Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:56, дипломная работа
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен,сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Егер келіп түскен тауарлар үшін есептесу есеп беретін сомадан қолма-қол ақшамен жүргізілсе, онда ілеспе құжаттың бір данасы тауарларды жеткізген жабдықтаушының өкіліне қайтарылады, ал екі данасы материалдық жауапты тұлғада (қойма немесе дүкен меңгерушісінде) қалады да, олардың біреуі тауарларды сатып алуға берілген есеп беруге тиісті қолма-қол ақшаны пайдаланғаны туралы растайтын құжат ретінде аванстық есеп беруге тіркеледі.
Тауарларды жабдықтаушының қоймасында қолма-қол есептесу арқылы сатып алу үшін сауда мекемесінің материалдық жауапты тұлғаға кассадан есеп беретін ақша және тауарларды сатыа алуға сенімхат беріледі. Босатылатын тауарларға жабдықтаушы үш дана ілеспе тауарлық құжаттар (шот-фактура, тауар-көлік құжат және т.б.) жазады да, тауарларды қабылдап алған соң оларға тауарларды босатқан және қабылдаған адамдардың қолы қойылады. Сатып алған тауарлары үшін сатып алушының өкілі есеп беретін сомадан жабдықтаушының кассасына қолма-қол ақша төлеу арқылы есеп айырысады. Оған кассалық кіріс ордерін жазып береді. Онда кімнен ақша алынды, не үшін, төлемнің сомасы, ілеспе тауарлық құжаттың номері мен күні көрсетіледі де, ақша тапсырған адамның қолына жабдықтаушының мекемесінің бас бухгалтері мен кассирдің қолы қойылған және мөрі басылған сол кассалық кіріс ордерінің түбіртегі беріледі.
Қабылдап алған тауарлардың
сомасын төлегеннен кейін жабдықтаушы
ілеспе тауарлық құжаттың бір данасын
өзінде қалдырады, ал екі данасын
сатып алушының өкіліне береді,оның
бір данасын ол кассалық кіріс
ордерінің түбіртегімен бірге есеп
берілетін соманың
Атап айту керек,ауыл шаруашылығы өнімдерін фермерлерден, шаруа қожалығынан және жеке адамдардан қабылдап алуды сауда мекемесінің (кәсіпорнының) материалдық жауапты тұлғаның үш дана етіп сатып алу кесімін жасаумен рәсімделеді.
Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттары жоқ болған кезде және жауапты сақталуына қабылданған тауарларды құжаттық рәсімдеу
Сауда мекемелерінің (кәсіпорындарының)
жұмыс тәжірибесінде
Кесім екі данада жасалады да, оның біреуі жабдықтаушыға ілеспе тауарлық құжаттарды (шот-фактураның, сәйкестік сертификаты, буып-түю жазба қағазын және т.б.) жіберуді және төлем талап-тапсырманы банкке инкассоға өткізуді талап етіп жібереді. Кесімнің екінші данасы материалдық жауапты тұлғада қалады. Ол бұл тауарларды жауапты сақталуға қабылдап алады, бұл туралы жабдықтаушыға хабарланады.
Жабдықтаушының ілеспе тауарлық құжаттарды алғанша тауар алушы бұл тауарлардың сатылуын тежеп қояды , бұл тауар оралымына және халықтың осы тауарға деген сұранысын қанағаттандыруға кері әсерін тигізеді. Сондықтан мұндай ұқыпсыз жабдықтаушыға сауда мекемелері олардан жеткізу келісім-шартын бұзғаны үшін шартта белгіленген айыппұл салу арқылы ықпал етуге міндетті.
Тауарлар жауапты сақталуға
жиі сауда мекемесінің келісім-
Жабдықтаушы белгіленген мерзімде жауапты сақталуға алынған тауарларды пайдалану туралы шешім қабылдауға міндетті. Олай болмаған күнде сатып алушы жабдықтаушыдан жауап беруді тежегені үшін өсім өндіріп алуға және тауарларды сат у мүмкіндіктерін пайдалануға құқы бар. Сақталуға алынған тауарларды сатқаннан түскен түсім көрсетілген тауарларды қабылдап алу, түсіру, сақтау және сату кезінде шығындарды шегеріп тастағаннан кейін жабдықтаушының шотына аударылады.
Бөлшек саудаға түскен тауарларды қабылдап алудың және құжаттық рәсімдеудің ерекшеліктері
Тауарлық-материалдық қорларды теміржол бекетінде (кемежай, әуежай) қабалдап алуды ұйымдастырудың жоғарыдағы баптарында жан-жақты қаралған қағидаттары (принциптері) көтерме сауда кәсіпорны да, бөлшек саудада да бірдей, сондықтан бұл бапта бөлшек сауда кәсіпорнындғы рәсімдеудің тек ерекшеліктері қарастырылады.
Бөлшек сауданың негізгі ерекшеліктеріне сәйкес материалдық жауапты тұлғалар тауарларды түскен күні таза (нетто) салмағымен қабылдап алады. Сондықтан ашық ыдыста немесе ыдыссыз жеткізген тауарларды дүкенге жеткізілген бетте бірден жеткізген адамның қатысуыментаразыға тарту, санау, өлшеу арқылы сандық қабылдау жүргізіледі. Өлшеніп сатылатын тауарларды сандық қабылдау кезіндегі маңызды бір жағдай тауардың таза (нетто) салмағын анықтау, ол тауарды ыдыссыз таразыға тарту арқылы анықталады. Егер де тауарды ыдыссыз осылай таразыға тарту мүмкін болмаса немесе қолайсыз(мақсатсыз), тағыда, егер ыдысты ашу тауардың сапасын төмендетсе, онда мұндай тауарларды ыдыстарымен бірге таразыға тартады да, таза салмағын тауарларды қабылдап алу кезінде нақты жалпы (брутто) салмағынан (тауардың ыдыспен бірге салмағынан) ыдыстың трафереттегі (ыдыстың таңбасындағы) салмағын шегеру арқылы шартты түрде анықтайды.
Тауарлардың кейбір түрлерін қабылдап алу тәртібінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, кейбір азық-түлік тауарларын сатуға дайындаған кезде қалдықтар пайда болады, олардың құны тауардың жалпы құнынан алынып тасталуға тиіс. Бұндай тауарларды белгіленген мөлшердегі қалдықтарды шегеріп таза (нетто) салмағымен қабылдап алады. Қалдықтардың сомасын анықтау есебін тікелей ілеспе құжаттарда тауарларды қабылдау кезінде жасайды да, қосымша кесім жасалмайды. Есептеудің дұрыстығын бухгалтер тексеруге тиіс, оны өзінің қолымен растайды.
Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Қарағанды, «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009. 568 бет
Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу түрлері
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:
«Төлем мақсаты» бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ «Код – төлем мақсаты» бөлігінде – төлемнің кодтық белгілеуін көрсетуге міндетті.
Төлем құжаттарын электронды түрде де, сол сияқты қағаз тасымалдаушылармен де ұсынуға болады. Қағаз тасымалдаушыларында оларды қайтару немесе орындалуын тоқтату жөніндегі кез-келген түзетулерді жүргізуге болмайды. Алушы-банк немесе бенефициар-банк талаптарға сәйкес келмейтін нысанда толтырылған және ұсынылған төлем құжаттарын акцептеуден бас тартуға болады құқылы.
Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебінде жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша аударымына өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады.
Алушы банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап етуге құқылы. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша төлем тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін көрсетеді.
Валюталау күні – бұл инициатор белгілеген бенефициар ақша алатын төлем тапсырысында көрсетілетін күн.
Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны орындаумен байланыстарды шығындар үшін ақша алу құқы беріледі.
Алушы-банк төлем тапсырмасын
акцептеуі үшін, аталған төлем
тапсырмасын орындауға
Төлем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:
Бенефициар банкте келесі жағдайлардың бірі орын алса, тқлем құжаттары акцептелген болып саналады:
Төлем құжатының акцепті, егер бұл жөнелтуші және алушы банк арасындағы келісімде қарастырылса, оны қабылдаған кезде жүргізілуі мүмкін.
Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептінен бас тартуы мүмкін:
Егер алушы-банк төлем
құжатын акцептеуден бас
Төлем құжатының акцепті мына жағдайларды жүзеге аспайды:
Информация о работе Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі және аудиті