Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат
Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ
Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі
Астана – 2008
ББК 65.261.3
Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі. - Астана: 2008 – 183 б.
Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.
© Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, 2008 |
© «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, 2008.
|
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………............
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ..............................
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері.....................
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау ..............................
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы ..............................
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ..............................
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ..............................
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ..............................
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері ..............................
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..............................
Ұлыбритания ..............................
Австралия ..............................
Дания ..............................
Нидерланды ..............................
Исландия ..............................
Ресей Федерациясы ..............................
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері.....................
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ..............................
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу.......................
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері...................
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..............................
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ..............................
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық....................
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау ..............................
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері ..............................
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі ..............................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Ел Президенті Н.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деген Қазақстан халқына Жолдауында басымдықтар қатарына «нәтижелілік қағидасына негізделген мемлекеттік басқару жүйесін дамыту жөніндегі» шараларды жедел іске асыруды бөліп көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына «жоспарлау жүйесін жаңарту мен жетілдіру, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жеделдету» міндеті қойылды.
Әкімшілік реформаны іске асыру шеңберінде Қазақстанда нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне өту көзделеді. Нәтижелер бойынша басқару тұжырымдамасы басқару технологияларын жеке меншік сектордан мемлекеттік басқаруға көшіруді білдіреді. Нәтижеге бағдарланған басқару әдістері мен рәсімдерін енгізу атап айтқанда жоспарлау мен бюджеттік процесске деген көзқарастың өзгергенін білдіреді. Стратегиялық жоспарлау қағидасына өту мемлекеттік органдарда елді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттемелеріне жетуге, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Бюджеттік жүйе реформасының бір бағыты болып табылатын нәтижеге бағдарланған бюджеттендіруді (бұдан әрі - НББ) енгізу «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» өтуді білдіреді.
Нәтижелер бойынша басқару жөніндегі технологияларды, атап айтқанда стратегиялық жоспарлау мен НББ бойынша енгізу ұзақ уақытты талап етеді. Дамыған елдерде бұл процесс ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылады және қазіргі уақытта нәтижелілік қағидасына негізделген тетіктің әбден жетілдірілуі жалғасуда. Сонымен, АҚШ-та бұл бағыттағы алғашқы қадамдар осыдан жарты ғасыр бұрын жасалған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда негізі 3-жылдық бюджет болып табылатын мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделі енгізілуде. Осыған байланысты 2007 жылы Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді. Осы тұжырымдама бағдарламалық құжаттарды әзірлеу мен мазмұнына жаңа көзқарастарды енгізуді, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру рәсімдерін сапалы қайта қарауды көздейді. Ағымдағы 2008 жылы үш пилотты әділет, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі элементтерін енгізу басталды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен бюджет саласындағы реформалар шегінде ҚР орталық мемлекеттік органдары алғаш рет өздерінің стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын НББ қағидалары негізінде және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген және 2008 жылдың 25 наурызында Қазақстан республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес дайындайды. НББ және осы тұжырымдамаға байланысты рәсімдерді енгізу үшін ҚР мемлекеттік органдары НББ қағидалары мен талаптарын айқын түсінуі қажет. Ол үшін НББ негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі кешенді әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу, оқу тренингтерін жүргізу, енгізілетін жүйелердің тиімді жұмыс істеуіндегі әрбір мемлекеттік органның рөлі мен орны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Сондықтан да берілген брошюра нақты елдердің үлгісінде нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін енгізу бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу жөніндегі талдау жұмыстары; ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік жұмыстардың және Қазақстанның мемлекеттік органдарында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің жаңа жүйесін енгізу бойынша тренингтер өткізу нәтижесінде жасалынған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
1 тарау. Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау.
Қазақстан жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаның шегінде нәтижелерге бағдарланған бюджеттеудің негізгі принциптері мен тәсілдерін енгізу арқылы бюджеттік процессті реформалауға кірісті. Елде ең бірінші рет барлық деңгейдегі бюджеттер шығынын жоспарлау мемлекеттік қаражатты шығындаудың қоғамдық мәні бар қорытындыларын есептеуді қарастыратын, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау арқылы іске асырылады.
Бюджеттік процестің жаңа барысының мәні бюджеттің орындалу қорытындысы бөлінген бюджеттік қаржылардың игерілу деңгейімен емес, бюджеттік саясатпен жүргізілген нақты әлеуметтік мәні бар нәтижелерге жетумен өлшенеді. Бұл біртіндеп бюджеттік шығындарды сметалық қаржыландырудан бас тартуды және мемлекеттік қызмет көрсетуге қаржы бөлу мен мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсаттарына сәйкес қызмет көрсетуді білдіреді.
Жаңа шарттарға сәйкес мемлекеттік органдарға қойылатын талап өздерінің бюджеттік өтінімдерін бұрынғыдай шығындар тұрғысынан негіздеу емес, өздерінің қызметтерінің қорытындысынан көрсету. Бюджеттік бағдарлама «тапсырма – шығын – тікелей қорытынды (көрсетілген бюджеттік қызметтер көлемі)» байланысын айқын көрсетуі керек. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалар қызметтер деңгейінде қалыптасады және мемлекеттік органдардың жоспарлы шығындарының байланысын, сапа көрсеткіштерін және көрсетілетін қызмет саны мен оның стратегиялық мақсаттарын көрсетуі керек. Осылайша мемлекеттік органдардың қызметі формальді түрде өз функцияларын іске асыру мен бюджеттік қаражатты игеруден азаматтарға, заңды тұлғаларға, Үкіметке, Парламентке сапалы қызмет көрсетуге және соңғы нәтижеге қол жеткізуге қайта бағытталады.