Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:41, реферат

Описание работы

Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді.

Работа содержит 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХ 4ШК1,2.doc

— 5.62 Мб (Скачать)

          Затар  мен құбылыстардың мағынасын  түсінудің қарапайым түрі – тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғаып, қабылдау қиын. Тану:

  1. жалпылай 
  2. даралап тану

Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай

ТАНУ

Жалпылай

Даралап

Талғаусыз, қалай болса солай  тану. Нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін  біле бермейді.

Объектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамда бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.


       Қабылдаудың таңдамалығы 

          Толып  жатқан объектілердің ішінен  біреуін іріктеуіміз (қасиетін, сапасын)  қабылдаудың таңдамалығы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы  бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта «университет» деген сөз «унверситет» деп қате жазылса да, біз оны «университет» деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше көңіл бөлінетіндіктен, мұндай қателер көзге түспей қалды. Ал жеке сөздерге, жеке әріптерге шұқшия көз салған жағдайда (мәселен, корректорлар) текстің мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып қляды.

          Қабылдауда  зейін аударып, талғаудың зор  маңызы бар. Мұндай жағдайда  объектінің назар аударылған  белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары, қазірде істеп жатқан әрекетімізге жарайтын нәрселер болып табылады.

          Қабылдаудың  таңдамалағы әр түрлі объективтік  (объектілердің ерекшеліктеріне  – күші, қозғалысы, қарым-қатынасы т.б) және субъективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық көңіл-күйі тб) себептерге де байланысты болып келеді.

          Мұғалім  бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын  сұраған кезде оған бір баланың  жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейн қояды. Сонда мұғалімнің объектісі сол балаболады да, қалғандарының жауабы жөнді еленбейді. Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрағн нәрсе (жоғарыдағы мысалда баланың сабақты жақсы айтуы) фигура делінеді де, қалғандары (осы сұраққа жөндеп жауап бере алмаған оқушылар) оның фоны болады. Сөйтіп, аса зейін қойған зат әр кезде фигура болады да, оның айналасындағы қоршау фон болып есептеледі. Осылайша түрлі жағдайда әркімнің өзінше қабылдауы көбінесе адамның мамандығына да байланысты. Мәселен, суретші алдымен екі профилге назар аударса, мұражай қызметкері бірден вазаны көреді

 

Екі жақты көріну                                                          екі жақты көріну

(қоян –үйректің балапаны)                                         (ваза және профиль)

            

Екі жақты көріну                                         Екі жақты көріну

(қыз және кемпір)                                         (ағаш пен ер адам)

 

     Қабылдаудың тұрақтылығы  (константтылығы)

Қабыдаудың константтылығыдеп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан , заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің талаграф бағаналарының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәуленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдамаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып қабылдана береді.Жарықтың түрлі әсерінен көмір: бірде қара, бірде сұрғылт болып қабылданады. Мұның бәрі көру анализаторында түрліше бейнеленеді. Осы заңдылық тұрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға мүмкіндік береді. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2-4 жастың арасында қалыптасқан болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция – сөз. Әр бір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты түрге енгізеді.

 

                Қабылдаудағы иллюзия

Әрқашан да қабыданатын затқа, не құбылысқа  сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап теріс  қабылдайтын кездер де болады. Түрлі  себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия дер атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайдаболады. Мысалы, шай құйылған стаканға салынған қасықтың «сынған» құсап тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірсе, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты.

          Иллюзияның  табиғаты ғылымда әлі толық  зерттелмеген.

          Иллюзияның  түрлері өте көп. Соның ішінде  көру қабылдауында иллюзиялар  жиі кездеседі. Бұл көбінесе  заттардың кеңістікке орналасу  жағдайын адамның жөнді білмеуінен туады. Көру (оптика) иллюзияларына: контраст, перспектива, қашықтық, заттың жоғары жағын артық бағалау, түзу кесіндінің ығысу иллюзиясы т.б жатады. Мәселен, перспектива иллюзиясын алайық. Айталық 3 баланың биіктігі бірдей дейік. Ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегісі үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның себебі- нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса- үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса- кішірейіп көрінеді. Осы мысалдағы ортадағы дөңгелектер, шынында, өзара тең, бірақ көзге әр түрлі болып көрінеді, өйткені бірі үлкен дөңгелектердің, екіншісі – кішкентай дөңгелектердің қоршауында тұр. Тәжірибе арқылы тексеріп көру- қабылдаудың дұрыстығының бірден- бір өлшемі.

          Мәселен, стақандағы шайдан қасықты алып, оның сынбағандығын байқау- осындай тәжірибенің қарапайым түрі. Иллюзияның заңдылықтарын дұрыстүсінудің тәжірибелік мәні зор.

          Белгілі  ғұлама Ә.Бөкейханов шығармаларында  иллюзия жөнінде қызықты фактілер  келтірілген. Ол былай: сұқ қолымен ортан қолды бір-бірінен артылып салып, екеуі бірдей тиетін қылып, астына бытырадай домалақ қамырды салып, екеуінің арасымен домаланып, көзіңді жұмшы. Жалғыз домалақ қамыр екені көрінді. Қол алданды, көзтүзетті. Жақындап келіп, айнаға қарашы: терезе не есік болып, аржағында бір нәрсе тұрғандай көрінеді. Қолыңмен сипасаң анықтала кетеді. Көз адасты, саусақ сезімді түзетті. (жетпіс жеті мысал, жинақ, М. 1925, 15 бет). Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнерінде, әскери маскировкада, баспахана әріптерін жасауда, сахнаны безендіруде жиі қолданылады. Иллюзияның заңдылықтарын білу адам ойлауындағы сыншылдықты дамыта түседі. Иллюзияларды адамның жүйке ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, теріс бейнелері- галлюцинациялардан ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қабылеті кемиді де, есі кіресілі- шығасылы болады. Мәселен, оған ешкім дауыстамаса да ол бір дауыс естігендей, денесінде қайдағы бір жоқ жорғалап жүргендей көрінеді. Бұл көбінесе шизофрения, инфекция ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл аурулардан психиатр-дәрігердің көмегімен айығуғаболады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай (бұл Жүйкенің патологиясы) галлюцинациялық бейнелер пайда болады.

             Апперцепция

          Қабылдаудың  адамның жалпы психикалық тұрмысы  мен өткен тәжірибесінің мазмұнына  байланыстылығын апперцепция дейді.  Апперцепция тұрақты және уақытша  болып екіге бөлінеді. Тұрақты  апперцепция адамның қызығуы  мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен, «түбір» деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл маманы осы сөзді ести салысымен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді. Ал ботаник болса, шөптің түбірін, математик санның түбірін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция затты түрлі жағынан бағалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше көзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты. Білім адамның ойын тереңдетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені жан-жағынан терң түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның білім, тәжірибесі млоая түседі, дүниетанымықалыптасады. Бұл оның апперцепциясының өзгеруіне әсер етеді. Балалардың оқу материалын жақсы қабылдай алуы олардың апперцепциясына (яғни түсінік қорына) байланысты болып отырады. Оқушыны жаңы сабаққа даярлау  бұл, бір жағынан, оның апперцепциясын тудырып отыру деген сөз.

          Әр түрлі  иллюзиялардың негізінде адам  жаңсақ пікірде болады, мұны уақытша  апперцепция дейді. Апперцепцияның  түріне А.С. Пушкиннің «Вурдалак» деген өлеңі жақсы мысал бола алады. Осы өлеңінде Ваня қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорыққанынан қара терге түседі, сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды. Өйткені оның өзі осындай кереметтердің «болатындығына» сенетін.

 

Байқау дегеніміз- белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі көзқарас бойынша баға берілуі қажет. Бір нәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт бойына жүйелі түрде бір объектіні бөліп алып қадағалаған дұрыс. Бұл- байқаудың негізгі шарттарының бірі. Байқау үшін белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады. Адамның ақыл-ой әрекетінің дамуында заттар мен құбылыстарды тез байқай алу көп пайдасын тигізеді. Байқағыштық- адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық – кез-келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән бермейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық.

Жаңа фактілерді білуге құмарлықты, олардың егжей-тегжейін білуді, адамның әрдайым қабылдауға даярлығын тілейді. Сонымен қатар, жіті көру мен қалтқысыз естуді, бір зат пен екінші заттың байланысын аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет- адамның өмір сүрген ортасына, алған тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне де байланысты. Осы айтылғанды да көптеген фактілер дәлелдейі: мәселен, Австралияның абориген тайпасының балалары шөл даладағы мың сан «белгілерді» қатесіз «оқи» алады, құмға түскен ізге қарап, көптеген «құпия сырларды» ашады. Олар қандай құстың ізі суатқа келетінін, кенгрудың тырнағы тиіп, аударылып түскен жалпақ тастың жерге қарап жатқан бетінің аз-маз өзгергенін, ізге қарап, адамның оң иығына заттың барлығын, бойының ұзындығын, денесінің салмағын табады.

          Байқағыштық  - өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Байқағыштық, әсересе, ғылыми жұмыста, мұғалімдік қызметте, ақын-жазушының өмірінде ерекше орын алады.

    

    4. Кеңістік пен уақытты  қабылдау

          Кеңістік  пен уақыт- материяның өмір  сүруінің негізгі формаклары. Сондықтан, кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүреді деу шындыққа сай келмейді. Бүкіл әлемдегі барлық заттар мен құбылыстар кеңістікте белгілі тәртіптен орналасып қана қоймайды, сонымен қатар материя қозғалысының нәтижесінде уақыт арқылы үздіксіз өзгеріске ұшырап, қайта жаңғырып, дамып отырады. Материядан тәуелсіз, оның қозғалысынан тыс жеке-дара ешбір кеңістік те, уақыт та жоқ.

          Кеңістікті  қабыладу- заттар мен құбылыстардың  көлемін, тұрқын, түрін, аумағын,  алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін, бағыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау- көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады.

          Тек  адамның нақтылы тәжірибесі жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен бірінің қашықтығын, бет алысын, көлемін, рельефін,бағдарын және формасын қабылдау арқылы ғана кеңістікті қабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікке орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқы,т енд, енсіз, биік, аласат.б) болады. Сондай- ақ олар бізден түрлі қашықтықта тұрады.

          Кеңістікке  орналасқан заттардың көлемін  қабылдауда екі көзбен көрудің  (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру)тереңдік жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. мұны бір көзді жұмып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен дебайқауғаболады.

          Бинокулярлық  қарауда екі көзге түсетін  кескін қосылып кетеді де, нәрсенің айқын сезелеі, бір ғана кескінге айналады. Нәрсенің көлемдік қармаын қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып тұтасып көрінуі, оның қашықтығы мен қоршауын, шамасы мен түсін, рельефін жан-жақты қабылдауға мүмкіндік туғызады.

          Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясын (жақындату) яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені аждыратудабайқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенцияда сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көре бейімделу қабілеттілігін аккомодация (көз үйрету) деп атайды. Көздің аккомодациясы хрустальдөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.

          Кеңістіктегі  заттарды қабылдауда көру-қозғалыс  анализаторының мәні ерекше. Бір  эксперименттік зерттеуде көру  қозғалыс қабылдауы қатыспайтын  бірде-бір мектептік пән жоқ  екендігі, шәкірттердің оқу материалдарын  тиянақты ұғынуы, жіберген қателерін көре біліп, түзетуі, әр пәннің (сызу, сурет, еңбек) өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен жұмыс істеуге ықпал ететіндігі жақсы байқалады.

          Қашықтықты  қабылдау өте күрделі процесс.  Мәселен, іштен соқыр болып  туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды. Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқтығып қалатындай көреді.

Информация о работе Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы