Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:56, дипломная работа

Описание работы

Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен,сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Работа содержит 1 файл

диплом.docx

— 103.87 Кб (Скачать)

Егер бенефициар емес алушы-банк жөнелтушінің банктік шотында аударым  жасауға ақшалай қаржысы жеткілікті бола тұрып, төлем тапсырмасын орындамаса және алушы-банк өзінің акцептен бас  тартатындығын уақытында хабарласа, егер бұл Қазақстан Республикасының  заң актілерімен қаралмаса, онда араларында болған келісімге сәйкес жөнелтуші ауларым сомасының  мөлшерінен айып төлейді.

Мемлекеттің заң актілеріне, алушы-банк және жөнелтуші арасындағы келісімге сәйкес, алушы банк төлем  тапсырмасын акцептеуден негізсіз бас тартқандығы үшін жауапқа  тартылады.

Акцептелген төлем құжаты бойынша төлем келесі тәртіппен  жүргізіледі: жөнелтуші өзі мен  алшы-банк арасында жасалған келісімге  сәйкес, акцептелген төлем тапсырмасының  сомасына алушы банкке төлем жүргізуге  және санкцияланған төлем тапсырмасеы  іздестіру немесе орындауға байланысты шығындарды қалпына келтіруге міндетті. Бұл кезде жөнелтуші төлем  тапсырмасын орындаған кезден бастап алушы банкте төлем жүргізу міндеттемесі пайда болады.

Жөнелтушінің акцептелген  төлем тапсырмасын алушы-банк республика заңдылығының талаптарына және өзінде көрсетілген төлем тапсырмасының  шарттарына сәйкес орындайды.

Егер алушы-банк жөнелтушіден тиісті өкілеттілік ала алмаса, онда келесідей құқығы бар:

  • Жөнелтушінің төлем тапсырмасын атқаруға байланысты банк қызметі үшін комиссиялық ақы мен шығынды аталған төлем тапсырмасының сомасынан ұстап қалуға;
  • Кезекті алушы банкке төлем тапсырмасы сомасының комиссиялық ақы ұстау құнын беруге.

Егер алушы-банк төлемді  орындау кезінде төлем құжаттарын қолдану, ел ішіндегі қолма-қол емес төлемдер мен ақша аударымынжүзеге  асыру ережесін бұзып, нәтижесіндебенефициарға  ақша аударымы кешіктірілсе, онда банк Қазақстан Республикасының заң  актілері мен өзара келісімге  сәйкес қатысушыларға тұрақсыздық сомасын төлейді.

Қазақстан Республикасы заң  актілерінің талаптарына сәйкес бірінші кезекте атқарылуға тиісті төлем құжаттары бар болып, тапсырманы орындауға жөнелтушінің банктік  шотында қажетті ақша сомасы жеткіліксіз  болса, алушы банк төлем тапсырмасын  орындамауға және оны акцептеуден  бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда ол төлем тапсырмасын орындамағаны үшін жөнелтуші алдындағы жауапкершіліктен босатылады.

Шарттарының бірі валюталау  күні болып табылатын төлем құжатын  акцептеу кезінде, алушы-банк акцептелген  төлем тапсырмасындағы ақша сомасын  жөнелтушінің банктік шотынан алуға  құқылы. Мұндай операциялар есебін алушы-банк арнайы дербес шотта жүргізеді  және осындай төлем тапсырмасының  міндеттемелерін орындауға келесі делдал банк немесе бенефициар банктің  уақыты жеткілікті болатындай етіп жолдайды.

Бенефициар банк төлем  құжатын акцептеу кезінде төлем  құжатында көрсетілген соманы бенефициар есебінде қабылдайды. Банк бенефициар есебіне түсетін ақшаның негізсіз екендігін анықтаса, банк бенефициар акцептен басс тартуға немесе төлемнің орындалуын тоқтатуға міндетті. Бұл  жерде айта кететін жайт: егер аталған  факт дәлелденбесе банк бенефициарға өзара келісімде көрсетілген және Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған көлемде, төлемді кешіктіргені үшін тұрақсыздық сомасын төлейді. Өйтпеген жағдайда бенефициар банк бенефициар есебіне аударым бойынша түскен ақшаны қабылдамауға міндетті. Төлем құжатын акцептеуден бас тартқан жағдайда бенефициар банк жөнелтуші банкке төлем тапсырмасын алғаннан күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бас тарту себептерін көрсете отырып хабарлама жібереді.

Бенефициар банк бенефициар есебіне ақша қабылдау кезінде, акцептелген  төлем құжатына сәйкес банк оны төлем  күнінен кейінгі операциялық  күннен кешіктірмей ақша қабылдағандығы туралы хабардар етеді. Бұл кезде  бенефициар банк келісімшартқа сәйкес бенефициарды оның банктікшотының жазбаны  немесе төлем құжатын бекітілген нысандағы бланкте немесе электронды түрде жолдау арқылы жеткізеді.

Егер төлем құжаты жөнелтуші  деректемелеріне сәйкеспесе немесе қайталап ұсынылса, онда төлем құжаты қате орындалған болып саналады. Бұл кезде жөнелтуші төлем құжатының дұрыс орындалғандығын анықтайды, егер ол қате орындалса, онда анықталған қателік туралы, олардың арасындағы келісімге сәйкес алушы банкке хабарлайды. Егер алушы-банк келісімде көрсетілген мерзімде хабарламаны алмаса, ақша жөнелтуші алушы банкке келтірілген зиянға төлем тапсырмасында көрсетілген сома шегінде жауаптылықта болады.

Жөнелтушіден төлем құжатының  қате орындалғаны туралы хабарлама  алысымен, алушы-банк келесі әрекеттерді  жүргізеді:

Біріншіден, қате төлем құжаты бойынша жөнелтуші деректемелеріне  сәйкес емес деректемелері бар қате құжатын тиісті бенефициар есебіне  жолдайды немесе төлемнің барлық сомасын  жөнелтушіге қайтарады.

Екіншіден, қате төлем құжаты бойынша сома жөнелтушінің төлем  құжаты сомасынан асатын болса, алушы-банк дұрыс алынбаған соманы жөнелтушіге  қайтарады. Бұл кезде, егер бұлбенефициар  мен алушы-банк арасындағы келісімде  қаралса, онда алушы-банк бенефициардан  аталған соманы даусыз қайтып алуға  құқылы.

Егер алушы банк пен  бенефициар арасында келісім жасалмаған болса, онда алушы-банк бенефициар банкке қателесіп аударылған соманы қайтару  туралы сұрату хат жібереді. Мұндай ақша қайтаруы кезінде банк бенефициардың  төлем тапсырмасын жазып, оның «төлем мәні» бөлігінде ақшаны қайтару  себебін көрсету арқылы жүргізіледі.

Үшіншіден, сома жөнелтушінің төлем құжатының сомасынан аз қате төлем құжаты бойынша, алушы-банк жөнелтушіден сома айырмасын даусыз алуға жіне бенефициар шотына аударуға құқылы.

Егер орындалған төлем  құжатында жөнелтуші қате жіберсе, онда алушы-банк ешқандай жауаптылықта болмайды.

Төлем құжатын бюджет және басқа да Ұлттық банктің нормативтік  құжаттары мен заңдылығында қарастырылған  мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе  төлем ордері қолданылады.

 

Төлем талап-тапсымалармен  есеп айырысуда бенефициар (қаражатты алушы) банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмат үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар бенефициардың банкісіне төлем талап-тапсырмаларын және төлем талап-тапсырмалары тізілімін ұсынады, ол бенефициардың барлық деректемелерін толық толтыруын тексеріп,оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді.

Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепті (келісімі) бойынша немесе акцептсіз  атқарылады. Төлемдік талап-тапсырмасын  төлеуші толығымен немесе бөліп  төлеуге қарсылығын оған қызмет көрсететін банк төлемдік талап-тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлемдік тапсырмасын тиісті қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады.

Төлем талап-тапсырмасын  бенефициар бланкке жазып бенефициар банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге төрт данада ұсынады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада.

Бенефициар банк төлем  талап-тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкассалаушы банк міндеттемесін  алады.

Инкассалаушы банк міндеттемесі төлем талап-тапсырмасын инкассаға  алумен байланысты, бенефициармен жасалған келісім немесе қолданыстағы заңдылық негізінде пайда болады. Инкассо – банк өз клиентінің тапсырысы бойынша және есеп айырысу құжаттары негізінде ақша аударушыдан оған тиесілі ақша сомасын алып, бұл соманы клиенттер есебіне аудару ісі жүргізілетін операция. Бұл кезде инкассалаушы банк өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

  • Төлем талап-тапсырмасын төлемге немесе акцептке кезекті ұсыну;
  • Бенефициарға акцептен бас тарту немесе төлем туралы төлем талап-тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау;
  • Төлем талап-тапсырмасының орындалғандығы туралы бенефициарға хабарлау.

Тиісті міндеттемелерді  қабылдай отырып, инкассалаушы банк төлем  талап-тапсырмасын алғаннан кейінгі  келесі операциялық күннен кешіктірмей  қызметтің орындалуын анықтайды. Инкассаға  инициатордың инкассалаушы банктің  операциялық күні ағымында жүргізіледі  және оны инкассаға қабылдау кезінде  тізілімнің барлық данасына күні және түсу уақыты қойылады. Ал жөнелтуші-банк аталған құжатта төлем талап-тапсырмасын  алған күні мен алу уақытын  белгілейді.

Бенефициар барлық деректемелердің  толтыру дұрыстығын тексеріп, төлем  талап-тапсырмасымен жөнелтуші банкке жолдайды, ал бір данасы банк белгісімен бенефициарға қайтарылады. Жөнелтуші-банк төлем талап-тапсырмасын алып, оларды тіркейді, барлық данасына алу күнін (жоғары, оң жақтан) қояды және акцепт үшін ақша жөнелтушісіне жолдайды.

Бұл кезде ол жөнелтуші  банкке түскен күннен бастап үш күн  ішінде банкке төлем талап-тапсырмасын  ұсынуға міндетті. Төлем талап-тапсырмасы тек жөнелтуші шотында ақша болған жағдайда қабылданады.

Төлем талап-тапсырмасын  толықтай немесе жартылай төлеуден бас  тарту кезінде, төлеуші өз банкін осы үш күн ішінде хабардар етеді  және төлем талап-тапсырмасын тиеу құжаттарымен және төлемнен бас тарту  туралы хабарламамен бірге бенефициарға қайтарады.

Төлемге келісім білдірілген  жағдайда аталған төлем талап-тапсырмасы акцептеледі. Жөнелтушінің төлем талап-тапсырмасының  акцептеуді талап етпейтін төлем  талап-тапсырмасынан басқалары соңғының аталған талаптарға сәйкес төлем  жүргізуге келісімін білдіреді.

Егер ақша жөнелтушінің банктегі шоты Қазақстан Республикасының  заңдылығына сәйкес тұтқындалған болса, оның банктік шоты бойынша шығын  операциялары тоқтатылған болса, төлем  талап-тапсырмасына акцептеу болмайды.

Әдетте ақша жөнелтуші  банк ақша жөнелтушінің төлем талап-тапсырмасын  акцепті талап етпейтін төлем  талап-тапсырмасынан басқаларын, жөнелтушінің акцепті негізінде акцептейді. Акцепт талап етілмейтін төлем талап-тапсырмасын  төлеу кезінде банк ақша жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан  ақша аударуға құқылы.ақша жөнелтушінің акцептсіз төленетінтөлем тапсырмасымен  акцептелген құжаттар бойынша баланстан  тыс есеп жүргізіп және оларды корреспонденттік шотқа кезекті төлем және аударым үшін ақша түскенге дейін сақтауға міндетті. Бұл кезде Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылмаған болса, жөнелтуші –банк өзара келісімге сәйкес ақша жөнелтушісіне айып немесе өсімақы төлеуге міндетті. Жөнелтушіде ақша сомасыжеткіліксіз немесе болмаса, алушы-банк төлем тапсырмасын (бюджетке төлемдер, сот шешімі, кеден басқармасы бойынша қойылған төлемдер және төлем талап-тапсырмасын (акцептсіз орындалатын) ақша жөнелтушінің банктік шотына оларды орындауға жеткілікті ақша сомасы түскенге дейін сақтайды.

Мұндай құжаттарды қабылдау кезінде жөнелтуші-банк келесі жұмыс  күнінен кешіктірмей аталған  төлем талап-тапсырмасын картотекаға  енгізу туралы банк бенефициарына хабарлама  береді.

Ақша жөнелтуші мен  алушы-банк арасындағы келісімде алушы  банктің әр түрлі құжаттарды қабалдау және сақтау келісімі жағдайында аталған  банкке тиісті міндеттемелер қойылады.

Төлем талап-тапсырмасын  толық немесе жартылай төлеуге келісім  білдірілген жағдайда, жөнелтуші  оның барлық данасын банктік шотты  жүргізуге өкілетті тұлғалар қолы және мөртаңбасымен рәсімдейді және оры қызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның:

  • Бірінші данасы жөнелтуші шотынан ақша алуға негііз болады және операция аяқталған соң банктің құжаттарына орналастырылады;
  • Екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке жолданады;
  • Үшінші данасы тауар, көрсетілген қызмен, орындалған жұмыс үшін төлем жүргізілгендігі туралы қолхат ретінде тиеу құжаттарымен қоса жөнелтушіге қайтарылады.

«Төленуге тиісті сома» бөлігінде  жөнелтуші шотынан алынуға тиісті сома санмен және сөзбен жазылуы тиіс.

Аккредитив – банктің  бір немесе бірнеше банктерге  аккредитивте көрметілген шарт негізінде  қамтамасыз етілген сома шегінде  жеке немесе заңды тұлғаларға клиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы.

Аккредитивтік операция –  банктің күрделі делдалдық опрациясы.

Банктер аккредитивтік операцияларды  жүргізумен қатар аккредитивті ашқаны және/немесе жүргізгені үшін клиенттерден комиссиялық ақы алады.

Аккредитивтің негізгі түрлеріне  ақшалай және құжаттық аккредитивтер  жатады.

Ақшалай аккредитив – бұл клиенттің банкке ақша сомасын енгізгендігін растайтын құжат және осы банктің бір немесе бірнеше банкке аккредитив ұстаушының сонда көрсетілген соманы төлеуі туралы тапсырысының сәйкестігі.

 Құжаттық аккредитив  – клиент өтініші және нұсқауы  бойынша немесе жеке өз қарауы  бойынша, онда көрсетілген бенефциарға  немесе оның бұйрығы бойынша  төлемжүргізуге банктің міндеттемесін  қарастыратын құжаттық есеп айырысу  нысаны, сондай-ақ бенефициар қойған  аудармалы вексель акцепті мен  төлемін немесе аккредитивтің  барлық шарттары сақталған жағдайда, белгіленген мерзімде аккредитивте  көрсетілген құжаттарға қарсы  негоциацияны көрсетеді, яғги  сәйкес құжатты көрсеткен кезде  төленеді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінен кепіл лперацияларын  өткізуге лицензиясы болған жағдайда ғана банк аккредитив ашуға құқылы. Аккредитив ашу үшін бұйрық беруші қызмет көрсетуші эмитент банкке келесі деректемелерден тұратын өтінішті ұсынады:

  • Бұйрық берушінің аты және мекен-жайы;
  • Бенефициардың аты және мекен-жайы, оның банктік деректемелері;
  • Эмитент банктің аты;
  • Аккредитив түрі;
  • Аккредитив сомасы;
  • Аккредитивтің орындау шарттары;
  • Аккредитивке қарсы орындалатын құжаттар тізімі;
  • Аккредитивтің әрекет ету мерзімі, тиеу мерзімдері, құжаттарды ұсыну мерзімдері;
  • Аккредитив бойынша банктік шығындарды жабатын тараптар аты.

Информация о работе Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі және аудиті