Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:53, курсовая работа
Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19
2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қазақстан Республикасының өкіметімен бір қатар қаулы жарияланған: 1997 ж. 14 наурызынан № 325 “Шағын кәсіпкерліктің республикалық ақпаратты- көрмелік орталығын құру туралы ”, 1997 ж. 8 сәуірінен № 499, “Шағын кәсіпкерлік сұрақтары”, 1997 ж. 26 сәуірінен № 665 “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы”, 1997 ж. 4 маусымынан № 923 “Жұмыспен қамтуға әрекет ету мемлекеттік қорының қаражатынан жеке кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құруды қолдау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы ”.
1997 ж. 19 маусымында қол қойылған “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңында және 1997 ж. 7 шілдесінде “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасы мен приоритеттері туралы” Қазақстан Республикасының Президентінің нұсқауында –меншік кәсіпкерліктің түрі ретінде қарастыралатын, кәсіпкерлік дегеніміз - «азаматтардың табыс алуға бағытталған өз меншігіне және азаматтардың өз аттарынан олардың тәуекеліне және олардың мүліктік жауапкершілігіне негізделген ынталы қызметі [2]».
Жеке кәсіпкерлік субъектілері ретінде Заң осы қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды анықтайды “заңды тұлға құрмайтын және заңды тұлға белгілері болмаған кезде”. Келесі жағымды жағдайларды белгілеуге болады:
несие алу үшін жеңілдік шаралары қарастырылған ;
өндірістік объектілерді және алаңдарды, офистік бөлімдерді бөліп
төлеу арқылы сатыпалу, сондай - ақ оларды жалға алу немесе сенімді басқаруға заңдылық мүмкіндіктер жасалған;
қызмет приоритеттері анықталған іс – шаралары бойынша негізгі
тәжірибеде қолданылатын жағдайларды қарастырып айтуға болады.; Жеке кәсіп орындармен жеке кәсіпкерлерді құру және оны тіркеу жұмыстары жеңілдетілді, сонымен қатар олар екінші денгейдегі банктерде өздерінің шоттарын алуға байланысты жұмыс жолдары жеңілдетілді. Мемлекеттік саясатқа, Қазақстанда шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсеткен негізгі қол басшы және үлестіруші болып 1997 ж. мамыр айында құрылған Қ.Р. сауда және экономика Министірлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Депортаменті болып табылады. Соның ішінде екі эксперттік кеңес құрылған. Біріншісі – ол, нормативттік үлгілерді және Заңдылық актілерді қарастыру үшін, шағын бизнесті қолдау бойынша, кәсіпкерлік құрлымдардың өкімдерінен тұрады.
Екіншісі- ол, ведомствалараралық, яғни кәсіпкерлік қызметті қолдандыру бойынша Президент нұсқауын жүзеге асыруымен айналысатын, қызығушылық танытқан Министерствалар мен ведомствалар өкілдерінен тұрады. Тәжиребиеге жағдайларына сүйенсек, ол нормативтік құқықтық актілерде, ескі заңдарды қайталануына, сақталып қалуына байланысты осы күнде де қиыншылық туғызады.
Бұл тұрғыда Қазақстанда Бельгия тәжирибиесі бойынша, Қазақстандық кәсіпкерлікті дамыту және Қазақстандық бизнес - жоспар орталығын дайындау және қолдау депортаментінің кеңесшілеріне ұсынылған, бизнес- жоспарлары - инновациондық орталықтар (бизнес- инкубаторлар) құру жағына көңіл аударуымызға тура келеді.
Жалпы тұрғыда бизнес - инновациялық орталық- дегеніміз ол жергілікті және аумақтық қызметтестік құрылым ол өзі жағынан орта және шағын компанияларға оларға жағымды мерзімде толық көлемде қызмет көрсетілді.
Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін факторларды азайтуға және жоюға байланысты шараларды жүзеге асыру қажет. Ол факторлар тәжірибеде келесі сипатта бейнеленеді:
- толық дамымаған саяси жүйе және нормативтік құқықтық базаның тұрақсыздығы.
- Қазақстандық салық салу жүйесінің тұрақсыздығы.
- Банктермен белгіленген проценттік ставка мен және инфляция денгейінің үлкен арағашықтығына байланысты несиелерге қол жетпеушілігі.
- Көпшілік кәсіпкерлердің, кәсіп орындарды қолдандыру бойынша тәжірибиелерінің аз болуы.
- Тұрғындардың сатып алу сұранысының төмендігі.
- Қазақстан ішінде және одан тыс, бәсекелестермен қызметтестер арасындағы мәселелер.
- Шағын кәсіп орындардың жұмысшыларының кәсіби дайындығының төменділігі.
Осы тұрғыда мемлекеттік емес органдар, сонымен қатар мемлекеттік емес институттар, яғни Қазақстанда кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп отырған. Орталық кәсіптік байланысты, және Орта азиялық – Американдық қорды қолдану мақсатқа сәйкес деп айтуға болады. Сонымен қатар 1997 ж. 17 қаңтарда достастық мемлекеттердің үкіметерімен келісіліп құрылған шағын бизнесті қолдау дамыту бойынша ТМД мемлекеттерінің Ақылшы – кеңесі үлкен жағымды рөл атқарады. Зертеулер, кәсіпкерліктің дамуы Республикадағы экономикалық жағдайлардың өзгеруімен байланысты екенін көрсетеді бірінші кооперативтер және жеке кәсіпорындар ұсынылған жеңілдіктерге байланысты қарқынды дамыуы. Сол уақытта макроэкономикалық тұрақтылық, инфляцианың азаюы, меншіктенудің жүзе асуы көріне бастады.
Үкіметтің негізгі әсерін тигізген шаралары, 1997 ж. 6 наурызда қабылданған Қазақстан Президентінің “шағын кәсіпкерлікті дамыту, қолдау, қолдандыру бойынша мемлекеттік шаралар” туралы нұсқауын жүзеге асырумен байланысты. Осы нұсқауға сәйкес:
Қазақстан Республикасы Сауда және экономика Министерствасының
шағын кәсіпкерлікті қолдау Департі құрылды;
“Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”, “Жеке кәсіпкерлік
туралы”, “Шағын кәсіпкерліктің субъектілерін тіркеу жолдарын жеңілдетуге байланысты Қазақстан Республикасы Заңды актілеріне өзгеріс және толықтыру туралы” заңдар қабылданды;
Мемлекеттік қадағалау органдары сонымен қатар олармен жүзеге
асырылатын төлем қызыметтерінің саны азайтылды;
Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылды;
Екінші деңгейдегі барлық бөлшектерінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін
несиелендірудің аз мөлшері белгіленді. Банктік портфельдің негізгі несиелік қарызының 10 пайызынан төмен емес.
Шет елдің дамыған нарықтық эканомикасы, кәсіпкерліктің ұлттық экономикада үлкен қызмет көрсететінін, және нарықтық қатынастарда сұраныс пен ұсынысты тұрақтандыруда ерекше механизімді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар азаматтық ресурстарға және инновациондық потенциалға едәір әсерін тигізеді.
Осы күнде негізгі бағыттардың жүзеге асуы 1992 ж. 7 шілдеде “Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлікті дамыту және аумақтық қолдау жоспарлары туралы”.
Республика Президентінің нұсқауында сәйкес жүзеге асып жатыр, ол кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсетудің негізгі құралы болып отыр.
Нұсқауда кәсіпкерліктің дамуының негізгі беделді бағыттары белгіленген. Бұл - Әрекет ететін өндірістерді, халықтың тұтыну тауарларын дамыту, жаңа өндіріс құру, ауыл шаруашылық комплекісінің өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін дамыту болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекттік реттеу бойынша осы салаға, қаржылық, инвистициялық, өндірістік – техникалық қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар инфрақұрлымын дамуы, өзіне Қорлар тармақшасын және көрнелік орталықтарын, консалдингтік фирмаларды енгізетін біркелкі жүйені құруды қарастырады.
Мемлекеттің экономикаға араласуы үлкен мөлшерде шығындарды талап етеді олар тікелей және жанама, тікелей – ол заңдылық актілерді дайындау, оның орындалуын қадағалау. Жанама – ол фирма жағымен мемлекеттік нұсқауларды орындау есеп беру болы табылады.
Сонымен қатар мемлекетік регламенттер, жаңалық енгізу, салаға жаңа бәсекелестердің кіру беделін төмендетеді, өйткені бұл үшін тиісті комиссия рұқсаты қажет.
Кәсіпкерлік — адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу — басқаның істегенін істемеу» [3; 215]. Екінші жағынан кәсіпкерлер — алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Олы туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: «Кәсіпкер — адамдарды өндірістік шеңбер ауқымыкда ұйымдастыратын адам».
«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жардайында табыс алу максатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам білсенділігін жатқызды.
Экономикалық және құқытық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түріңде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес — табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік — новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер — ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Заң ғылымда «кәсіпкерлік қабілетгілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілетгілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу кабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатыңдардың барлығығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қьдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсатылылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілетгілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз караспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай кабілетгілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес — бұл табыс әкелетін адампың экоиомикалық қызметі. Кәсіпкерлік — бұлда адамның экономикалық кызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске барыттайды және осы жаңалыкты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратьш болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині колданылады.
Қазақстан республикасы Президентінің «Шаруашылык серіктесі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік кызмет шаруашылық серіктесігінің түріне қарай жеке және ұйымдык болуы мүмкін:
1. Жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
2. толык, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
3. жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
4. коммандитті — аралас жауапкершілік (біреудің толык мүлікімен
және басканың салынған салымымен);
5. косымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымён және оған
жататын мүлікпен косымша жауапкершілік мойына алынады;
өндіріс және түтыну кооперативтері;
6. консорішумдар;
7. акционерлік коғамдар [4].
Мемлекеттік және казыналық кәсіпорындар [5]. Біріншісі, шаруашылыкты жүргізу кұқығына негізделсе, екіншісі - жедел баскару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептін екі тұрі қолданылады: таза мемлекеттік — толық ІІІаруашылық есеп, казыналык — толык емес шаруашылық есеп.
Көсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жана жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік кызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтык тұрғыдан дараланған. Кәсіпорының ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматгар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
КР–ң Конституциясында меншіктің көптеген нысандары, жеке меншікке қол сұсқпаушылық және жеке кәсіпкерлік қызметтің бостандығы бекітілген.
Кәсіпкерлікқызметтің заңдық базасы өте кең. Негізгі кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін заңдар ретінде ҚазССР – ғы кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық қызметтің бостандығы тур заң 1990 ж. 11 желтоқсан, 1994 – шілдедегі «жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау тур» заң. Негізін салушы заңдар ретінде «меншік туралы» 1990ж. 15 – желтоқсан заңы, 1991 ж. 13 ақпанда қабылданған «кәсіпорында туралы» ж. т. б. айта кетуге болады. 2006 жылы 31 қаңтарда қабылданған “Жеке кәсіпкерлік туралы” заң жоғарыдағыладың біразының күшін жойды, себебі кәсіпкерлік экономиканың негізгі құралы, ал ол өз алдына үнемі дамып өзгерісте болып отырады.
Кәсіпкерлік қызыметті реттеу нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты бүкіл заңдармен жүзеге асып отырады (шаруашылық серіктестік, акционерлікқоғам, монополияғақарсы қызмет тур, банкроттықбанктер тур ж.т.б. зандар).
Сондықтан экономикалық реформаны құқықтық қамтамасыз ету туралы әңгімені қозғағанда кәсіпкерлік қызмет туралы оның дұрыс құқытық реттелуі туралы жағдайды бірінші кезекке қоямыз. Себебі республикада кәсіпкерлікті дамыту ол ең алдымен дұрыс заңдарға байланысты, ал дұрыс реттелген қатынас тұрақтылыққа әкеледі. Экономиканың тұрақтылығы еліміздің болашағының жарқын болашағы болып табылады. Тәжірибедегі басты мәселелердің бірі көбіне зандар бір – біріне қарама – қарсы келеді кебіреулері әрекет етпейді ал кейбіреулері орындалмайды.
Заңның даму концепциясы сауда немесе кәсіпкерлік кодексін қабылдау туралы мәселенің мақсатқа сәйкестігіне байланысты. Бұл кәсіпкерлер үшін барлық заңдарды кодификациялау арқылы бір заңға жинау мүкіндігін туғызады. Ал екінші жағынан тәжірибеде бұдан бірдеме шығару қиыншылық туғызуы мүмкін. Себебі кодекс әр түрлі қатынастарды реттеуші нормаларды жинай алмайды (әкімшіл, қарж, азам, еңбек). Кодекс тек қана бір саланы реттейді және оның жалпы бөлімі болуы керек.
Информация о работе Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу