Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:41, реферат

Описание работы

Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді.

Работа содержит 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХ 4ШК1,2.doc

— 5.62 Мб (Скачать)

          Адам  қашықтықты айыруды да өмір  тәжірибесі арқылы үйренеді. Мәселен, қашықтықтағы нәрсенің дәл шамасын білу үшін бала алғашқыда сол нәрсенің көрінуіне лайықты тиісті қозғалыс жасауға әдеттенеді.

          Заттың  бізге немесе басқа нәрселерге  қарап тұрған бети алысы- көздің  торлы қабығында сәулеленумен  бірге, дене қозғалысының жағдайына дабайланысты. Заттың бет алысын адам тік тұрыа немесе отырып горионталь жағдайда ғана жақсы қабылдай алады. Мұндайда адам өзінің тұрған жерінен алдындағы бір затты нысана етіп, қалған заттардың бет алысын соған бағдарлайды. Мәселен, құла түзде тұрып бет алдымыздағы заттарды көрсеткенде, назарымызды бір затқа ғана тігіп, басқа заттарды сол заттың не соның не оң жағында, не сол жағында, не бер жағында, не үстінде т.б деп айтамыз.

          Кеңістіктегі  заттарды қабылдауға тек көру мүшесі ғана қатыспайды, мұнда қозғалыс, сипай сезу түйсікте де елеулі рөл атқарады. Мәселен, іштен соқыр болып туған баланың операциядан кейін көзі көрсе де, шарды жай дөң\гелектен, төрт бұрышты затты үш бұрышты заттан айыра алмаған.сондай-ақ, жаңағы бала екі нәрсенің қашықтыққа қойып, оны енді ал дегенде ол қолын олай-бұлай созып, дәл ұстай алмай, қармалап жүріп қолын нәрсеге әзер жеткізген. Бала нәрсені қолына алып, сипап байқағаннан кейін ғана оның үлкендігін, формасын т.байыра алған. Бұл айтылғандар кеңістікті қабылдауда кинестезиялық түйсіктер де қатынасатындығын көрсетеді.

          Кеңістікті  дұрыс қабылдап үйрену кішкентай  кезден басталады. Мәселен, мектеп  жасын дейінгі балар түрлі  нәрселерді ұстап, байқап, сипап  қарайды, олардың формасын үлкен-кішілігін көреді. кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікке орналасуын жақсы аңғара алатын болады. Заттардың кеңістіктеорналасуын дұрыс біле алудың адамның іс-әрекеті үшін(әсересеі шоферлерге, ұшқыштарға, суретшілерге, әскери қызметкерлергі\е, дәл аппарат жасайтын мамандарға т.б) қаншама маңызды екендігі түсінікті. Уақыт та кеңістік сияқты қозғаушы материяның иөмір сүруінің объективтік реалды формасы.

          Уақытты  қабылдау да сыртқы дүниедегі  заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі.уақыт – дүниедегі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Шындық құбылыстардың тізбегі, бірізділігі, объективтік ұзақтылығы уақытты қабылдау арқылы белгілі болып отырады. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни өткен шақтың осы шаққа, одан келер шаққа қарай ағады. Осылай бір бағытта ағу- сыртқы дүниедегі оқиғалардың объективтік белгісі. Бұлар жеке адамның түйсігінен, қабылдауынан тыс болып отыратын реалды құбылыстар. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады.

  1. Уақыт ритмі- құбыдыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бірізділігі.
  2. уақыт темп арқылы өлшенеді. Темп- құбылыстардың бірізділігінің тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер де орын алады. Мәселен, өткен шақ адамға қысқа мерзімді болып көрінеді. Өткен шақты, әсіресе, бізден алыс дәуірді минуттап, сағаттап санап отырмай айлап, жылдап, ғасырлап, дәуірлеп есептейміз. Халқымызда ежелден келе жатқан уақыт өлшемдері, атаулары аз емес. Олар: азан, түс, намаздігер, бесін, сәске т.б. осы секілді атаулардың шәкірт танымына ұлттық бояу, реңкберетіні белгілі. Өткен оқиғалар адамға көмескілеу болып та көрінеді. Уақыттың өтуінің түрліше қабылдануы сол кезеңдеөткен оқиғаларға байланысты.

          Осы  шақтың (үстіміздегі дәуір) бізден  алысырақ мерзімдері ғасыр, жыл,  ай ұғымдарымен  белгіленсе, оның  бізге жақынырақ кезеңдері: сағат,  минут, секундпен еспетеледі. Осы  шақ әркез объективтірек болып  қабылданады, өйткені, бұл кезең нақтылы ісімізбен, тікелей қабылдауымызбен ұштасып жатады.

          Өткен  шақтың тез өткеніндей, келер  шақтың өте ұзақ тәрізденіп  көрінуі субъективтік жағдайлардың  нәтижесі. Егер адамның уақыты  қалай өткенін байқамай да  қалады. Адамның көңілі қаншалық шат болса, соншалықты уақыт та тез өткендей болып қабылданады. Мәселен, қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді. Ал, керсінше, адамның уақыты тмәнсіз өтсе, ол кезең адамға да уақыт өтпейтіндей болады.

          Уақыттың  қабылдануы оның қандай мазмұнда болуымен де шарттасып жатады. Егер ұсақ-түйек өткен уақыт ұзақ болып көрінсе, пайдалы әрекетке толы уақыт тез өтеді. Көбінесе уақытты субъективтік болжау дұрыс болмай шығатындықтан, оны объективтік өлшемдермен (минут, сағат, тәулік, апта.) өлшеген дұрыс болады.

 

         5.  Адамдардың  барлығы  біркелкі қабылдай  бермейді. Мұнда адамға тән типтік  өзгешеліктер де болады. Кейбір  адамдар қабылдау кезінде заттың  өзіне, жеке тұрқына, сырт көрінісіне  көңіл аударуға бейім болады, олар көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мән-мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты түсіндіріп беруді қажетсінеді. Осы айтылғанға орай

1 топ адамдардың қабылдауының  баяндаушы типің

2 топ түсіндіруші типі жатады.

Қабылдау саласында адамдар  объективтік және субъективтік типтер болып та бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен құбылыстарды дәл, айқын, ешбір қоспасыз сол қалпында қабылдайды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал субъективтік типтегі адамдардың қабылдауында долбарлау, қиялдау жаңа образдар қосу жағы басым болады. Мұндайда қабылданатын заттан гөрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей, елжіреу, алдану) ерекше әсер ететін болады. Субъективтік типті кейде қабылдаудың эмоциялық типі деп те аталады.

          Қабыдау  синтездік (сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын үнемі тұтастай қабылдап, бірақ оның ұсақ-түйегіне жөнді мән бермейтіндер), анализдік (мұндайлар керісінше заттардың ұсақ-түйектерінен шаға алмағандықтан, оны тұтастай қабылдауға шоршақ болады) типтер де кездеседі. Халық осылардың біріншісін «көрмес түйені де көрмес»  десе, екіншісін «түймедейді түйедей»» ететіндер дейді. Қабылдаудың өмірге өте икемді типі анализдік- синтездік тип. Қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктер бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Сондай-ақ бұлардың қай-қайсысы датұрақты, өзгермейтіні қажет емес. Тұрмыс, дағды-әдет, іс-әрекетінің мақсаты мен мазмұны, адамның жас және дара ерекшеліктері т.б белгілі жағдайларда қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады.

          Бұларда  қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызызор. ӨҚйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап тоыру, оның мағынасын ұғынуғм жәрдем етеді. Мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.

          Мектеп  жасына дейінгі балалардың өмір  тәжірибесіаз. Сондықтан, олар заттарды  көбінесе үстірт қабылдайды. Мәселен,  төрт- бес жастағы бөбектер кеңістік  пен уақытты, алыстық пен қашықтықты  нашар ажыратады. Екі-үш жастағылардың  кейде аспандағы ай мен күнді әпер деп шешесіне мазабермейтіндігі де көпшілікке мәлім. Бала ең алдымен өзінің қолы жететін, жақын жердегі кеңістікті таниды.

          Уақытты  дұрыс қабылдау да балаларға  қиын. Бөбектер күн мен түнді,  жылдың төрт маусымыын бір  сыдырғы ажыратқанымен, бүгін мен ертеңді, кешегі мен бүрсігүнді бір-бірінен шатастырып отырады. Олардың ұзақ мерзімді, келер шақ пен өткен шақты қабылдауы да өте мардымсыз.

Мектеп жасына дейінгі балалрдың  қабылдауы олардың қимыл әрекетіне  байланысты және эмоциялық бояуларға  бай болып келеді. Мәселен, олардың қозғалмалы бояуды, заттарға тез зер салғаш келетіні, қанық бояулы нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан. Төменгі сыныптарда оқитын балалардың қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. бала заттың көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттері мен белгілерін ғана көреді, заттарды талдай қабылдау жағы да жетпей жатады. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Егер объектіні қабылдау қиынға соқса, бала оған қынжылмайды, екіншісіне ауысады, қабыдаған затынаң жеке бөліктерін тізбектей алғанмен, бірақ онда жүйе болмайды. Мәселен, оқушы көбелектің құрылысын айтқан кезде: « Көбелектің қанаты ақ. Қанатында дөңгелек қара нүкте бар. Көбелектің мұрты, көзі, құйрықшасы болады» деп жай тізбнктейді де, оның негізгі ерекшеліктерін (түрі, түс т.б) айтуды естен шығарады. Кейде бала нәрсенің жеке жақтарын қабылдайды да, оның тұтас зат екенін ұмытады. Мәселен, оқушы кружканың суретін салғанда, тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жібереді, ал үйдің суретін салғанда есік, терезесі еденінен төбесіне дейінгі жерді алып жатады.

          Үшінші  сынптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай қателері азая бастайды. Оқушы заттың негізг белгілерін байқай алатын болады. Қабыладуда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне, ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зер сала бастайды. Енді затта жан-жағынан байқап көргісі келеді. Заттарды дұрыс қабылдай алу, мәніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін арифметика, ана тілі сабақтарына қарағанда сирек болатын ән-күй, сурет сабақтарынан бала қабыладыуның даму дәрежесі әлдеқайда ьаяу болады.

          Қабылдау  процесінің күрделене түсуі балаларда  байқай алу қабілетінің көрінуімен  ұштасады. Байқаудың қарапайым элементі  бірінші сынып оқушыларында да  бар. Мәселен, «қоңыздың мұртшасы, көзі, табаны, аяғы бар» деп баланың тізбектеуі- оның байқай алатындығының белгісі. Байқау- белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі. Ал екінші сыныпоқушыларына селқос қабылдаудан белсенді қабылдауға көшу, ұқса заттарды іздестіру, дәлелдеме келтіру біршамаш жетіле түседі. Мұғалім баланың белсенді қабылдауының дами түсуіне дұрыс басшылық беруі тиіс. Мәселен, оқушыларға объектилерді бірден сомдап бермей, бөлщектеп берсе, олар байқау тапсырмасын онша қиналмай орындайтын болады. Үшінші, төртінші сынып оқушылары объектінің түсіне, түріне, үлкен- кішілігіне де назар аудара алады, байқаудың мақсатын түсінеді, нәтижесін сөз арқылы тұжырымдап бірнеше объектілерді қатарынан байқай алуға шамасы келеді, объектілердің бір-бірімен байланысын түсінуді ойлайды. Осы жастағы баланың байқауы дақабылдауы сияқты эмоциясымен, қызығушылығымен қосарлана жүреді. Байқаудың белсенді жүріп отыруына сезім мен қызығужақсы әсер етеді. Сондықтан да мұғалім байқау кезінде оқушылардың әрқайсысының белсенділігін қадағалап отырғаны абзал. Өйткені бала объектілерді қарауға селсоқ кірісетін болса, байқау дәрежесі өте төмен болады.

          Мектепте  жүретін барлық сабақтардың бала  қабылдауылн дамытудағы ерекше  рөлін ескере келіп, әрбір мұғалім  мына төмендегі шарттарды орындап  отырау тиіс.

  1. Көрнекті құралдарды ( моделдер, суреттер, кллекциялар) пайдалануда балалардың жас ерекшелігін мұқият ескеру жөн.
  2. Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісіне қалайда түсінгені мақұл. Мәселен, бала әдебиеттегі көркем шығарманы қабылдағанда оның мазмұнымен бірге басты кейіпкердің мінез-құлқына, мазмұндаудың тәртібін түсіне білмейінше,оны мағыналы түрде қабылдай алмайды.
  3. Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салсытыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға, әр түолі объектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салу қажет.
  4. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алынып, бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуінедебайланысты. Мәселен, сурет көрмесін көрген оқушыларға кейін ондағы нәрселерді қайтадан айтып беру міндеті қойылмаса, сол нәрседен санасына бұлдыр елес қана қалатын болады.
  5. Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу үнемі есте болғаны жөн. Қабылдау мен бақылаудың дәлдігін тәрбиелегенде баланың ауызша сөзіндегі немесе жазғандағы қателерін өзіне түзеттіріп, оны қайтадан үйренуге әдеттендіру қажет.

 

ҚАБЫЛДАУ

  1. Қабылдау туралы жалпы түсінік
  2. Қабылдау заңдылықтары
  3. Қабылдау түрлері

Түйсіну процесінің арқасында үлкен  ми сыңарымызда заттар мен құбылыстардың  жекеленген қасиеттер мен сапалары туралы алғашқы із сақталатын. Яғни түсі, дыбысы, қатты – жұмсақтығы, т.б. Бірақта адам айналамыздағы заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиетінен басқа тұтас комплексі болады. Орталық нерв жүйесінде бұларды тұтастай бейнелеу үшін анализаторлар беретін жеке түйсіктер ми қыртысында бірігеді. Сөйтіп адамның миында заттың немесе құбылыстың тұтастай бейнесі жасалады. Сонда қабылдау дегеніміз қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстардың түйсіну мүшелеріне әсер ете отырып, ондағы талдаудан өтіп, әрқайсысынан тарайтын нерв талшықтары арқылы бас миымыздың клеткаларында жалпылама із ретінде қалыптасуын айтамыз. Яғни қабылдау дегеніміз бірнеше түйсіну мүшесінің бірлесіп қызмет етуі. Бұл организмнің тітіркендіргіштердің тұтас комплексіне жауап реакциясында жүзеге асады. М: адам алманы көргенде бас миында ол туралы екі із қалады. 1. шар тәрізді қалпы- көру түйсігі арқылы. 2. оның түсі

            Барлық уақытта алманы қабылдағында  бірнеше түйсіну мүшесі бірігіп  қызмет атқарады. Тері түйсігі  арқылы оның сыртының біркелкі  тегіс екенін анықтайды. Иіс  түйсігі арқылы жағымды иісін сезеді. Соның нәтижесінде орталық нерв жүйесінде тұтастай із қалады. Адамның миында сақталып қалған іздер тұтастай бейне болып қалыптасады. Сонымен бірге қабылдау бір ғана процестің қызметі емес, ойлаудың, естің, сөйлеудің, ерік пен сезімнің бірлескен қызметі. М: біз көз алдымызда көріп тұрған гүл шоғының қалампыр гүлі, раушан гүлі екенін ес процесі арқылы білеміз. Гүлдің иісін міскеп рахаттанып эстетикалық сезім аламыз. Гүлдің қай түріне жатады деп ойланамыз. Сонда түйсіксіз ешқандай қабылдау болуы мүмкін емес. Дегенмен де түйсігтегі басқа заттарды қабылдаған кезде адамның өмір тәжірибесі, білімі, ес процестердің де маңызы зор. Қабылдау түйсік сияқты бір ғана анализатордың қызметі емес. Бірнеше анализаторлардың бірлескен қызметі. М: киноны қабылдау көріп және естіп қабылдау нәтижесінде жүзеге асады. Қабылдау процесінің негізгі фукнциясы көргенде, естігенді, дәмін татып, қолмен ұстағанда тұтастай із ретінде қалдыру. Бір зат пен екінші затты ұқсатып байланыстыру. Адамның қабылдау процесі ең алдымен жеке заттарды түйсіну, таынп білу, сонымен бірге бұрынғы көргендерге ұқсастырып байланыстыру. Кейде қабылдайтын материал бұрыннан көрмеген таныс емес болса бала мән беріп қарайды. Осы көрмеген,естімеген нәрсесін күнделікті көріп жүрген затпен байланыстырып, ұқсастырып айтып түсіндірсе балада белгілі бір мағлұмат пайда болады. (Бұрынғы білгенмен салыстыру, моделі бұрынғы қалыптасқан іздер)

Информация о работе Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы