Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:41, реферат

Описание работы

Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді.

Работа содержит 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХ 4ШК1,2.doc

— 5.62 Мб (Скачать)

Адам қажетін өтеу үшін бар мүмкіндігін  пайдаланады. Ал қажеттің өтелу өтелмеуі адамды- әртүрлі психологиялық жағдайға түседі. Адам қажеттері- іс-әрекетінің негізгі мотивтері.

Қажет жануарларда да болады. Бірақ  ол биологиялық сипатта болады.

Қызығу- біршама тұрақты көрініс, бір нәрсені ерекше таңдап, соған  зейін қойылады. Қызығудың физологиялық негізі- «Бұл не?» дейтін рефлекс. Адам қызығуы бір нәрсеге асыра  зейін қойып, оған құмарту, үнемі ойлау. М: футбоды ұнату. Қызғу әсіресе кішкентай кезде ерекше байқалады. М: альбомға, машинаға, кейін мектеп қабырғасында әр пәнге қызғуы. Қызығу бір адамда кең, екінші адамда тар. Адамда сан алуан қызығу болады. Бірақ соның басты біреу, ең басыңқы қызығушылығы болады. Қызғу адамның рухани өмірін кеңейтеді. Мазмұны мен бағытына қарай қызғу: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, чпорттық, танымдық т.б болып келеді. Мұның әр қайсысы бірнеше түрге бөлінеді: М. Эстетикалық қызғу- кино, театр, музыка, бейнелеу өнері

Қызығу тікелей және жанама қызығу болып тағы бөлінеді (мақсат көздеуге байланысты). М: футболға қызғу- тікелей, оқу, еңбек мақсат қою арқылы біртіндеп  сатылап жетеді.

Адамдардың қызығу саласындағы  ерекшеліктері де әр түрлі: біреу саясат, біреуі эстетикалық, үшіншісі ғылымға қызғады. Қызғудың көрінетін жері- мектеп. Мұғалім осыны ескере отырып, жанама қызығуларын тұрақтандыру қажет.

Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын білетін негізгі  компоненттері- дүниетаным, сенім.

Адам дүниетанымы- ғылыми материалистік  дүниетаным. Бұл ұйымшылдықты гуманизмді, оптимизмді дәріптеп, әр адамды дүниені  қайта құру күресіне баулиды. Дүниетаным- негізі бастауыш мектепте қаланады. Кәмелет  жасында біршама қалыптасады. Адамның нақты мақсаты мен дүниетанымының өмірмен байлансытылығы берік сеніммен туады. Сенім мен дүниетаным қатар жүреді. Сенімі қалыптаспаған адам шындықты дұрыс ажыратпайды, өз орнын дұры таңдай алмайды.

Дүниетанымды қалыптастыру үшін білім  қажет. Жеке адамның психикасыш нұрландыратын- мұрат. Мұрат- адамның алға қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам оған жету үшін қолдан келгенін пайдаланады., бар күш жігерін салады.

Жеке адам психологиясында бір  орын алатын қажет- талғам. Талғамға адамның  білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі әсер етеді.

Қызығу, сенім, талап, мұрат адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып  табылады.

Адамның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы- бағдар деп  аталады. М: 1сынып оқушысы үшін мұғалімнің теріс өнегесін де қабылдайды, аса беделді адам деп қабылдайды.

Қажетті өтеуде адам неше түрлі жағдайда тап болады. Жолы болмауы да мүмкін. Адамның жолы болмай, босқа әлек болады. Бұл қайталана берсе ашулану  күйгелек болады. Сол үшін балаға үнемі шамасы келетін тапсырма беру қажет.

 

ІС-ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ  ТҮСІНІК. ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІ ІС-ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

Іс-әрекет туралы түсінік.

Адамның психикалық өмінрінің жан-жақты  дамуы белгілі әрекетпен айналысуына  байланысты. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мысалы: мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам еңбек әрекетінің әр саласында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.

Адам іс-әрекеті- күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Адам іс-әрекетінің қоғамдық мәні зор. Адам сана сезімі өскен  сайын оның әрекеттері де жаңа мазмұнға ие болады

Адам психикасының дамуында адамның іс-әрекетінің маңызын алдыңғы лекцияларда айтқанбыз. (Еңбектің ролі). Сонда сан, яғни адам психикасы іс-әрекет үстінде дамиды. Адам әрекеті сан алуан. Негізгі түрлері ойын, оқу ,еңбек. Адам әрекеті қашанда бір мақсат, міндетті бағыттап отырады.

Алғашқыда саналы орындауды қажет  ететін іс-әреет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтануын  дағды деп атайды. Дағдылануда  іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ғана автоматанады.

Дағды белгілері:

  1. әр түрлі амалдарды тез, шапшаң орындау (спортсмен дағдысы)
  2. күштеніп зорланбайды, қиналмайды (ине жіпті өткізу)
  3. бірқатар амалдарды біріктіріп тұтас амал жасау (сөйлемді буындап, кейін шапшаң оқуы)
  4. көзбен бақылаудан гөрі, қозғалыс маңызы артады (машинистка көзге емес, саусақ жылдамдығына көңіл бөлу)
  5. дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай білу қабілеті болады (машинистка тексті көшіргендле, көзі алға жүгіріп отырады, қолынан озып кетеді. Мәнерлеп оқушы мәтіннің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын аңғарады. Мұны психологияда антиципация деп атайды.

Дағда шапшаңдыққа мүмкіндік береді. Дағда түрлері: мектептік (кітап  оқу, есептеу, жазу), спорттық (футбол ойнау, еңбек түрлері, мамандық)

Спорттық дағдаларды*қозғалыс

Мектептік дағдалар- сенсорлық, интеллектік  деп аталады.

Икемділік дегеніміз- адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Дағды, білім, икемділік  бір-бірімен тығыз байланысты.

 

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ  ТҮРЛЕРІ

 

ойын әрекеті- бала әрекетінің бір  түрі. Ойын арқылы белгілі тәжірибені меңгереді. Психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойын қоғамдық ұжымдық сипатта. Мысал: бала ұжымда, құрбы-достарымен ойнайды. А.С.Макаренко бала ойында қандай болса, өмірде де сондай деген.яғни ойында баланың белсенділігі, қабілеті басқа да қасиеттері дамиды.

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан өзіне тән мотивтреі болады.

Масалы: дәрігер ауру адамды емдегенде  өзіне жүктелген міндетті сезінеді. Ал ойында бала өзінше емдейді, бұл  жай қызығудан туады. Ойынның  қозғаушы күші- баланың қызығуы мен тілегі.

Бала жасы өсуімен – ойын мазмұны  да өзгереді. М: бір жастағы бөбек  ойыны манипуляциялық (сырттан ұстап  көру, тарсылдату) сипатта, бала бақшада  бала сюжетті ойындармен айналысады. Бала ойын үстіне адамдар әрекетіне  көңіл бөледі. Қиялы, ойлауы, сөйлеуін дамыту үшін ережелі ойындардың мәні зор.

Бала ойынына үлкендер жетекшілік етуі керек. Ойын арқылы еңбек дағдысына  үйрене бастайды.

Мектеп кезеңінде ойын мазмұны  кеңи түседі. М. Қуыршақтарына сабақ  үйрете бастайды. Кейін творчестволық ойын басталады. Енді оқыған кітап, көркем кино естіген әңгіме – бала ойынының мазмұнына кіреді.

Бастауыш сынып оқушыларының ойыны  ұжымдық сипатта болады. Ұжым әлі  де тұрақсыз болғандықтан 2-3 баладан  аспайды. Ал 3-4 сыныптарда ұжымдық сипат  жақсы жетіледі. Ұжымдық ойындар- достық-жолдастыққа, моральдық эстетикалық сезімдердің қалыптасуына әсер етеді. Бастауыш сынып спорттық ойын едәуір орын алады.. ептілікке, ережеге бағыну сияқты қасиеттері жетіледі. 

Оқу- іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді дағды мен икамді жүйелі түрде меңгеру. Оқу- мектеп жасындағы бала әрекеті. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Бұл- күрделі процесс. Оқу материалдары бала психикасына үлкен талап қояды. Өйткені ұғыну күрделі әрекет. Бұл әрекеттің өзіне тән мотивтері бар. Жас өскен сайын мотив те өзгереді. Мысалы: бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері басқаша. Білім игеру үшін үлкен саналалақты, өз бетімен жұмыс істеуді үйренеді, мінез-құлқын меңгеруді керек етеді.

Мотив бірден пайда болмайды. Алғашқы  қарапайым болды. Жазуға, алған бағасына мәз болады. Ата-анасынан қорқып жақсы  оқуға тырысады. Ал кейін білімнің өз халқына мол пайда келтіретінін түсіне бастайды.

Еңбек. Адам психикасын қалыптастыруға шешуші роль атқарады. Еңбек адам тіршілігінің жоспарлығы, белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек адамы арнайы икемділіктің , дағдының, білім жүйесін, ерік күшін  еңібек тәртібін қажет етеді.

Жеке адам қоғамнан тыс жерде өз қажетін қанағаттандара алмайды. Еңбектегі табыстар, нәтижелер дүниетанымына, наным-сеніміне, мақсат-мүддесіне байланысты әр түрлі болады.

 

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

 

  1. адамдар арасындағы қарым-қатынас. Топтар
  2. қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдері

жеке адамдар мен топтар күнделіқті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істек болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немес оқу орындағф, сондай-вқ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы мүмкін. Ал ұстазхдар мен мекетп оқуышлары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құүрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психиологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Мұндац жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат- әр адамның өзі де- қоғам мүшесі әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан оынң өмір-тіршілігіндегі әрбір қимыл*әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.

Шартты және байланысты топтар- әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі . шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасеитіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне , не мамандығына т.б сәйкес бөлінуі мүмкін. Оған енгізілген адамдардың бір-біріне және осы топқа тікелей де, жанама да қатысы болуы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топқа қатынаста тұрады. шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есеплетіп, сол жастағы бірнеше бала іректеп зертеледеі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологияның объектісіне жатады.

Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат-мүдделердің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сынпьтағы оқушылар, мектептегі ұстадар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы- мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтар маңызы ерекше. Отбасы- адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінде адамдар кооперафиялар құрды. Ал кооперафиялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.

Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігір, ресми емес топ құрайды. Мысалы, пойыз ішіндегі бір купеде келе жатқан жолаушылар біршама уақыт өткен соң тіл табысып, станцияларды бірі қажетті нәрселер сатып әкеледі, енді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, қалжың әңігмелер айтып, қасындағыларды кіңлдендіреді. Әдетте, мұндай топ өз арасындағы біреуді басшы тұтып, қалғандары оның біргуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты. Ұйымдасқан осындай бір топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді. Бұған әскери бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін-бірі толықтырады. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өндырыс саласындағы бригадасының ұйымдасып еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншік ретінде құрпылған өндіріс бірлестігі осыған мысал бола алады.

Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кез-келген топтың сайлап алған, не белгілеп қойған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақта болып, сайланған басшының жетекшілігімен әралуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі болуы жетекшіге байланысты. Тәжірибелі ұстаз, тәлімгер мен тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады.

Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі-ұжым. Оның шығу тегі- отбасы. Отбасы – белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бөлшегі. Адамдардың әлеуметтік өмірінің тірегі де – осы отбасы. Ұрылар мен гангстердің бандасы- да топ. Бірақ олар ұжым емес. Олардың ұйымдасуының ішкі және сыртқы мақсаттары- жеке бастың қамы, қара ниет құлық мен қоғамға деген зиянкестік әрекеттер.

Адамдардвң ұйымдасқан тобы- ұжымның түпкі мақсаты- адамдардың игілікті мұрат-мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам өз қауымдастығының ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға өз пайдасын тигізеді.

Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас  түрлері. Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған ортамен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынастының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе, өнідірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелделегі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі- олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде әлеуметтік жағдайларда және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе- адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бірін-бірі ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады.

Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастырадың түрлі өзгерістеріге  ұшырайтыныны ерекше атап көрсетіп, олардың  мынадый деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді: а) диффузиялық топ- бұл аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне байланыссыз-ақ жүзщеге асадаы.; ә) ассоцияция- бұл күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай клетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-қатынас жандана бермек,; б) корпорация, мұнда, да жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоцияциялық негізде дами бермек, в) ұжым- топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекетер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдық мақсат-мүддесімен ұштасып жатады.

Информация о работе Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы