Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:41, реферат

Описание работы

Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді.

Работа содержит 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХ 4ШК1,2.doc

— 5.62 Мб (Скачать)

          Қабылдау  заңдылықтары дегеніміз әрбір  адамның қабылдауында кездесетін  жекеленген ерекшеліктерін айтады. Яғни адам заттар мен құбылыстарды тура өз мағынасында қабылдайды. Несесе қателіктер жібереді. Қабылдаудың мынадый заңдылықтары болады:   тұтастығы, константтылығы, немесе тұрақтылығы, галлюцинациялығы, эллюзиялығы, апперцепциялығы, т.б

 

Қабылдау заңдылықтары

Сипаттама

Тұтастығы

Тұтастығы дегеніміз кейбір қабылдайтын  затта тұтастай мағына болмаса да оны есте қалдыруды жеңілдету  үшін тұтастай бір затқа ұқсастырып қабылдауды айтамыз. М: кеіңтіктегі  үш нүктені біз үш нүкте емес ∆  деп қабылдаймыз. Тұтастай қабылдау адамның есте сақтауын жеіңлдетеді. Кейде өзімізге таныс бұрынғы тәжірибемізде ұшырасқан кейбір обьектілердің жеке бөліктерін қабылдасақ, біз оған тұтастай мағына беріп есімізге тұтастай мазмұнын қалыдаймыз.

Константтылығы 

Дегеніміз заттың көрінісі уақытша  өзгерген кезде, оны өзгерген қалпында қабылдамай бұрынғы өзінің қалпында қабылдауды айтамыз.адамның көз  құрылысы жағынан оптикалық приборға ұқсайды. Көз жанарының екі жағы дөңес линза болып келеді. Көру түйсігіне сырттан әсер еткен бейне көзге келіп түскенде линзаның ролін көздің торлы қабаты атқарады. Егерде қабылдайтын зат біздің көз алдымыздан алытаса көз торындағы бейне кішірейеді. М: көшенің бас жағында тұрып қарасақ, көшенің аяғына дейін бағаналар бірте-бірте кішірейе береді. Сол сияқты поездің атқы вагондары да кіші болып көрінеді. Самолеттен жерге қарасақ транспорт, үй кішкене болыр көрінеді. Бірақта біз заттың бейнесін өзгерттпей сол қалпында қабылдаймыз. Сол сияқты түсті қабылдағанда да тұрақтылық болады. М: ақ қағазға әр түрлі жарық түсірген кезде түсі өзгеріп тұрады. Бірақ біз оны өзгерттпей бұрынғы ақ қағаз қалпында қабылдаймыз. Тек көру анализаторында өзгерген күйде көрінеді.

Таңдамалығы

Дегеніміз толып жатқан обьектілердің  ішінен адам өзінің зейіні ауғанын ғана қабылдауды айтамыз. Мұндай жағдайда адам обьектінің өзінің көңілін аударғанын ерекше белгілерін қызықтырып өзіне керек жақтарға ғана қабылдайды. Зейінін ауғанын қабылдайды.

Структуралығы

Дегеніміз кейбір ұқсас заттарды біріктіріп бір қалыпқа келтіріп қабылдау немесе ұқсас заттарды бір ғана атау бойынша атап біріктіріп қабылдауды айтамыз. М: ағаш деген ұғым қабылдаймыз.

Эллюзиялығы

Дегеніміз әр түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді бұрмалап теріс  қабылдауды айтамыз. Эллюзиялық қабылдау 3 түрлі себепке байланысты болады. 1. адамның зейінінің оңға солға терең бағытталуына байланысты қателіктер болады. Мұнда йжағдайда адам заттың кеңістіктеғ орналасу жағдайын білмегеннен қателесу жағдайын білмегеннен қателесуі мүмкін. 2. ойлаудың неғгізінде қателіктер жіберуі мүмкін. 3. адамның көңіл-күй сезіміне байланысты қателесуі мүмкін

Галлюцинация

лық

Дегеніміз адамның нерв жүйесінің  қажуына, шаршап шалдығуына байланысты қате қабылдауды айтады. М: адам ұзақ жол  жүріп келгеннен кейін нерв жүйесінің қажуына байланысты поездің дауысы құағынан кетпейді, сонда әлі келе жатқандай қозғалып отырғандай болады.

Апперцепциялық 

Дегеніміз әр адам жасы, жынысы, өмір тәжірибесіне, біліміне, қызығушылығына, мұқтаждығына, ой-өрісі мен сезімкөрінісіне қарай өзінше өзгертіп қабылдауды айтады. Қабылдаудың бұл заңдылығының ерекшелігі әрекеттік қабылдау үстінде әркімнің жеке басының ерекшелігі байқалады., яғни тілегі, мүддесі, ерік сезімі, мақсаты, қабылдайын деп отырған затқа өзінің қатысын білдіреді.. бір заттың өзін әр түрлі мамандық иелері әртүрлі қабылдайды.М: даладан теріп әкелген бір шоқ гүлді көрген кезде суретшілер оынң түр түсіне, бояуының ерекшелігіне көңіл аударса, оның суретін қандай бояумен салсақ қандай болады. Деп ойлайды. Ал биологтар осы гүлді қандай өсімдіктер класына жатады. Қандай гүлмен тұқымдас, аталық аналықтары қанша, сол жағына көңіл бөледі. Ал агрорном болса осы гүлдің емдік қасиеті бар деп қарайды.


Кеңістікті қабылдау . Қоршаған дүниедегі  барлық затар мен құбылыстар белгілі  кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Айналамыздағы материалдық дүниенің барлығы кеңістікте болады. Оның осы  кеңістіктегі алатын орны болады. Белгілі  бір мөлшерде көлемі, формасы болады. Осы затар бізден немесе бір заттан белгілі бір мөлшерде қашықтықта, азды-көпті жақындықта орын алады. Заттардың осы кеңістіктік қасиетініңадамның санасында бейнеленуін кеңістікті қабылдау дейміз. Кеңістікті қабылдаудың өзі заттың көлемін, формасын, аумағын, түр түсін, қашықтығын қабылдаудан тұрады. Кеңістікті қабылдауда, әсіресе қашықтықты қабылдағанда иіс түйсігі мен есту түйсігінің ролі ерекше. М: адам иіс түйсігі арқылы жақын арада асхананың, дәріхананың немесе наубайхананың бар екенін қабылдайды. Сол сияқты дыбысқа да артында жүріп келе жатқан машинаның немес адамның қаншалықты қашықтықта екенін ажыратуға болады. Кейде заттың кеңістік қасиеттерін қабылдаған кезде жалған көріністер де болады. М: ұзақтығы бірдей түзу, сызық кеңістік әр түрлі орналасуына байланысты қате қабылдануы мүмкін. Яғни көлденең сызыққа қарағанда тік сызық ұзын болып көрінеді. Соның негізінде артық бағалау болады.

          Уақытты  қабылдау дегеніміз шындық құбылыстың  тізбектерінің бір іздідігі обьективтік  ұзақтығын бейнелейтін процесс. Уақытты қабылдау бізге дүние құбылыстарының ұзақтығы, шапшаңдығы және дәлділі туралы ұғым береді. Табиғаттағы уақытымен болып тұратын қозғалыстар бір қалыпты болып тұратын өзгерістер жердің айналуы, күннің шығуы мен батуы, күннің ауысуы, ай, апта, жыл, тәулік, маусым адамның уақытты мөлшерлеуіне мүмкіндік береді. Ал аз уақыттың өтуін минут пен секундпен белгілеу үшін арнайы аппарат приборлар қолданады. Яғни сағат, құм сағат, секундномер қолданады. Уақытты приборлар көмегімен анықтауды обьективті түрде бағалау дейді. Кейде уақытты бағалау субьективті түрде де болады. Субьективті қабылдау. Адамның уақытты қабылдау ұзақтығы адамның әрекетінің мазмұнына тәуелді. Қызықты, маңызды, мазмұнды іс-әрекетке толы уақыт тез өтеді. Егерде оқиға қызықсыз, елеусіз болса адам уақыты мүлде өтпейді. Оқушы сабақ үстінде белсенді ой әрекетімен шұғылданып отырса, қызықты есептер,жұмбақ шешіп сабақ үстінде әрекеттің әр түрін орындаса уақыттың қалай өткенін дебілмей қалады. Уақытты бағалауға жеке адамның бағыт бағдарының маңызы зор. Кейде жанға жағымды қызықты бір қуанышты кезеңді күткенде уақыт өтпейді. Оқиға таянбай адамды жалықтрады. Жағымсыз оқиғаны тосу уақытты тек өткізгендей болады.

                         Қабылдау түрлері

Қабылдау процесі кезінде де барлық анализаторлар бірлесіп қызмет атқарғанмен барлығының жұмыс істеу ролі бірдей болмайды. Сол бірнеше анализатордың ішінде біреуі жетекшілік қызмет атқарады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде қай анализаторымыздың негізгі роль атқататындығына байланысты қабылдаудың түрі айқындалып, сол анализатордың атымен аталады. Қабылдаудың ең көп талалған түрі көріп қабылдау, естіп қабылдау, сипап сезу арқылықабылдау. Қабылдаудың күрделі түрі бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеу кезінде байқалады. М.Мұғалім бір әңгіменің мазмұнын дауыстап оқып, ауызша айтып беріп көрнекіліктерді көрсетіп отырса, материалды көріп, естіп қабылдаулар бірлесіп жүзеге асады. Ал мұғалім еңбек сабағын өткізген кезде ағаштан, темірден, әртүрлі материалдарды өрнектеп тапсырмаларды орындағанда көру, есту, сипат сезіп қабылдау жүзеге асады. Ал заттың қашықтығын, аумағын, тереңдігін анықтау кезінде винокулярлық және монокулярлық қабылдау жүзеге асады. Винокулярлық қабылдау дегеніміз- екі көзбен бірдей көріп қабылдау. Ал монокулярлық қабылдау кезінде бір көзбен көріп қабылдау негізгі роль атқарады. Монокулярлық қабылдау кезінде қашықтықты белгілі бір мөлшер шегінде ғана қабылдайды. Егерде шамалы бір қашықтықта керулі тұрған жіпке бір көзбен қарайтын болсақ жоғарыдан түсірілген жарық сол жіптің алдынан, артынан өткенін қабылдау қиындыққа түседі. Ал екі көзбен бірдей қабылдағанды осы көріністі қабылдау қиын емес. Өйткені винокулярлық қабылдау кезінде екі көзге түсетін кескін қосылып кетіп затты айқын сезініп бір ғана кескінге айналады.

 

Ес процесі 

Жоспар

  1. естің анықтамасы, жалпы сипаттама
  2. естің түрлері
  3. еске түсіру түрлері
  4. есте қалдыру түрлері

ес деп қоршаушы өмірдегі заттар мен құбылыстарды мида із ретінде  қалыптасып, сақталыныпжәне керек кезінде  қайта жаңғыртылуын айтады. Қоршаушы өмірдегі заттар мен құбылыстардың мида із ретінде қалыптасуы үшін заттар мен құбылыстардың әсер ету қуаты болуы керек. Екіншіден, түйсіну мүшелерінің жұмыс істеу сапасынан, үшіншіден, физиологиялық жұмыс істеу сапасына байланысты.

          Сақталыну  қайта жаңғыртумен байланысты. Егер оқуға қайталанбаса, ұмытылып кетуі мүмкін. Ал жиі әсер болса, ұзақ уақыт сақталанып, біраз уақытқа деін ұмытылмайды. Адамның ми клеткалары белгілі бір құбылыстарды іс-әрекеттерді сақтап із қалдырып отырады.

          Сақталынуадамның  темпераментімен байланысты. Егер адам таза холерик және аралас күйінде меланхолик- холерик темпераментіне жатса, оқиғаны ұзақ уақыт есте сақтай алады және еске түсіруде көп қиналмайды. Ал сангвиник-флегматик болып келсе, оқиғаны еске сақтауы онша терң болмайды, көп жағдайда ұмытып кетеді. Еске түсіруде біаз ойлануды қажет етеді.

          Еске  сақталыну адамның мінезіне байланысты. Адамның жан-жағына мән бере  қарауыөзін басқаны бағалауы,адамдарға  қарым-қатынасы еңбекке араласуына  байланысты. Әр адамда естің сақталу көлемі әртүрлі дәрежеде өтеді.

          Қайта  жаңғырту адамның алдына қойған  мақсатына байланысты. Сонымен қатар  темпераментімен, мінезімен, қабілетімен,  ойлауымен байланысты.

          Адамның  есі қандайда болмасын психика  лық процестен өтеді, кейде  есті адамның жеке басының сапалық көрінісі деп те айтуға болады. Естің тікелей мазмұны, яғниқаншалықты есте сақталуы, ал жаңғырту ойлану мен сөйлеудің мазмұны. Сонымен қатар естің мазмұны адамның өмір тәжірибесінің, білім көлемінің мазмұны болып саналады. Бұл жағынан алғанда әр адамда өзінше айырмашылық болады. Адамның тарихи дамуы, ғылым мен техниканың дамуы адамның есінің мазмұнын күрделендіріп көлемін арттыра түседі. Мысалы, ерте уақытта ғылым мен техниканы,әсересе техниканың дами бастаған кезінде сол уақыттағы адамдардың есінің мазмұны қазіргі замандағы адамдардың есінің көлемімен салыстырғанда айырмашылық бар. Адамның есінің мазмұны жануарлардың қайсысымен салыстырса да әрі сапасы, әрі көлемі жағынан айырмашылық бар. Ең алдымен адамның ойлауымен, сөйлеуімен байланысты. Сөздік атаулық сипаттамалар арқылы кейбір көрінбеген, білінбеген оқиғаларды- заттың көрінісі мида соншалықты сақталынады. Біз оны түсінеміз, оған сипаттама береміз, ал жануарларда болса тек нақтылы затты көріністер түрінде ғана өтеді. Мысалы, адам көптеген құбылыстарды оқиғаларды сөзбен бейнелеп, екінші біреуге түсіндіре алады. Соның нәтижесінде тыңдаушы адам сол затты көрмесе де, оқиғаның ішіне өзі араласпасада жалпы мазмұнын түсініп алады.

2. есті түрге бөлу әр адмның  нені есте қалдырып, нені есіне түсіруіне байланысты болады. Естің түрлері:

1. қимыл есі

Бұл ес арқылы сан алуан қимыл  әрекеттің, соның жасалыну тәсілін  есімізге сақтаймыз. Керекті кезінде  есімізге түсіреміз. Қимыл есі өте  күрделі өтеді. М: жас бала ең әуелі  қимыл-әрекеттің алғашқы көрінісі қол-аяғын қимылдатуға сонан басын ұстауға еңбектеуге, жүруге, бірте-бірте жүгіруге сонан жазуға үйрене бастайды. Яғни белгілі бір қимыл-әрекеттермен шұғылдана бастайды. Адамдағы қимыл-әсінің орталығы: вегетативті нерв жүйесі, жұлын миы, мишық, ми қабығының астыңғы бөлігі, маңдай бөлігі. Ми құрылысының жұмыс істеу қабілеті қимыл есімен байланысты. Қимыл есі тек қана тұру, яғни қимылдың, еңбек әректеінің ғана мазмұны емес, сонымен бірге адамның ойлауы мен сөйлеуінің де мазмұны болып келеді. Грек оқмытсыларының пірік бойынша қимыл есі жақсы жетілген адам өте жақсы қол өнер шебері болуы мүмкін. Немесе спорт саласында өте жақсы табыстарға жетуі мүмкін.

2. сөз-логикалық ес

Деп жеке сөздің күрделі ойды, ой қорытындыларын немесе дыбыстарды сезу, ажырату, оны құрастыру жолын айтады. Адамның миының маңдай бөлігі сөз логикалық естің орталығы боып тадылады. Сөз логикалық ес мидың құрылысындағы ерекше жетілген құрылысына байланысты. Мидың маңдай бөлігі жақсы жетілген адам өте жақсы сөз шебері болуы мүмкін. «ақыл, жазушы, шешен)

3. бейнелік ес (образды)

Деп түрлі заттың көріністерді есте қалдыру және соны еске түсіру жолын  айтады. Ми қабығының астыңғы бөлігінің  жұмысыбейнелік естің орталығы болып  табылады. Осыған байланысты мынадай  тұжырымдар бар: егер мидың желке бөлігі жақсы жетілсе, өте жақсы суретші болуы, ал егер самай бөлігіжақсы жетілсе, онда жақсы музыка маманы болуы, ал егер мидың төбе бөлігі жақсы жетілсе жақсы қол шебері болуы, ал бірінші сигналдық жүйесі жақсы жетілсе, онда жазушы болуы мүмкін.

4. эмоциялық ес

Эмоциялық ес деп алуан түрлі  сезім көріністерін, адамның көңіл-күйін, қуаныш-реніш, қорқыныш көріністерін есте қалдыру, қажет кезінде еске түсіру жолын айтады. Эмоциялық ес адамның  күнделікті өміріне өте қажет. Өйткені  эмоциялық ес адамның энегиялық ресурсы.


 

Еске түсіру түрлері

Еске түсіру екіге бөлінеді.,

 

1. ерікті

Адамның алға қойған мақсатына байланысты оқиғаларды еске түсіруі. Осы арқылы адам күнделікті өмірдегі оқиғаларды заттың көріністерді еске түсіре алады. Бұлардың өзі әр адамның темпераментімен тығыз байланысты. М: холерик тез еске түсіреді, ал флегматик тез ұмытады.

2. еріксіз

Еріксіз еске түсіру өзі мынадай  негізгі 3 заңдылыққа негізделген.

  1. Іргелестік заңдылығы. Егер неру клеткаларының біреуі ерекше қарқынмен жұмыс істеп жатса, (М.оқу процесі кезінде) сол клетка өзінен биоток (белгілібір) қуатты шығарады. Содан кейін екінші бір клетка жұмыс істесе онда бірінші мен екінші клеткада ауыспалы индукциялық нерв байланысы болады. Егер мидағы бір клетка өте қуатты биоток бөлсе, онда оның әсері көршілес клеткаларға тарап, сол клеткалардағы бұрыннан қалыптасқан іздерге әсер етіп, соның нәтижесінде ұмыт болған оқиғалар біртіндеп еске түсе бестайды.
  2. Ұқсастық заңдылығы. Кейде адам белгілі бір іспен шұғылданып отырғанда, сол іс-әрекетке ұқсас оқиғаны еріксіз есіне түсіреді.М:оқу процесінде оқушының материалдарды және адамның, заттың көріністерді ұқсатуы жатады.
  3. Қарама-қарсылық заңдылығы. Адамның қазір қабылданатынзаттың көріністері ерекше болып келетін болса, адамға ылғи да соған қарама-қарсы одан гөрі көркімдірек, болмаса кішірек заттың көріністер ойға еріксіз түсе бастайды.

 

 

Есте қалдыру түрлері

Ерікті

өзі механикалық және мағынасына түсініп  барып есте қалдыру арқывлы пайда  болады. Алдына мақсат қойып, арнаулы  тәсілдер қолданып есте қалдырсақ, бұл ерікт есте қалдырудың мазмұны болып табылады. Ырықты есте қалдыру ұғып алу, мақсатына байланысты әрекет, әдіс. Белгілі бір оқу материалын, анықтаманы, заңдылықтарды, формулаларды есте қалдыруға үйреніп алуға ұмытпауға алдына мақсат қойса, есте қалдыру нәтижелі болады. Яғни адам нені есіне қалдырғысы келсе, соған мән беріп, бағыт алады.

Еріксіз

Адамның өмір тәжірибесінде кездесетін құбылыстар, күнделікті оқиғалар, адамдармен сөйлескен сөзінің мазмұны, көрген фильмдер, үйренейін деп мақсат етпеген оқылған кітаптарының мазмұны есінде еріксіз қалады. Адам өмірін, қажет мүддесіне, мақсат, тілегіне байланысты жоқ оқиғалардың есте қалдыру деп жалпы түсіну мүшесінің қандай да болмасын, сигналды қабылдауға дайын тұруына байланысты, олардың көбінесе өздігінен есте сақталынуын айтады.

Мағынасына түсініп есте қалдыру

Материалды жақсы ұғынып терең  түсініп мағыналы байланыстарын, маңызды  қатынастарын анықтай отырып, ескғе  түйіп алу. Қандай болмасын оқиғаларды есте қалдыру үшін оны бұрыннан білетін  оқиғалармен байланысмтыру тиімді. Қорыта айтқанда механикалық есте қалдырумен мағынасына түсініп барып есте қалдыру адамның оқиғаларды, заттық көріністерді есте қалдыруына, сақтауына пайдалы. М: өлеңді тек мағынасына түсініп барып қана есте сақтау мүмкін емес, оны бірнеше рет қайталау арқылыесімізде қалдырамыз. Сол сияқты тарихи деректерді, оқиғаларды жүйелі түрде талдап сонымен қосымшав хронологиялық даталарды сақтау керек. Егер үйреніп отырған материалдың байланыс қатынасын елестететін схема, көрнекті сызба жұмыстаы жасалынып отырса, онда адамда есте қалдыру сапалары жоғарылай түседі.

Механикалық

Бұл материалдың жеке бөліктерінң  арасындағы мағынасына көңіл аудармай, рет-ретімен жаттау, яғни ішкі мазмұнын қадағаламай сыртқы байланыстарын  түсінбей есте қалдыру. М: оқушы сабаққа дайындалу барысында тапсырманы 5-6рет оқып шығып, сабақ үстінде оқулықта не жазылғанын ретімен айтып, тосыннан берілген сұраққа жауап бере алмайтын кездер жиі болады. Сонымен қатар шет ел тілі, ғылымның қиын атаулары, телефон нөмірлері, көше атаулары, кісі аттары, әсіресе шетел азаматтарынң аттары мехеникалық есте қалады. Кейде тілді үйрену жолдары немес сан түрлі символикалық белгілерді жаттау кезінде көпшілік жағдайда, мағынасына түсінбей барып есте қалдырады.

Қысқа

Белгілі бір уақыт аралығында дәл осы мерзімде болып жатақан оқиға құбылыспен заттарды қатесіз дәлдікпен есте сақтау жолын айтады. М: бірнеше уақыт өткеннен кейін адам әлгі оқиғалар жөнінде қадыбдағандары жойылып кетіп отырады. Оларға мәнінді басуда секретарь- референттердің есі, яғни ол әр сөзді, фазаны дәл есіне ұстайды. Бірақ бірнеше уақыттан соң ұмытылып кетіп отырады. Сол сияқты аудармашылартакстің фразаларын тек аудару үстінде есінде дәл сақтайды. Ал жаңа фазаға ауысқанда алдыңғысы біртіндеп ұмытылады. Сонымен қатар қысқа мерзімді есте қалдыру стенографиткаларда, операторлар жұмыс бақылағанда байқалады. Бұл құбылыстардың өзіндік мақсаттылығы бар, егер еске бұрынғы цифрлар адамның есінде қалса үнемі тұратын болса(миындағы онда зейін жаңа цифрларды қабылдауға, ұстауға мүмкін болмас еді.

Ұзақ

Қабылдаған материалды ұзақ, әрі  тұжырымды түрде есте сақтаумен  сипаттталды. Бұл әсіресе оқу  процесі кезінде өте қажет. Бұл  адамның білім көлеміне, өмір тәжірибесіне, мінезіне, темпераментіне байланысты.

Мнемоникалық 

«мнемоника» деген сөз грек сөзінен алынған. Жаттау өнері деген мағына береді. Мнемоникалық есте қалдыру деп материалды жасанды, әдіс-тәсіл арқылы есте қалдыру жолын айтады.

Информация о работе Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы