Кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 07:50, курсовая работа

Описание работы

Әміршіл экономика негізінде ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисаптың бұрынғы жүйесі әдістемелік тұрғыдан жетік, жатыққан болатын. Бірақ ол кәсіпорынның мұқтажын есеп, оны дүниеге келтірген әкімшілік-әміршілдік шаруашылық жүгізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық жүргізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық өмірдің нақты мәліметтерін тіркеп, жоғарғы органдарға есеп беріп отырған.

Работа содержит 1 файл

кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері.doc

— 407.50 Кб (Скачать)

    Төлем тапсырмасы, бұл – банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны компьютерде қажетті дана бойынша басады.

    Онда  төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің  реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы  көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып, оның соңғы данасына таңба қояды, одан соң ол операциясын есепке бейнелеу үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған, бірақ банкіге өткізілмеген төлем тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады.

    Төлеуші болып кәсіпорынның есеп айырысу шоты ашылған банк саналады және сол бөлігінде кәсіпорынның  аталуы мен оның есеп айырысу шотының нөмірі көрсетіледі.

     Төменде  біз ҚР Ұлттық банкіде біздің  банкінің берген кадын, ал «дебет»  бағасында ҚР Ұлттық банктегі есеп айырысу шотының шифрын көрсетеміз. Одан төмен алушының банкі, ҚР ҰБ-дегі банкінің колы «МФО – «межфилиальные обороты – филиалдар арасындағы айналымдар»), ал «кредит» бағасында – ҚР ҰБ-дегі алушы банкінің корреспонденциялық шоты көрсетіледі.

    Аударылатын қаржы көлемі бас әріппен сөз түрінде басылады. Оның сандық мөлшері жоғарыдағы оң бұрышта қайталанады.

    Төменгі  жақта төлемнің тағайындалуы  көрсетіледі, басшы мен бас  бухгалтердің қолтаңбаларымен қоса, кәсіпорынның мөрі қойылады. 

   21. Банкіден қолма-қол ақша алу тәртібі

   

    Кәсіпорын  банкіден қолма-қол ақшаны оның атына жазылған ақша чегі бойынша кассир немесе басқа сенімді тұлға арқылы алады.

   Чектер  арнайы чек кітапшасында болады. Чек кітапшасын алу үшін алушының  аты-жөні көрсетілген және оның қолтаңбасының үлгісі берілген арнайы өтініш толтыру қажет. Өтініш басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбалары қойылып, кәсіпорынның мөрімен бекітіледі. Сол өтінішіне сәйкес, банк сенімді тұлғаға 25 немесе 50 данаға чек кітапшасын береді. Банкідегі өзінің есеп айырысу шотынан қолма-қол ақша алу үшін бухгалтер ақша чегін толтырады, оған басшымен бірлікте қол таңбаларын қойып, кассирге береді. Чектегі сома жолдың басынан міндетті түрде бас әріппен жазылады.

     Кассир  алдын ала (шамамен 1 – 2 күн  бұрын) банкіге қажетті сомаға тапсырыс береді, ал одан соң оны чек бойынша алады. Чектер күнін өзгертпей, жазылған күнді есепке алмай, 10 күн ішінде жарамды болып саналады. Чектің түбіртегі есеп регистірінде кассалық операцияларды жазу үшін ақтаушы құжат болып табылады.

     Қазақстан  Республикасындағы бухгалтерлік  есеп және есеп беру туралы  ережелеріне сәйкес, кассирдің штаты  жоқ кәсіпорындарда оның міндетін  толық материалдық жауапкершілік  туралы келісім шарт жасалып,  кәсіпорын басшысының жазбаша  түрдегі өкімі шарт жасалып, кәсіпорын басшысының жазбаша түрдегі өкімі бойынша бас бухгалтер немесе басқа қызметкер атқаруы мүмкін. 

    22. Банкіге қолма-қол ақшаны өткізу тәртібі 

     Кассаға  есеп айырысу шотынан алынған  қолма-қол ақша қатаң мақсатты  бағыттар (ақшалар алынған мақсаттар ақша чегінің теріс бетінде көрсетіліп қойылған) бойынша жұмсалуы қажет. Ақшаның жұмсалмаған қалдығы кассаға тапсырылады. Алушылар тарапынан қолма-қол ақшамен төленген өнімнің өткізілуінен түскен ақшалар да есеп айырысу шотына өткізіледі.

     Есеп  айырысу шотына ақша салу шығыс  кассалық ордерімен жасалады.

     Банкте  ақша өткізетін кассир қолма-қол  ақша салу бойынша хабарландыруларды  толтырады. «Хабарландыру» бланкісіе  банктің операторынан алу мүмкін. Ол үш бөліктен тұрады. Жоғарғы  бөлік банкіде қалады, ортадағы бөлік (квитанция) кассирге беріледі. Хабарландырудың төменгі бөлігі (ордер) де кассирге қайтарылады, бірақ банк тиісті операцияны өткізгеннен соң, банктің көшірмесімен бірге тігіледі. 

      Үш бөліктің әрбірінде қойылатындар: күні, кімнен ақша қабылдағанны, алушы мен оның банкі, салымның тағайындалуы. Бірінші мен екінші бөлікткрдің жоғарыдағы оң бұрышында кәсіпорынның есеп айырысу шоты мен сомасы сандармен жазылады. Сол соманың өзі төмендегі тәртіпте сөзбен жазылады: жазуды ол үшін арналған орынның басына тиістіре бас әріппен бастау керек. Орынның қалған жерлерін көлденең сызықпен сызып қою қажет.

     Үшінші  бөлік сәл басқаша толтырылады.  Ордерде алушы банктің кады  мен кредит бойынша сомасы  көрсету (біздің есеп айырысу  шотымызда бұл сома дебет бойынша, ал банкіде – кредит бойынша өтеді).  

    

    23. Есеп айырысу чектерін қолдану 

    Есеп  айырысу чегі – чек берушінің  шотынан чекте көрсетілген соманы  аудару жөнінде банкіге жазбаша  түрде тапсырма. Біз сатып алушының  банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі тездетіледі.

     Чектер  лимиттік және лимитсіз кітапшалардың  чектері болып бөлінеді. Лимиттік  кітапшалардың чектеріме тауарлар  мен көлік және байланыс қызметтері  үшін есеп айырысулар жасалады. Кітапшада лимиттің сомасы мен оған белгіленген мерзім көрсетіледі.

    Лимитсіз  кітапшалардың чектерін банкіден  жолдағы есепті құжаттар есебінен  несиені қолданатын кәсіпорындар  алады. Олар бойынша сомалар  шектелмейді. Олар жіберу стансасынан  қабылдау стансасына сәйкес, темір жолдың стансасына өнімнің өткізу барысы бойынша жасалады.

     Есеп  айырысу чектер кітапшасын алу  үшін дағдылы чек кітапшасын  алу үшін жазылғандай үлгіде  өтініш жазылады. Одан басқа, есеп  айырысу чектер бойынша шчғчс  ету үшін арнайы шотқа есеп  айырысу шотынан белгіленген соманы аудару нұсқауымен банкіге төлем тапсырмасы басылуы тиіс.

     Материалдық құндылықтарды сатып алу тапсырылған кәсіпорынның қызметкеріне есеп айырысу чектер кітапшасы мен оны пайдалану үшін типтік үлгідегі сенімхат беріледі.

     Қазіргі уақытта жалған чектердің көбейіп кетуіне байланысты елімізде чектердің жүруі уақытша тоқтатылған. 
 
 

    24. Вексельдер арқылы есеп айырысу

   

   Вексель,  бұл – қатаң белгіленген, жазбаша  үлгіде көрсетілген ақшалай борышты  міндеттесе. Вексель өзінің иесіне төлеу мерзімі келуі бойынша онда айтылған ақшалай соманы талап етудің сөзсіз құқығын береді. Вексель бойынша оны берген немесе төлеуге келісім берген (акценттелген) тұлға төлеге борышты.

   Вексель  заңмен ұйғарылған үлгіде жазылуға  тиісті, тек сонда ғана ол өзінің заңды күшіне енеді. Дұрыс жазылған вексель бойынша төлеуден бас тарту сотқа шағымдануға және борышкердің мүлкі есебінен онда көрсетілген соманы мәжбүрлі түрде өндіруге негіз береді.

    Коммерциялық  вексельдер, мысалы, сауда операцияларын несиелендіруде қолданылады. Егер сіз тауарды сатушы ретінде 100% алдын ала төлемді ала білсеңіз, онда бұл, әрине, жақсы болады. Алайда, нешер сұраныс пен өсіп бара жатқан бәсекелестік жағдайларында есеп айырысудың мұндай түрі сирек қолданылады. Сатушыларға тауарларды жеткізіп бергенен соң, төлемге немесе несиеге беру жағдайына көнуге тура келеді.

    Мұндай  несиенің бір әдісі болып төлемін  белгілі кезеңнен кеін жасау  міндеттемесімен вексельді жазып  беру саналады.

    Вексельді  жазып беруші кәсіпорын (тұлға) борышкер болып саналады. Сатылған тауарлардың төлемақысы есебінен вексельді қабылдаушы кәсіпорын (тұлға) кредитор (қарыз беруші) болып саналады.

    Вексельдер  жай және аударма түрде болады. Жай вексель кредитордың (вексель  ұстаушының) пайдасына борышкерге (вексель берушіге) төлеу міндеттемелерін мойындатады.

    Аударма вексель (тратта) үшінші тұлғаға (ремитентке) көрсетілген соманы төлеу туралы борышкерге (қарыздарға) бұйрықты мойындатады.

    Борышкер  акцепт, яғни төлеуге келісім  бергеннен соң, қолма-қол ақшаның қызметін орындай отырып, ол жазумен тұлғалардың шексіз шеңберінде айналып жүре алатын жазуы (индоссамент) траттааға қойылады.

     Вексель жеткілікті дәрежеде сенімді бағалы қағаз болғанымен, ол ақшаны қайтарып алуға толық кепіл бола алмайды. Борышкер кәсіпорын (вексель беруші) банкроттық жағдайға түсіп және оның мүлкі барлық вексельдер бойынша төлемдер үшін жетпей қалуы мүмкін.

     Жоғары  сыныпты (классты) банкілер кепілдік  беретін вексельдер сенімдірек  болады.

     Аударма  вексельдермен коммерциялық қызметтің бірқатар варианттары бар. Сатушы траттаны несиенің мерзімі біткенше ұстап тұрып, одан соң олардың төлеуін талап етуі мүмкін. Бірақ, ол вексельді банкіге белгілі мөлшерде кемітумен сатып, оны кепілдікке қойып, банкіден ссуда алып немесе оны бағалы қағаздар нарығында сатып, дереу ақшасын алуды артық көреді. Қазіргі уақытта жеткізцшілер мен алушылардың арасында есептесу түрлерін таңдауда шектеулер жойылған. Кәсіпорындар несиеге өнім жіберу, жұмыстар орындау және қызметтер атқаруы мүмкін.

     Мұндай  жағдайда алушылар мен тапсырушылар  кәсіпорынға тек қана өнімнің  (жұмыстардың, қызметтердің) құнын емес, оған қоса төлемдердің мерзімін ұзартқаны үшін өсім – коммерциялық несие үшін процентін аударады. Дәл осындай мәліметтерді жасау үшін вексельді пайдалану өте қолайлы.

      Мысалды қарайық: біздің кәсіпорынның  жіберілген өнімі есебінен вексель  алдық (ұстадық). Вексельді төлеу  және оның жабылу мерзімі келгенше  № 2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инветициялық» шотында дебиторлық қарыз есептеліп тұрады. Бұл жағдайда № 2020 шотқа әрбір вексель бойынша қарызды төлеу мерзімдерге ұсынылады. Атап айтқанда, қамтамасыз етілген дебиторлық қарызды төмендегіше белгілеу қажет:

  1. Төлеу мерзімі әлі келмеген вексельдермен;
  2. Дисконтталған (банкіде есепке алынған) вексельдермен;
  3. Төлеу мерзімі өтіп кеткен вексельдермен.

     Ақша қаражаттың келу барысы бойынша бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады: Дт 1040 (1010) – Кт 2020. 
 

      25. Банктің көшірмелері. Есеп айырысудағы қателерді түзету

   

      Кәсіпорын оқтын-оқтын (күнделікті немесе басқа белгіленген мерзімдерге) банкіден өзінің есеп айырысу шотының көшірмелерін алады. Онда операцияның мазмұны шартты кодпен ауыстырылып қойлады.

     Банктің көшірмесі белгілікезеңде кәсіпорынның есеп айырысу шотындағы банкімен жүргізілген операциялардың тізімін құрайды. Ол есеп айырысу шоты бойынша операцияны жүргізгеннен кеін беріледі. Көшірмеге әрбір сома бойынша анықтаушы құжаттар қоса тігіледі.

    Банктің  көшірмелерін бухгалтерлік өндеу  кезінде банк кәсіпорынның борышкері ретінде болатындығын, өйткені ол кәсіпорынның ақша қаражаттарын сақтап және оны өзінің айналымында пайдаланатындығын есте сақтауымыз қажет. Сондықтан, қаржылырдың қалдықтары мен олардың келіп түсуі кәсіпорынның бет есебі кредиті бойынша, ал ақша беру мен аудару – дебет бойынша жазылады. Кәсіпорынның бухгалтері бұл операцияларды № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шотында керісінше тәртіпте жазады.

    Егер  бухгалтер есеп айырысуда қателесіп,  қажет болған самадан артық  ақша аударып қойса, онда бұл жағдай туралы банкіге шұғыл хабар беруі қажет. Егер төлем тапсырмасы банкіден өтіп кетсе, онда № 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек (оның ішінде шағымдар бойынша қойылған)» шотын қолданып, кеінгіесеп айырысу кезінде қажетті соманы реттеу немесе ақшаны алған тұлғаға артық кеткен қаржыларды қайтару туралы өтінішін жолдауы қажет.

     Банктің  көшірмелерін бухгалтер тексереді  және оның ақ шеттерінде байланысатын  шоттардың шифры көрсетіледі.  Сол шоттар көшірмеге тігілген  құжаттарда да көрсетіледі. 
 

    26. Ағымдағы банктік шот бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар 

    № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» бұл – активті баланстық шот.

    Оның  қалдығы айдың басына есеп  айырысу шотында кәсіпорын қаражаттарының  мөлшерін бейнелейді, дебет бойынша айналым – өнімді өткізуден, дебиторлық қарыздардың жабылу есебінен, банк несиелерінің келуінен, кассадан қолма-қол ақша салымынан және т.б. келген қаражаттарды есепке алу бейнеленеді. Кредит боййынша әртүрлі төлемдер нәтижесінде, сондай-ақ оларды кассаға өткізу нәтижесінде қаражаттардың кемуі көрсетіледі. Сол операцияларды жоғарыдағы сызбаларда бейнеледік.

     Жылдық  есеп беруді дайындаудан бұрын  есеп айырысудың түгендеуі жасалуы  тиіс. Егер дебиторлық қарыздарды  тексеру барысында ол қарызын мерзімінде бермейді деген күмән пайда болса, онда біз өзімізді сол сомаға резерв қалыптыстыруымыз мүмкін (Дт №12090 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шоты мен Кт № 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты). 

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері