Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:41, реферат

Описание работы

Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді.

Работа содержит 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХ 4ШК1,2.doc

— 5.62 Мб (Скачать)

2. Ұжымға, адамға байланысты: қайырымдылық, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік, сергектік

3. Өз-өзіне қатысты: өркөкіректік, даңғойлық, тәкапарлық, мақтаншақтық, өзімшылдік, қарапайымдылық кішіпейілділік

4. Затттарға қатысты: ұқыптылық,  салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы,  ұқыпсыздығы

          Мінез  құрылымындағы қасиеттер. Мұндай  ерекшеліктерадамның азаматтық  қасиеттерін негізгі және өзекті  сипаттары болып табылады. Олар- адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік –типтік ерекшеліктері.Мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:

  1. мінез терңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
  2. Адамның жеке басының ерекшеліктері, белсенділігі. Бұл мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.
  3. мінездің тұрақтылығының, ауқымдылығы мен бейімділігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімділікті көрсетіп, мінездің күшін аңғартады.

Нәсілдік және мінез. Әрбір тарихи кезеңдегі психологтар мінездің әр адамда түрліше болуы олардың  нәсілдік тегіне байланысты, оның көп  қасиеттері нәсіліне ұқсап туа пайда  болады деген көзқарасты қуаттап, оның темпераментқасиеттерінен айырмашылығ жоқ деді. (Э.Кречмер, У.Шелден). Шынында да организмдегі туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіне сөзсіз дегенмен мінез қасиеттері нәсілдік биологиялық заңдылықтар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады.

          Мінезді  нәсілдік тұрғыдан қарауды егіздерді  зерттеу нәтижелері арқылы теріске  шығарылады. өйткені 1 тұқымнан тараған  егіз балалардың нәсілдік ерекшеліктері  бірдей. Ал темпераменті жөнінен  олар бір-бірінен бөлек. Есейген  сайын мінез ерекшеліктері де өзгере береді. Адам туа өтірікші, не жалқау болып тумайды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға байланысты өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелділігі оның – физиологиялық негізі- жоғары жүйке жүйесіндегі шартты рефлектердің қызметіне байланысты да дәлелденеді.

          Мінездің  қалыптасу заңдылықтары. Мінездің  жекеленген қасиеттері адамның  сыртқы ортамен және өзге адамдармен  қарым-қатынасынан байқалады. Ал  оның азаматтық қарым-қатынасы  қоғамдық қатынастар негізінде  қалыптасады. Адамның өз материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі, жұмыссыздығы не болашаққа сенімі, не сенімсіздігі, әлеуметтік теңзісдігі- мұның бәрі адам мінезінде терең із қалдырады. Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып дамиды. Үйде дара өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып тұрса, балалардың мінез-құлықтарының қалыптасуына кері әсері тиеді және балалар бақшаларында тәрбиеленген балалардың өзара қарым-қатынасы да олардың мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері мен қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.

 

  1. мінез және темперамент. Мінез бен темпераменттің өзара басланысы физилогиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. М: сангвиник адамдарына қарым-қатынаста бірінші болып бастайды, ал флегматик - өзін-өзі тежеп, әңгімені тыңдауы ықыласты болады. Сангвиник адамдармен тез табысады, бұрынғысын тез ұмытады. Мінездегі темпераменттің ролі басқаша жағдайда да көрінеді. Жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекстердің жасалу-жасалмауына әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі екені мәлім. Темперамент адамның мінезінің жағымды және ұнамсыз қасиеттерінің дамуына ықпал етеді. М: сыртқы жағдайда қолайсыздығы арқылы холерикке қарағанда меланхоликті тез қорқақ етуге болады. Қолайлы жағдайда керісінше холерикті батыд етуге болады. Мінезбен іс-әрекет. Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі, олардың өзара ұштасып адамдардың психикалық ерекшеліктерін, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуңын әртүрлі әрекеттер арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл үстінде түрлі қиыншылыққа ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады. Мінездің ұнамды қасиеттері автоматтанған әрекет дағдыға айналады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы әрекеттермен белгілі істі орындауға бағытталған мақсатын көрсетеді. Осындай әрекеттер бара-бара адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерболып қалыптасады. Оның қайрат жігерін шыңдайды.
  2. Үйреншікті іс-әрекеттің бір тәсілі еліктеу. Бала өзіне ұнаған адамның қимыл-қозғалысын, іс-әрекетіне еліктеген болса, ол кісінің бала мінезіне, ішкі жан дүниесіне әсерін тигізіп, мінез ерекшеліктерінің жақсы жақтарын қалыптастыруға ықпал еткен. Адам мінезіне еліктеу онің іс-әрекетіндегі үлгілі жағы болса ғана пайдалы болады. Адам мінезіндегі кейбір ерекшеліктер мен қасиеттер жүре өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бұл адамның тіршілік бейнесіне, сыртқы жағдайдың өзгеруіне, талас тартысын, дау-дамайды жағдайға да байланысты. Мұндай жағдайда мінездің кейбір сапалары өзгеріп қана қоймай, соған ыңғайланып қалыпатаса да береді. Адам мінезінің дамуы мен қалыптасуы сыртқы жағдайлар мен ішкі факторларға, тіршілік еткен ортаға, әлеуметтік жағдайға, тәлім-тәрбие істерінің нәтижесіне байланысты болып, олардың бәрі адам бойында із қалдырып отырады.

          К.Д.Ушинский  бала мінезінің дамуы мен қалыптасуы жаңа ортырғызып көктей бастаған ағаш көшетімен салыстырып, көктеп келе жатқан ағашқа тырнақ дағымен із қалдырса, ол өсе келе торланып, буындалып кетеді дейді. Сондықтан, бала мінезін – оның бұкіл өмір бойы іс-әрекеті мен қылықтарын, өзін-өзі тәрбиелеуіне байланысты қалыптасып, дамып отыратын психологиялық дара қасиет. Адам қалыптасып, дамып отыратын психологиялық дара қасиет. Адам бойындағы жағымды мінез-құлық пен игі қасиеттер бала кезден бастап қалыптасады.

 

Мінездің қалыптасуы

Мінез сипаты  (ерекшеліктері)

 

Мінез қасиеттері

 

Жеке адам қасиеттері

 

Психикалық күй

 

Психикалық процестер


 

Қабілет

Жоспар

  1. Қабілет туралы ұғым
  2. Қабілет және нышан
  3. Бейімділік және қабілет
  4. Дара айырмашылықтар мен қабілеттің қалыптасуы

Қабілет деп әр адамның белгілі  бір іс-әрекет түріне икемділігін  айтады немесе қабілет дегеніміз- мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

          Адамның мқабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:

  1. Іс-әрекетті тез өзгерту
  2. Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.

Егер адам өзге адамдармен саластырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда  болмасын тезжәне табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игетерін болса, екіншіден, белгілі  бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры небе? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?

          Әрбір  адамның іс-әректті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің жаму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік- адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялыө сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу- баскетболшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз.

          Кез  келген адамның екі-үш түрлі  іс-әрекетті атқаруға бейімдіоігі  болады. Бұл- адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланыстытүрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілетті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

          Әр адамның  іс-әрекеттің бір түрінде икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл- адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екніші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.

          Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгермеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.

 

НЫШАН ЖӘНЕ ҚАБІЛЕТ

Арнайы жүргізілген зертеулердің көпшілігі адамның қабілетті  ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына  байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көқарас бойынша, әр адамның қабілеті- оған туа берілетін өзіндік қасиет.

          Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда  болатын қасиет деген дұрыс  есем. Себебі, қабілет- адамның даралық  психологиялық ерекшелігі. Ал туа  пайда болатын нәрсе- қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік- нышан. Нышанның табиғи негізі- жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.

          Нышан-  мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың  адамдар арасындағы табиғи даралық  және физиологиялық ерекшеліктері.  Адамның белгілі бір іс-әрекетті  орындауға бейімді болуы қабілеттің  дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекетті нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандары дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс береді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайладың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі- хирург дәрігер, екіншісі- гимнаст, үшіншісі- суретші т.с.с.

          Нышанның  ерекше түрі адамда жас кезінен  байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші- композиторы Құрманғазының шәкірті Дина НҰрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынын-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаға күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала кезінен –ақ айқын байқалатындығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М.Әуезов өзінің «Еңлік-Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші К.П.Брюллов тоғыз жасында Сурет акамедиясына оқуға түскен. Ал А.С.Пушкин сегіз жасында –ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған жөн. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай тістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болады. Мысалы, аса көрнекті математик Н.Н.Лузин, биолог К.Линней, жазушылар В.Скотт, С.Т.Аксаков, И.А. Гончаров т.б өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.

Қабілеттің даралық ерекшеліктері

Адамдардың қабілетінде жеке дара адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі  айырмашылық ічтің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда обьектіні жан-жақты танып білуге ұмтыцлудан туындайды. Ал бейімділік- нақты іс-әрекетті орынадуға талпыну. Қызығушылық пен бейімделек сапаларының үнемі өзара үүйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған итүрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркмөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

          Іс-әрекет  айналысқанда адамның жетістікке  жетуі үшін қабілет, қызығушылық,  бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында  мынадай сапалық көріністер болуы  қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әеректіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін, икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

          Адам  қабілетінің даралық ерекшеліктеріне  талант, дарындылық сияқты қасиеттер  де жатады. Дарындылық- адамның белгілі  бір іске деген айрықша қабілеттілігі,  өмірдің қандай да бір саласында  өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді басқа да таланттардың есімдері осы кезге дейін ел есінде.

Информация о работе Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы