Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:56, дипломная работа
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен,сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен,сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Осы жоғарыда аталған ұйымды
керекті материалдармен және басқа
да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен
есеп айырысудың есебі «Жабдықтаушы
және мерігерлермен есеп айырысу» деп
аталатын шотта жүргізіледі. Бұл
шотта есеп айырысу сомасының
деңгейіне және нысандарына қарамастан
жабдықтаушылардан алынған
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналға жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары (накладнойлары), кіріс ордерлері, материлдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.
Фактураланбаған жабдықтар есебі
Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық құндылықтардың құжаттары(шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған,яғни шот-фактуралармен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушылар бойынша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен рәсімделмеген материалдар,сондай-ақ,қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардыңшот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары немесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады,олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да,жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп,жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиісті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылар мен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторно етіледі (қызыл жазумен жазылады).
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермениесеп айырысу» деп аталатын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін мына топтардан қалыптасады:
Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.
Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларжан сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салық есебінсіз) акцептелген шот-фактурасына:
Дт: 1310 «Материалдар» немесе 1330 «Тауарлар» деп аталатын шоттардың тиістісі;
Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу» деп аталатын шот.
Ал бұл тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 3130 «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты;
Кт: 3310«Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:
Дт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу» деп аталатын шот.
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Шот-фактура бойынша
Дт: 3130 «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот;
Кт: «Орны толтырылатын қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады.
Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар үшін, жабдықтаушы мердігерлердің шот-фактурасы акцептелді:
|
1310-1317,1330
1420 |
3310
3310 |
2 |
Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары акцептелді:
|
1310-1317,1330
1420 |
3310
3310 |
3
|
Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін мердігерлердің талап еткен шоттарына:
|
2930
1420 |
3310
3310 |
4 |
Тасымалдау ұйымдарының
өнім сату бойынша көрсеткен қызметі
үшін талап еткен шоты(егер тасымалдауға
байланыстаы көрсетілген
|
7110
1420 |
3310
3310 |
5 |
Жабдықтаушылар мен
|
8010,8210,8310,7440 1420 |
3310 3310 |
6 |
Жабдықтаушы-мердігерлерден материалдарды қабылдаған кезжде кем шыққан (бүлінген) және бағасының сәйкес келмеуіне,арфметикалық жіберген қатесі және т.б.(қосылған құн салығы қоса ) үшін қойылған шағым талап сомасына. |
1430 |
3310 |
7 |
Бухгалтерлік есепте шот-фактурасыз келіп түскен материалдарды көрсету(шартта көрсетілген баға бойынша). |
1310 |
3310 |
8 |
Жабдықтаушылардан келген шот-фактурағасәйкес бұрынғы шот-фактурасыз кіріске алынған материалдардың құны сторно етіледі(қызыл сиямен). |
1310 |
3310 |
9 |
Құны төленген,бірақ айдың аяғында жолда қалған материалдардың немесе қоюшылардың қоймасынан әкетілмеген материалдардың құнына (бұл материалдарды кіріске алмай-ақ); |
1310 |
3310 |
10 |
Келесі айдың басында бұл сомалар қызыл жазумен жазаылып,шығарылып тасталынады (сторно етіледі). |
1310 |
3310 |
11 |
Мердігерлік әдіспен жөндеу
жүргізілген негізгі
|
8310 1420 |
3310 3310 |
12 |
Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары төленгенде |
3310 |
1030 |
13 |
Жабдықтаушы-мердігерлерге алдын – ала берілген аванс сомасы есептелді |
3310 |
1610 |
Кеулімжаев Қ.К.,Құдайбергенов Н.А. бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық. – Алматы: Экономика,2006. – 384 бет. 278-283
Тауарлардың түсуін есепке алу
Тауарларды жеткізу келісімшарттарының орындалуына бақылауды ұйымдастыру
Халық тұтынатын тауарлардың
кең және тұрақты түрлерінің болуын және
халықты үзіліссіз жадбықтауды қамтамасыз
ету үшін сауда мекемелері (кәсіпорындары)
оларды жабдықтаушылардан қажетті мөлшерде
және әр түрлі түрін сатып алуды ұйымдастырулары
керек. Жабдықтаушылар болып негізінде
меншіктің барлық нысанындағы заңды тұлғалар
– өнеркәсіп және ауылшаруашылық
кәсіпорындары және жеке тұлғалар
болады. Сауда мекемелерінің (кәсіпорындарының)
жабдықтаушылармен тауарларды сатып алу
туралы қарым-қатынастары жеткізу келісімшарттарымен,консигнация
(өткізу) туралы келісімшарттарымен,
Жеткізуде елеулі ерекшеліктер бар тауарлар бойынша келісім-шарттарды жасаудың тәртібі Тауарларды жеткізудің ерекше келісім-шарттарымен реттеледі.
Жеткізу келісім-шарты-құқықтық құжат,сол арқылы мекеме келісілген мерзімде тауарларды қажетті мөлшерде және түр-түрімен сатып алушы мекемеге табыс етуді,ал сатып алушы мекемеге тауарларды қабылдап алып,оларды белгіленген (шартты) бағамен төлеуді міндеттенеді.
Жеткізу келісім-шарты тек
жазбаша түрде, қағида бойынша бір
жылға жасалады. Жабдықтаушылар мен
сатып алушылар арасында тұрақты
шаруашылық байланыс болғанда келісім-шарттарды
бірнеше жылға жасай алады,
Мұнымен бірге қысқа мерзімді,маусымды және біржолғы келісім-шарттар жасалуы мүмкін. Келісуші жақтардың жасалған келісім-шарттың күшін жаңа мерзімге ұзартуға құқықтары бар.
Жеткізу келісім-шартында жеткізуге жататын тауарлардың мөлшері (саны) және толық түр-түрі;тауарлардың сапасы мен жинағы (түгел болуы); келісім-шарттың күшінің жалпы мерзімі және жеткізу мерзімдері;тауарлардың бағасы; қойлатын талаптар; тауарларды тиеу, жеткізі және өткізу тәсілдері, сондай-ақ оларды бір орталықтан жеткізу келісім-шарттары; жабдықтаушы мен сатып алушының төлемдік және пошталық мағлұматтары (реквизиттері) көрсетілуі керек, соедай-ақ сатып алушының жүк тиеп жіберерлік деректемелері (реквизиттері); келісуші жақтар келісім-шартта қажет деп санайтын басқа талаптарды қарастырады. Келісім-шарттың мазмұнының ең қажетті жері ондаңы келіскен жақтардың біреуінің талаптарды орындалмаған немесе тиісті дәрежеде атқарылмағаны үшін тұрақсыздық айыбы, өсімдер немесе айыппұл төлеу түріндегі белгіленген жазалау шараларының бар болуы.
Айыптық жазалау шаралары жабдықтаушыларға тиеп жіберу мерзімін бұзғаны, сапасыз тауарларды жеткізгені, жинақсыздығы (түгел болмауы), тауарлар мен ыдыстарды таңбалаудың жоқтығы немесе тиісті дәрежеде таңбаламаған, сондай-ақ тауарларды тиісті дәрежеде емес ыдыстарда немесе буып-түйілмей жеткізілгені және т.б.жағдайлар үшін қолданылады.
Өз кезегінде жабдықтаушылар да өздерінің сатып алушыларына есеп айырысу құжаттарын (төлем талаптар-тапсырмалар) акцептеуді (төлеуді) кідірткені және тауарлар мен ыдыстарды уақтылы қабылдап алмағаны үшін айыптық жазалау шараларын-қолдана алады. Бұдан басқа кінәлі жақтан тұрақсыздық айыбымен (өсімдермен,айыппұлмен) шығындардың өтелмеген бөлігін өндіріп ала алады.
Атап айту керек,өсімдер,айыппұлдар
және тұрақсыздық айып төлеу, сондай-ақ
шығындардың орнын толтыру
Кейде іс жүзінде мекемелердің (кәсіпорындардың) басшылары жабдықтаушылармен қатынастарын бұзғылары келмей, оларға тек моральдық шаралармен ықпал жасауға тырысады да, ұқыпсыз жабдықтаушыларға жеткізу келісім-шартымен келісілген айыптық шараларды қолдана алатын өздерінің құқықтарын пайдаланбайды.
Атап айту керек, келісім-шартты орындамау немесе оны бұзу келіскен екі жаққа да зиян (залал) әкеледі: сатып алушы мекемелерде халықтың төлей аларлық сұранысын қанағаттандыруға және тауар айналымымның көлемінің кемуіне байланысты қиындықтар туындайды, бұл тауарларды сатудан түсетін түсімнің (пайданың) азюына, сауда шығындарының өсуіне және қаржылық жағдайдың нашарлауына әкеледі; жабдықтаушы мекеме өсімдер, айыппұлдар және тұрақсыздық айыптарын төлей отырып, жоспарланбаған зияндардың пайда болуына жол береді де, сондай-ақ қаржылық нәтижелерін нашарлатады, төмендетеді.
Келісім-шарт тәртібі келісім-шарт жасаған жақтарды оны орындау барысына қолма-қол есеп жүргізу арқылы келісім-шарттың барлық міндеттерін қатал сақтауды және орындауды, сондай-ақ солармен байланысты барлық шаруашылық операцияларын белгілі бір жүйелікпен есепке алуды міндеттейді. Бұл үшін ірі сауда мекемесінің сауда немесе жоспарлау бөлімінде,кішігірім кәсіпорындарда бухгалтерияда ерекше журналдарда хронологиялық ретпен жеткізу келісім-шарттарын міндетті тіркеу жүргізіледі, сонан соң әрбір жабдықтаушы мен сатып алушыға арнайы карточка ашылады да, онда келісім-шарттың номері, күні және негізгі талаптары, тауарлардың саны, мөлшері, көлемі, сапасы, толық жайылған ассортименті, жинағы (түгел болуы) және т.б.көрсетіледі.
Кейін түскен немесе сатылған
тауарларды рәсімдеген ілеспе құжаттардың
(мысалы, шот-фактуралар, шоттар, тауар-көлік
құжаттары және т.б.) келіп түсу барысында
карточкаға әрбір жабдықтаушыдан түскен
немесе әрбір сатып алушыға тиеп
жіберілген тауарлардың саны мен
сомасы,олардың келісім-
Бухгалтерлік есепті компьютерлендіргенде журнал мен карточкасының көрсетілген нысандары жоғарыда аталған тауарлық құжаттар негізінде соларға ұқсас машинограмма түрінде автоматты жүйеде жасалады.
Келісім-шарттың талаптары
бұзылғаны анықталғанда, мысалы, жеткізудің
жекелеген мерзімдерін немесе тауарлардың
керек емес түрлерін, сапасыз тауарлар
жеткізілгенле және т.б.қолма-қол
жүргізілген есептің
Жабдықтаушылармен жасалған
келісім-шарттардың орындалуының көрсетілген
есебінен басқа мекеменің сауда
бөлімі немесе бухгалтериясы сатып
алушылардың
Әрбір шарттың орындалуын уақтылы және дәл есепке алу және бақылауды күшейту үшін бас бухгалтерлер құжат айналымын тек солай ұйымдастырулары қажет, түскен немесе сатылған тауарлардың келісім-шарттың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін түскен және тиеп жіберген (босатылған) тауарлардың барлық ілеспе құжаттары шаруашылық келісім- шарттардың орындалуының есебін жүргізетін қызметкерге тез түсуі керек. Бұл түскен тауарлардың жеткізу мерзімі бұзылған, сапасыз немесе түрі келісілмеген болса, олардың шотын төлеуден уақтылы бас тартуға мүмкіндік туғызады.
Сауда мекемесінде жабдықтаушылармен
және сатып алушылармен жасалған
тауарлады жеткізу келісім-
Информация о работе Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі және аудиті