Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:53, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19

2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке сипаттама.doc

— 518.50 Кб (Скачать)

1)  бұл заңға сәйкес лицензиялануға тиіс, арнайы мемлекеттік құзыретті органның беретін рұқсаты;

2)  арнайы тауарларды экспорт және импорт жасаушы ұйымдар мен адамдарға беретін арнайы рұқсат;

3)  өнертапқыштықты, техникалық білімді, сауда маркасын пайдалану үшін берілетін рұқсат.

ҚР әрекет етуші «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес (2 – бап), «лицензия деп заңды тұлға мен азаматтарға қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс - әрекет жасауға құзыретті органмен берілетін рұқсат».

Лицензия келесі белгілер бойынша ерекшеленеді:

1) Субъектісі бойынша:

А) ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларына берілуімен;

Б) шетел заңды тұлғаларына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және халықаралық ұйымдарға берілуімен.

2) Қызметтің объектісі бойынша:

А) басшы – бұл белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға беріледі, мерзімі шектеусіз түрде. Егер бірыңғай техкомплекс құрамына кіретін болса, басшы лицензиясы бірнеше қызмет түріне беріледі;

Б) бір реттік – белгілі бір көлемде салмағы немесе сапасына (натуральды немесе ақшалай көрсетілген) байланысты шаруашылық операцияларын жүргізуге беріледі;

В) операциялық – белгілі бір операцияларды жүзеге асыруға беріледі.

3) Әрекет етуші мерзімі бойынша:

тұрақты немесе уақытша.

4) Әрекет ету территориясы бойынша: 

А) ҚР белгілі бір территориясымен шектелетін іс - әрекет;

Б) ҚР барлық территориясына таралатын іс - әрекет;

В) ҚР территориясынан тыс іс - әрекеттерге қолданылады..

Лицензия алушыларға лицензия беру ҚР Заң актілерімен ҚР Үкіметі айқындауы бойынша мемлекеттік құзыретті органмен жүзеге асырылады.

Банкалық заңнамаларда қарастырылған реттерден басқа кездері белгілі бір іс - әрекет жасау үшін бұл іс - әрекетті жүзеге асыратын субъектілерге қарамастан бір органмен беріледі. Мемлекеттік органдарға территориялық бөліністеріне сәйкес лицензиялау үшін делегат жіберуге рұқсат етіледі. Мысал ретінде, Алматы қаласында өзінің статусына сәйкес бұндай орган болып әкім аппаратындағы экономика жөніндегі Комитет болып табылады, ал медицина, мал дәрігерлігін лицензиялау үшін делегаттарға өкілдік берілген. Мемлекеттің функциясын атқаруды мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге беру осы қызметті атқаратын лауазымды тұлға заңда көрсетілген жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар белгілеп көрсететін жайт, шетел мекемелері немесе жеке тұлға, сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдар, егер басқа заңда өзгеше көзделмесе ҚР заңды және жеке тұлғаларына қолданылатын ережемен алады.      Лицензия алу. Лицензиялық жинақ.

Әрекет етуші заңға сәйкес лицензия алу үшін төмендегідей құжаттар талап етіледі:

-      ҚР Үкіметі бекіткен формаға сәйкес арыз;

-      лицензия алушының құжаты (лицензия алушы тарап) сараланған талапқа сәйкес, айналысатын қызмет түрі ҚР Үкіметі бекіткен немесе лицензиялайтын органдардың бекіткен әр салаға байланысты талаптар қойылады. Жекелеген арнайы қызметке санитарлық, экологиялық, горнотехникалық қадағалау орталықтарының арнайы шешімі талап етіледі;

-      белгілі бір қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық жинақты толықтырушы құжат;

-      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігінің көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын құжат;

-      бірқатар лицензияларды алу үшін қосымша құжаттар талап етіледі.

Лицензия беру кезінде өндіріс жағдайы, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаның, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, сонымен қатар сапалы өнім шығару кепілі, орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызмет ескеріледі.

Жоғарыда белгілеп көрсеткендей, лицензия алу кезінде құжаттың бір түрі лицензиялық жинаққа төленген төлемақыны куәландыратын квитанция. Белгілі бір іс - әрекетпен айналысу үшін ҚР заңнамасына сәйкес лицензия берушіге толығымен құжаттарды берем дегенше дейін бір реттік төлеммен жүзеге асырылады. Үкімет бекіткен айлық есептік көрсеткіш бойынша жинаққа төлеушінің төлеген соммасы мемлекеттік тіркелген жерінің жергілікті бюджетіне енгізіледі. Қазіргі уақытта жинақтың ставкасы Үкіметтің Қаулысы (24.01.02 ж.) бекітілген.

   Егер барлық құжаты дұрыс болса, онда лицензия беруші лицензияны бір айдан кешіктірмей беруі қажет, ал кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – егер заңда өзгеше көзделмесе арыз берген күннен бастап он күннен кешіктірмей беруге міндетті.

  Кәсіпкер сонымен қатар лицензияны тоқтату немесе қайта шақырып алған жағдайда қызметі тоқтатылатындығын білуге міндетті.

Әрекет етуші заңнамаға сәйкес лицензияға ие жеке тұлға өзінің атын, тегін, әкесінің атын, ал заңды тұлға ұйымның атауын, орналасқан жерін (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгертсе, олар осы өзгерістерді айқындайтын құжаттармен қайта дайындау жөнінде арыз беруге міндетті. Бұл үшін олар лицензиялық жинақ төлейді. Мемлекеттік орган, лицензия берумен айналысатын жазбаша арыз келіп түскеннен кейін он күн ішінде лицензияны қайта дайындайды. Заңды тұлғаның лицензиясын тоқтату процедурасы, мемлекеттік орган берген арыздың негізінде сот және мемлекеттік қадағалаушы органдар жүзеге асыра алады. Осы күндер ішінде лицензияны тоқтатушы мемлекеттік орган сотқа талап арыз беруге міндетті. Заңды тұлғалардың, кіші кәсіпкерлікпен айналысушы болып табылмайтын субъектілердің қызметін лицензия беруші мемлекеттік орган, себебін көрсете отырып 6 айға лицензиясын тоқтата алады. Лицензияның себебі көрсетіле отырып тоқтатылған лицензия қайта жаңартылады.

Лицензияны кері шақырып алу төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

-      соттық тәртіппен, лицензиядағы талаптардың орындалмауына баланысты;

-      лицензия иесіне, сот алған лицензиясына байланысты қызметпен шұғылдануына тыйым салғанда;

-      лицензия беруші мемлекеттік орган шешімінде көрсетілген себептерді жоймауына байланысты лицензияны токтата тұру туралы шешім қабылдағанда;

-      лицензия алу кезінде лицензия берушіге жалған мәлімет беру («Лицензиялау туралы» Заңының 22 – бабы).

Қысқаша түсініктемені аяқтай келе, кәсіпкерлердің лицензиялау туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тоқтала кеткен жөн. Ол Азаматтық, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерде көрсетілген. Қысқаша маңызды жағдайларға тоқталатын болсақ, ол төмендегідей:

Кәсіпкерлік немесе басқа да іс-әрекеттермен лицензиясыз айналысу айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қолданылады:

-      азамтаттарға – 20 айлық есептік көрсеткіш;

-      заңды тұлғаларға – 500 айлық есептік көрсеткіш, құқықбұзушылық объектісі болып табылатын тауарды тәркілеу немесе лицензияның қызметін тоқтату.

Нақ сондай әрекет, 1 жыл ішінде қайталанса әкімшілік жауапкершілік айыппұл түрінде болады:

-      азаматтарға – 50 айлық есептік көрсеткіш;

-      лауазымды тұлғаларға – 20-50 айлық есептік көрсеткіш;

-      заңды тұлғаларға – 700 айлық есептік көрсеткіш салынады, мүлкі тәркіленеді немесе лицензиясынан айырылады.

Лицензиясыз кәсіпкерлік немесе басқа да қызметпен айналысу лицензиялау тәртібін бұза отырып азаматтарға үлкен көлемде зиян келтірсе, үлкен көлемде ( 700 айлық есептік көрсеткіш)  табыс тапса және өндірістен, сақтаудан немесе жасанды акцизді тауарларды үлкен көлемде (  100 айлық есептік көрсеткіш ) өткізсе  – қылмыстық жауапкершіліктің төмендегі түрлеріне тартылады:

-      300 – 500 айлық есептік көрсеткіш немесе сотталғанның 3 – 5 ай кезіндегі өзге табыс түріндегі айыппұл салынады, не

-      180-нен 240 сағатқа дейіңгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не

-      6 айға дейін қамауға алынады, не

-      50 айлық есептік көрсеткіш немесе сотталғанның еңбек және 1 ай кезіндегі өзге табысы көлемі түрінде айыппұл сала отырып 2 жыл бас бостандығынан айыруға кесіледі [25; 87].

Нақ сол әрекетті ұйымдасқан топ,  не аса ірі (2000 айлық есептік көрсеткіштен астам) мөлшердегі табыс табумен ұштастырып, не заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасаса жеті жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейіңгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейіңгі жалақысының немесе өзгеде табысының мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейіңгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бүгінгі таңда ҚР- нда қызметтің «өндеу, өндіріс, қаруды жөндеу және оның айналымы, сонымен қатар оқ – дәрі айналымы» қызмет түрінен бастап және «туристтік қызметпен» аяқтай келе лицензиялауға жататын 100 тарта қызмет түрі бар.

 

 

2.3                      Жеке кәсіпкердің банкроттық жағдайының ерекшеліктері

 

 

Қазіргі кезде қазақстан заңдылығында, ұмытылған немесе біздің отандық құқықтық институттар қолданылады. Солардың бірі ретінде банкроттық институты танылады. Банкроттықтың құқықтық механизмін кешенді институт ретінде қарастыруға болады. Ол заңды және жеке тұлғалардың дәрменсіз жағдайын реттеуші азаматтық материалдық және азаматттық  процессуалдық құқық нормаларының жиынтығынан тұрады.

Заңды тұлғаның таратылуы тоқтатылудың екінші нысаны. Соңғы уақытта бұл мәселе өте актуалды бола бастады. Бұл көбінесі таратудың банкроттылығымен байланысты [26; 85]. Заңды тұлғаның тарату – бұл жаңа заңды тұлғаның пайда болуын және құқықтық мирасқорларына құқықтар мен міндеттердің өтуін көздемейтін заңды тұлғаның қызметін тоқтату. Заңды тұлғаны таратудың негіздемелерін екі топқа жіктеуге болады.

   ерікті түрде тарату;

   ықтиярсыз тарату.

Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:

1)  банкрот болған;

2)  заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;

3)  заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызмет үнемi жүзеге асырылған;

4)  тиiстi рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметтi, не заң құжаттарында тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған, не қызметiн заңдарды бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргiзген жағдайларда, соның iшiнде заңда белгiленген табыс ету мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы) декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлғаның кредиторлары, заңды тұлға орналасєан жерi бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай ақ заңды тұлға бiр жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;

5)  заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн.

Банкроттық заңды тұлғаның таратудың бір негізі болып табылады.

Банкроттық деп борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi түсініледі.

7 сәуір 1995 жылғы банкроттық үрдісін реттейтін қазақстандық нормативтік-құқықтық база қазіргі кездегі экономикалық жағдайда әрекет қабілетсіз болып, ірі кәсіпорындардың банкрот болудан қорықпай төлемеушілік дағдарысын ұлғайта бастады. Бірақ жыл сайын сотпен қаралатын дәрменсіздік жөніндегі істердің өсуіне қарап, Қазақстанда шаруашылық айналымының қатысушылары арасында экономикалық қатынастардағы банкроттық институтының алдынғы орында екендігін куәландырады. “Егеменді Қазақстан”, “Заң газетінде” жарияланған банкрот болған заңды тұлға қаншама.

              Қазіргі уақытта банкроттықты реттейтін нормативті акті 21 қаңтар 1997 жылы қабылданған “Банкроттық туралы” заң болып табылады. Бұл заң қабылданғанға дейін банкроттық мәселелерін 7 сәуір 1995жылы  қабылданған ҚР Президентінің “Банкроттық туралы” жарлығы реттеп отырды. Жаңа заңның қабылдаудың қажеттігі жарлықтың сапалы еместігімен қатар, оның жаңа қабылданған Азаматтық кодексімен көптеген қайшылықтардың болуымен сипатталды. Бұл соттың істі қарау барысында қиындықтар туғызды.

Аталған негіздемелер бойынша тарату үрдісі тек белгілі бір заңды тұлғаларға ғана қолданатынын айтып кеткен жөн. Банкроттық рәсімі қазыналық кәсіпорындарға қолданылмайды, өйткені олар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қасиеттерін иемдене отырып, олардың әрекеттері бойынша меншік иесі (Қазақстан Республикасы) субсидиарлық жауапта болады.

              Банкрот деп тану жөнінде сотқа азыз беруге несие беруші және меншік иесі, сонымен бірге заңда көрсетілген реттерде өзге тұлғалар құқылы. Дәрменсіздік жөніндегі талап-арызды кімнің беруіне байланысты заң оның мазмұнын түрліше бекітеді.

              Қазіргі уақытта заңды тұлғалардың әдейі немесе жалған банкрот болуы аса кең таралған. Бұл банкроттықтың түрлеріне Банкроттық туралы заңның 1бабында түсініктеме берілген:

              Әдейі банкроттық - борышкердің мүлкі иесінің немесе борышкер-заңды тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі; 

              Жалған банкроттық – кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында борышкер-органның немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға өзін банкрот деп тану туралы көрінеу жалған өтініш жасауы. 

Әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол  лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті.

Банкроттық туралы заңның 4 бабы соттан тыс тарату рәсімін қарастырады. Бірақ, біздің ойымызша ол әдейі банкрот болуға барлық жағдайлар жасайды деп ойлаймыз, егер де тарату әрекеттері барлық жағдайда сот арқылы жүзеге асырылып отырса, бұл жалған банкроттықты алдын алудың бір жолы болушы еді.

Банкроттық туралы заңның 77-81 баптарында және АК-нің 51 бабындағы қарастырылған банкрот болған заңды тұлғаның несие берушілердің талатарын қай кезекте қайсысын қанағаттандыру бойынша кейбір ғалымдар түсіндірме берген уақытта қайшылықтар байқалады. Мүмкін бұл қайшылықтар Азаматтық кодекс пен заңның арасындағы қайшылықтар. Бірақ, әрине, заңдық күші басым болғандықтан кодекс ережелері қолданылады.

Информация о работе Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу