Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:41, реферат

Описание работы

Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді.

Работа содержит 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХ 4ШК1,2.doc

— 5.62 Мб (Скачать)

Демек, балаларды дүрыс салыстыруды  колдануға үйретуге болады екен. Абстракциялау - ойлау әдістерінің ең күрделі түрі.

Заттардың бірқатар қасиеттерін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса, бізге керек қасиетін бөліп алып қарауды абстракциялау деп атайды. Мәселен, адамның көзіне жақсы әсер ететін түс ретінде жасыл түс туралы айтып, жасыл түспен боялған нақты затты айтпауымызға болады. Бүнда "түс" абстрактылы болып табылады. Немесе айталық күш сападан маңыздырақ" дейміз, бірақ накты қай күш туралы әңгіме болып отырғанын: адамның күші ме, жануардың, машинаның күші ме, жерге тартылу күші ме, ол жағын түсіндіріп жатпауымызға болады. Бұндай "күш" абстрактылы ұғым болып табылады.

Абстракцияға қарама-қарсы  процесс - нақтылау.

Егер, біз белгілі бір затты  айтсақ немесе ол заттың нақты белгісін атап көрсетсек, мұнда нактылау деп аталатын процесс болады.

Мәселен, бөлмедегі түсқағаздың  жасыл түсті екендігі туралы немесе жолдасымыздың дене күші мықты екені туралы пікірімізді айтамыз. Бүл жағдайдың екеуінде де абстракты үғымдар туралы жоғарыда келтірілген сөздері мен ("түс", "күші") айтылса да, біз бүл жерде нақты үғымдар жөніңде айтып отырамыз. Теориялық материалды дәлелдеуде нақтылаудың мәні күшті. Қорыту: адамда үғым "қорыту" яғни ортақ қассиеттері бар заттарды құбылыстарды ойша біріктіру нәтижесінде байқалады. Мысалы: "металл" деген үғымды ойлау, бұл демек темірдің, болаттың, шойынның, мыстың ортақ белгілерін бөліп алып қарап, оларды бір қорыта айтылатын сөзге "ме-талға" біріктіру болып табылады.

Ойлаудың негізгі формалары

Ойлаудың негізгі формалары зат пен құбылыстардың байқалмайтын ішкі сырын, олардың маңызын, мәнін ашып отыруға тән меншікті жұмыс. Солай болса шындықты үстірт емес, тереңірек, жан жақты белгілеу ойлау процесінде ұғым арқылы іске асып отырады.

<p class="d

Информация о работе Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы