Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:53, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19

2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке сипаттама.doc

— 518.50 Кб (Скачать)

Кооператив меншік құқығының жеке субьектісі болып табылады.

ӨК жарғысы кооператив мүшелерінің әр бірінің салым төлемі туралы мә­­ліметтерді қамтиды, себебі оның көлемі ӨК мүмкіндігі оның үлесін анықтайды.

Кооперативте табысты мүшелер арасында бөлудің шаруашы­лық се­рік­тес­­терге қарағанда өзге тәртібі бар. Табыстың көлемі са­лым­ның көлеміне қа­тыс­ты емес, керісінше кооператив қызметіне қатысқан, күш қосқан еңбек үлесіне қатысты.

Мемлекеттік кәсіпорындар қатарына мынадай кәсіпорындар жатады:

1.  Шаруашылық жүргізу құқысында құрылған кәсіпорындар

2.  Жедел басқару құқысында құрылған (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар (АК 102б 1 тармағы).

Мемлекеттік кәсіпорындар түріне қарай келесілерге жіктеледі:

1.  Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

2.  Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті әкімшілік басшының шешімімен құрылады.

1996 жылғы қарашаның 30 жұлдызындағы ҚР Үкіметінің № 163 8 қау­лы­сымен мемлекеттік кәсіпорындардың құрылу тәртібінің ережесі бекітілді. Осы ережеге сай республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды құру туралы ұсыныстар ҚР Қаржы министрлігімен келісілуі қажет. Ал, коммуналдық үшін – тиісті аумақты органдардың келісуімен.

РМК қатысты өкілетті орган  болып ҚР Үкіметі бекітетін ми­нист­р­ліктер, мемкомитеттер, ведомстволар және басқа да органдар табылады.

Коммуналдық кәсіпорындарға қатысты өкілетті органдар болып жер­гі­лік­­ті әкімшілік басшылығының белгіленген жергілікті атқарушы органдары табылады.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның қазыналық кәсіпорыннан айырмашылығы:

-                  бірінші, меншігіндегі мүлікке деген құқылары;

-                  екінші дербестігінде;

-                  үшінші қаржы бөлу көздерінде (егер ШХҚК өз табыс мөлшерінде жү­зеге асады, ал қазыналық кәсіпорын шығынды өтеуде өз та­бы­сы­ның жетіспеушілігі байқалса, онда тиісті бюджеттен көмек көрсетіледі.

 

 

 

 

2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу

 

 

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары             

 

 

Кез келген экономикалық әрекет өндіріс циклінің фазаларының түрлерімен байланысты болғандықтан (өндіріс – бөлу – тұтыну), жеке кәсіпкерліктің үш түрін ерекшелейді: өндірістік, коммерциялық және қаржылық.

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл өнім, тауар, жұмыс, қызмет, ақпараттың өндірісін жүзеге асыру түріндегі шарттары бар кәсіпкердің әрекеті. Бұл кезде өндіріс функциясы кәсіпкер үшін негізгі болып  табылады.

Өндірістік кәсіпкерлікті жүзеге асырудың мазмұны мен тәсілдерін жалпы түрде қарастырып көрейік. Басында кәсіпкер  өндірістік әрекетінің түрін таңдайды, басқаша айтқанда, оның қандай тауар, жұмыс, қызметтін өндіретінін анықтайды.

Кейіннен потенциалды тұтынушылармен, тауарды сатып алушылармен шартқа түседі. Басқаша айтқанда, кәсіпкерліктің құрамына маркетингтік әрекет кіреді. Бұл мәміленің бірінші фазасы  кәсіпкер мен болашақ тауарды сатып алушы арасындағы бекітілген контракт түрінде заңдық бекітілуі мүмкін. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторлары қолданады: жұмыс күшін, өндіріс қорларын, материалдар мен ақпаратты. Жеке алғанда өндіріс факторлары, бастапқыда кәсіпкерге тиесілі болуы мүмкін, ал жетіспейтіндерді ол кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру үрдісінің басында немесе барысында алуға мәжбүрлі болады.

Сонымен қатар кәсіпкер өз күшімен орындауға мүмкін емес жұмыс пен қызметтерді қадеттенеді, яғни  өзге ұйымдар мен тұлғаларды тартуға тырысады. Мұндай жұмыстар мен қызметтер ақшалай төлемдерді қажет етеді. Егер кәсіпкердің бастапқы капиталы жоқ болса, ол ақша қаражаты барларға жүгінуге және олардан несие алуға мәжбүр болады [15].

Өндірістік-кәсіпкерлік акциясының нәтижесі болып сатып алушыларға өндірілген тауарлардың белгілі бір көлемін тапсыру және олардан ақшалай табысты алуды білдіреді.

Коммерциялық кәсіпкерліктегі маңызды рольді тауар-ақша, сауда-айырбастау операциялары атқарады. Бұл сатып алу-сату бойынша мәмілелер. Мұнда өнімді шығарумен байланысты өндіріс ресурстарымен қамтамасыз етуде қажеттілік болмайды. Коммерциялық мәміле болмас бұрын, нәтижесінде тауарды сатып алу мен сату көлемі және тауарды сатып алу мен сатудың бағасы болжанатын нарықты зерттеу (анализ) жүргізіледі.

Коммерциялық мәміленің бағдарламасының құрамына кіреді:

   Сатып алу, тасымалдау, тауарды сату, жарнамалық жұмыстарды орындау және т.б. операцияларды орындау үшін жұмыскерлерді жалдау;

   Болашақта сату үшін тауарларды сатып алу;

   Тауарды сақтау және сату үшін ғимараттарды, қоймаларды, сауда жерлерін жалдау;

   Мәмілеге тікелей қатыстайтын, бірақ ақшаға қызмет көрсететін өзге тұлғалар мен ұйымдардың қызметін алу және оған төлем төлеу;

   Мәмілені қаржыландару үшін және кейіннен пайызбен несиені қайтару үшін ақша қаражаттарын тарту;

   Мәмілені жасау үшін қажетті ақпаратты жинастыру;

   Тауарларды сатып алушыларға тапсыру және табысты алу;

   Мәмілелерді тіркеу, салықтарды төлеу. Қаржылық кәсіпкерліктегі сатып алу-сатудың көлемі болып ерекше тауар табылады – бұл ақша, валюта, бағалы қағаздар [16]. Коммерциялық әрекеттердің басқа түрлерінде сияқты қаржылық-несиелік мәміледе де потенциалды сатып алушыларды анықтау мен тарту, іздестірумен байланысты бағалы қағаздар мен маркетингтік әрекет нарығына зерттеу жүргізіледі.

Қаржылық кәсіпкерлікте кәсіпкер бағалы қағаздарды өндіруші ретінде болатын,  белгілі бір жағдайларда және міндеттермелерде қаржылық тауар ретінде орналастыратын, сататын әрекеттің айырықша түрі ерекшеленеді, оның кәсіпкерлік әрекетінің мәні осыған байланысты болады. Қаржылық кәсіпкерлік бірқатар қайнарлардан ақпаратты алуды қажет етеді. Бұл – ақша, валюта, бағалы қағаздар туралы, валюта курсы, несие пайызы туралы, қаржылық-несиелік операцияларды және оларды бекіту тәртібін жүзеге асыру шарттары туралы, кәсіпкерге қажетті ресурстар көздері туралы ақпарат. Егер мұндай ақпарат кәсіпкерде жоқ болса, ол оны сыртқы көздерден алуға және бұл үшін ақшалай сыйақы төлеуге міндетті болады.

Қаржылық мәміленің негізгі бөлімі (ақша, валюта мен бағалы қағаздарды сатып алушыға сату) зейін салуды және мұқият бекітуді қажет етеді. Сатып алушының қаржылық жағдайын анықтау, гарантты анықтауға, кепіл беретін тұлғаны анықтау, кепілшіні анықтау қажет. Қатысушы меншік иелерінің санына байланысты кәсіпкерлікті келесі нысандарға бөлуге болады: жеке және ұжымдық [17; 13]. Кәсіпкерліктің бұл түрлері өз кезекте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттелетін кәсіпорынның белгілі бір ұйымдық құқықтық нысанымен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық нысаны кәсіпорын жөніндегі тараптар арасындағы және мемлекеттік органдармен және өзге кәсіпорындарменен қатынастарды енгізетін белгілі бір нормалар жүйесін білдіреді.

Кәсіпкерліктің ұйымдық құқықтық нысанын дұрыс таңдау көптеген факторлаға байланысты: жеке капиталының болуы не оны тарту бойынша мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік әрекетінің сипаты мен масштабы,  кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мерзімдері, жеке тәжірибе мен кәсіпкерлердің ұйымдық қабілеті, нарық шарттары мен бастапқы бизнестің көптеген маңызды ерекшеліктері, сонымен қатар  қандай да бір кәсіпорындар нысандарының абыройларына байланысты [18; 106]. Ұйымдық құқықтық нысанды таңдау  кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыруды тиісті түрде қамтамасыз етуі тиіс.

Олардың жете қарастырып көрейік. Жеке нысандар заңды тұлға құрмай, кәсіпорын түріндегі ынталы жеке кәсіпкерлікке жатады.

Негізінен, жобаны жүзеге асыру үшін жеткілікті  ресурстары бар болса және шешімдерді қабылдау үрдісін жеке бақылай алатын болса, толық заңдық және материалдық жауаптылықта болуға дайын болса, фирманың жеке иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын таңдайды. Кәсіпкерліктің аталған нысаны минималды регламентациясы мен бағыныстылығы, мобильдігі, материалды мүдделілігі бар және т.б. артықшылықтармен ерекшеленеді. Жалпы алғанда, жеке кәсіпкерлік өндірістік секторда маңызды орынға ие емес,  көптеген жағдайларда қол еңбегін және өндірістің өнімі аз құралдарын қолданады, ғылыми техникалық жетістіктерінің жеткіліксіз мөлшерде қолданады. Жеке кәсіпкерлікте капиталды тарту иесінің өзінің құралдарына негізделген. Сонымен қатар жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынның барлық міндеттемелері бойынша өз мүлкі есебінен, жеке меншікті қоса алғанда жауапты болады. Сөйтіп, жеке кәсіпкерлікте пайда болатын тәуекел оның барлық игілігіне таралады. Аталған кәсіпкерліктен келген барлық алынған пайда иесіне тиесілі болады.

Қарастырылатын кәсіпкерлік әрекетінің нысаны әсіресе соңғы жылдарда кеңінен тарады. 2010 жылдары Қазақстанда 40433 жеке кәсіпкерлік тіркелді, соның ішінде өнеркәсіпте 1950 адам (4,8 %), саудада – 29992 (74,2%), қалалық және жол көлігінде – 4020 (10%), конақ үйлерде және ресторандарда – 1814 (4,5%) және басқа да салаларда – 2656 (6,5%) адам қызмет етеді [15].

Жеке, отбасылық және ұсақ кәсіпкерлік ынталар кіші кәсіпорын негізінде құрылады, себебі бұл үшін бастапқы капиталдың көп мөлшері керек емес. Сонымен қатар  кіші бизнестің артықшылықтары бар – иілгіштігі және нарықтың сұранымына жауап берудің жеделдігі;  жаңа техниканы өндірумен байланысты жұмыстарды орындаудағы мобильділігі; ресурстарды одан да тиімді қолдану; басқару құрылымдарын қамтамасыз ету бойынша шығындардың төмендеуі; капитал айналымының үлкен жылдымдығы.

Кіші бизнес мүмкіндік береді: тауар нарығын тұтынушыларға қажетті бұйымдармен толтыруды жеделдету; күрделі емес ғылыми техникалық жетістіктер енгізуді жеделдету; өнеркәсіптік, құрылыстық және өзге қызметтерде халықтың және ел экономикасының қажеттіліктерін жете қанағаттандыру; қызметтер сапасы мен номенклатурасын кеңейту; өнім шығарылымының кіші серияларын қалыпқа келтіру.

Өндіріс серияларының құлауымен және өндірілетін бұйымдардың номенклатурасының кеңеюімен байланысты жаңа күрделі емес өндірістердің дамуы, екінші орындағы өндірістік операциялар, қызмет көрсетудің әр түрлі түрлері алып корпорацияларымен мамандырылған орташа және кіші фирмаларға берілген.

Кәсіпкерліктің дамуы 2011 жылы Қазақстан Республикасына 223414 қосымша жұмыс орындарын берді, соның ішінде 79681 – жеке кәсіпкерлікте. Негізінен кәсіпорындардың кәсіпкерлерінің негізгі және негізгі емес әрекетінен 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 40 % өсті, ал олардың еңбек ақысы – 41,5% өсті. Аталған кәсіпорындарменен өндірілген өндірістің жалпы көлемі 81 % өсіп, 17 696 603 мың т.т. құрады.

Әрине, экономика тек кіші ынталар негізінде ғана құрылуы мүмкін емес. Қазіргі кездегі өндірістің үлкен масштабтары, ең алдымен, ірі масштабты кәсіпкерліктердің болуымен байланысты, себебі ол кіші бизнестің өркендеуіне жағдай туғызады.

Қазақстанда жүргізілетін экономикалық реформа  кәсіпкерліктің дамуы үшін жаңа перспективалар  ашты. 2010 жылы республикамызда 97928 кәсіпкерлік заңды тұлға тіркеліп, оның ішінде 78414 – жеке. Олардың ішінде мөлшері бойынша шаруашылық субъектілері: кіші - 91%, орташа - 6%, ірі - 3%. Меншіктің сипаты бойынша келесі кәсіпкерлер дами бастады: жеке – 95%, біріккен – 3 %, мемлекеттің қатысуымен – 1 %, шетелдік – 1 % [19; 5].

Фирма – бұл әрекетті белгілі бір атауы негізінде жүзеге асыратын ұйым. Фирма жердің, еңбек ресурстарының және капиталды қолдануын бақылайды. Ол дербес өзі өнімнің дизайнына, өндіріс әдістері мен сатуға байланысты шешімдерді қабылдайды. Фирманы өндіріс бірліктеріне, мысалы, фабрика, ферма немесе шахтадан ажырата білген жөн, себебі ол басқару бірлігін құрайды [20; 43]. Бір фирма бірнеше өіндіріс бірліктерін иемдене және басқара алады.

Фирмалардың әр түрлі көлемдері бар – бір жеке кәсіпкер немесе корпорацияда мыңдаған қызметкерлер штаты болуы мүмкін.

Максималды табысты алу – бұл кез келген коммерциялық әрекеттің мақсаты. Бұл мақсатқа тактикалық, сонымен бірге стратегиялық тәртіп сияқты мақсаттық бекітілім жиынтығының іске асырылуы және анықтамасы арқылы жетуге болады. Олар:

   Сату көлемін ұлғайту;

   Одан да жоғары өсу қарқынына жету;

   Нарық үлесінің көбеюі;

   Салынған капиталына қатысты табыстың өсуі;

   Компанияның акциясына табысының өсуі (егер бұл акционерлік компания болса);

   Акцияның нарықтық бағасының өсуі (егер бұл акционерлік қоғам болса);

   Капитал құраламының өзгеруі.

Аталған кәсіпорынның мақсаттық бекітілімдердің сипаты жалпы экономиканың жағдайымен, фирманың әрекеті жататын нақты бір саланың даму қарқынымен, сонымен қатар кәсіпорынның даму кезеңімен анықталған.

Кәсіпорындардың өмірлік циклдарының теориясына сәйкес бұл циклдің үш сатысы ерекшеленеді:

Бірінші саты: Белсенді экспансия, даму қарқынының өсуімен сипатталады. Жиналымы өндірістік қуаттылықты қалыптастыру және нарықты жаулауға бағытталған.

Екінші саты: Акциялардың курсы мен табысының өсуі, капитал иелерінің табыстарының өсуі. Бірінші орынды нарықтағы өзінің орнын сақтап қалу үшін күрес алады, өндірістік қуаттылығының өндірісі, шығындарды қысқартумен салыстырғанда екінші кезекке ауысады.

Үшінші саты:  Сатудың көлемінің азаюы пайда болады, сонымен бірге табыс та қысқарады, бұл капиталдың саладан кетуді ынталандырады. Бұл сатыда кәсіпорынның  басты мақсаты болып тіршілігі (тіршілігін сақтап қалу) табылады, яғни  оның белгілі бір уақыт мезетінде белгілі бір пайда алу деңгейіне жеткенше, шығындардың орнын толтырғанша операцияны жалғастыру.

Құндылықтарды қалыптастыру – кәсіпорынның негіз салушы функциясы болып табылады.

Құндылықтарды қалыптастыру үрдісі жеке немесе топтық қажеттіліктерді қанағаттандыруды көздейді, нәтижесінде  кәсіпорынның әрекеті жалпы қоғам таныған болып шығады. Гүлденген кәсіпорын – бұл өзінің әрекетінен тұрақты табыс алатын кәсіпорын. Кәсіпорын иелері (немесе акционерлері) тұрақты және оның өсуінде болуында және өзінің меншік және тартылған құралдарын қолдануға мүдделі болады,  себебі ол  оларға тиесілі меншіктің құнын ұлғайтады (дивиденде, акция). Персонал мен жеткізушілер кәсіпорынның тұрақтыл болуында, онымен ұзақ уақыт бойы қарым қатынаста болуында, сонымен бірге қолайлы жұмыс атмосферасында болуында мүдделі болады. Ал тұтынушылар үшін оларды бағасы мен сапасы бойынша қанағаттандыратын тауар мен қызмет жоғары құндылықты құрайды.

Информация о работе Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу