Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:56, дипломная работа

Описание работы

Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен,сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Работа содержит 1 файл

диплом.docx

— 103.87 Кб (Скачать)

Эмитент-банк – бұйрық берушінің  өтінішіне сәйкес аккредитив ашатын және аккредитив шарттарына сәйкес оның орындалуына міндетті банк.

Бұл кезде аккредитив ашуға  өтінішті екі данада ұсынады. Бірінші  данасы банкте аккредитив ашу үшін қалады, ал екінші данасы қабылданғаны туралы белгімен банк бекітілген мерзімде клиентке қайтарылады. Одан соң банк алынған өтініш негізінде бенефициар банкке жолдау үшін аккредитивті рәсімдейді. Аккредитив номері, ашу орны мен  күніне қоса, ашуға жазылған өтініш деректемелері болуы тиіс. Сондай-ақ аккредитивте қайтарылатын немесе қайтарылмайтын аккредитив екендігі анық көрсетілуі тиіс. Егер мұндай нұсқау болмаса аккредитив қайтарылмайтын болып табылады.

Қайтарылатын  аккредитив – эмитент-банк бенефициарды алдын ала хабардар етпестен өзгерілетін немесе жойылатын аккредитив, яғни оның қызметі онда көрсетілген мерзім басталғанға дейін тоқтатылуы мүмкін.

Қайтарылмайтын  аккредитив – банк пен бенефициарды сендіретін эмитент банктің келісімінсіз өзгертуге және жоюға жатпайтын аккредитив, яғни уақыты өткенге дейін жоюға құқы жоқ белгілі бір мерзімге ашылады.

Сонымен қатар,оны орындау  әдісі көрсетілуі тиіс, ұсыну бойынша  төлеу, мерзімін ұзартып төлеу, аудармалы вексель акцепті немесе негоциация. Негоциация – төлем мерзімі жеткенге дейін вексельдерді есепке алу (сатып алу). Бұйрық беруші бенефициар өзгеріс жасағысы келсе бастапқы ұсынылған аккредитивке өзгеріс жасай алады. Бенефициар алынған өзгерісті қабылдау немесе қабылдамау жөнінде хабар беруі тиіс. Егер ол өзгеріс жасағандығы туралы хабарламаса, бастапқы ұсынылған аккредитив шарттары өз күшін сақтайды. Өзгерту туралы бір хабарлаудағы жартылай жасалған өзгерістер қабылданбайды. Егер аккредитив шартында оны эмитент-банк орындайтындығы көрсетілмесе, онда аккредитивте төлемді жүргізуге, ұзартып төлеуге аудармалы вексельакцепті немесе негоциациясына өкілетті орындаушы банк көрсетілуі тиіс.

Егер аккредитив көрсетілген  құжаттар эмитент банкке немесе оны  орындаушы банкке ұсынылса және барлық шарттары сақталса, онда қайтарылмайтын аккрдитив эмитент банктің келесі әрекеттерді орындауға нақты  міндеттемесін көрсетеді:

  • Егер аккредитив ұсынушыға төлеуді білдірсе, ұсыну бойынша төлем жасауға;
  • Егер аккредитив мерзімін ұзартып тқлеуді білдірсе, аккредитив шартымен көрсетілген мерзімдегі төлемді қамтамасыз етуге;
  • Егер аккредитив эмитент банкке акцепті қарастырса, бенефициар мен эмитент банкке ұсынылған аудармалы вексельдерді акцептеу және төлем мерзімі жеткенге дейін оларды төлеу;
  • Бенефициар ұсынған аудармалы вексельдерді акцептеу және төлем мерзімі жеткенге дейін оларды төлеу;
  • Бенефициар ұсынған аудармалы вексельдерді трассат банк акцептемесе немесе акцептеп, бірақ белгіленген мерзімде төлемесе, мерзімінде акцептеу немесе төлеу.

Қайтарылатын аккредитивті эмитент-банк өзгертуі немесе жойылуы  мүмкін. Егер өкілетті банк аккредитив бойынша өзгертуге немесе жоюға  хабар алынбай тұрып аккредитив бойынша төлем жүргізетін болса, эмитент банк оның жұмсаған ақшасын  өтеуі тиіс. Аккредитивтер сондай-ақ жабылған және жабылмаған болып бөлінуі мүмкін.

Жабылған аккредитив – клиент қаржысы есебінен жабылатын аккредитив.

Жабылмаған аккредитив – банк есебінен есеп айырысуға кепілдік жасалатын аккредитив.

Егер эмитент-банк қайтарылмайтын аккредитивті сендіру үшін өкілеттігін  басқа банкке жолдаса немесе өтінсе,онда сендіруші банкте эмитент банктегі сияқты міндеттемелер қалыптасады. Егер өкілетті банк аталған аккредитивті бекітуден бас тартса, онда ол эмитент банкті келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуі тиіс.

Эмитент-банк ақшаны қалпына  келтіру міндеттемесін орындаушы  банктен басқа банкке белгілей алады (рамбурстаушы банк). Рамбурстаушы банк – аккредитив бойынша төлемнің орындалуы үшін атқарушы банкке ақшаны қалпына келтіруші банк. Мұндай жағдайда рамбурстаушы банк ұсынылған рамбурстық талаптар негізінде ақшаны қалпына келтіру құқын алады, бұл кезде эмитент-банк рамбурстаушы банкке уақтылы рамбурстық нұсқау жасауы тиіс. Рамбурстық талаптар –  атқарушы банктен рамбурстаушы банкке аккредитивтің орындалуы үшін ақшаны қалпына келтіру тәсілдеріне нұсқау. Рамбурстық нұсқау – эмитент-банк рамбурстаушы банкке ұсынатын аккредитивтің орындалуы үшін ақшаны қалпына келтіру тәсілдері бойынша нұсқаулар.

Эмитент-банк егер қалпына  келтіру рамбурстаушы банктің бірінші  талабы бойынша немесе банктердің өзара  келісімімен жүргізілмесе, орындаушы  банктің әрбір жоғалтуына жауапты  болады.

Рамбурстаушы банк шығындары  эмитент-банк есебінен жабылады, кейде  үшінші жақ есебінен төленеді, бұл  жағдайда банк аккредитивтің түп-нұсқасына  белгі қоюы керек. Аккредитив орындалмаған жағдайда рамбурстаушы банктің шығындарын қалпына келтіруге эмитент-банк жауапты.

Аккредитив бенефициарға кез келген басқа банк арқылы жолдануы мүмкін (авизолаушы банк). Авизолаушы банк – бенефициарға аккредитивті жолдауға және ол бойынша оның міндеттемесінсіз өзгерістер жасауға эмитент банк өкілеттеген банк. Бұл кезде авизолаушыбанк аталған аккредитивті орындау бойынша өзіне міндеттемеқабылдамайды. Егер банк авизолаушы банк қызметін аккредитивтерді авизолауға пайдаланса, онда аккредитив шартына өзгеріс жасау осы банк арқылы жүргізіледі.

Аккредитивті алған соң  авизолаушы банк оның сыртқы белгілері  бойынша түпнұсқасы екендігін тексереді.

Авизолаушы банк аккредитивті авизоламауға шешім қабылдай алады, бұл жағдайда ол шешім қабылдағаннан  кейінгі келесі жұмыс күнінен  кешіктірмей эмитент банкті хабардар етіп, оған аккредитивті қайтаруы тиіс. Егер авизолаушы банк аккредитивтің  түпнұсқа екендігін анықтай алмаса, онда ол келесі жұмыс күнңнен кешіктірмей  эмитент банкті хабардар теуі тиіс. Аккредитивтің түпнұсқа екендігіне эмитент-банктен сендіру болмаса, авизолаушы банк оған аккредититвті  қайтарады.

Эмитент-банк бекітуші банк немесе атқарушы банк тауар жөнелту  құжаттарын алғаннан кейінгі жеті жұмыс  күні ішінде олардың кешенділігін, сондай-ақ аккредитивтің сыртқы белгілерінің сәйкестігін, яғни аккредитивтің тиісті шарттарына құжат деректемелерінің  сәйкестігін (келісімшарт номері, тиеу күні, тауарды жеткізу орны,тауарды тиеу орны, тауарды жеткізу шарттары және басқалары) тексереді. Егер құжаттар сыртқы белгілерібойынша сәйкеспесе, банктер мұндай құжаттардан бас тартуға құқылы. Аккредитивте көрсетілмеген құжаттарды банк тексермеуі тиіс. Егер эмитент-банк құжаттар сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сәйкеспейтіндігін анықтаса, онда банк өз қалауы бойынша бұйрық берушімен сәйкессіздікті жою мәселесі бойынша байланыса алады.

Барлық аккредитивте мерзімнің  аяқталу күні және құжаттарды төлемге  акцептке негоциациялауға ұсыну  орындары көрсетілуі тиіс. Құжаттар мерзімнің  аяқталу күнінде немесе мерзім аяқталғанға  дейін ұсынылуы тиіс. Аккредитив бенефициардың  басқа бір немесе бірнеше тұлғалармен  толықтай немесе бөлшектепқолданылуы  мүмкін. Мұндай аккредитив аудармалы  немесе трансферабальді деп аталады. Эмитент-банк оны «аудармалы» деп  көрсеткен, жағдайда аккредитив аударылуы  мүмкін.

Аккредитив аударымын  жасау үшін бастапқы бенефициар аударуды өткізуші банкке, екінші бенефициар үшін түзетуді авизолау құқын қалдыру  жөнінде қайтарылмайтын нұсқау бере алады. Өткізуші банктің мұндай шартпен  аккредитив аударымына келісім жағдайында, банк аударым кезінде екінші бенефициарға бастапқы бенефициардың түзетуге қатысты  нұсқауын хабарлауы тиіс. Аккредитив екінші бенефициар нұсқауы бойынша келесі үшінші бенефицмарға аударылмауы мүмкін. Аккредитив аударымына байланысты өткізуші банк шығындары бастапқы бенефициармен төленеді. Бұл кезде өткізуші банктің мұндай шығындар төленгенге дейін аккредитив аударымы бойынша ешқандай міндеттемесі болмайды.

Алынған көліктік немесе сақтандыру құжаттарының аккредитив талапарына және ол бойынша өзгерістерге сәйкес келсе, эмитент-банк немесе орындаушы банк бенефициар есебіне төлем жасайды, аккредитив шартына сәйкес оның векселін акцептейді немесе негоциациялайды. Аккредитивтің орындалуына негізделген төлемдер қолма-қолсыз тәртіппен жүргізіледі. Егер төлем бенефициар есебіне жүргізілсе эмитент-банк аккредитив сомасына төлем тапсырысын рәсімдейді, оның орындалуы Қазақстан Республикасының заң актілері мен Ұлттық банктің нормативтік-құқылық актілерімен бекітілген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Шетел валютасында белгіленген аккредитивтердің орындалуы біздің мемлекеттің валюталық заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Бенефициардың аудармалы вексельінің акцепті немесе негоциациясы аккредитивтер шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақтан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңы және Ұлттық банктің екінші деңгейі банктермен аударым операцияларын жүргізу тәртібі мен бекітілген ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

Аккредитив дегеніміз – шарт бойынша контрагенттің пайдасына клиенттің тапсырмасымен берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі, ол бойынша аккредитив ашқан банк көрсетілген бенефициармен төлем жасайды немесе аккредитивке көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда немесе аккредитивтің басқа шарттарын орындағанда басқа банкке мұндай төлемдерді атқаруға өкілеттілік береді.

Есептесулердің  аккредитивтік нысаны – бұл тауарлар мен қызметтер үшін өзге қалалармен есеп айырысу нысанының бірі, бұл жағдайда есеп айырысу құжаттарының төлемі сатып алушының банк ісінде осы мақсат үшін арнайы сақталған қаржылар есебінен жабдықтаушының банк ісінде жүзеге асырылады. Аккредитив сатып алушының немесе банк кредитінің меншікті қаражаты есебінен қойылады. Аккредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысу үшін жіне тек өтініште көрсетілген тауарлар мен қызметтер ғана төленеді және қайта жалдануына болмайды. Оның есебінен қолма-қол ақша төлеуге рұқсат етілмейді. Аккредитив мерзімін сатып алушы 25 күн шегінде, кей жағдайларда жабдықтау шарттары бойынша қажет болса, жабдықтаушының банкінде аккредитивтің әрекет ету мерзімі алушының банк басшысының рұқсатымен 45 күге дейін белгілене алады. Әдетте жабдықтаушы мен төлеуші арасындағы шартты мерзім белгіленеді. Аккредитив бойынша төлеу тауарлар үшін ұсынылған шоттар тізілімі (реестр) бойынша атқарылады. Аккредитив мерзімі өткен соң төлемге рұқсат етілмейді. Банктегі аккредитивті жабу былайша жүргізіледі.

  1. Аккредитив мерзімі өтуі бойынша.
  2. Жабдықтаушының аккредитивті одан әрі қолданудан бас тартуы.
  3. Сатып алушының өнімі бойынша.

Өнім, жұмыс көрсетілген  қызмет үшін жабдықтаушылар мен мердігерлерге  аккредитивпен төлем құжаттарын төлеу Дт 3310 Кт 1071 деген бухгалтерлік жазба беріледі. 1071 шот бойынша талдаушы есеп кәсіпорынға қойылған әрбір аккредитив бойынша жүргізіледі.

Чектермен есеп айырысу  есебі. Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға болады. Чек банк клиентінің (чек берушінің) банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы (чек ұстаушы) шотына аудару туралы арнайы бланкте жазылған жазбаша  тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз юолып табылады.

Чек кімнің есебіне жазылғандығына байланысты бірнеше түрге бөледі:

  • Арнайы – тек осы кісіге төлеңіз;
  • Ордерлік – осы кісіге немесе оның бұйрығы бойынша төлеңіз;
  • Ұсынушы – ұсынушыға төлеңіз.

Ордерлік чек – ұстаушыға  индоссамент – жолдау жазу көмегімен  басқа тұлғаға ақшаны алу құқығын  ұсынуға мүмкіндік береді.

Индоссаменттің 4 түрі қарастырылады:

  • Банктік индоссамент. Чек ұстаушы чектің сыртына өз қолын қояды, оның

нәтижесінде чек ұсынушы  құжаты болып табылады және әрбір  заңды иесі ол бойынша банктен  ақша алады;

  • Атаулы индоссамент. Ұстаушы чек сыртына өз қолын қояды және чек бойынша ақша алу құқын алатын тұлға атын жазады;
  • Мақсатты индоссамент. Чек ұстаушы чек сыртында чекті басқа тұлғағ ұсыну мақсатын көрсетеді және чек бойынша ақша алу мүмкіндігін шектейді;
  • Айналымсыз индоссамент. Егер чекті ұстаушы чек төленбеген жағдайда арыз жасау мүмкіндігін болдырмауды немесе шектеуді қаласа, индоссамент мәтінінде «айналымсыз» деген сөзді қолданады.

Заңды құрамында мыналар белгіленеді:

  • «Чек» сөзі;
  • Анықталған соманы төлеу бойынша шартсыз міндеттемесі;
  • Банк трассат;
  • Төлем орны;
  • Шығарылған орны және күні;
  • Трассант қолы.

Коммерциялық  құрамы:

  • Чек номері;
  • Трассат шотының номері;
  • Трассат банктің коды;
  • Чек сомасының санмен қайталануы;
  • Бенефициар;
  • Кодтау желісі.

Трассат – тратта бойынша  төлеуге міндетті тұлға, ал трассант – траттаны беретін тұлға.

Біздің республикамызда  чекті қолдану 2002 жылғы 13 мамырда  ҚРҰБ Басқармасы бекіткен Қазақстан аумағында чектерді қолдану Ережесімен реттеледі.

Чек беруші мен чек беруші банктің арақатынасы чекті қолдануға  байланысты чекті қолдану туралы келісіммен реттеледі. Чектерді қолдану  туралы келісім жасалмастан бұрын  банктер чектермен операция өткізу бойынша банктік қызмет тарифтері  туралы ақпарат алуға клиенттер  құқығын және чектерді қолдану туралы келісімнің міндетті шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.

Информация о работе Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі және аудиті