамасы бойынша, заңға сәйкес емес, яғни лицензиясыз қызметпен айналасушыларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы, одан түскен түсімді бюджетке алынады («Лицензиялау туралы» ҚР Заңы V – бөлім, 24 – бап). Сонымен қатар, ҚР АК 159 – бабының 1 бөліміне сәйкес міндетті лицензияны қажет ететін шарт лицензиясыз немесе лицензияның әрекет ету мерзімі біткен кезде жасалса, жарамсыз болып табылады.

«Licentia» латын тілінен аударғанда – «еркіндік, бостандық» дегенді білдіреді. Әлемдік тәжірибеде «лицензия» туралы бірнеше түсініктер қалыптасқан:

Информация о работе Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу