Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:56, дипломная работа
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен,сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
ҚҚС мәні мен қажеттілігі
Қосылған құнға салынатын салық бойынша салық салмағы мен ауыртпалығы тұтынушыларға түседі, солардың мойнына жүктеледі. Сондықтан, экономист ғалымдар бұл салықты тұтынушыларға салынатын салық деп атайды. Қосылған құнға салынатын салықтың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттасақ: біріншіден, олар тауарлардың (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызметтердің) бағасына заңда белгіленген ставкамен қосылғандықтан нақты салық төлеуші сатушы емес, сатып алушы болып табылады; екіншіден, тауарды өндірушіден (жұмыс атқарушы, қызмет көрсетуші) қосылған құнға салынатын салық сомасы қосылған лтауарды сатып алушы (сатушы) сол тауарды алу кезіндегі шығындарына салық сомасын қосып қайтадан сатқандықтан тауарлардың бағасының күрт өсу тенденциясы байқалады; үшіншіден, тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) бағасы мен тарифіне қосылғандықтан және бұл салықтан жалтару қиын болғандықтан мемлекеттік бюджетке айтарлықтай мөлшерде мол түсім түсіреді, яғни зкономикалық дағдарыс пен өндірістердің құлдырауы кезеңінде бұл салықтың маңызы артады. Сондықтан, қосылған құнға салынатын салық кеңінен тараған жанама салық түріне жатады.
Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін есептеліп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлеуге тиіс қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады.
Өосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызметкөрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызметкөрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:
Қосылған құн салығын салу обьектілері:
Тауарларды өткізу бойынша айналым:
Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді
өткізу бойынша айналым жұмыстарды
кез келген оның ішінде өтеусіз орындауды
немесе қызмет көрсетулерді, сондай-ақ
тауарды өткізуден
Салық салынбайтын айналым мыналар:
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Тауарды өткізу орны болып:
Жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып:
Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу басқа негізгі тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, негізгі тауарзлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткізілген жер осындайкөмекші қткізу орны болып табылады. Егер жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызмет орны біреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын орын олар өткізілген орын болып есептеледі.
Тауарды тиеп жөнелту күні тауар өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады. Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншігінің құқығы берілген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Егеп трансфереттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып,өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны негізінде анықталады. Тауарларды тегін берілетін кезде салық салынатын айналым мөлшері, қосылған ұүн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек. Аталған тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшін баланстық құн болып табылады.
Өткізілген тауарлардың
(жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны
қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда,
салық салынатын айналым
Салық төлеушінің
салық салынатын айналым
Салық салу айналымының мөлшерін
түзету қосымша шот-фактураның, басқа
да құжаттардың негізінде
Егер өткізілген тауарлар үшін төленетін ақының бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:
Есептелген қосылған құн
салығының сомасы салық кезеңінен
кейінгі айдың 15- інен кешіктірмей
қосылған құн салығы бойынша декларация
табысетілетін мерзімнен
Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар:
Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша айналымның мөлшері белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, дара кәсіпкерлер, резидент заңды тұлғалар, кез келген кезең (12 айлық кезеінен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерін өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып айқындалады.
Өткәзу бойынша айналымның ең төмен деңгейі салық кезеңінің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген шамасын құрайды.
Қосылған құн салығы бойынша
есепке қойылуға жатпайтын, бірақ қосылған
құн салығын салуға жататын тауарларды
өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге
асыруды жоспарлаған тұлға
Информация о работе Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі және аудиті